Дүкенбай Досжан Қазақтың жүз романы



Pdf көрінісі
бет10/29
Дата03.03.2017
өлшемі1,57 Mb.
#7268
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   29
бұрқ ете түсті. Шаруасының маңызды екенін жанымен сезді. Парторгтің адалдығына 
шүбасы жоқ бірақ. Өз-өзінен қысылып отырып бірге істейтін коммунистердің түрткі 
салғанын, енді сол азаматтардың қатарында болуға ниет қылғанын баяндап өтті.
Сосын қойнына қолын жүгіртті, әмиянын алды. Әмиянның ішінен қарт 
коммунистердің берген кепілдік қағазын, өзінің өтініші мен өмірбаянын суырды. Аса 
еппен қағаздың қыртысын жазды да парторгтің алдына қойды. Енді аңғарды, тұла бойы 
терге малшыныпты, құйымшағына сыздауық шыққандай тыпыршып отыра алмай 
отыр. Осы мезет жаналғыштай болып Нағанай қыстырылды.
– Батыр-ау, үлкен іске ниет қылғаның дұрыс қой. Оған қосыламыз, қол көтереміз. 
Бірақ осындайда ағынан жарылып алған жөн. Қосүйеңкідегі сен жөндеген қой 
қораларының сапасы неге төмен, мына кісіге түсіндірші соны.
– Сапасы нашар болатын себебі – құрылыс материалдары жетіспейді, қолға түскен 
нәрсемен ылдалаймыз. Екіншіден – барлық қора стандартты жобамен салынбаған; біреуі 
атам заманғы тас қора, келесісі қойшы жасаған қалқима, үшіншісі ұрланған мекен-жай.
– Қолдан келгенше дұрыстап жөндеп жүрсіздерғой! – деді парторг. 
Жаманеркектің іші жылып жүре берді.
– Аянып жүргеніміз жоқ тегі!
– Қазір фермада жөнделмеген қора қалды ма?
– Бәрін тамамдадың, басеке!
– Ауылда ескіліктің қалдығымен неге айналысасыз? – деді Нағанай.– Ескілігі 
қалай?!
– Мәселеңки көкпар шабасыз, құдалыққа барасыз, қаза шығаруға қатынасасыз.
– Нәке, бұл енді барша пенденің басына жазған тіршіліктер ғой, –деп парторг 
ана пәлені тоқтатып тастады. Жаманеркек сол бүйіріндегі шаншудай қадалған даукеске 
атарға оғы болмай отыр. Ала көзімен қарады.
– Бұл жігіт бір қылмысын бүгіп қалып отыр, басеке.
– Ол не тағы?
– Менде не әкеңнің құны қалып еді? – деп дүңк етті Жаманеркек. Шыдамады 
тегі.

– Әне, өстеді, өзі барып тұрған дөрекі. Жерлестері болғасын бәрін көтереміз. Әлгі 
қылмысы былай, басеке... Әнеукүні Қосүйеңкінің күллі жігіті жиылып, сойыл алып, атқа 
қоныпты. Ішіп алыпты.. «Оу, жақсылар, қайда жол алдыңдар?» – деймін мен. «Тауда 
жатқан геологтарды сабап қайтамыз» – дейді олар. «Неге өйтесіңдер?» – деймін мен. «Бір 
қызымызды алып қашыпты», – дейді олар. «Баяғының қызы емес – жетектесе жүре 
беретін, көңілдері жарасқан шығар», – деймін мен. Кісінің сөзіне құлақ асар емес, 
көктемгі күйі келген бурадай күркілдеп жөнелген. Сол сойқандардың ішінде бұл 
батырымыз да бартын.
– Мынауыңыз шатақ мәселе екен, – деді парторг. 
– Ол жігіттерді дүрліктірген Құлшығаш көрінеді. Мен қора жөдеуден қайтып келе 
жатып Арқарбұлақта ұшырастым. Жігіттерге басу айттым, түсіндірдім. Ол 
барысымыз жаман болған жоқ, партияның жігіттерімен таныстық, сырластық, қорықтарды 
қорғау туралы ойластық.
– Жұмысты тастап желігіп кеткенсіңдер ғой, – деді парторг.
– Барғанымыз пайдалы болды, басеке.
– Сонда кімге бола аттанып жүр дейсіз ғой, – деді Нағанай, – ол кәдімгі есік керген 
сұлу Сая. Өзіміздің жігіттерді менсінбей, кен іздегіш саяқ жігіттерге ілесіп кеткен.
– Саяға тіл тигізбе! Ол келіншектің ойлағаны жер қамы, жұрт мүддесі, – деді 
парторг. – Тақауда тау етегінен бөген салу туралы ұсыныс жазыпты, ашық партия 
жиналысында талқыладық, сөйтіп, облысқа жібердік. Ондай іс ешқайсымыздың 
қолымыздан келмейді.
Нағанай кірпідей жиырыла қалды. Жаманеркек қалтасынан орамалын алып терін 
сүртті. Парторг бұл кезде мұның барша қағазын оқып шыққан, желпіне сөйледі.
– Қарапайым жұмысшының партия қатарына өтуге арыз бергені қуантады бізді!
– Басеке, бұл жігіттің тағы бір қылмысы бар.
– Апырмай, Нәке-ай, сіздің-ақ сезігіңіз таусылмайды екен.
– Менде не әкеңнің құны қалып еді?! – деп күйінді Жаманеркек. –Ферманы теспей 
сорған сенен қылмысым көп болып па?! Бухгалтердің атын жамылып жүрген 
жәдігөй секілдісің.
– Қызбай сейлеңіз, ағасы.
– Әне, өстеді. Коммунист болғасын көтере береміз тегі. Бірақ коммунист болған 
соң білгенімізді тағы бүгіп қала алмаймыз.
– Ол не қылмыс тағы?
– Басеке, бұл жігіт бұрын бір қатын алып тастаған, қазіргісі екінші әйелі.
– Жолдас Жарғақбаев, мұны қалай түсінеміз?
– Әуелгісі заңды некелескен әйелім емес-ті. Арамызда перзент те жоқ болды. Өз 
ризашылығымен ажырасқан.
– Иә-ә, қазіргі әйеліңізбен қалайсыз?
– Жақсымын, тамақ тоқ, көйлек көк. Сегіз баламыз бар.
– Иә-ә, – деді парторг. Қағаздарды жинастырып қойды. Тағы да «иә-ә-ә» деді, 
маңдайын сығымдады, үстелінің үстіндегі шаңды үрледі. Жаманеркектің ішіне жел кірді.
– Қазіргі әйеліңіз әуелгі тарихыңызды білуші ме еді?
– Біледі, басеке. Жасырған түгім жоқ. Барша тағдырым сол ауылдың көз алдында 
өтті. Кәриялар жақсы көреді, сенеді.
– Сол кәрияларының бәрі намаз оқиды, – деп қыстырылды Нағанай.

Жаманеркек одан арыға шыдай алмады. Шіреп піскен қарбыздай қарс айрылды. 
Нағанайды жеті атадан жіберді кеп. Аузына келген ыза-кектің бәрін төгіп салды. Ұятты 
кісінің алдында отырмын деген жоқ. Бәрін айтты. Түу сонау, Қаратау ішінде өткен 
жағдайлар, елдің көші-қоны, Нағанайдың пәленбай үйді көшірдім деп сыртынан ссуда 
алып жеген қылмысы, одан бергі қойшылардың үстінен жазып алатын салықтары, 
«жанашыр ағайындық» кәсібі, бармақ басты, көз қыстысыз жүре алмайтын мінезі түгел 
айтылды. Парторгтің алдына жайып салды. Ұғынар, ұғынар да Нағанайдың бетіне 
түкірер деп ойлаған. Олай болмады. Парторг мұның мінезін басқаша түсінді ғой деймін.
– Мүмкін, мені де Нағанайдан пәре алды деп ойлайтын боларсыз, – деп ежірейді 
енді, Жаманеркек істің тап бұлай насырға шабарын білген жоқ-ты. Аузына дені түзу сөз 
түспеді.
– Жоға, мынаның залымдығын айтамын ғой.
– Жоқ, сіз мені де бухгалтермен сыбайлас деп жорырсыз.
– Басеке, ондай арам ойдың кісісі емеспін. Тек мынаның иттігіне күйіп кеткенім 
ғой, жүйкемді жеді ғой;
– Жоқ, мені де бармақ басты, көз қысты жасап жүр деп ойлайсыз ба? Қалай 
ойлайсыз? 
– Апырмай, басеке-ай, сізді бұл залымдарға қоспаймын ғой.
– Солай деңіз...
«Солай деңіз» дегенімен парторг бір сырды ішінде бүгіп қалды. Көзінің астымен 
Нағанайды ішіп-жеп қарайды, бухгалтер болса қызара бөртіп ыңғайсыздана түседі. 
Жаманеркек жаны қысылып отырып олардың бұл құбылысына мән бермеді. Ішінен: 
«Басекеңе жазып қалмасам жарар еді, бұлай боларын білгенде бағана әлгіде Нағанайды 
сырттан-ақ сыйлап, бірер шыны әперіп алдандырып қояр едім ғой; тіпті болмағанда бір елі 
аузына екі елі қақпак қойып, аузын буған өгізге айналдырар едім» деп ойлап отыр. 
Бастықтың жүзі жылитын емес, столының үстін тағы үрледі. Нағанай шыдап отыра 
алмады, «айлық есеп тапсыратын едім», деп жылыстап жоғалды. Жаманеркек 
терісін сыпырып алған түлкідей болды, өзегін өкініш өртеді, тұла бойын жаман бір 
жиіркеніш жайлады. Ол жиіркеніші Нағанайға арналған еді. «Пәлі-ай, кісі де 
осыншама залым, көртышқандай қазымыр болады екен-ау. Мұның дәл осы сапарын 
аңдығандай парторгке қосыла кіргенін қайтерсің. Сосын салауатты әңгіме құрудың 
орнына іштен шалып, тырнақ астынан кір іздеп, құйрығының астына ши жүгіртті дерсің. 
Өстіп жүріп өлеміз ғой. Бір-бірімізден жақсылық іздер, жақсы қасиет табудың орнына 
жаманшылық жапсыруға дайын тұрамыз. Нақа бір ырысыңды сол ішіп, жолыңды сол 
кес-кестеп жүргендей пыш-пыш өсектейміз. Тіпті болмаса сыртынан ғайбаттаймыз. 
Әлгінің менің көзімше айтып отырғаны анау, сыртымнан «бұл Жаманеркек дегенің қандай 
жігіт?» деп сұрай қалса: «Ойбай, аты затына сай, шық бермес Шығайбай, қалаға барып 
бұзылып келген, кісі өлтірген...» деп көкитіні сөзсіз ғой».
Осы ойдан Жаманеркек жаман жасыды. Асқар таудай болып келген көңілі қазір 
ауылы көшкен жұрт секілді құлазыды.
Ал жаңа әлгіде парторг екеуінің арасына кірбің салып кеткен Нағанайдың елден 
ерек өзінше қорытқан пәлсапасы бар. Бұларға сенім арту қиын деп ойлайды. «Сәл 
сырыңды ашсаң болды алып ұрады! Ешкімге сенбеу керек, ешкіммен сырласпау 
керек. Сонда ғана тыныш өмір сүресің. Тіпті ешқандай істі бір дегеннен-ақ шеше салмау 
керек. Сиырқұйымшақтатып, сөзбұйдаға салып созғыласаң өтініш иесі өзінен-өзі 
жоғалады. Іс шешпесең – үістіңнен арыз жазылмайды, сөз естілмейді. Бастықтар да 

мазасын алмағанға мәз. Бірдеме тындырған болып «аһылап, уһілеп» жүре берсең 
болғаны. Ал біреудің өтінішін орындамаққа дәт қылып бел байласаң-ақ бейнетке 
белшеңнен батасың. Өзіңнен жоғарыға жағдай айтып бару керек, не өзіңнен төменге 
жеккөрінішті болып бұйрык беру керек: қай-қайсысын алсаң да жақсы тіршілік емес. Тек 
жүрсең тоқ жүресің». 
– Жолдас Жарғақбаев! – деді парторг. Өз ойымен болып отырған Жаманеркек 
селк ете түсті.
– Иә, басеке, құлағым сізде.
– Мына жарғыны алыңыз, бір сөзін қалдырмай жаттап, ұғып келетін болыңыз. Мен 
оған дейін ферма меңгерушіңізбен сөйлесейін, сіз туралы жұрттың пікірін білейін, 
еңбек көрсеткішіңізбен танысайын, хал-хуалыңызды білейін, – деп сөзбұйдалап бара 
жатқан. Жаманеркек ышқынып кетті.
– Қолыңыздағы қарт коммунистердің кепілдік қағазына сенбей отырсыз ба, басеке?
– Жо-ға, бәрі дұрыс, бірақ мұндай маңызды істі асығыс шеше салған әбес 
болады. Бұл кесек қалап қора жөндеу емес, не көкпар шабу емес, үлкен жауапкершілікті 
қажет ететін жағдай. 
Жаманеркек парторгтің алдынан жүдеп шықты. Нақа бір әлгі бөлмеде біреу 
алқымынан езіп, буындырып, азапқа салғандай сезілді. Әлсін-әлі мойнын сипалай берді. 
«Мана галстук тақпағаным дұрыс болған екен» деп ойлады. Жолай ауыл кеңеске кіріп 
балаларына жазылған жәрдем ақшаны алды. Доскей шалдың үзеңгі ала кел деген 
аманаты бар еді, дүкенге соқты. Дүкенші бір қалпақты кісіге тұз тартып беріп тұр екен, 
мұның сөзін естімегенсіп; шотын тықылдатып кетті. Әлгі тұз салған дорбаға артынша 
кесек қанттарды да тоғытты, Бұл қайыра сұрады. Дүкенші: «Ондай бізде болмайды, қанша 
рет қақсаймын!», – деп барқ етті. Жаманеркектің қолы қышыды. Келсаптай жұдырығын 
қалтасына сұқты. Бір шөлмек арақ алғысы келіп сәл тұрды, неменеме жетісіп ішемін? 
деп тағы тоқтады.
Түскі автобуспен келіге түйген күріштей қауызы ұшып ауылға қайтып келген 
болатын.
Сұлу қысқы сүрден қалған түйенің өркешін қайнатып, бауырсақ пісіріп, үй ішін 
мұнтаздай етіп тазартып қойған екен. Сүр еттің иісі танау қытықтайды. Дастарқан жайып 
үйеме табақ бауырсақ әкелді. Жаманеркектің костюмін алып, шаңын қағып, киімілгішке 
қыстырды. Шуылдап самаурын келді. Әні-міні дегенше шай жасалды. Самаурын жанына 
бір көк мойын үйрек келе қалды. «Бұрын аздап жұтып келсем бетімнен алып 
шапылдаушы еді, бүгінгі пейілі өзгеше екен» деп ішінен таңқалды Жаманеркек.
Шаруаңыз бітті ме? – деді сыпайылап қана.
Бітпеді. Сиырқұйымшақтанып кетті.
Ол несі, отағасы?
Әлгі Нағанай бар емес пе, сол ит қосыла кіріп: «Геологтарды сабады», – деді ме, – 
«Қатын тастаған», деді ме, әйтеуір парторгтің көңілін бұзды. Оның үстіне жаным келіп 
бухгалтерді сыбап алдым. Қойшы әйтеуір, тағы бір айналып кел деп шығарып салды.
– Әдіра қалсын, әдіра қалғыр, Нағанай! Өз қатынын жөндеп баға алмай жүріп 
жұртта несі бар ей?!
– Оның қатынына не болыпты?
– Бала көтермей жүр ғой.
– Оттайды екенсің сен де.

– Күйгенде сол бухгалтерден күйдік қой тегі. Жалақыңды үнемі кем жазады, 
сыртыңнан қарызға жатқыза салады. Енді бұл үйден көшеміз бе, қайтеміз? Күн 
көрсетпейтін болды ғой. Аңдығаны сен!
– Қойшы енді, ана күлдіретін дәріңді бері әпер.
– Бүйте берсе бізді абақтыға айдатар, арам қатырар.
– Онымен әлі сауалдасамын жақсылап! 
Ішімдік уыты бірден басына шапқанын байқады, аш екені енді есіне түсті, тағы 
да тастап-тастап жіберді, көзіне жас үйірілді.
– Есеп айырысамын онымен әлі.
– Тағы не бастағалы отырсың-ей. «Шетте жүріп қаны бұзылған» деген сөзден 
құтыла алмай жүргенде тағы бір жаманатты жапсырарсың. Сенің-ақ жұрт көзіне түсіп 
тәуір аталғаныңды естімей өтермін.
– Тұзым жеңіл ғой, әкем соны сезіп атымды Жаменеркек қойды ма, білмеймні. 
Жолым болмайды әйтеуір. Аянбай-ақ еңбек етіп келемін, ешкім елеп жатқан жоқ. 
Көрінгеннің жемі боламын тағы. 
Жаманеркектің көңілі босады. Төбеге қарап аңтарылып отырып қалды. Буы 
бұрқырап сүр өркеш келді. Тұз сіңіп мейіздей болып қатып қалыпты. Қиялап турап еді, 
кездіктен қою май кілкіп ақты. Картоп жапырақтағандай болды. Табақтың ортасы үйеме 
өркешке айналды. Әйелі мұның үстіне жуа тураған тұздық құйды. Қамырға ашқылтым, 
кермек дәм сіңді. Енді Жаманеркек қарбытып асай бастады» көк өркешті күрт-күрт 
шайнайды. Әп-сәтте үлкен табаққа лықытып салып алып келген құнары кеміген майлы 
сүр орталанып қалды. Жаманеркек еңсесін жиып, қолын майлыққа сүртті. Қою сорпадан 
екі кесесін ішті. Өңі кіріп, жаны жадырап қалды; ілулі тұрған домбырасын алып 
шертпекші еді, ауланы басына көтеріп кішкентай баласы жылап кірді. Балғамен 
ойнап отырып бармағын жаншып алыпты. Оны жұбатып жөнге келтіргені сол еді, 
мектептен «үштігі», «төрттігі»» «бестігі» оралды. Әдетте Жаманеркек балаларының сабақ 
үлгеріміне қарай ат қойып кеткен. Қазір бұған балалары да үйренген. Келе дастарқанға 
жабыла жөнеліп еді, үйеме табақ бауырсақ, тарелке толы шақпақ қант саппа таусылды. 
Майдалары еттің қамырына таласып қалды. Үйде кісі құлағы тұнардай даңғаза туды. 
«Бұл күшіктермен кішікене мезет бірге отырсаң ешкі баққандай боласың. Ауыздан 
дамыл, құлақтан тыныштық кетеді», деп Жаманеркек тысқа беттеді. Мал келетін уақыт 
болып қалыпты, қора жаққа қарайлаған жоқ, үш-төрт ешкі мен екі қойды балалар-ақ 
жайғастырады. Әйелі суға кеткен бе, көрінбейді. Аяңдап ауладан шықты. Ортаңғы 
көшедегі еңсесі биік Нағанайдың үйіне тартты. Жақындаған сайын кеудесіне ыза толып, 
көз алды қарауыта берді. Кісі бойы келетін биік дарбазасы жабық екен. «Талтүсте 
қақпасын тарса жауып алған кәпірлігін қарашы», – деп қақпаны қақты. Іштен ит үрді, 
есікті Нағанайдың бидай өңді әйелі ашты. Манағы әйелімнің айтқаны рас білем, мына 
байғұс тым көтерем көрінеді деп ойлады. Әйел мұның ойын оқығандай-ақ «Нағанай үйде 
жоқ», деп шіңкілдеді. «Күтемін онда», – деп Жаманеркек үлкен үйге кірді, он екі бөлмелі 
үйі бар дегенге сенбеуші еді, рас екен, бір гектардай жерді жалпиған мекен жайлап 
жатыр. Ауызғы үйінен солға бұрылғаны сол еді, еденде қатарласып түкті кілем тоңып 
отырған төрт кыздың үстінен шықты. Келген ізінше кейін тайқып оңға бұрылған, мұнда 
бір кемпір түбіт түтіп отыр. Арық әйел мұның бұл сұғанақ жүрісін жақтырмай калды. 
Соңынан қуа кіріп: «осында отырыңыз», деп нығыздап, абажадай бөлмеге енгізіп 
кетті. Сол екі арада арғы бөлмеден баланың шаңқылдаған даусы шықты. «Күнде 
беретіндерің қазы мен қарта, кекірігім азып өлетін болдым!» дейді. Әлдебір әйел даусы 

балаға жалынып жігі-жапар болып жатыр. Енді Нағанайдың әйелі сол бөлмеге 
ұмтылды. «Еркетотай баласы болды бұл» деп жорыды Жаманеркек. Терезе алдында қос 
құмыра тұр, ішінен алқызыл гүл қауыз ашыпты. Үйдің үш қабырғасы түгел кілем. Еденде 
әлдебір түгі шыққан көгілдір мата жатыр. «Иә-ә, бұл қазақ өмір сүруді біледі екен!» деп 
тамсанды бұл. Арғы бөлмеден: «қаймағыңды итке құямын, майыңды мысыққа саламын, 
щұбатыңды өлтірсең де ішпеймін!» деген бала даусы тағы шықты. «Бұл батырдың ішпей 
жатқаны не тағам болды екен?» деп Жаманеркек есігінен сығалаған. Сілекейі шұбап 
жүре берді. Танауын күз қымызы қытықтады. «Жылқы суалып Сырға түсіп кеткенде 
мыналар қымызды қайдан алып отыр?» деп қайран қалды. «Нағанайдың өмірі жұмақ екен 
де, біздікі әшейін қолтығы тесік қоңыр тіршілік қана ғой. Керзі етікті қоңылтаяқ киеді 
екенбіз.
Жаманеркек ойлаған: бұл күнде Нағанай секілді азаматтың ақыл-ойын дүние-
мүлік билеп алған деп. Билегені емей: есіл-дерті қораны малға, кең үйді ағашқа 
толтыру, жан рақатынан безіп ақша табу. Ертеңді-кеш тілейтіні – малдың басы 
кемімесе, мүлікке дақ түспесе. Былтыр ғой, осы Нағанайдың үйіне қонақ келіп, көршісі 
болған соң аздап қызмет жасағаны бар. «Түгіскен» ауылында тұратын агроном досы 
келіншегі мен баласын ертіп қыдырып келіпті. Шай үстінде қайран қалды. Қонақ бала 
қолымен жылтыр сервантты ұстады дегенше Нағанайдың көзі шатынап шыға келді. 
«Айналайын, ана бөлмеге барып ойна», – дейді. Дастарқанда тұрған әдемі шынаяқпен су 
іше беріп еді, жігі-жапар болды. «Түсіріп алма, айналайын». «Анаған тиме, 
айналайын». «Мынаны ұстама, айналайын». Терезеден шыбын кіріп еді, резеңке 
байлаған таяқшасын тарсылдатып қуып жөнелді. Әуезді әңгіме жайына қалды. 
Қонақтардың берекесі кетті. Сол досы Нағанаймен араласпай қойыпты деп кейінше естіді.
Иә, ақыл-ойды дүние-мүлік биледі дегенше көрер құқайың аз емес секілді.
Осы мезет бөлмеге Нағанайдың әйелі кірді. Түсі бұзылып кетіпті. Көзінің 
қарашығы үлкейе түскен.
– Нағанай телефон соқты. «Келе алмаймын, ауданға тарттым», – деді.
– Әттең-ай, қашып жүр ғой ол менен.
– Қандай шаруаңыз бар еді?
– Жақсылап бір сауалдасамын ғой деп едім.
– Айлық жалақы ма керегі, әлде қарыз сұрап па едіңіз. Мен-ақ тындыра саламын 
ғой. Қанша керек еді?
– Арам ақшасы адыра қалсын! Арымды ақтап алмақ едім. қарап жүріп қара күйесін 
жұқтырғым келмейді, Күле сөйлей, көлгірсіп келіп, күңірентіп кететін кісәпір екен. 
Теспей соратын сүлік екен. Ақтық рет
арыла сөйлесемін де іргемді аулақ саламын. Есім енді кірді!
Бұдан да көп айтар еді. Ашуға булығып ойын пышыратып алды. Қолын бір-ақ 
сілтеді. Сыртқа шығатын есікті шатастырып адасып қалды, ақырында жол тапты, абалаған 
итін басқа теуіп, зор қақпаны тарс
жапты.
33
Мың тоғыз жүз жетпіс екінші жылдың наурыз айы Қаратаудың батыс 
баурайында жатқан күнгей еліне аса қиын соқты. Әуелі түстіктен алтынкүрек желі 
секілді леп лықылдап соққан. Қосүйеңкі адырына сіңіп күрегейлеп мал жайып жүрген 
Қойшекең мұртын сипаған. «Үйге ертерек жетіп, қатынға наурыз көже жасатсам-ау, 
сосын ебіл-дебілім шығып ішсем-ау» деп ойлаған. Сөйтіп тұрғанда әлгі жел басын 

бұрып берсін. Құйрығы шығысқа кетсін, торғай арбаған оқ жыландай ысқырып 
азынасын. Әуелі селбелеп ери бастаған қасат қар мұз тайғақ болып сіресті де қалды. 
Қойлар сол мұздың үстімен сырғанасын, домаласын: шетінен төгіп-шашып жүріп әзер деп 
қораға қамады. Жалпақ бас мұржаның түтіні етпеттеп шықты. Қойшекең: «Наурыз көже 
бұйырмайтын болды енді», – деп іштей күңіренді. Таңға жуық бауыры жерге тиген 
ақшуда бұлт қар төкті-ай кеп. Лезде тепсең түйетайлыланып, ойпаң одырайып шыға 
келді. Қаратау жақтан ұшпа жел көтерілді: ұшпа жел дегенің баяғының сұғанақ елшісі 
іспетті, қытымыр қоңсы секілді, бетпақ қатын сияқты айтып болмайтын пәле: әп-сәтте-ақ 
Қойшекеңді дедектетіп қораға тықты. Содан безектетіп шөп тасытты. Қойны-қонышына 
суық қолын жүгіртіп дірдектетті. «Ойбай, қатын, бастырғыны әкел, бастырғыны! Бетіне 
қарап отырған шөмеле шөпті әкетті!» – деп жан дауысы шықты. Жусан мен жантақ 
аралас шөмелені бастырып, шетінен бір арқасын қораға сүйреді. Сүйреп жеткені 
сол еді. «Ойбай, қатын, аш пәлелер тапап барады, ары айда». «Бөліп шаш, бөліп 
шаш!» Азынаған мал қолға қарағасын-ақ ашқарақ болып кетеді білем, әшейінде бірер 
қырқадан асса тыңқиып тойып қалатын тоқтылар бұл жолы құшақ шөпті жалмауыздай 
жалмайды. Пішен таусылған соң Қойшекеңнің мақтасы тайшылаған көне шапанын 
.тістелеп, жұлмалап берсін. Қойшекең ит талағандай болды. Шөп шашамын деп қораға 
кірген еңгезердей жігіт әп-сәтте түтеленіп, арсасы шығып, итырақтап қалды. Көмекке 
келіншегі жеткен. Кенет әйелі Қойшекеңді бүйірден түрткен. «Ананы қарашы!» 
Келіншегінің жанары шатынап шығып барады. Саусағын шошайтқан жаққа 
Қойшекең де қараған, өне бойы қалшылдап қоя берді. Мұз пышақты жонынан жүгіртіп 
өткендей болды. «Сұмдық-ай, жырық құлақ жас саулық тыпырлап жата кетті». «Төлдегелі 
жатыр» деп ойлады Қойшекең. Мұндай азынаған боранда, жалғыз шөмеле шөптің 
бетіне қарап отырған жағдайсыз мәурітте – саулық біткен төл төгіп берсе не амал 
жасамақшы. Қолдан келер қайыр бар ма? Ақ қар, көк мұздың үстіне түскен қозылар дәріге 
уланған шыбынша қырылмас па. Келіншегі келесі тұсқа қолын шошайтты. «Сұмдық-ай!» 
«Өй, әкеңнің... күйіп тұрғанда күйдірме жанымды! Онан да ыдысқа ұн шылап әкел, отты 
маздат!» Аш саулыққа өздері ішіп отырған ұннан ботқа жасап берер-ау, жас төлді от 
басына апарып жылытар-ау, он болса, он бір болса... бұл саулықтар төл төксе 
жүздеп, екі жүздеп төгеді ғой. Ол кезде қап-қап ұның, тоғай өртегендей маздаған отың 
арашашы емес. Жалғыз арашашы күннің жылуы, қардың сілбелеп еруі ғана. Қойшекең 
содан дедектеген күннің батқанын, не таңның атқанын айырудан қалды. Ас ішуді ұмытты. 
Осы мезет әлдекім Қойшекеңе келіп әкесінің атын сұраса қапелімде айта алмас еді, «қозы-
қозы... қой-қой деп жүгіре берер еді, құлағың қайсы десе мұрнынкөрсетер еді. Үлкен 
ауылмен қатынас узілген. Ой мен қырды бірдей етіп тегістеп кеткен сіре қарды бұзып 
жол салуға ондаған трактор, не танк керек, өңгесі әурешілік әшейін. Жанталастың аяғы 
үшінші күнге ұласқанда Қойшекеңнің қыстауына ферма меңгерушісі Мүлкаман жеткен. 
Вертолеті төбеде бірауқым пырылдап ұшып қыр үстіне әзер қонды. Таяқ тастам жерге 
омбылап сүт пісірім жүрді. Қол алысты.
– Хал осы, – деді Қойшекең қораның қақпасын ашып жіберіп.
– Қисығына қыңыраймай дұрыс жауап бер. Қырылған қозы-қойға басыңмен жауап 
бересің! Азаматтық ар-ұжданның алдында есептесесің әлі!
– Есептессек есептесерміз. Мына боранды мен сұрап алған жоқпын. Жем-шөп аз 
тасылған.
– Қанша шөп қалды?
– Алдыңыздағы алашаның үстінде жатқаннан өңгесін жеп бітірдік.

– Бұл шөп емес, қиқым ғой!
– Шөмеленің түбінен сыпырып алдым емес пе.
– Қыр астында үш трактор қар бұзып келеді.
Соңында бір мәшине шөбі бар. Күн еңкейе жетіп қалар. Ауыл мен аудан 
басшыларының күллісі осы күнгей бетте шабуылдап жүр. 
Жайшылықта келсе шалжайып жатып қонақасын жеп, шөл қандырып аттанар еді, 
салақұлаш ғақли сөздер айтар еді. Келіншегінің қолынан татқан өткен жылғы қазының 
дәмін тамсана отырып дәріптер еді. Болмайды. Қой қырылып, қоралар жұтқа ұшырап 
жатқанда жан шақырып, бел босату әбес.
Бұрылып жөнеле берді. Қалың қарға малтып, тонының жел жұлқыған жағасын қос 
қолымен қымтап вертолетке әрең жеткен. Кабина іші азынап кетіпті. Азынауың қарды 
үйіріп, маңайды ақ түтек қып көтеріле жөнелді. Қойшекеңнің қарасы бірте-бірте кішірейе 
түсті: әлден уақытта қар басқан, жел ұйтқыған ақшағыл алаптың, меңіреу адырдың, 
жанталастың арасына сіңіп жоқ болды.
Зыр айналған азынауық ішінде қара тонын қымтана түсіп, терезеге төніп, аппак 
адыр арасынан қой қорасын көп іздеген. Үңілген сайын қалың ойға шомған. Бұл төтенше 
келген жұт басымды жұтпай қоймас деген. Түтеген боранның сыңайы мынау: көптен 
бері қарымтасын қайтара алмай, кектескен, кетіскен ағайын болушы еді: үстіңнен арыз 
жаудыратын, соңыңа сөз ертетін – мына ит боран дәп сол. Апырмай, алмай қоймас, 
ышқынады ғой тегі.
Қойшекең анау. Айтатыны: шөп таусылды, боранды мен ойлап тапқан жоқпын! 
«Жоқтан» өзге сөз білмес сірә. «Берден» бөтен сөзді ұмытқан шығар. Атасына нәлет-ай, 
күйдіреді ғой өстіп, бастық қай жағына


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет