алысып. Алақаны түрпідей. «Айтқаның келсін, балам. Немерлерге жазда ермек болсын
деп жатқаным ғой. Әрі осы тұс биіктеу боп соқы тісінен қиыс қалыпты. Арам жатқан
жердің обалы болады дейді». «Баяғыда әкем жалғыз шығырымен бір аулды қауын,
қарбізға қарық қылушы еді. Тәтті қуын тапталғалы не заман. Сыр бойына көшіп келіп
қолына кетпен алған жұртқа қауын тігіп, қауынқақ тілуді үйретіңізші!..» Көзіне үйіріліп
жас келді, түндегі жанын жегідей жеген ойдың дауасын жаңа тапқандай болды. Емнің
есімі – туған жер алдында соңғы емі таусылғанша еңбек ету, адал үріп, ақ сөйлеп өту
керек екен. Арам сирақтардың алдын қосу, шайтандардың сағын сындыру. Ойлаған: осы
күнді көрген арманым жоқ деп. Ойлаған: ұзақ жорыққа парапар елдің еңбекке бет
бұрғанын көрдім деп. Бақыт – сол бетбұрыстың алдында болу. Сосын қадіріңді білер жас
жеткіншек өсіру, қадіріне жете алмай өтетін туған жерің болу.
45
Ақәділ ұста түс ауа уақытша отырған киіз үйінің іргесіне текемет жайғызды, үстіне
бөстек төсетті. Шаппа шотын алып кепкен жидеден көзе оюға отырды. Әуелі ағаштың
сіңірлі жерінен бөріктей бөрене кесіп алды. Жұмырлап шауып шықты. Сосын ішін үңгуге
кірісті, шотты қойып, қашау мен бағаны алды. Қашау тісі шақылдап тая берді. Жиденің
тым қатты болғаны. Мұндай ағаштан ойылған көзе неше атаға бояуын бермей жетеді.
– Тағы кімді байытқалы жүрсің?! – деп бақылдады әйелі. – Тыныш отыруды
жазбаған саған.
Бұл көзе осы үйде тұрады.
Әй, қайдам, ертең-ақ қалап келген біреуге ұстата саларсың?
Ұстаның қолы ортақ деген сол!
– Жер ортасына жеткенше қайыршы құсап өмір сүресің. Сенің ұсталығыңнан көк
тиын пайда көргенім жоқ!
Тәйт ары! Қатын деген байына қарсы сөйлемес болар.
«Шүкіманмен бірге тұрғызбаған да қуаяқ келіні мен осы қатынның тілі.»
Ұстекең қиялға берілді.
«Таудағы Доскей үйіндегі қымыз құятын тегене мен зерлі ожауды шапқан өзім. Не
асылды тамсантқаным рас».
«Мақұлбектгеі сүйек сіңіріп істеген әбдіре де мына қолдан шыққан».
«Құда қаласа бұл бұйымды ауданның бірінші хатшысына тартамын. Көкірегінің
көзі бар бала секілді өзі».
Әлден уақытта дауыстап әйелін шақырды.
– Қатын, қолым қалтырайтынды шығарыпты. Шүберек әкелші, білезіктен буып
тастайын.
Ұстекең қашауды қойып, сүргіні алды. Көзенің сыртын сүргілей бастады. Тізесіне
ұлпа қиқым жапалақтады. Қарап отырып қамықсын. «Қолым неге қалтырайды?» деп
ойлады. «Кәріліктің кеп қалғаны ма? Жоқ, кәрілік емес шығар».
– Қатын, осы мен қандаймын? – деп сауал қойды әйеліне. Әйелі мұның білегіне
шүберек орап жатқан, түсінбеді.
Жұрттың еркегіне ұқсамай өттің ғой өмірі.
Сонда қандаймын дегенім ғой.
Әйелі аңырайып бетіне қарады.
Қатты ағашты ырғаң ырғақпен сүргілесін. Алдына ұлпа жаңқа қаузап жансын.
Әсіресе жиде көзінің әрін жойып алмауға тырысты. Көз көзеге әр береді. Құлпыртып
тұратын да, көңіл қозғайтын да сол.
Қолы және қалтырайды.
Ойламай-ақ қояйын деген, болмады. Осыдан аттай бір жыл бұрынғы өткен оқиға
жадына және оралды. Жақсы бұйымды қолға алғанда жаман нәрсені ойламаған ләзім-ді,
теріс кетті. Оқиға тұла денесін түршіктірді.
Шіркін-ай десеңші, кейде ауылда дүркіреп той өтетін. Ондайда ұстаекеңнің жыны
қозады, той десе асбатпайды, ұйқысы келмейді. Әуелді тойшы үйге білек сыбанып қызмет
қылады, отынын ұстатады, малын сояды, ауыласын сыпырады, зерен толы қымыз
қылғытады. Ожаумен боза сапырады. Қыза-қыза ахахумен жастарға қосылып домбыра
шертетін, көңілі марқайып тасыған өзендей арнасынан асады. Ақырында той тарқайды.
Жұрт аяғы басылады. Ұстаекең қолын артына ұстап үйіне жаяулайды. Сонда бірер күнге
дейін көкірегін қою мұң жайлаушы еді. Жалғыздық мұңы болатын.
Жұртынан, дүбірінен айырылған көкірек әрі-беріден соң жанын жегідей жеп
сыздаушы еді. Іске де қолы тартпайды, асқа да зауқы соқпайды. Сол қоңыр мұңнан
жатып-жатып әзер айығатын.
Ойлап қараса сондай бір бейқарар мұң тағы жайлапты. Бұрынғы жалғыздығы
әшейін екен. Онда жаны сыздаушы еді, енді тәні қосыла можыды. Тірідей көрге түскендей
сезінді өзін.
Көр дегенің дүниеден безі көрінеді. Жүректің соқпауы, қан тамырының бүлкіл
қақпауы, саф ауаның шымыролап сіңбеуі, түйсіктің ешнәрсені сезбеуі білем. Күнделікті
тәтті тіршіліктегідей ренжіспейсің, күлемйсің, әзіл айтпайсың, күйінбейсің, өкінбейсің,
ауырмайсың қызықпайсың. Тәтті тірлікте көршіңмен ұрысасың, әйеліңді ренжітесің. Тәтті
тірлікте ағаш оясың, жер қазасың, қожекеңді қорғайсың. Бұл дүниеауи пенделер неге
өлгісі келмейді десе: солардан түгел мақұрым айырылады екен ғой. Сонда өзі тәтті
тіршілікті, тәтті тіршілік мұны ұмытады-мыс.
Ұстекең бұл дүниеден өткен екен дейді. Бұрын ойлайтын: өзі өлсе біраз бүліншілік
болар деп. Бүліншілік түгілі күріш орағы кезінде дауыл тұрғандағыдай да сезілмеді.
Әйелі мен Шүкіман аз-маз сұңқылдап алады. Ол-дағы жұрт күлмесін дегені, ел кәдесін
аттамағаны. Сұлтанғали: «Күріш орақтан қалатын болды», деп қынжылсын. Нақа
ұстекеңнің өлімі орақтың қалуына тікелей себепкері секілді. Қожекең: «күнәхардың
жаназасын шығарамын» деп құранын парақтайды. Өңге жұрт мамыржай. Жас сорпа ішіп,
қымыз жұтып ел-сел.
Пәлен жыл ағаш жонып тырбанғаны қайсы, төлен жыл бала өсіргені қайсы? Елмен
бірге жан қинағаны қайсы? Түк болмағандай ғой тегі.
Таудан Сырға қарай лықылдап соғатын самал жан жүйеңді шымырлата түседі.
Құрақ ортасы бүйірін соғып шыжбақтайды. Түйе жантақтың гүлдеген кездегі аңқыған
иісін айтсаңшы. Тікшиіп шығар ауыл түтіні де әдемі. Ұстекең осы қаз-қалпы
көріністі, етене тіршілікті қимайды. Ұзақты күнге есік алдына шығып шоқайып отырып
маңайына сүзілетіні содан. Жер аударып, егін салатыны; ағаш жонып, аспап
жасайтыны содан.
Осынау кең дүниеде елеусіз, қарапайым ғұмыр кешкен осы адамның туған жер
дегенде ет жүрегі езіліп соғатыны несі екен. Қанша ұзақ өмір сүрсе де тіршіліктің бал
дәмі таңдайдан кетпейтіні қалай. Жерітпейді ғой тегі.
Ұстекең жүзінен аққан жылы жасты сезді. Сүртпеді. «Өзгелер өтірік жылағанда
бұл шын егілсінші. Өз өліміне қабырға қайыстырсыншы. Өзінің бұл ауылға қонақ қана
екенін мойындасыншы». Осы ұстекеңнің батыр бабасы көзі тірісінде әйелдеріне жоқтау
айтқызып тыңдап отырады екен. Көңіліне ұнамаған жарлерін жөндеп, жырғап береді-міс.
Сөйтсе көзі тірісінде өз жоқтауын өзі тыңдаған бабасының құқы өлімге асыққаны емес,
өмірді сүйгендігінен көрінеді.
Сай сүйегі сырқырай шошынды.
Қасқиып кетпен шабар күшке енбесе де қол өнеріне қайта кірісті. Зерен ояды, көзе
жонады. Аракідік қобыз шабады.
Міне бүгін үйреншікті кәсібіне қайта кіріскен. Қолы қалтырап ісі өнбеді. Әлгі
оқиға екі үрей әңгімедей қайта оралады. Шүңкиіп жүдеп қалды содан.
– Әдемі! Уа, Әдемі! – деп дауыстады. Әйелінің атын оқыс атағанына өзі де
қысылды. Бұрын: «қатын, әйел», – деп шақыратын. «Әдемі» демегелі де көп жыл
болыпты-ау.
Әйелі қасына келді. Қолына ұн жұғыпты. Ас үйде қамыр илеп жатқан.
– Мінезің өзгерді ғой бүгін, – дейді.
Манағы «түнемесіне көңіліңнен шығып жүрмін бе?» деген сауалын еске салып
тұр. Оның үетіне әлгіде атын атады ғой. «Әйел заты көңілдің көркі ғой» деп ойлаған. Қас-
қабағыңа қарап құлпырып тұрғаны. Қатулансаң қалтырайды, мәпелесең көркі енеді. Бұл
қызталақтар болмаса ғой — үй де, түз де қатқан тулаққа парапар хал кешер еді».
– Батырдың шешесі не деп қыңқылдап жүр осы?
– Ұмытып қалғаның ба? Ертеңгісін келіп құлағыңа құймап па еді. Мақұл дегенсің,
басыңды екшегенсің.
– Не деп жүр сонда? — деп шақшия қарады. «Ұмытып қалғаның ба?» дегені
шошытты. Шынымен жадында дәнеме жоқ.
– Батырға қыз тауып бер дейді.
– Е, мен қыз жұмыртқалап отыр ма екем.
Сөзің бар, беделің бар — іздейсің де.
Ас үйге қайта еніп кетті.
Ұстекең алдын қағып орнынан тұрды. «Ағайын аралап қайтсам көңілім көтерілер
бәлкім» деп ойлады. «Әрі жетімнің алғысын алармын. «Күріш-күріш» деп миғұла болған
байғұсқа қыз іздесейін, беделімді салайын, сөзімді саудалайын: шүйкебас тауып
берейін. Өзінен қайтпаса алладан қайтар. Қарындасы кетіп, күріштігін су алып қайбір
жетісіп жүр дейсің».
Осы оймен қырғауылдың етін жеді, сорпасын ішті.
Осы оймен ауыл кеңсесіне келген.
Кең төрде әкім Сұлтанғали қитығып отыр. «Бәтір-ау, сенің-ақ кемең суға кетеді де
тұрады, түзік сәлемің таусылды ма» деп кейігісі келді. Бірақ өзін-өзі ұстады. Кәриялық
кешірімшілдігі жеңді. Хал-ахуал сұрады.
– Күріштің суын тарттық, енді бес, әрі кетсе алты күнде орақ бастаймыз, – дейді.
Келін, бала-шаға саушылық па?
– Үш жүз жиырма төртінші пикеттен бес жүз бірінші пикетке дейінгі аралық
біздің ауылдың күріштігі.
Батырдың күріші жақсы ма биыл?
Әпі кетсе алты күнде…
Сұлтанғали мен ұстакең бір-біріне аңырая қарасты. Ұстаекең ойлаған: бұл
балалар шаруа сұрап, хал білісер деп. Сұлтанғали ойлаған: науқанның қызған
уағында қияли шалмен шатақтасып отырам ба деп.
Енді байқады: Сұлтанғали құдды шабыла-шабыла майырылып, мүжіліп біткен
тәумүжік кетпенге ұқсайды екен. Жылтыр емес, тотыққан қара. Дөңгелек жүзіне ұшы
кержік танауы, одан жо,ғары жылтырығаны қой көзі, қыртыстанған тар маңдайы әзер
сыйып тұрғандай. Қалпақ астында қалып ұйпаланған сұйық шашы мен қою қасы жігіт
жүзіне әжептәуір өң қосып тұр. Осы тұрқына, бұл болымысына қарамай жөнді-жөнсіз
қитығатынын қайтерсің, жоқ жерден кісімситінін қайтерсің.
Енді байқады: шалдың шоқша сақалына ақ араласыпты, ат жақты жүзі аса
сұсты. Көзінің түбінде үріп жіберсең жайнап шыға келетін шоқ жатыр. Дәтінің берігі-
ай бұл шалдардың. Күрішке саласың – майрылмайды, канал қаздырасың –
мойымайды, отақ шаптырасың – шыңдала түседі.
– Шаруаңызды айта отырыңыз.
– Бір аптаға Батырды босатып бер. Аудандағы ағайындарға барып қайтайық.
Ақыры күріштің суын тартқан екенсіңдер ғой.
– Сіз өзіңіз қандайсыз?.. Тегі осы Қазақстанда өмір сүресіз бе, әлде о дүниеде
жүресіз бе?!
– Тұспалыңа түсінбедің, шырақ!
– Анада нағыз күріштің бас алар шағында ауырып қалдыңыз. Күрішіңізді
күтетін адамды әзер таптым. Батырға жақынсып ойын бұзып жүрген секілдісіз
(«Бұзып жүрген секілдісіз» дегенді қасақана қыстырды). Әнеукүні партия
жиналысында Беласарға қарсы шапты. Енді кен науқан жанып тұрғанда қалашылап,
қыдырып жүрмексіз. Залалыңыз тимей жүрсінші тегі.
– Әй, шырақ! Отыз жыл кетпен шапқанымды көрмей, он күн ауырып
қалғанымды көріпсің ғой. Сенің сабың жылқы баққан Сары ғой, қылышсың ба десем
сабыңнан алыс түспейтін кетпен екенсің. Тәжікені қайтесің. Отыздан асқанша
байлаулы бұзауың болып жүрген Батырды бес күнге бостаып бер. Қыз көріп
қайтамыз.
Сұлтанғали шалдан құтылмасын білді. Тіл тиіп кетер деп және қаймықты.
Кеңсеге Батырды шақыртты.
Керзі етігі қорпылдып Батыр келген. Табалдырық түбінен қос қолын ала
құлдырады. Салып жетіп қалған бозбаланы бастық қайырды. Ұсынған қолын алған
жоқ.
– Әуелі үлкенге сәлем бер, - деді.
Бұл Батырды да, шалды да қоса мұқатқаны. Сүмірейіп тосылып тұрған жігітке
орындық нұсқады.
– Ұстекең сені сұрап отыр. Бес күнге босат, аудан аралап саған қалыңдық
іздейміз дейді.
Батыр кепкасын мыжғылап ыржиып күлді.
– Қыз қайда қашар дейсіз...
«Мына жетесіздің ылаңы-ай, ә!» деп күйінді ұстекең.
– Қашпаса, отыздан асқанша үңірейіп не бітіріп жүрсің?
– Қол тимейді ғой тегі...
– Бүйтіп жүре берсең, қызтеке боласың, қартайғаныңды білмей қаласың.
Ауылды көгертіп жүрген жалғыз сен емессің. Ана кәрі шешең күнде келіп құлағымды
жейді, босанып шық. Ағайындарды аралап қайталық.
Осыны айтып отырып ұстаекең өзінен-өзі күйінсін.
– Күрішті жинап алғасын-ақ көрермін.
«Өй, малғұн неме! Малғұн бомасаң өстіп ит жемі боп жүрермісің. Шешең
қартейді. Қарындасыңның бірі қалаға қашып кетті, енді бірі оқуға аттанғалы жүр.
Миғұла болмасаң ойланатын уақытың жетті ғой!»
– Өзіңдей Беласарды көрмейсің бе: қанағы қарқ, сағанағы сарқ. Күн ара қатын
ауыстырады. Дүниені жалпағынан басып жүр.
Манадан бері ұстаекең мен Батырдың сөзіне іштей күліп отырған Сұлтанғали
шыдамады.
– Беласарда шаруаңыз болмасын. Ол ешкімнің қорасына түсіп мал жиып жүрген
жоқ, — деді сызданып.
Ұстекең жаман жасыды. Әрі жақынына жақсы ниетін ұғындыра алмады, әрі
әкімнен сөз естіді.
– Күрішті жинап алайық, – дейді Батыр.
– Уай, күріш бассын бәріңді, күріш басқыр! Әкелерің күріштен өлген! — деп
ұстекең орнынан атып тұрып шығып кетті. Есікті тарс жапты. «Бұл малғұндар
күріштен өлер!»
Ассалаумағайлайкүм десең де — күріш. Хал-ахуал сұрасаң да — күріш. Елде елдігі
қайсы — күріш. Жгіттің жігіті қайда — күріш. Жанталасып, жағаласқан бұл не заман —
күріш. Сыр бойының сұлу дәстүрі мен жайсаң жандары жоғалған ба — күріш. Салауат
сұрасып, мәслихат құрар кез ұмытылды ма — күріш. Сыр елі қайда жол алды десеңші —
күріш.
46
Аттай алты күннен соң күрішке орақ түскен.
Күздейгі сүдігер жырту, арық тазарту атыз қобылау; қыстайғы көң төгу,
көктемгі жер тегістеу, қайыра жырту, тұқым себу, суға бастыру, жаздайғы кетпенді
қолдан түсірмей желмен, сумен аңдысу, торғай қору секілді ғазауат бейнеттің зейнетін
күтер шақ. Ақ күрішті қаптау қарбаласы. Таразының басы қалтырар мәуріт. Диханның
жыл он екі ай алакүлік көңілінің тасып төгілер де, саппа басылар да мезгілі осы.
Мерейді өсірер, не меселді түсірер қыл көпірдің үсті бұл.
Әуелгі жатка әупірімді Батырдың күріштігінен бастады.
«Уай, диханбаба әулеті, пейіліңді кеңге сала көр!» деип күбірледі Батырекесі.
Көгілдір алқаптың оң қанатын ала көк науқанды баудай түсіріп, соңына десте тастап
бара жатқан жатканың соңынан ілесті. «Дұшпанға таба қылмағайсын!» Десте біртегіс.
Көз ұшына кеткен жаткалы комбайнға дейін бейне кілем көпір салғандай. Күріш
осыдан екі күндей дестеде жатып дегдиді, кебеді. Екінші мәрте үстінен комбайн жүреді.
Ақ маржан сонда құйылады. Еңкейіп сұлап жатқан масақты уыстады, салмақты секілді.
«Бұл жарықтық таразыға түскенде жеңілейіп жүре береді», – деп күңіренсін.
Алыстап кеткен жаткалы комбайн кідіріп қалды. Комбайншы жерге түсіп кепкасын
бұлғап тұр. «Қит етсе өстеді. Дихансыз қия басу жоқ. Қаусаған теміріңді мойныммен
сүйремейтін шығармын енді. Өл де бар маған!»
– Не боп қалды?
– Мына жердің күріші жатып қалыпты. Жатка алмайды.
Үй орнындай үлкен аумақ шынымен ат аунағандай.
– Енді қайтеміз?
– Күріш сенікі. Қол орақпен орасың.
– Әй, жігітім, тарылдағыңды айналып сал. Таптап дәнін түсіріп кетесің.
Қостан қол орақ әкелуге жөнелдім ендеше.
Жаткалы комбайнның шынжыр табаны күнге шағылысты. Бұл көкең қосқа
қарай томпаңдады. «Пейіліңді кеңге сала көр!» Қос дегені канал жиегіндегі қамыс күрке.
Кіріп, іргедегі қауақтан ашытпа ішті. Түнімен шешесі мен Алтынтана пісіріп шыққан
бауырсақ бар еді. Қалың дастарқан ішінде былпылдап тұр, уыстап бұралақтап аузына
тоғытты. Қол орақ, қайрақ алды. Қайыра келіп костюмін шешті, білегін түрінді. Екі
бүктетіліп жатқан күрішті қаусырмалап ора бастады. Асты шылқылдаған ылғал екен,
еңкейген сайын масақты ауырлатып әлекке салды, әп-сәтте терге малшынды. Орып
бітіп, белін жазғаны сол еді. Танап басына жетіп қалған комбайн және кідірді. Жаман
кепка және жалбақтады. Батырекесі бүкеңдеп жүгіре жөнелді.
– Тағы неге ошарылдың?
Жігіт иегімен арықтың кабағын нұсқады.
– Қабақтағы күріш жатпаған ғой, жүргізе бермеймісің!
– Болмайды. Жатканың тісі сынады. Арық жиегін қолмен орыңыз.
– Сонда пәлен гектар күрішті ордым деп қалай аузың қисаймай айтасың? Мына
түріңмен талаптың жарымын өзіме жинатарсың!
– Ағасы, жерге жабысып жатып қалған, арық қабағына шыққан күрішті оратын
жатка әлі заводтан шыққан жоқ. Маған несіне кейисің!
Деді де комбайнға қайыра өрмеледі. Алыа мәшине орақ тісі тиген жерді алып алға
ышқынды. Баланың еңбегіндей былқылдаған жерден әзер жылжып барады. Күшті-ақ
екен. Батпақтай ма деп ойлаған. Білегін түрініп жіберіп күріш оруға кірісті. Осындай
бес, не он аңыз болса екен. Орар едің. Сол құрғырдың пәлен гетарға созылып
ыңыршағыңды айналдырар, делқұлы етер. Тастан жүре беруге жаздайғы еңбегіңді тағы
қимайсың. Орақтың осындай көр бейнеті бар.
Күн түске тырмысқанша орды.
Ішек-қарыны қабырғасына жабысып имеңдегенше орды.
Көзі қарауытып атыз басына отыра кеткен. Жанында жерден өніп шыққандай боп
біреу тұр. Қалай байқамаған десейші!
– Естіп, көруден қалыпсыз-ау, Батырекесі, - дейді.
Қолын алды, амадасты. Алақаны да, үні де мақтадай жұмсақ.
– Күріш орысуға қыздарды әкелдім, - дейді.
Толықша, дөңгелек жүзін, қою ұасты жанарын, жазық маңдайын шырамытты, іші-
бауырыңа еніп тұратын кішпейіл мінезін таныды, таудағы Доскей шалдың тұяғы Далабай;
кәдімгі қыр мен сырға мәшһүр оқыған жігіт. Осы елдің Далабайы, кімсің – Далабай!
– Оу, оқыған жігіт, қайдан жүрсің!?
«Дәке» деп үлкейткісі, «Далабай» деп кішірейткісі келмеді, түйедей құрдасы
болғасын, «оқыған жігіт» деді. Баяғыда, тауда бір партада қатар отырған еді. Жалғыз
мұғалімнен дәріс тыңдаған еді.
– Сені де көрер күн бар екен-ау!
– Түгіскеннің атақты күрішшісі аталыпсың! Құттықтаймын! Асық ойнаудан
өзгеден оза алмас деп жүр едім, ерледің, Батыр-екесі!
Екеуінің құшағы бірауқымда әзер жазылды. Көңілге шуақ кілкіп, көзге жас іркілді.
Қол ұстасқан күйі кеп арық басына отырысты. Үнсіз. Көріспегендеріне он бес жылдай
болған екі дос, Ақүйік өзенінің жағасынан ұшқан қос қаршыға, тіршіліктің қос бұтағы,
өмірдің екі мұңлығы сан-сапалақ тартыстан соң, қилы кезең күндерден соң тағы
ұшырасты. Кісінің де дәті берік білем. Бұл екеуі кездпеген он бес жыл ішінде нелер оқиға
өтпеді десеңші. Сырттай қарасаң өмірдің бұйра толқынын төске алып тыныш қана
малтыған пенделер дерсің. Қаражаяу күн көрістің кәсіпкері тәрізді. Солай ма екен?!
Елуінші, алпысыншы жылдар марғау жай тыныштықтың, бұйығы бозбалалықтың кезеңі
деп қалай айтарсың?! Бұл буын аға ұрпақтай соғысты, әкелердей революцияны кешірген
жоқ: сөйтсе де қайтқан толқын болған емес, жаңа жағаларға ұмтылған ұрын толқындар
аталады. Өндірістік бригада!.. Қаратауға!.. Теміртауға!.. Маңғыстауға!.. аттаныс атты
құлақкесті қиқудың алғы сапында жүрді. Ерте есейді! «Таусоғар» атанды, «нансоғар»
атанды! Арқасын зіл боп езген замана жүгін қадір-халінше алға апарысты. Елуінші,
алпысыншы жылдардың күлкісін, ренішін, мұңын, сырын, қалт басуын, алға асуын
айтпасақ осы кітап дүниеге келмес еді, Далабай мен Батырдың хал-күйі әңгімеленбес еді.
– Шашың сұйықтап кетіпті, қасқабас боласың, - деді Батыр.
– Танымай қала жаздадым, сұмдық өзгеріпсің, - деді Далабай.
«Түгіскен каналының тармағы құлап суы ұжымды қарап қалыпты деп естідім.
Түгіскен каналына бір күріші кетіп, өліпті деп және естідім. Енді сол аты шулы каналды
көзбен көргелі келіп едім», - деді Далабай. «Осы канал ғой бәріміздің түбімізге жеткен», -
деді Батыр ойын-шыны аралас. «Қалайша?!», - деп таңданды Далабай. «Менің түр-тұлғама
қарашы», - деді Батыр. «Қаным қайда?.. реңім қайда?.. отыздан жаңа асқан жасым қайда?..
бәрін құртқан осы канал! Қатып-семіп отырғаным мынау. Түгіскен каналы мен түгілі бір
заманда түгін тартсаң майы шыққан осы өңірдің де сөлін сорып алды. Бүгінде жер ауру,
зектеніп, соры бетіне теуіп кеткен. Мен түгілі сыңсыған тоғайды түп тамырымен жұлып
опат қылды. Жылжып аққан көне Сырдың жайыны мен лақасын, сазаны мен қаязын
әкеліп кез келген қашыртқы шұқанақта шірітті. Су құлайтын сайдағы күлімсі иіс сонікі.
Қыруар байлық көре көзге келмеске кетіп жатыр. Қан-сөлінен айырылған жалғыз
құрдасың емес, Түгіскен даласы, анау арна табанында өлеусіреген Сырдария, кей жердің
тұзы шыққан. Шипалы қол, жанашыр жүрек күткені»... Тыңдап отырған Далабайдың
құлағы шулап, көзі тұнды. «Түбімізге жеттісі несі?.. Канал ма сонда күллісіне себепкер?!»
Күн көзін мұнар тұтты. Шаңнан дейін десе әуеде үп еткен леп жоқ. Тамыз айының
орта шенінде тұман түспейді. Мизам келесі айдың жаңасында жүзеді. Жанында отырған
Батыр түсіндірді.
– Күріштің тозаңы бұл, – дейді. – Мыңдаған гектар піскен күрішке бір күнде
пәленбай комбайн түскенде өстеді. Енді бұл тозаң күзге дейін кетпейді. Шөлдеген
шығарсың, қосқа жүр, сусын ішейік.
Батырға ілесіп келе жатып Сырдың бал татыған сөлді дауынын, шырынды
қарбызын ақсады.
Қос жанында жеңіл газик тұр. Сұлтанғали мен агроном екен, күтіп қалыпты.
Көлеңкеден өре түрегеліп амандасты.
– Дәке, келіп қалыпсыз! Бізге соқпай күрішке өтіп кетіпсіз! Сау-саламат жүріп
жатсыз ба? Жеңіл күйіңіз жақсы ма? Сізді көптен күтіп жүр едік. Еңбек
адамдарымен танысар, жақсы ісімізді көрер, жоғарғы
басшылардың құлағына ілер деп ойлағанбыз.
Сұлтанғали мен агроном қосарланып сөйлеп миын қатырды. Әуелгіде Далабай
қайсы сөздің қай бастықтың аузынан шығып жатқанын-даңғара алмады. Әйтеуір жылы
сөзге басын екшеп бейіл білдірді. Бір ауқымда күрке жанында жетімсіреп тұрған
Батырға көзі түсті.
– Батырекесі, сусыныңды әкел, — деп дауыстады Далабай.
– Тәйірі, күрішшінің шалабына аузыңды былғатпаймыз. Мәшинеге міне
қалыңыз. Қонақасы әзірлеп келдік. Шәрбат шарап, салқын шампан, тарының бозасы
бар. Жүрелік! Әйда!
Кеу-кеулеп әкетіп барады, дегбірді тауысты. Жаутаңдап қалып бара жатқан
Батырды аяйды.
– Әй! – дейді Сұлтанғали көзге шұқығандай етіп. — Күрішіңнің бір масағы жерде
қалмасын. Қолдап орысуға ауданнан бір топ қыз-келіншекті әкеледі. Жастық құшып,
сіңірің тартылып жүр еді. Біреуін баурыңа уалап мауқыңды бас.
– Еһе!.. Еһе!.. Әйда тарттық! Төри-төри! төри-төри!
Жеңіл мәшине қиқалақтап күріш танабының ара-арасынан әзер жол тауып келеді.
Кәнігі шофер болмаса жал-жал атыз, қолдың саласындай арық, су жиылған ор, оппа
дегендерден бөгде жан жол тауып жүре алатын емес. Өрмекшінің торындай шым-
шытырық щатпақтар. Байқағаны, жердің тұзы бетіне шығып кетіпті. Көп егістік
таздың басындай алағат, сор тепкен тұстан найқалған күріш көрінбейді. Сыр елі
аңыз ғып айта беретін Абызтөбе тұсынан өтті, ат шаптырым жерден шошайып
нұсқаланып тұратын төбе, қасына келгенде мүлде пәс сезілді. Ойлап-ойлап сырына
жете алмады.
Батыста, түстік жерде Мейрамтөбе, одан әрі Қорасан, одан әрі Өзгент, өстіп қаз-
қатар бекіністер созылып кете береді. Бір заманда сыңсыған елдің арқа сүйер қорғаны
болған, бұл күнде басына бозторғай ұялаған саң төбелер ғана. Осынша жерге
Сырдарияның суын жетелеп әкеліп, асты-үстіне шығарған адам күішіне қайран қалады.
Кешегі көк пүлішке ораған тоғай, түйеқарыны мен жантағы белуардан келген күреңсе
кеңіс, қорған мен қорғанның арасын қосқан көсе арықтар, сол арықтың бойында теңкиген
қауыны мен қарбызы жоқ бұл күнде. Бұл күнде жел үп етсе шаңы борай жөнелетін
ақтаңдақ айтақырлар ғана. Тақтайдай күріштіктер найқалады. Арамшөпті құртамыз деп у
дәріні себе-себе сүлеленген, соры шыққан, дімкәс дертті жер бар. Ауырған жерден
көктеп өнген дақыл да ауру. Осы жәйтті ауыл басшыларынан тәптештеген.
|