Дивидендная политика ао «ForteBank» Редакция 00



Pdf көрінісі
бет6/12
Дата01.11.2023
өлшемі1,06 Mb.
#121318
түріЗакон
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
 
3-тарау
Саясат қағидаттары 
4.
Дивидендтер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және АЖЖ тиісті шешімі 
негізінде төленетін Акционерлердің оларға тиесілі акциялары бойынша табыстары. 
5.
Тиісті кезеңдегі шоғырландырылған қаржылық есептілікте белгіленген, халықаралық 
қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес жасалған және тәуелсіз аудиторлық тексеріс растаған Банктің 
таза табысы дивидендтерді төлеу көзі болып табылады. 
6.
Осы Саясат келесі қағидаттарға негізделген: 
1) 
Банк және оның Акционерлерінің мүдделерінің оңтайлы үйлесімі; 
2) 
дивидендтердің мөлшерін белгілеу және оларды төлеу тетіктерінің айқындығы мен ашықтығы. 
7.
Дивидендтерді төлеу және олардың мөлшері туралы шешім келесі талаптарды ескере отырып 
қабылданады: 
1) 
Банктің меншікті капиталының жеткіліктілік нормативтерін сақтау; 
2) 
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген дивидендтерді төлеу бойынша 
шектеулердің, сондай-ақ Банктің үшінші тұлғалармен жасасқан Шарттардың (ковенанттар) талаптарында 
көзделген өзге де шектеулердің болмауы
3) 
Банктің халықаралық кредиттік рейтингілерін сақтау; 
4) 
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің дивидендтер төлеу 
нәтижелері бойынша ерте ден қою шараларын қолдануына жол бермеу; 
5) 
Банктің операциялық және инвестициялық қызметін дамыту қажеттілігі. 
4-тарау. Дивидендтерді төлеу туралы шешім қабылдау 
8.
Банктің Директорлар кеңесі Банктің тиісті кезеңдегі қаржылық есептілігінің аудитін 
жүргізгеннен кейін Банктің жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы мәселені АЖЖ қарауына 
шығарады. Бір жай акцияға шаққандағы дивидендтің ұсынылатын мөлшерін анықтау кезінде Банктің 
меншікті капиталының мөлшері ескеріледі. 
9.
Жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу және Банктің бір жай акциясына шаққандағы 
дивидендтер мөлшерін анықтау туралы шешімді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Банктің 
дауыс беруге қатысатын дауыс беретін акцияларының жалпы санының жай көпшілік дауысымен АЖЖ 
қабылдайды.
10.
АЖЖ Банктің жай акциялары бойынша дивидендтерді төлемеу туралы шешім қабылдауға 
құқылы. 


«ForteBank» АҚ дивидендтік саясаты
00 редакция
3 беттің 3-шісі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет