Дизайн, тестиль және киім технологиялары факультеті Кафедра «Тоқыма өндірісінің технологиясы» ЕҢбекті қОРҒАУ


Нұсқаулардың түрлері (инструктаж)



бет30/48
Дата05.12.2022
өлшемі230,26 Kb.
#55063
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   48
Байланысты:
ЕҚ дәрістер кешені (копия)

Нұсқаулардың түрлері (инструктаж)

  1. Кіріспе нұсқау – (вводный инструктаж) кіріспе нұсқауды еңбекті қорғау инспекторы немесе қауіпсіздік техникасының инспекторы жүргізеді. Ол: 1) өндірістің түрімен таныстырады; 2) өндірістегі қауіпті және зиянды заттар бөлетін бөлмелермен таныстырады; 3) өндірістің жұмыс тәртібімен таныстырады; 4) жеке басының гигиенасымен.

  2. Бірінші нұсқау (первичный инструктаж) - бірінші нұсқауды цех немесе бөлім бастығы кейде мастер жүргізеді. Ол: 1) жұмыс орнымен таныстырады; 2) жұмыс істейтін жабдықтардың түрімен таныстырады; 3) жұмыс орнының дұрыс және қәуіпсізідік түрін ұйымдастыруды үйретеді; 4) цехтағы немесе сол бөлімдегі қәуіпсізідік техникасы жөнінде түсінік береді.

  3. Қайталама нұсқау (повторный инструктаж) – қайталама нұсқауды цех бастығы немесе еңбекті қорғау инспекторы әр 3 немесе 6 айда жүргізеді. Барлық жұмысшылар және қызметкерлер нұсқауды қабылдау керек.

  4. Кезектен тыс нұсқау (внеочередной инструктаж) - 1) егер өндірісте технологиялық процесс өзгерсе немесе жұмысшыны бір жабдықтан, екінші жабдыққа ауыстырған кезде жүргізіледі; 2) егер берілген нұсқаулар жеткіліксіз болып, өндірісте төтенше жағдай болған кезде нұсқау жүргізіледі; 3) егер қәуіпсіздік техникасының құжаттарының талаптары бұзылса, осы кезде кезектен тыс нұсқау жүргізіледі.

  5. Арнайы нұсқау (целевой инструктаж) – жұмыстың бір-ақ түрін орындайтын кезде жүргізіледі.

Өндіріс бөлмелеріндегі зиянды заттар адам организіміне тыныс алу арқылы, адам терісі арқылы, ас қорыту жүйелері арқылы енеді. Ішіндегі ең қауіптісі тыныс алу арқылы енетін улы заттар. Егер адам организіміндегі зиянды заттар белгілі шектен асып кетсе (ПДК – предельно допустимые дозы) уланады.


Зиянды заттардың шекті көлемі дегеніміз – 8 сағат жұмыс істеу уақытында немесе 41 сағаттың апталық жұмыс уақытысында ауру туғызбайтын зиянды зат мөлшері.
Зиянды заттардан қорғануға қарсы құрал – жабдықтардың түрлері: противогаз, респираторлар, арнай киімдер.
Өндіріс бөлмелеріндегі зиянды заттар көбінесе адамның денсаулығын төмендетеді. Сондықтан, зиянды заттарды адам өміріне қауіп туғызатын аймақ дейді.
Зиянды заттар 4 топқа бөлінеді:

  1. физический – шаң-тозаң, ауаның қысымы, ылғалдылығы, жарықтың жетіспеуі немесе тым жоғары деңгейде болуы, жабдықтардың шуы, дірілі, бояулардың контрасттық түрі – түсінің жетіспеушілік кемшіліктердің әсері;

  2. химический – улы заттармен, шаң тозаңдармен адамның тыныс алуы арқылы зияндылығы;

  3. биологический – бактерия және вирустардың кері әсері;

  4. психофизиологический – нерв жүйелері арқылы әсер етеді.

Адам ағзасына тигізетін әсері бойынша барлық қауіпті заттар 4 топқа бөлінеді: төтенше қауіпті (сынап буы, қорғасын буы, фосген); жоғарғы қауіпті (қалайы буы, йод буы, бензол); орташа қауіпті (күкірт оксидтері, қышқылдар буы); қауіптігі аз (аммиак қосылыстары және көміртегі оксидтері).
Жұмыс орындарындағы шаң дезинтеграция (бұзу) және кондексация (жұмыс аймағына жоғарғы температуралық процестерде пайда болған будың түзуі) процестерінің әсерінен тууы мүмкін.
Шаңның әсері үш түрлі кәсіптік аурулардың тууына әкеп соғады: а) өкпе аурулары – пневмоканиоз; б) дерматит – тері аурулары; в) конъюктивит – көз қабықшасының зақымдануы.
Шаң ауруларын профилактикалау шаралары: а)шаңның пайда болуымен күрес;
б) шаң сүзгіш құрылғылары; в) биологиялық профилактика (ультракүлгін шағылысу);
г) жеке қорғаныс тәсілі (респиратор, арнайы киім, шаңға қарсы көзілдірік).
Өндірісте ең жоғарғы сатыда тұрған зиянды заттардың бір түрі – шаң болып табылады. Қарағанда көзге көрінбейтін, ал адам өміріне зияндылығы өте жоғары болғандықтан жұмысшыларды кәсіби ауру түріне шалдықтырары мүмкін.
Себебі тыныс алу жолдарымен және де тері арқылы ішкі құрылыста вирустар, бактериялар басым болады. Ас қорыту жүйесіне бірнеше қабаттанып жиналады. Мұның барлығы адамды үлкен ауруға шалдықтырады.
Өндірістік шаң 2 түрге бөлінеді – органикалық (улы) және бейорганикалық (усыз).

  1. улы шаң – адамның тыныс жолдарын жауып, үлкен ауру түріне шалдықтырады.

  2. усыз – теріні, көзді, құлақты тітіркендіреді (раздражает).

Мекемелерде еңбекті қорғаудың ең маңызды түрінің бірі – бояу түстері. Бояулардың түрлері санаулы ғана болу керек. Ескертпе түрлер қай кезде болса да, анық көрінуі тиіс. 12.4,026-76 стандарты бойынша қызыл, сары, жасыл және көк бояуларын таңдайды.
Өндірістердегі бөлмелерді ақшыл-көк түспен бояйды. Шаң – тозаң көп болатын өндірістік бөлмелерді күлгін түсті бояумен. Ал ауыр жұмыс түрлеріне контраст бояулар көп болу керек. Себебі кез келген уақытта бір көз қараспен тез анықтау үшін.
Төтенше жағдайларды болдырмау үшін жасыл түспен бояйды. Мысалы техникалық машиналарының рычагтарын, қырқаяқтарын т.б. сол сияқты.
Қызыл бояу түрі – ол өте жоғары қауіпті жағдайдың болмауын ескертетін түрлердің бірі, мысалы рычагтар, кнопкалар. Ол бояумен белгі бар жерде құлап кетуіңіз, итеріп жіберуі, қысылып қалуыңыз, тайып кетуіңіз немесе тоқ соғуы т.б. ауыр жағдайлардың болуы мүмкін. Көп жерде ол бояумен бірге мына сөздер жазылады - “Огонь”, “Стоп”, “Запрещено”, “Явная опасность”, “Осторожно”.
Бояуларды қалай болса солай жаға бермей материалдың көлеміне, тұрған орнына, тез көзге байқалатындығына қарай бояйды: 6 м – 20 мм, 6 – 20 м – 50 мм, 21 – 40 м – 100 мм, 41 – 70 м – 200мм.
Сары бояу түрімен көбінесе құрылыс материалдарының қауіпті жағдай тудыратын түрлері боялады және де өндірістегі құрал – жабдықтардың талаптарын білместен қолданбауға керектігін ескертетін жабдықтарда болады.
Жасыл бояу түрі – құрал жабдықтардың ешқандай қауіпті жағдай туғызбайтынын алдын ала ескертетін бояулардың түрлері. Бұл бояулармен үлкен мекемелерден қысқартпа жолмен шығатын жерлері, аптекадағы шкафтар, жолдардағы светофорлар т.б. қауіпсіз деген жабдықтар. Бұл бояу түрімен бірге кей жерледре “Путь свободен”, “Первая помощь”, “Выходить здесь”, с.с. терминдер болады.
Санитарлық көз-қараспен мекемелердің қараңғылау бөлімшелерін, бұрыштарын ақ түсті бояумен боялады.
Бояулар тек бір түсті болмай контрсат түрінде боялады. Солардың бірі қауіпті сұйықтықпен толтырылған бактар – қызыл түске ақ бояумен полоска келтіріледі.
Құқықтык және ұйымдық сұрақтары КР конститутциясы мен «Еңбекті қорғау» бойьнша Қазақстан Республикасының заң шығарушылық актілері негізінде қалыптасады ҚР заңдарының ішіндегі негізгілері:
-10.12.07 жылғы «ҚР еңбек кодіксі»;
-19.05.97 жылы өзгерген ҚР «Денсаулықты корғау туралы» заңы, 13.01.04 жылы, толыктырылған;
3.04.02 жылғы «Қауіпті өндірістік объектілердегі, өндірістік қауіпсіздік туралы.
- 27.03.97 жылы өзгерген «Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар туралы»,21.12.04 жылы толықтырылган,
«ҚР Азаматтык кодексі»; «Өрт қауіпсіздігі туралы».
Сонымен қатар «Еңбекті қорғаудын» қүқыктық негіздерін, зандық актіге әртүрлі юристік күші бар актілерден тұрады:
ҚР Президентінің бұйрығы; ҚР Басқармасының бұйрығы; сот шешімдері және абстрактілі сот шешімі, министрліктер мен ведомствалық бекітулер, өзінің компентенц шегіндегі орындаушы органдармен орындалған нормативті актілері.
Еңбекті қорғау бойынша осы актілер, негізгі нормативті - құқықтык актілежататындары: МЕСТ-тер

  • «Еқбек қауіпсіздігінің стандарттар жүйесінің мемлекеттік стандарттары»

  • мемлекеттік санитарлы - эпидеммиологиялық ережелер мен нормалар ( ережелер гигеналық нормативтер, санитарлы ержелер мен нормалар, СанЕмН, санитарлі нормалар).

  • еңбекті қорғау бойынша сала аралык ережелер, «Еңбекті корғау» бойынша сала аралық типтік нұсқаулама;

  • «Еңбекті қорғау» бойынша салалық ережелер, «Еңбекті қорғау» бойынша типтік нұсқаулама.

  • қауіпсіздік ережесі, кондырғыларды қауіпсіздігін шеттету ережесі, Қауіпсіздік бойынша нұскаулама.

Сала аралық ережелер, СНмЕ-лер жөне СанЕмН әрб.р 5 жылда жаңатылып,отырады ал сонымен бірге ведомствалық нүсқаулар мен ережелер -3 жылдда жаңартылып отырады.
Бақылау сұрақтары
1. Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар қандай топтарға жіктеледі
2. Физикалық зиянды өндірістік факторларды атаңыз
3. Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың кері әсерлері қандай салдарға әкеліп соқтырады 4. Өндірістік бөлмелердің микроклиматының параметрлерін атаңыз
5. Зиянды заттар адам организміне ықпал ету дәрежесі бойынша қандай класстарға бөлінеді
6. Кәсіпорын алаңы «желдің розасын» ескергенде тұрғындардың пунктеріне қарағанда қалай орналастырылуы керек
7. Санитарлық нормаларда бір жұмысшыға келетін өндірістік бөлмелердің қандай көлемі мен еденінің ауданы қарастырылады
8. Тиімді табиғи жарықтануы үшін, өндірістік ғимараттар өзінің ұзын осьімен әлем жарығының бағытына қарай қалай орналастырылады
9. Өндірістік ғимараттардың жарық түсетін ойықтарының ауданы қандай болуы қажет
10. Санитарлық-тұрмыстық бөлмелердің қажетті құрамы қалай анықталады




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет