Жауабы
1.Адам-табиғат.Мұнда тірі ағзалар,өсімдіктер,жануарлар мен биологиялық үрдістер еңбек объектісі болады. Бұған агрономия, жеміс, көкөніс және жүзім шаруашылығы,фермерлік іс,агроэкология,агрохимия және өсімдіктерді қарғау,балық тағамдары мен май технологиясы т.б. мамандықтар кіреді.
2. Адам-техника. Мұнда техникалық жүйелер,машиналар, аппараттар мен қондырғылар,материалдар мен энергия еңбек объектісі болады. Бұған байланыс желілері мен жалғау жүйелері,радиотехника,радиобайланыс, электромеханика,автоматика,телемеханика,металды қысыммен өңдеу т.б. мамандықтар кіреді.
3.Адам-адам.Адамдар,топтар,ұжымдар еңбек объектісі болады. Бұған емдеу ісі,педиатрия,медициналық-профилактикалық іс, стоматология,шығыс медицинасы,мейіркештік іс,формация,тарих және география мұғалімі,қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі,музыка мұғалімі,педагог-психолог,заңгер, сатушы,тігінші,фотосуретші,кадрлар жөніндегі менеджер т.б. мамандықтар кіреді.
4.Адам-белгілеу жүйесі. Олардың еңбек объектісі шартты белгілер,шифрлар,кодтар,кестелер.Бұған экономикалық теория,статистика,маркетинг және коммерция,қаржы және несие,бухгалтерлік есеп және аудит, басқару мен ақпаратты өңдеудің компьютерлік жұйелері,қаржы агенті,корректор, биржа агенті,кеден ісі және т.б. мамандықтар.
5.Адам-көркем бейне. Бұл адамдар еңбек объектісі көркемдік бейнелер жасау,олардың рөлі,элементтері мен ерекшеліктері.бұған музыкатану,аспапта орындаушылық,режиссер,хореография, сценаграфия,композиция,операторлық өнер,кескіндеме, графика, мүсін өнері, өнертану,көркемдік өнер,дизайн,актерлік өнер,дирижерлау,эстрада өнері,зергер, суретші және т.б. мамандықтар кіреді.
«Стресс тесті»
Нұсқау: Пікірлерді оқып, өз келісіміңіздің деңгейін төмендегі шкалалар бойынша белгілеуіңіз қажет.
Ешқашан 1балл
Кейде 2балл
Жиі 3балл
Әрқашан 4балл
1.Мені болар-болмас мәселелер кейде ашуландырады.
2.Біреуді күтуіме тура келсе, менің жүйкем жұқарады.
3.Ыңғайсыз жағдайға тап болғанда,мен қызарамын
.
4.Мен өкпелесем,онда біреуді ренжітуім мүмкін.
5.Сынды көтере алмаймын,көтеріліп кетемін
.
6.Егер мені көлікте итерсе,мен дәл солай қайтарамын немесе дөрекі сөйлеймін.
7.Барлық бос уақытымда бір нәрсемен шұғылданамын.
8.Кездесуге әрқашанда алдын-ала келемін немесе кешігемін.
9.Тыңдай білмеймін,килігіп кетемін.
10.Тәбетімнің жоқтығынан қиналамын.
11.Еш себепсіз жиі қамығамын
.
12.Таңертең өзімді нашар сезінемін.
13.Өзімді шаршаңқы сезінемін,нашар ұйықтаймын,ойымды басқаға аудара алмаймын.
14.Ұзақ ұйқыдан кейін де өзімді қалыпты сезінбеймін.
15.Меніңше жүрегімде бір кінәрәт бар.
16.Менің арқам және мойным ауырады.
17.Үстел үстінде отырғанда үстелді саусақтарыммен ұрып,аяғымды қимылдатамын.
18.Өзгелер мені мойындағанын және мақтағанын қалаймын.
19.Мен көпшілігінен жақсымын деп ойлаймын.
20.Мен диета сақтамаймын.
Достарыңызбен бөлісу: |