Дүкенбай Досжан Қазақтың жүз романы



Pdf көрінісі
бет9/29
Дата03.03.2017
өлшемі1,57 Mb.
#7268
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   29
Сая мен Нағанай
31
Әке наласын арқалап, жас отауын тастап таудағы кен іздегіш геологтарға ілесіп 
кеткен келіншек туралы әңгіме Қаратау мен Сыр еліне лезде тараған. Қайсы біреудің ұзын 
сөзге үйір әдеті. Ал мынау әңгіме өсекшіге ас батырмайтын, төсекке жатқызбайтын 
жаңалық секілді: «Жігіттің серкесі Құлшығаштың басын қорлағаны». «Құдай қосқан 
қосағынан жеріп кен іздегіш жігіттерге ілесіп кетіпті». «Жатырынан қағынған келіншек 
сөйтеді». «Қисық жолға түскені». «Құлшығаштың жұмақтай үйінен безіп, керзі етік киіп, 
жер ойып, басына бейнет тілеп алуы ақылды кісінің қылығы емес».
Күздің ызғырығындай осынау жел сөз мың тоғыз жүз жетпісінші жылдың сегізінші 
қазанында гулеген. Содан бері біраз күндер өтті.
Таныс қазақ жігіті уәденің адамы екен. Ылдидағы ауылдан жүдеп жеткен Саяны 
қайда көрдім деген жоқ. Қарындасындай қарсы алып кеншілер бастығына апарды, 
келіншектің жағдайын баяндады, жұмысқа алуын өтінді. Кеншілер бастығы саудыраған 
ақкөңіл, ескі гимназия бітірген, кәрі шөңге кісі көрінеді. Жастар жағы «Большевик 
ақсақал» деп айтады екен. Жатсынған жоқ, ә дегеннен жер сырына қанық кісіге ділгір 
екенін айтып өздеріне қабылдады. Сайдың тасындай ығай мен сығай жігіттермен 
таныстырды. Оқыған, сыпайы, салтаң қазекем де өріп жүр. 
Шеткі шатырдағы қос қыздың қасына жайғастырған. Әуелде екі құрбысының 
мінезі қызық көрінген. Ақсары жаным бейне қаңылтыр қапқан алаң көз шортан секілді, 
аузына келген сөзін ірікпейтін, айтып салып артынша ернін тістей қалатын қыз. «Менің 
бағымды байлаған – ақкөңілділігім», - дейді. «Кісінің көңілін жықпайтын мінез бар». Кен 
іздегіш жігіттермен көктемгі тұмса тайлақша тайраңдайды. Қазір жылап отырып, қазір 
күле салады. Өмір жолын жарым сағат ішінде тәспіге тізіп берді. Алма сыр сандықтай 
тымырайған ақ шашты әдемі қыз. Аумақты жанарының асты теңге басқандай ойпаң 
тартып көгеріп жүреді. Қолы қалт етіп босай қалса қалыңдығы кере қарыс кітап оқиды, 
құмырсқа ізіндей етіп күнделік толтырады.
Саяға кен іздегіш жігіттердің салты ұнады. Ертеңгісін жеңіл-желпі шай ішеді де 
тым-тырақай тарап кетеді. Бірі тас бұрғылауға, бірі құм шаюға, келесісі жер өлшеуге. Күн 
тас төбеге жетер; әуелі тас ойғыштардың төбесі қылтияр, қолдарында жуа, сарымсақ, 
кәреней. Келе сала жуып, турап әлекке түсер. Сосын сирақтары серейген жер өлшеуіштер 
келеді, кейбіреулерінің арқасында томпайған қап, ошақ басына қойғанда байқайды, іші 
толы тірі тасбақа. Әуелі от маздатар қазанға су толтырар, сақырлатып қайнатар, үстіне тұз 
салар. Сосын қазандағы бұрқылдаған суға әлгі пақырларды тастап-тастап жіберер. Қабағы 
бір бөлек, еті бір бөлек болып жарылып шыға келеді екен. Жапондар құсап қолына бір-бір 
істік ағаш алып шетінен шаншып жеуге кіріседі. Таңдай сорған дәмді деседі. Өзен жақтан 
сәмбі талдың шыбығына шұбатып май шабақ тізген құм шайғыштар шығады. Өйдәйт, 
ошақ басы түйе сойғандай думан. 

Түс қайта шатырларға тарап жатып дем алады. 
Жұрт секілді жұмысты белгілі бір жүйемен істеу жоқ. Тас ойғыштар күн 
көтерілісімен-ақ кегер үйректей маймаңдап қайтып оралады, тамақтанады, сілейіп жатып 
ұйықтайды. Күн төбеден ұйысар. Ошақ басындағы думан тарқар. Енді жұмысқа асығар 
деп ойлайсың. Тасбақа теріп кетеді. Жер өлшегіштер «мелькашын» шолтаңдатып арқа 
тауға жөнеледі. Құм шайғыштар жарқабақтамөлиіп отырып қармақ салады. Бастары 
құралып тынығар деп болжайсың. Қай-да-а! Ай жарығының астында тықырлап құм шаюға 
шығады: «алтын түйіршігі түнде жақсы тұнады», - дейді. Жұлдыз сөнгенше тауды басына 
көшіріп жер бұрғылайды: «Ұшына алмас орнатқан бұрғы түнемесіне өнімді істейді», - 
дейді. 
Кісінің көп қасиеті әдеттегі тіршілікте байқала бермейді екен. Мұнда бәрі алақанда 
тұрғандай, шыныға салып қойғандай.
Саяның міндеті екі қызға көмектесу. Бұлар әуелі шаршы километр жердің ауданын 
өлшер, сол ауданның ортасынан шағын шұқанақ қазып топырақ алар. Ол топырақты 
Мейрамқала қаласындағы лабараторияға жөнелтеді. Жердің қатты-жұмсағын талғамайды. 
Жасынан есепке жүйрік Сая шаршының ауданын көрсеткіш құралмен демде табар. 
Орталық нүктені мегзер. Алма мен Жаным сол арадан тереңдігі бір жарым метрлік 
шұқанақ ояды. Сая кенеп қапшыққа қилы қаптардың әр түрлі топырағын салып 
толтырады.
Уыстаған сайын саусағына алтын түйіршігі ілінетіндей көрінеді оған. Түсіріп 
алардай аса еппен көтереді. Алақанына тиген әрбір қиыршақты асыл тасқа жориды. Қан 
тамырын ыстық леп қуалайды. Алма әлмә-әл сағатына қарап тағатсыздана түседі. 
– Тез салсаңшы! Ызғырық жел сүйектен өтіп барады. Сырымды айтсам – маған 
көп-көп ақша керек. Әттең, ақшам болса астананың ортасынан ойып тұрып үй сатып алар 
едім... Баяғы «күйдім, жандым» деп шамалы жүріп, бір кешен соң сырт айналған 
жырынды жігітті соңымнан сүмеңдетіп қояр едім.
Неге екені белгісіз Саяның көз алдына алыс астанада жүрген сазгер Далабай 
елестеді. Сүйгені, осы сергелдеңге салған жан жегісі емес пе еді. 
Әне бір жылы үйленді деп естіген. Уақыт өте келіншегімен тұзы жараспай жүр деп 
және өсек жеткен. Жасынан ән-әуенге құмартып, сергек, сезімтал болып өскен 
Далабайдың мінезін жақсы білетін. Қытымыры жоқ, шуақты жан үлкенді аға, кішіні іні 
тұтып сыйласа білетін, отбасына тыныш болар деп ойлайтын. Ендеше махаббаттағы 
адымын қате басқаны қалай? Кейінгі кезде де елге де ат ізін салмай суысып кетіп еді. 
Дегенде Далабайдың жан дүниесінде өзгеше қиын құбылыс өтіп жатқанын алыста жүрсе 
де ет жүрегімен сезіп білетін, қасында болсам деп сағынатын. 
Далабайдың соңғы кездескендегі сөзі әлі құлағында. «Қаратау мен Сырдария 
арасындағы үшкіл дала құдды көне қобыз секілді», деген. «Күнге қаңсыған, құлағы 
босаған аспап. Қаратау қыл қобыздың үстіңгі ішегі де, Сырдария астыңғы ішегі. Тиегі 
Түркістан. Құлақ бұрауы Қазығұрт тауында. Дәм жазып, денсаулық болса; құлақ бұрауын 
келтіре алсам; осы Сырдария мен Қаратау арасында жатқан жалпақ елдің бүгінгі тұрмыс-
тіршілігін, мақсат-мұратын қозғап үлкен симфония жазамын. «Қорқыттың қобызы» деп 
айтамын», - деген.
Әлгі елестен Саяның көңілі мүлде пәсейіп қалды. Жетімсіреп жадау жатқан 
адырларға жәутеңдеді. 
Қосқа көңілсіз оралған. 

Түннің беймезгіл уағына дейін дөңбекшіп ұйықтай алмады. Құлағына Далабайдың 
сөзі ызыңдады, соны сарын құйылды. Осы екі тау арасында көктемгі жауындай дүркіреп 
өткен жалаң аяқ, жалаң бас балалық шағын ойлады. Ол кезде жауын көп болатын. Өзен 
бойынжағы су шалғынға балтырын малып көк жуа теретін, жауқазын үзетін. Қолтығы 
толғанша жинайтын. Үйіне әкеледі. Ағасы жуаның діңгек байлаға еркегін теріп тастап, 
портылдаған ұрғашысын ғана алатын. Басын аршитын. Салқын суға жуатын. Ағаш 
зеренге турайды. Үстіне дірілдеген қою айран құяды. Араластырып алдына қояды. Сая 
көзіне жас үйірілгенше күртілдітеп шайнаушы еді, дәмі шыққан сәуірдің жас жуасына 
сылқия тоюшы еді. 
Енді ойлап қараса сол нөсер гүрілдемегелі қашан, жауын иісті көк жуа да жоқ. 
Өмірдің ыстық аңызағы, суық ызғары ұрып бейһал еткен; қуанышқа желігіп кетпейтін, 
қиындыққа күйрей қоймайтын көнбіс көңіл ғана қалған; сырсандық қалған.
Таң алагеуімнен тұрып, Талдысу өзенінің қоспасында тіршілік кешкен диірменші 
шалдың үйіне келді. 
Кей кісінің қапелімде бетіне шығып, содан өмір бойы серіктесіп кететін меңі 
болушы еді ғой. Саяның көзіне мына диірменші қарт, оның көне қыстауы Қаратау жүзінде 
қалған мең секілді көрінді.
– Іннің аузын бағып қалдық. Бала қызмет қуып кетті, қыз күйеуге шықты, - дейді 
диірменші шал. – Кешегі күнге дейін Қаратауды Доскей екеуіміз күзетіп келіп едік. Ол 
кісі пенсияға шықты, сырқатты болды, Қосүйеңкіде қазір. Тау арасында үкі ұстап жалғыз 
қалдым. 
– Диірменіңіз жүрме ме, ата?
– Өзім доғардым. Тас ұнтақтамасам, тарта қояр астық жоқ. Бүгінде айналайын 
үкімет ұнға жарытты ғой. Қойшы мен жылқышының қолында сіре-сіре нан. 
– Соғыстан кейінгі еңістегі Бірлік, Талап ауылдары бидай, жүгері еккен деп 
естігем. 
– Жер азып кетті ғой. Қазір күнге кептірген тулақ дерсің. Шөптің өзін таудың 
жыра-жырасынан шабады. 
– Сол кезде су қалай жеткен?
– Су жетпеуші ме еді. Жеткізбей жүрген өздері. Ілгеріде осы өзеннің таудан таудан 
шыға беріс алқымына салынған нән тоған болатын. Сол тоғанға көктемде қызыл су 
толатын. Дихан көкең әлгі тоғанның екі езуінен арық шығарып түу-у-у қазіргі темір жолға 
дейін апаратын. Қос қабақта бау-бақша сыңсып тұратын. Жер де қарық, ел де қарық. 
– Ескі тоғанның сұлбасын көргем. 
Диірменші кәрия желпіне сөйледі. 
– Төлестің, Құттықожаның, Шұқыройдың, Талаптың тоғандары бүгінде қайтадан 
үрдіс қолға алынып, су жинап жатқан секілді. Осының арқасында кешегі күндері шаңы 
щығып жатқан Құрылыс, Қосүйеңкі, Ескі Талап бөлімшелері бау-бақшаға малынып, етек 
басты болып, аула көгерте бастады. Жұрт жоғарылы-төменнен көшіп келіп жатыр. Өзің 
өскен Қосүйеңкіде соғыстың алдында екі колхоздың елі отыратын Бұл күнде кетпен 
ұстаған дихандар Сырға түсті де, Мүлкаманның қарамағында малшы қауымы ғана қалды. 
Сусыз елдің күні жоқ. Әйтсе де шаруа басшылары мол қаржы, қыруар күш болмаған соң 
үлкен тоғанға кірісе алмай қойды.
Саяның анасына ой түсті, ол ойы өзін сұмдық қуантты. «Әлгі тоғандардың осыдан 
он, он бес жыл бұрынғы халін айтып, жиналған сумен қанша гектар жер суланғанын 

сұрастырып біліп, қағазға түсірсем қайтеді?» Диірменші кәрияға айтты. Ішінен ұйықтап 
алакүлік отыр
– Уақытыңды алып жүрмесе. 
– Бұрынғы көп тоғанның орнына берік, биік етіп жалғыз бөген салу туралы ұсыныс 
түсірсем: осы халықтың ойын, мүддесін айтсам. – Неғайбіл нәрсе болып жүрмесе.
– Қарақан басымның қамы емес, жер келешегі, ел мүддесі ғой!
– Бетіңнен жарылқасын, қызым!
«Осы күнге дейін қалайша ойыма туспеген» деп лүпілдеді Сая. «Орта білім алды. 
Кәмелетке толды. Кен іздегіштер партиясына жұмысқа тұрып жаңа өмір таныды. 
Орысша таза сөйлеп, жатық жазатын халге жетті. Жамбыл қаласындағы су 
шаруашылығы институтын сырттай оқуға тақауда түсіп қайтты... Ендеше ел тағдырына 
толғанбауы қалай?.. Комсомолдық ар-ұжданы не дейді?..»
«Құлшығаштай дүниесі мол күйеудің арамдығына, алалығына көзі жетіп, бас 
сауғалап құтылғанына шүкіршілік қып жүре бергені ме? Алғашқы махаббат әуенін үзіп 
алып, қайыра естуге зар болып, боркеміктеніп бара жатқаны ма? Ақылы толып, азамат 
атанғаны осы ма?»
Өзінен-өзі ұялды.
«Талдысу өзенінің сағасына тас шемен нау бөген орнаса: алты ай босқа ағып 
жоғалатын қарғын суды жинаса: Бесарық үсті көк шалғынға айналар еді-ау!»
«Алған беттен қайту жоқ».
Әуелі жазғанын геологтар бастығына көрсетіп алады. Сосын ауыл үлкендерінің 
жиналысында талқылатады. Одан әрі облыс, республика су шаруашылығы мекемелерін 
жағалайды.
Қаныңда қайсарлық бар, - дейді диірменші кәрия. 
Енді міне диірменші қарттың мәслихатынан соң үлкен іске бел буды. Сол істің 
үдесіне шықпай тынбауға бекінді.
– Қандарыңа сіңген қайсарлықты білемін, - дейді кәрия. – Әкең Мақұлбектің 
атасы төбелессе қан шықпай тоқтамайды екен. Жортуылға шыққанда қолдың алдында 
жүреді-міс. Не асылдар өтті-кетті. Сол атаңның бір ісі есімде қалыпты. Ілгеріде дүйім 
жұртты дүңкілдетіп елге ояз келеді екен. Сегіз қанат ақ отауды оқшау тіктіреді. Сонда 
отырып жұрттың арызын тыңдайды. Біреу жер дауын, біреу жесір дауын айтып 
шуласады. Кезек біздің батырға келеді. Сонда ол: «Мен жұрт құсап жер дауын да, жесір 
дауын да қозғамаймын. Екі тілегім бар. Соны беріңіз. Бірі – ақ отауыңызға тіктеп келіп 
ат байлауға рұқсат етсеңіз. Екінші – мәслихатта оң тізеңізден орын берсеңіз», - депті. 
Сабаздың әріден мегзеуін көрдің бе. Жұрт көзінше дуалы ауыздың оң тізесін басса, 
ертең ояз кеткенде ел дауын өзі шешетріне көзі жетіп отыр ғой.
Диірменшінің кемпірі асқа шақырды. Күн еңкейіп қалыпты. Қызыл жалқын рең 
мен көгілдір бояу алмаса құлпырады. Орнынан көтеріліп кәрияға ілесті. Ішкі кенересі 
құздана бастаған сыз иісті көне там екен. Текеметтен де жер иісі шығады. Көнелік құқын 
бұзып тұрған бұрыштағы балшық пеш қана. Шыртылдап, жанып жатыр.
Кәрия мен Саяның алдына алапыш дастарқан жайылды.
Сырлы аяқ толы буы бұрқыраған тұшпара әкелді. Саяның жеңсік асы бұл. Қазақ 
тұшпарасы орыс пельменіне де, татар салмасына да, ұйғыр мантысына да ұқсамайтын 
бөлекше дүние. Әуелі қамырды етке салатындай етіп жұқа қып жаяды, алақандай-
алақандай көлемде шаршылап кеседі. Үстіне жұмыртқаның сары уызын жағады. Енді 

сол қамырдың үшкіл бұрышына жас ет пен қызыл бұрыш араласқан қоспаны орайды. Оны 
сорпаға салып алады да, қазан буына пісіреді. Үстіне сарымсақ турайды.
Сая табақтағы тұшпараны өз қамырымен қымқырып жеді. Таңдайын қызыл бұрыш 
дуылдатты. Маңдайы жіпсіді. 
– Қызым, тұшпараның сорпасын ішсең бетіңе қан жүгіреді, - деді кейуана. – 
Анада ылдиға түскенімде түріңді көріп шошып қалғам, аурудан тұрғандай жүзіңде 
сөл жоқ тұғын, қайта таза ауа жаққан секілді.
– Ендігі Құлшығаштың қапас үйінде тұра бергенімде жүрек ауруын жамап 
алар ма едім, қайдам...
Дәмді асқа тояттап, қолын майлыққа сүртті. Кейуана ұсынған қышқылтым сорпаны 
сораптады. Май кілкіп көп ішкізбеді. Алғысын айтты. Кәрия қысқа қайырып бата жасады. 
Сая қас қараймай тұрып геологтар қосына жетіп алғысы келетінін айтты. Бұл үй иелерінен 
қайтуға мұрсат сұрағаны еді.
 – Тұшпараның қалғанын қағазға орап бер, - деп шал жарлық жасады. – Қазақы 
асты сағынатын шығарсың. Келіп шешеңнің қолынан дәм татып тұр, - деді кейуана 
түйіншекті ұстатып жатып. 
Күн піскен қауындай қызарып көкжиекте еріп барады. Жылқының қазысындай 
алқызыл алау тау бөктерінде бөгіп тұр. Басын тасқа ұрып сақылдап жатқан өзен сағасы, 
одан жоғарыдағы алма бауы, диірмен үйдің төбесі күлгінденіп кірпік үйіре бастады. 
Салқын леп лықылдайды. Сая сол қабақты жағалай өрлейтін. жалғыз аяқ жолмен кен 
іздегіштер қосынына тартты. Қосынға дейін қос тұмсықтан айналып өтіп, қысаңнан 
шығуы керек, сосын белден асады, арғы еңісте геологтын, ұзынша базы бар, одан әрі 
өзен жағасында қаз-қатар етіп тіккен кенеп шатырлар. Соңғы тұмсықтан айналғанда 
қас қарайып, көкке жұлдыздар өріп шықты, Қияда кекілік қиқылдайды. Төменде тау суы 
сарылдап жатыр.
Сая қосынға тақағанда өз шатырының алдында қантарулы тұрған атты көрді. Жер 
өлшегіш барлаушылар бұл уақытта ат қаңтармайтын, тұсап-тұсап отқа жіберетін. 
Үстіндегі қазақы ер. Денесі тоңазығандай қалшылдап қоя берді. «Артымнан іздей келген 
әкем болмағай» деп ойлады. Қалшиып қатты да қалды. Тораңғы бұтағындай есік 
алдында селтиіп тұра берер ме еді, шатырдан Жаным шықты. Мұны көріп қарсы жүрді. 
Жаным тақай бере-ақ сықылықтай күліп Саяны құшақтай алды.
– Жасырып жүр екенсің ғой, – дейді.
– Нені?
– Жігітіңді де. Екі көзі жайнап сені күтіп отыр.
– Қайдағыны айтады екенсің.
– Мана түс әлетінде-ақ келген. Араларыңдағы махаббатты түгел айтып берді. 
– Қайдағыны бөспеші.
– Шыным. Анық сүйеді екен, аһ ұрып егіліп отыр. Аяп кеттім. Сонша қатыгез 
болуға болмайды ғой.
«Махаббатқа қатыгез болуға болмайды» деген Жанымның өзіндік пәлсапасы. 
Алғаш танысқанда-ақ «ақкөңілдік түбіме жетіп жүр» деген. Мұнысын бүкпесіз ашық-
жарқын мінезіне жорыған. Бірге өткізген алты ай ішінде Жанымның шыжымын тартқан 
«ақкөңілдік» емес, көңілі бостық екеніне көз жеткізді. Бос шелек секілді салдырайды да да 
жүреді. 
– Сая еңкейіп ішке ене бергені сол еді, табалдырық түбінде көлденең созулы аяққа 
сүрініп кетті, құлай жаздады. Құлшығаш серейген борбайын тартып жинап алды. Қос 

қолымен маңдайын сүйеп Саямен құлдырай сәлемдесті, қолын ұсынды. Қамшымен 
қонышын сабалады, тамағын кенеді.
– Саяжан, - деді дауысы дірілдеп. Сосын кідлірістеп қалды. Саяның арқасынан 
құмырсқа дүгіріп өткендей болды. 
– Саяжан!
Мына сұм дауыстан келіншек құлағын тарса басып қаша жөнелгісі келді. Өйте 
алмады. Әл-дәрмені құрып төсек жиегіне отыра кетті. Көрші шатырда қалған Жанымды 
айқайлап шақырғысы келді.
– Ұлық басымды кішік етіп, төрдегі басымды есікке сүйреп келіп отырмын. Ел-
жұрт ертең бетіме түкірсе де мейлі. Сенсіз маған өмір жоқ. Бәрін де кештім қайт 
райдан. 
– Қайт дейсің енді? – деді Сая кеудесі қысылып. 
– Үйден қашып кеткенің де, мына салт басты кеншілердің ішінде жүргеніңді де 
кешірдім. «Жаңылысыппын» десең болды. Қазір ауылға алып қайтамын. 
Өйте алмаймын, – деді Сая.
– Е неге? – деп ежірейді Құлшығаш. Мұндай жауап естимін деп ойлаған жоқ еді. 
Төбесіне тас түскендей болды. Есеңгіреп қалды.
– Сенімен тұзым жараспайды. 
– Енді кіммен тұзың жарасады? Мұндағы аузы сарымсақ сасыған геологпен бе, 
олар көп, мен жалғыз: олар күшті, мен әлсіз болғаным ғой.
– Бөтеннің басын шатпа өйтіп.
– Енді қайтейін. Күйіп бара жатырмын ғой, – деп жұмсара сөйледі. –Тексеруші 
келіп туталапайымды шығарып жатыр. Қазірдің өзінде он екі мыңның қарызын мойныма 
қамыт қып кигізді. Ағайынның беті ары қарап кетті. Болысайын демейді. Жалғыз Нағанай 
ғана отқа түсер көбелектей желпілдеп жүрген. Сенен басқа жанашыр кімім қалды, 
айтшы?
– Екеуіміздің жолымыз екі басқа, Құлшығаш. 
– Бұзылып біткеніңді көріп тұрмын. Сонда да кішірейіп келгенде сұйық 
жүрістен таяр, түзу жолға түсер деп үміттеніп едім. Асықтығымды таптамас деп 
едім… – деп Құлшығаш демігіп отырып қалды.
Жіңішке аурудан тұрған кісідей көзі кілдіреп, беті бозғылданып, қос қолымен жер 
тіреп, тұрмақшы болды. Аузынан запырандай ащы сөзін әлі ағытып жатыр. – Байсырап 
бара жатсаң, елден де табылмас па еді.
– Доғар енді! – деді Сая ышқынып. Қос құлағын алақанымен басып еңіреп жылап 
отыра кетті. Әлгі сөздер сай сүйегін сырқыратты, өңменінен өтті. Бұл былапытын көзбен 
көргендей қылып елге жаярын білді. «Сая бұзылыпты, күйек қайырып жүр, бай тауып 
алыпты» деген ғайбат сөзді құмалақша шашады әлі. Туған ауыл түңіледі сосын, қарт әке 
қызына лағынет айтады. Осыны естіген Далабай не ойлар екен.
Саяның ұяттан беті алаулап құс жастыққа құлай кетті.
Жалғыздықты көп көрген кісі ғана көпшілік қадірін терең түсінеді. Дос көңілін 
қазына тұтады. Сая да осы кезге дейін жалғыз жүріп келді, өмірдің бұл белесіне дейін 
жалғыз тырмысты. Махаббаттың өкініш уын дара татты, жеке сағынды, жапанда 
лүпілдеді, Құм ортасында саяқ қылтиған сексеуіл гүліндей нәзік өсті. Сонда да кеудесін 
көтере ұстады, ығып кеткен жоқ, ағынға қарсы жүзді. Ойлап отырса осыншама жігерді, 
соншама сенімді жүрегіне құйған құдіретті туған жері екен-ау!.. Туған жеріне деген 
кіршіксіз көңілі екен!..

Өзінің бала кезінен сүйген – туған жері, Қаратауы болмағанда, жүрегі сол үшін 
езіліп соқпағанда осынша қиындыққа қарсы тұра алмас па еді, кім білген. Көлденең көк 
аттының қолжаулығына айналып, не етегіне сүрініп ошақ бағып қалар ма еді; Алма 
секілді ел-жұртынан тым жырақтап кәсіп қуып кетер ме еді. Басына түскен қиындыққа 
қарсы тұрды, өзінше еңбекке араласты. Адал нанын ащы терімен тауып жеп 
келеді. Ешкімге жалынбады, жағынбады. Өз ұққаны – туған жерін терең сүйген адам 
ғана тағдыр тәлкегіне мойынсұнбай нық адымдай алады білем.
32
Осының барлығы өзінің партияға кандидаттыққа өту үшін жазған арызынан 
басталды. Ойласа-ақ зығырданы қайнайды, ызадан жарылып кете жаздайды. 
Ол күні сәрсенбі болатын. Сәрсенбі сәтті күн деген қазақта ырым бар. 
Жаманеркек ырымшыл болмаса да ойлап-ойлап ауылдың парторгіне бару мерзімін 
осы күнге белгілеген. Кеше кешкісін «мені іздемеңдер, өндірістік қожалық 
орталығына барамын», - деп ферма меңгерушісінің алдынан өтіп қойған. Өзімен бірге 
істейтін үш комунистің кепілдемесі қалтасында, арызы әлдеқашан жазылған, енді 
орталыққа барып, парторгке жолықпақшы. Көптен ойланып жүрген асыл арманын 
алдына тартпақшы. Ферма меңгерушісі өз жұмысшысының бұл ойына е қосылған, е 
тосылған мінез танытпады, тыңдап алды да, «жә, дұрыс қой» дей салды. Көңілі алып-
ұшқан байғұс Мүлкаманның немқұрайды мінезіне мән бермепті. Дарылдап жүре 
беріпті.
Сонымен Жаманеркек сәрсенбі күні құлқын сәріден оянған. Қара торы 
келіншегінің жатысы жаман, сол бүйірін езіп жансыздандырып тастапты. Төсегінде 
отырып, жан-жағынан бытырадай шашылған киімдерін жинастырып алды. Киінді, 
орнынан көтеріліп балаларының арасынан аттап басып сыртқа беттеді. Көкжиек 
құланиектене бастапты. Торғайлардың үні өшкен. «Бүгін күн тымық болады екен» деп 
ішінен қуанды. Ауыз үйден самаурын алып шығып су құйып, от тұтатты. Есіктің алдын 
сыпырып шықты. Қорадан ешкілерді шығарып бақташыға қосып қайтты. Сексеуіл салған 
самаурын бұрқ ете түсті. Келіншегі Сұлу әлі тұрмапты. Ішке кіріп, ақырын түртіп 
оятқысы келіп бір тұрды да, еңкейіп білегінен тартты. Қара торы келіншек көзін ашып 
алды. Жанында тізерлеп отырған күйеуін көріп басын жастықтан жұлып алды, 
сосын отырды-отырды да лық етіп қайта жата кетті. Күйеуіне елжірей қарайды. «Әлі ерте 
екен ғой», - дейді. Жаманеркек ұйқысырап жатқан әйеліне жаман көзімен қарады, ұрсып 
жібере жаздап бір тұрды. Сосын өмірінде болып көрмеген жаймашуақ мінез танытты.
– Тұрсаңшы керілмей. Бүгін сәрсенбі ғой.
Сұлу таңқалды, күйеуінің момақан мінезіне таңқалды.
– Сәрсенбісі несі-ей?!
– Антұрған-ау, ұмытып қалғанбысың? – деді Жаманеркек.
– Нені ұмытайын? Сәрсенбіні ме? – деді келіншек.
– Бүгін сәрсенбі ғой, – деді Жаманеркек. Айтуын айтса да есінде тиянақты ештеме 
тұрмайтын әйелімен түсінісе алмай отырғанына күйінді. «Несіне мылжыңдасып 
отырмын» деп ойлады.
– Бүгін менің ауыл әкіміне баратын күнім ғой! – деп барқ етті.
 – Қара торы келіншек ұшып тұрды, киініп, жуынып, қайқаң қақты дерсің. 
Балалардың ересегін тұрғызып жіберді, майдаларын түкпіргі бөлмеге тасыды. 
Дастарқан жайып шай жасады. Шайға қысқа деп сақтап жүрген қарынға салған сары 
майды қойды. Балалардың тәтті аузынан жырып алған кәмпит, қақ, өрік, жаңғақ секілді 

тағамдарды төкті. Сүтке салған сыр күріш жасап әкелді. Буы бұрқыраған сыр күрішті 
тойғанша соғып, қою шаймен итергілеп, құрсақтың бос жерін тандыр нанмен іспелеп 
күн көтеріле Жамекең орнынан тұрды. Кірсіз ақ көйлек киді. Галстук тақпақшы 
болды. Енді жағасын түрмелеуге келгенде көйлектерінің бәрінің жағасы тар болып 
шықты. «Мойның бұқаның мойнындай», - деп кейіді келіншегі. «Шишадан жасалған 
көйлектің өстіп тарылып кететін әдеті», - деп өкінді Жаманеркек. Ақырында: «атаңа 
нәлеттерді іштенге бау жаса» деп галстуктерді лақтырды. Ақырында: 
«Шалбарыңның түймесі тұрмайтыны несі?», – деп шаптықты келіншегі. Түймелер қайта 
қадалды, Жамекең парторгке галстуксіз-ақ баратын болды.
Ертеңгі тоғызда келетін автобуспен Жаманеркек өндірістік қожалық 
орталығына жеткен.
Кеңсе алдында бөлімше есепшісі Нағанай ұшырасты. Жаманеркек бұл кездесуге 
қуанған жоқ. Өйткені Нағанайдың мінезі сол – мұны ылғи кемсітіп, тұқыртып жүретін. 
Сәлемдесіп жанынан өте шықпақшы еді, болмады, анау да әлденені сезіп соңынан ілесті. 
Ауыл парторгіне қосыла енді. Парторг жақында сайланған өрімдей жас жігіт еді, бұларды 
кішіпейіл қарсы алды. Орындык ұсынды, шаруа сұрады. Жаманеркектің маңдайынан тер 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет