Дістемесі кафедрасы



бет1/38
Дата24.09.2022
өлшемі449,65 Kb.
#40097
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38





ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


ТАРИХ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ


БАСТАУЫШТА ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ КАФЕДРАСЫ


Алиева К.С.
«Математиканы оқытудың әдістемесі» пәнінен лекциялар жинағы


5В010200-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Оқу түрі: күндізгі және кешкі, қашықтықтан

Шымкент 2021


ӘОЖ 74.262.21

Құрастырушы: Алиева К.С.


Математиканы оқытудың әдістемесі пәнінен лекция жинағы. Шымкент:ОҚМПУ, 2021-69бет.


Лекция жинағы 5В010200-«Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі » мамандығының студенттері үшін арналған.


Лекция жинағы оқу жоспарының және «Математиканы оқытудың әдістемесі» пәні бағдарламасына сай лекция сабағына қажетті барлық мәліметтерді қамтиды. Лекция жинағы жалпы жаңартылған бағдарлама негізінде лекциялық сабақтарды ұйымдастырудың мақсаттары мен міндеттері және жүргізілуіне қойылатын талаптар, студенттердің міндеттері көрсетілген. Сондай-ақ математиканы оқыту әдістемесі пәнінен жүргізілетін сабақ тақырыптары және оларды өткізуге арналған нұсқаулар беріледі.
Пікір жазған:
Жетпісбаева С.О.-п.ғ.к.,М.Әуезов атындағы ОҚУ

Лекция жинағы «Бастауышта оқыту әдістемесі» кафедрасының № 1__хаттама, «27_» 08_ 2021ж, Тарих және педагогика факультеті әдістемелік комиссиясында талқыланып, ұсынылды


№1_ «_30_» _08_ 2021

C Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, 2021




Түсіндірме жазбасы

Пәннің негізгі қызметі мектеп мұғалімінің кіші жастағы оқушыларға математиканы оқытудың ғылыми негіздері бойынша кәсіби-теориялық дайындығының қазіргі қоғамның әлеуметтік сұранысын қанағаттандыратындай сапалық деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған. Аталмыш пәнді оқып үйрену барысында болашақ бастауыш сыныптар мұғалімдері әдістеменің негіздері жайлы теориялық біліммен қаруланады, кіші жастағы мектеп оқушыларына математиканы оқыту технологиясының әр түрлерінің жүзеге асыруға арналған база жасалады және оларды практика жүзінде қолданудың тәжірибесін игереді.


Пәннің мақсаты: студенттерде кіші жастағы мектеп оқушыларына математиканы оқыту барысында туындайтын оқу-тәрбиелік міндеттері кәсіби деңгейде шешу үшін қажет болатын құзырлылықпен қаруландыру болып табылады.
Пәннің міндеттері:
-кәсіби іс-әрекет қажет болатын құзырлылықпен қалыптастыру себепкер болу;
-кіші жастағы оқушыларға математиканы оқыту барысын жоспарлау, оны жүзеге асыру, басқару және рефлексиядағы білім, білік және дағдыларды біріктіретін пәндік құзыреттіліктерді қалыптастыру;
-диагностикалық және зерттеу әрекеттерін жобалау және жүзеге асыру технологиясын игеруге себепкер болу болыр табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет