Хромосома дегеніміз – ДНҚ жіпшелерінен тұратын созылыңқы тығыз денешік.
Кез – келген өсімдік немесе жануар түрінің жасушаларында хромосомалардың нақты , тұрақты саны болады.
шимпанзе- 48
адам – 46
сазан -104
жылқы -66
бақа -26
дрозофила – 8
жүгері – 20
бұршақ – 14
Хромосоманың құрылысы
1- хроматидтер
2- центромера
3- қысқа буыны
4 –ұзын буыны
Хромосома (гр. χρώμιο— бояу, гр. Σόμα — дене) деген мағынаны білдіреді.
Хромосома жасуша ядросында тұрақты болатын, центромерасы бар, екі хроматидтен тұратын құрылым.
Жасушаның бөлінуі кезінде бұл хромосомалар екі еселенеді және жаңа түзілген жас жасушалар осындай ата-аналық гендер жиынтығының көшірмесін алады. Соның нәтижесінде жасушаның барлық белгілері (қасиеттері) ұрпақтан ұрпаққа беріледі, яғни тұқым қуалайды.
Хромасомалардың түрлері:
Центромерлердің орналасу орнына және иықтарының ұзындығына байланысты хромосома бірнеше түрге бөлінеді:
1. Кішкене таяқ тәрізді (акроцентрикалық) – центромерасы хромосомалардың соңында орналасады.
2. Иықтары тең емес (субметацентрикалық) – центромерасы біреуінің соңына қарай жылжыған.