Дизель отын жүйесін шартты түрде екі жүйеден тұрады деп қарастыруға болады



бет2/2
Дата27.06.2023
өлшемі0,58 Mb.
#103556
1   2
Қозғалтқыштың қиындықпен іске қосылуы. Негізгі себептері келесіде:

  • Жанармайдың аз мөлшерде берілуі;

  • Қыздыру білтелерінің жұмыс істемеуі;

  • Бақты желдету құбырларының бітеліп қалуы;

  • Жанармай жүйесінде ауаның пайда болуы;

  • Жанармайды беруді тоқтатуға элеткромагнитті клапанның немесе жанармайды жылыту жүйесінің жұмыс істемеуі;

  • Жанармайды бүркудің озу бұрышының дұрыс орнатылмауы;

  • Жоғарғы қысымды отын сорғысының (ЖҚОС) дұрыс жұмыс істемеуі, бүріккіштердің тозуы немесе бітелуі;

  • Қозғалтқыш цилиндріндегі компрессияның төмен болуы.

Қозғалтқыштың бос жүріс режимінде тұрақты жұмыс істемеуі. Негізгі себептері:

  • Жанармай жүйесінде ауаның пайда болуы;

  • Жанармайдың ластануы;

  • Бос жүріс режимінде иінді біліктің төменгі айналымының дұрыс реттелмеуі;

  • Бүріккіштердің тозуы немесе бітеліп қалуы;

  • Жанармайды бүркудің озу бұрышы реттелуінің бұзылуы;

  • Жанармай құбырларының бұзылуы немесе бекітілістерінің босап кетуі;

  • Жоғарғы қысым отын сорғысының дұрыс жұмыс істемеуі.

Қозғалтқыш қуатының төмендеуі. Себептері:

  • Бүріккіштердің тозуы немесе бітеліп қалуы;

  • Жоғарғы қысымды отын сорғысының отынды аз мөлшерде беруі;

  • Жанармайды бүркудің озу бұрышының бұзылуы;

  • Қозғалтқыш цилиндріндегі компрессияның төмен болуы.

Жанармай шығынының көбеюі және қозғалтқыштың түтіндетуі. Себептері:

  • Қоректендіру жүйесі тығыздығының бұзылуы;

  • Ауа сүзгісінің ластануы;

  • Жанармайды ағызу құбырының ластануы;

  • Бүріккіштердің ластануы мен тозуы;

  • Жанармайды бүркудің озу бұрышының бұзылуы;

  • Клапанды механизмдегі саңылаудың дұрыс орнатылмауы;

  • Жоғары қысымды отын сорғысының ақауы.

2.2 Турбокомпрессор мен жоғары қысымды отын сорғысына қызмет көрсету

Үнемді дизельді қозғалтқыштардың көбінде жұмыс істелген газдан жетек алатын турбокомпрессорлар орнатылған. Турбокомпрессор білігінде екі турбиналы дөңгелектер бекітілген, олар жеке екі тұрқыда орналасқан.


Турбиналы дөңгелектер дизельді қозғалтқыштан шыққан жұмыс істелген газдардан қозғалысқа түседі. Компрессор білігі шыққан газдан қозғалысқа түседі, шыққан газ роторы мен таза ауа роторы бір білікте орналасқандықтан, екеуі де бір қалыпта айналады. Сондықтан цилиндрден қанша көлемде газ шықса, сонша көлемде цилиндр ішіне таза ауа енгізіледі. Турбокомпрессорды қолданғандықтан, қозғалтқыш қуаты мен айналу жиілігі жоғарылайды.
Компрессор білігінің нақты айналу жиілігі цилиндрдің таза ауамен толық толуына, қозғалтқыш жұмысының тиімді болуына әсерін тигізеді. Турбиналы компрессор жоғарғы нақты құрал болып табылады. Оның жұмысында ақау пайда болса, көп жағдайда оны толықтай ауыстырады.
Жоғарғы қысымды отын сорғысы күтімді талап етпейді, өйткені сорғының барлық жылжымалы бөлшектері дизель отынымен майланады. Отын сорғысы таратқыш білігі сияқты тісті белдікпен қозғалысқа түседі және онда ақаулық пайда болғанда ауыстырылады.
Дизельді қозғалтқыштардың қоректендіру жүйесі жанармай багынан, жанармай сүзгісінен, жоғарғы қысымды отын сорғысы мен бүріккіштерден тұрады. Жоғарғы қысымды отын сорғысының жұмыс жарамдылығын анықтау үшін сорғы жалғастығынан құбырын ажыратып, стартермен иінді білікті айналдырады. Бұл шараны орындау кезінде сорғы секцияларынан отынның шығу дәрежесін байқайды. Байқау барысында отынның төменгі қысыммен шығуы немесе отын құрамында ауа көбіршіктерінің шығуы жоғарғы қысымды отын сорғысында ақау бар екендігін көрсетеді.
Жоғарғы қысымды отын сорғысы арнайы күтімді талап етпейді. Өйткені оның қозғалмалы бөлшектері дизельді отынмен майланады. Сорғы таратқыш білігі сияқты белдікпен қозғалысқа түседі. Ереже бойынша бұзылған отын сорғысын автомобильдерге техникалық қызмет көрсету орталықтарында ауыстырады немесе жөндейді.
Егер жанармай жүйесі бұзылып-жиналса немесе атвомобиль боспен жүрген болса, жүйеден пайда болған ауаны шығару қажет. Бұл үшін бактағы жанармай деңгейін тексеру қажет; стартерді қосып, қозғалтқышты іске қосып көру қажет; егер ол іске қосылса, оған жарты минут жоғарғы айналу жиілігінде жұмыс істету қажет. Бұның нәтижесінде ауа жанармай жүйесінен толық шығады.



Егер жүйедегі ауаны шығару мүмкін болмаса және қол сорғысы жоқ болса, бүріккіш сорғысын және сүзгіні жанармаймен толықтырып, қозғалтқышты буксирмен іске қосып көру қажет. Бұл жағдайда жүйедегі ауа тез жойылады.
Қозғалтқыш іске қосылмаған жағдайда, себеп жүйеде ауа кептелісі туғаннан болуы мүмкін. Бұны тексеру үшін бүріккіш клапандарының сомындарын ағытып және ол жерден отын пайда болғанша стартермен иінді білікті айналдыру керек. Содан кейін сомындарды қатайтып және қзғалтқышты іске қосады.
Қозғалтқышты іске қосқан кезде дизель отыны салқындату сұйықтығының құбыршектеріне жанаспауына көңіл бөлу керек. Егер жанармайдың құбыршектерге жанасуы байқалса, оларды құрғағанша сүртеді. Бүлінген құбыршектерді ауыстырады.

3 ЕҢБЕКТІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ


3.1 Автокөлік құралдары мен агрегаттарға техникалық көмек көрсетуге және жөндеуге арналған үй-жайларға қойылатын талаптар

Автокөлік құралдары мен агрегаттарға техникалық көмек көрсетуге және жөндеуге арналған үй-жайлар санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтай отырып, барлық технологиялық операциялардың қауіпсіз және ұтымды орындалуын қамтамасыз етеді және автоматты өрт сигналын беру тетігімен жабдықталады.


Өндірістік үй-жайларда еден тегіс және берік, тазалау үшін қолайлы тегіс, бірақ беті тайғақ болмайды. Бояу учаскелерінің, бояу дайындау бөлімдерінің үй-жайларындағы, аккумулятор жұмысын жүргізуге арналған үй-жайлардағы, газ генераторы бөлмесіндегі, сондай-ақ өрт қауіпі бар және жарылу қаупі бар материалдарды (сұйықтықтар) және жанғыш газ бар баллондарды сақтауға арналған қоймалардағы еден, металл зат соғылған кезде ұшқын шығармайтын материалдардан жасалады. Суық еденді үй-жайлардағы жұмыс орындары жиналмалы ағаш төсемелермен (шарбақ) жарақталады. Қышқылдар, сілтілер және мұнай өнімдері қолданылатын үй-жайлардағы еден осы заттардың әсеріне төзімді және оларды сіңірмеуі тиіс.
Жұмыс орнындағы шағын климат, шу, діріл, ауадағы зиянды заттардың құрамы тұрғындардың санитарлық-эпидемиялық саласындағы уәкілетті орган бекіткен гигиеналық нормативтердің көрсеткіштерінен аспауы тиіс.
Рессорлық-темір соғу және дәнекерлеу учаскелері сөрелері және едендері жанбайтын материалдардан жасалған үй-жайларда (темір соғу - бір қабатты ғимаратта) орналасады. Дәнекерлеу посттары ауданы ең кемі 3 шаршы метр (бұдан әрі - м 2 ) жанбайтын кабиналарда орналасады. Кабина қабырғасы мен еденнің арасындағы саңылау ең кемі 50 мм болады.
Үй-жайлар мен кабиналардың қабырғалары күңгірт бетті сұр, сары немесе көгілдір түске боялады.
Ацетилен генераторын тұрақты орнатуға арналған үй-жай жеке, бір қабатты, шатырдағы және үй астындағы үй-жайларсыз, жеңіл алынатын жабу конструкциялары және сыртқа қарай ашылатын есік арқылы тікелей шығысы болады. Ацетилен генераторына арналған үй-жайдың, тас қылып жабылған терезелердің фрамугасы арқылы түсетін сыртқы электр жарығы, сондай-ақ жарылу қауіпі жоқ етіп жасалған механикалық ауа кіру вентиляциясы және табиғи тарту вентиляциясы болады. Газ түріндегі ацетиленнің сағатына 20 текше метрге (бұдан әрі - м 3 /сағ) дейін өнімділігі бар ацетилен генераторына арналған үй-жайда табиғи вентиляцияны орнатуға рұқсат етіледі. Ацетилен генераторына арналған үй-жайдың кіретін есігінде "Бөтен адамдардың кіруіне қатаң тыйым салынады" деген жазу болады.
Аккумулятор жұмыстарын жүргізу кезінде басқа өндірістерден оқшауланған және жергілікті ауа тартқыш вентиляциямен жабдықталған өзара қатынасатын: біріншісі - жөндеуге арналған, екіншісі - аккумулятор батареяларын қуаттауға арналған, үшіншісі - қышқылдарды сақтауға және электролит дайындауға арналған үш бөлмені ескеру қажет. Оннан аспайтын аккумулятор батареясын бір уақытта қуаттау кезінде, ерекшелік ретінде, батареяларды жөндеуге арналған үй-жайдағы, іске қосылуы зарядтық құрылғымен біріктірілген жеке ауа тартқыш вентиляциясы бар ауа тартқыш шкафтарда олардың зарядталуын жүргізуге рұқсат етіледі. Аккумулятор бөлімшелерін (учаскелерін) электрмен жабдықтау электр қондырғыларын орнату ережесінің (бұдан әрі - ЭҚЕ), электр қондырғыларын ТПЕ және ТҚЕ талаптарына сәйкес жарылыстан қорғалған етіп орындалады.
Автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған, технология бойынша қозғалтқыштың жұмысы көзделетін посттар жергілікті ауа тарту құрылғыларымен жабдықталады.
Тұйықталған қарау жыралары қатарлас орналасқан кезде, олар ені кемінде 1 м және биіктігі кемінде 1,8 м тоннельдер мен траншеялар арқылы қосылады. Тура ағу үлгісіндегі жыраға кіру және одан шығу тоннель арқылы жүзеге асырылады. Өтпе көпірше де болып табылатын алаңы бар жылжымалы сатыны қолдануға рұқсат етіледі. Жыралардың өлшемдері автокөлік құралдарының үлгісіне және қолданылатын технологиялық жабдыққа байланысты белгіленеді.

ҚОРЫТЫНДЫ


Дизельді қоректендіру жүйесіне жанармай отынын және ауа жеткізу аппрптуралары, өтелген газдарды шығару құбыры мен өтелген газдардың дыбысын өшіргіш жатады.Төрт ырғақты дизельдерде отын жеткізу аппаратураларының бөлектелінген түрі көп тараған, оларда жоғары қысымды отын сорабы мен форсункалар бөлек орнатылып отын жеткізу түтігімен жалғасады. Дизель отын жеткізу негізгі екі магистральмен жүргізіледі: төменгі және жоғарғы қысымда. Төменгі қысымды магистральдің механизмдері мен бөлшектерінің міндеті отынды сақтау орнынан, оны сүзгіден өткізу және кіші қысыммен жоғары қысымды отын сорабына жеткізуден тұрады. Жоғарғы қысымды магистральдің механизмдері мен бөлшектері дизель отынын жеткізіп және қозғалтқыш цилиндрлеріне қажетті мөлшерде отынды бүркуді қамтамасыз етеді.


Дизельді қозғалтқышта жанармай отыны жоғарғы қысымды отын сорабынан форсунканың көмегімен сығылу ырғағының соңындағы ауаның қысымынан да жоғары қысыммен цилиндр ішіне бүркіледі. Қоспа араласуы отынның цилиндр ішіне түскеннен кейінгі мезгілден басталады.
Жанармай отынының булануы мен тұтануы сығылған ауаның жоғары температурасы мен қысымының нәтижесінде жүзеге асады (сығылу ырғағының соңында ауаның температурасы 550о – 700оС, ал қысымы – 3,5 – 5,5 МПа жетеді). Айтатынымыз, қоспанының тұтанғаннан кейін жану бөлмешегінде температура мен қысым жылдам жоғарлайды да, жанармай отынның бүркілген жалынының ұсақ қалдық бөліктерінің және отынының булануы мен тұтануы жедел арттырылады.
Дизель қозғалтқыш жұмысының жақсартылған қуаттылығы мен үнемділік көрсеткіштерін арттыру үшін, отынның бүркілуін оның цилиндрлерінің ішіне ішпектің жоғарғы шектік нүктеге (ЖШН) жетпестен бұрын орындалуы керек.
Форсункалар жанармай отынын қажетті оздыру бұрышымен бүрку үшін, жоғары қысымды отын сорабы отынды сығымдап жіберуді одан ертерек бастауы керек. Бұл отын сорабынан форсункаларға дейінгі отынның сығымдалып жету уақытының қажет екендігін білдіреді.
Жоғары қысымды отын сорабы отынның берілуін бастау моментінде, иіндібіліктің иіні жоғары шектік нүктеге жетпесе, оны отынның бүркілу бұрышының оздыруы деп айтады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР



  1. Тұрысбеков Б.Т., Белгібеков Е.Е. Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу: Оқулық / - Алматы: «Бастау» баспасы, - 2013, 360 бет;

  2. Жүнісбеков П., Алиев Б. Автомобильдер құрылысы. Алматы НАЗ-9 ЖШС 2005-360 бет;

  3. Жүнісбеков П.Ж., Жетпейісов М.Т., Мамедалиева Г.А., Дүйсенбаев М.С. автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет: Оқулық – Астана: Фолиант, 2007. – 248 бет;

  4. Пехальский А.П., Пехальский И.А. «Устройство автомобилей»;

  5. Суебаев Ж. Автомобиль құрылысы (Оқу құралы – Алматы ҚазККА баспасы 2009 ж.);

  6. Вахламов В.К. Подвижной состав автомобильного транспорта – М: Академия, 2003 – 480 бет;

  7. Стуканов В.А., Леонтьев К.Н. «Устройство автомобилей», учебное пособие, М: ИД «ФОРУМ», 2010 – 496 бет.




П МПТК 703-05-14


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет