Дәріс 15. Өрт қауіпсіздігі бойынша өндірістерді дәрежелеу Дәрістің жоспары:
1. Апаттардың және зақымданудың себептері.
2. Төтенше жағдайларды зерттеу және есепке алу.
3. Бағалы заттар мен адамдарды эвакуациялау.
4.ТЖ пайда болу кезеңдері.
5.Азамат қорғанысының мақсаты мен міндеті.
6.АҚ обьектік құрамдары және аймақтық ұйымдастырылуы
Ғимараттарды, қондырғыларды найзағайдың тікелей соққысынан қорғайтын құрылғылар 3 топқа бөлінеді:
а) арнайы найзағайдан қорғаныс ретінде А дәрежелі ғимараттарға арналған
б) стерженьді не тросс түрінде болатын Б,В,Г, дәрежелі ғимараттарға арналған
в) найзағай жиі болатын аумақтарда орналасқан, Д дәрежелі өндіріс ғимараттар. Ғимараттардың төбесіне металл торлар жабылады. Торлар міндетті түрде ғимараттардың металлконструкциясымен байланыста, яғни, жерленуі керек.
Найзағайға қарсы құрылғылар стерженді және тросты болып екі типте орындалып: найзағай қабылдағыштан, ток өткізгіштен және ағаштан не болмаса бетоннан жасалған тіреуден тұрады.
а) стерждік б) тростық
5.2-сурет Стержендік және тростық найзағай қабылдағыш
Су – жоғары жылуды өзіне сіңдіру қасиетіне байланысты тотықтандырғыш концентрациясын азайтады. Кемшіліктер: ток өткізгіштігі, судың тығыздығы жоғары болғандықтан органикалық сұйықтықтарды сөндіре алмайды, қысқы мерзімде су қатып тайғақ музға айналады.
Су құбырлары бар қалаларда өртке қарсы арнайы су құбырлары бар:
- сыртқы, барлық барлық ірі кәсіпорындарда бар. Бұл су құбырлары ғимараттың периметрі бойынша орналасқан, әр 100 м сайын жер асты, не болмаса жер үстінгидранттары (құдықтар, люктер) орналасқан.
- ішкі, ғимарттардың ішінде. Бұл су құбырлары ғимарат коридорында белгіленген ара қашықтықта, төменде орналасқан арнайы крандармен жабдықталған су құбырлары .
Ғимарттарда су, арнайы автоматикалық өрт сөндіргіштерінде пайдаланылады: а) спринкерлік б) дренчерлік ( 8.1 сурет).
Спринкерлік кранның басы тез жанатын пластиктен жасалған, ол арнайы температурада балқып 9- 12 м.кв. жерге су шаша алады.
Дренчерлік бүкіл ғимаратқа су шаша алатын кран. Бұл кран өрт болатынын хабарлайтын құрылғы көмегімен іске қосылады.
Өрт болатынын хабарлайтын құрылғы әр түрлі - түтіндік, жылулық жарықтық болып келеді.
Көмірқышқыл – араластыру қасиеті бар, яғни оттектің және жақсы диэлектрик болғандықтан электр қондырғыларды сөндіруге қолданады.
Өрт сөндіргіштер: ОУ -2,8,5,,32,40 ( 2,8 ...40 - өрт сөндіргіштің көлемі).
Көпіршіктіктер ауамеханикалық және химиялық болады. Ауа механикалық көпіршіктіктер арнайы генератордан п.б. Мұндай өрт сөндіргіштермен электрқондырғыларды сөндіруге болмайды. Өрт сөндіргіштер: ОХП-10, ОПВ-5,10.
Металлдар мен хлорид қоспасынан жасалған порошоктар да өртті сөндіреді. Бұлар өте жақсы диэлетриктер - өрті тез арада сөндіріп қондырғыларды коррозияға ұшыратпайды. Авияцияда кең көлемде қолданылады. Өрт сөндіргіштер: ПСБ -3, ПФ, П-1А.
Голлоидо – көмір сутектері, бұл сұйықтық, жақсы диэлектрик тотықтандырғыш концентрациясын төмендетеді; 60 C0 қатпайды; ингибитор, яғни өрт процессін тез таралуына жол бермейді. Бірақ олар өте қымбат болады. Өрт сөндіргіштер: 111В2, 13В1, 4НД. СЖБ.
Жиі, қоспаларды көмірқышқылдармен араластырып жасайды. Бұл қоспалар арзан және жоғарыда айтылған барлық қасиеттерге ие.
в) адамдарды өрт болған кезде қауіпсіз эвакуациялау.
Кәсіпорындардың өрт және жарылу қауіпсіздік дәрежелеріне байланысты, СНИП (ҚНЖЕ) бойынша адамдарды ғимараттардан эвакуациялау уақыты орнатылған:
- 0,75минут – А дәрежесі үшін;
- 1,25 минут - Б және В дәрежесі үшін;
- 3 минут - Г дәрежесі үшін;
- 3 минуттан астам оқу орындары үшін.
Эвакуациялық шығу жолдары деп - сыртқы шығатын шығу жолдары немесе баспалдақ торына апаратын ( ол жол сыртқа шығатын жолдар болуы тиіс) жолдарды айтамыз. Жұмыс орны мен шығу есігінің ара қашықтығы 60 м аспауы қажет.Барлық ғимараттарда міндетті түрде эвакуация жолдары, шығу есіктерінің көлемі есептеліп СНИП (ҚНЖЕ) бойынша салыстырылады.