Дизайн, тестиль және киім технологиялары факультеті Кафедра «Тоқыма өндірісінің технологиясы» ЕҢбекті қОРҒАУ



бет44/48
Дата05.12.2022
өлшемі230,26 Kb.
#55063
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48
Байланысты:
ЕҚ дәрістер кешені (копия)

Өрт сөндіру материалдары
Өртке қарсы су қондырғыларына қойылатын талаптар құрылыс проект нормасымен анықталады.
Өрт сөндіру үшін қолданылатын материалдар сөндіргіш заттар деп аталады. Өрт сөндіргіш заттар арзан қолданылып, қәуіпсіз материалдар мен бұйымдарға зиян келтірмейтін, аз шығындар мен жоғары сөндіргіш нәтежие беру керек. Негізгі өрт сөндіру заттар: су, су буы, тұздардың су ерітінділері, инертті газдар, минералды ұнтақтар, көбік, құм, топырақ, әр-түрлі жапқыштар.
Су отты сумен сөндіру ең қолайлы, өте арзан, көп қолданылатын өрт сөндіргіш зат. Оның өрт сөндіргіш қасиеттері жылу сыйымдылығымен булану жылулығы жоғары болғандықтан, бұл өрт ошағын салқындатып, жанған заттың температурасын, оның жану температурасынан төмен азайтады. Суға әр-түрлі бет активті заттарды қосса, оның от сөндіргіш қасиеттері жоғарлайды. Бірақ, ондай суды от сөндіруге көп қолдануға болмайды. Себебі: химиялық реакцияға түсетін заттарды, бағалы бұйымдар мен металлдарды, электр тогы бар қондырғыларды, тез тұтанғыш сұйық заттарды қасиеттерінен айырады.


Өртті көбікпен сөндіру

    1. химиялық

    2. ауа механикалық

Химиялық көбік – натрий бикорбанатты немесе сода ерітіндісі және қышқыл ертіндісінің арасындағы химиялық реакциядан туады.
Ауа механикалық – ауа және көбік шығаратын заттың су ерітіндісін араластырғанда пайда болады.
Көбіктердің өрт сөндіргіш қасиеттері оның меншікті салмағы аз болғандықтан жаңған заттар бетін жауып оларға ауаның оттегінің өткізбей жану процесін тоқтатады.
Инертті газбен сөндіру – оларға: көмір қышқыл газы, азот, ардон, гелий, титан және пайдаланылған газдар өрт сөндіргіш қасиетті өрт зонасында ауа оттегісінің концентрациясын азайтады. Температурасын төмендетеді және жану процессін тоқтатады.
Минералды ұнтақтар.


Бақылау сұрақтары
1. Газ баллондарын сақтау кезінде қалай орналастырады
2. Газ баллондары ашық от көздері бар жерден қанша қашықтықта орналасуы қажет
3. Электротехникалық емес персоналға электроқондырғыларында нені істеуге рұқсат етіледі
4. Электроқондырғыларында өрт сөндіруші құралдарды атаңыз
5. Өрт сөндіргіш автоматты құралдар – спинклерлік және дренчарлық қондырғылар не үшін қолданылады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет