Дүние жүзі бейнелеу өнерінің тарихы және Қазақстанның көркем мәдениеті



бет10/21
Дата06.01.2022
өлшемі192,89 Kb.
#12677
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21
Леонардо қандай адам болған?

  1. Замандастарының айтуынша Леонардо дене бітімі келісті, сымбатты, қараған жанды өзіне тартып тұратын жылы жүзді адам болған. Сәнді киіне білген, ол кезде жұрт ұзын киім киетін болса, Леонардо үстіне қысқа қызыл плащ киіп жүрген. Әрдайым жақсы таралған сақалы кеудесіне түсіп тұрады екен.    Өз заманында ол араласпаған, ол із қалдырмаған өнердің  бірде-бір саласы жоқ. Механик,  математик, анатом,  инженер, философ, физик, мүсінші, сәулетші, тіпті әнші де – нағыз 8 қырлы, 1 сырлы қайраткер.

Леонардо да Винчидің көркем мұрасы сан жағынан алғанда онша көп емес. Оның жан-жақты ғылымдармен айналысуы өнерде жемісті жұмыс жасауына кедергі келтірді. Ол сәулетшілік сызбалар сызды. Пизаны Флоренциямен қосатын канал жобасын, су диірменін, шұға басатын машина, парашюттің, тікұшақтың, көпірдің  сызбасын т.б. сызды Оның 7 мың беттей қолтаңбасы зерттеушілердің қолына жеткен. Бірақ, оны түсіну өте қиын болған.

  1. Енді Леонардо да Винчидің өнердегі еңбектеріне келетін болсақ, оның ең бірінші сомдаған мүсіні   —  1482 жылы Милан қаласының әкімі Людовико Мороның тапсырысы бойынша әкесі герцог Франческо Сфорцтың ат үстіндегі мүсіні. Биіктігі  6 м. Ол статуя  француздықтардың шабуылы кезінде қиратылады.

Содан кейін ол өзінің әлемге әйгілі мадонналарын жазуды бастады. Эрмитажға бара қалсаңыз  (1057 зал бар)  214 залына  кіре шығуды ұмытпаңыз. Онда cіздің алдыңыздан «Мадонна Литта» мен «Мадонна Бенуаның »  картиналары шығады. Бұл суретке қарай қалғанда  нені көреміз?

  1.  «Мадонна Литта». Құрылымында екі ғана кейіпкер –ана мен бала! Тұла бойы тұңғышын кеудесіне қыса ұстаған ананың бар ықыласы мен мейірі тойған қозыдай томпиған сәбиіне ауған. Артқы планда күн сәулесі мол түскен қос  терезеден алыстағы тау жоталары мен аспан әлемін торлаған шарбы бұлттар көрінеді. Бірақ, даладағы тіршілік те, табиғаттың әсем көріністері де ана назарын аудармайтын сияқты. Сол көріністер ойымды бөлмесін дегендей, жас әйел терезеге желкесін бере отыр. Оның албырт жүзі сабырлы, екі көзін балбыраған баладан аудармай, әлдеқандай ойға шомғандай. Оймақ ауыз, қыр мұрынды әйел жүзінде сәл ғана күлкі ізі бар.

«Мадонна Бенуа» картинасы кейде «Гүл ұстаған мадонна» деп те аталады. Мұнда да ана мен бала. Шынысы жарқыраған терезе алдында сүйікті перзентін ойнатып, уыздай жас ана отыр. Көрініс өте қарапайым, айқын және шебер суреттелген. Леонардо  бұл шығармада жарық пен көлеңке құбылыстарын еркін пайдаланған.  Суретші жаңа заман -  қайта өрлеу дәуірі туғызған адамдардың ішкі жан дүниесін терең ашып көрсетуді өзіне басты мақсат етіп алған.

«Ақ  тиін ұстаған әйел» атты танғажайып әсем картинасына суретші төрт жылын сарп eттi. Қазір Краков ұлттық мұражайында сақтаулы.



  1. Енді мен сіздерді Леонардо да Винчидің  5 ғасыр бойы өз көрерменін тамсандырып, толғандырып келе жатқан «Джоконда» немесе  «Мона Лиза»  атты туындысымен таныстыра кетейін.

Картинаның жазылу тарихы …Леонардо да Винчи 1503 Флоренция қаласында тұратын Франческо дель Джоконданың тапсырысы бойынша оның жұбайы Мона Лизаның портретін салуды бастайды. Оқ пен оттың ортасында жүріп, картинаны 4 жыл бойы салып, аяқтамай қалады. Одан кейін аяқталған бұл картинаны Леонардо Италияның белгілі қалаларына шеккен сапарларында өзімен бірге алып жүреді. Сондай бір сапары кезінде Леонардо бұл суретін Париж қаласындағы Лувр музейіне қояды.

Көрген жанды сүйсіндіріп, ынтықтырып  келе жатқан, сәл ғана езу тартып, ұяң  жымиып тұрған нәзік те сұлу жас әйелдің ішкі жан дүниесінде бір  жасырын сыр бар. Леонардо да Винчидің бұл ғажап та керемет туындысы өзінің көрерменіне терең ой тастайтын сурет болып табылады. Өнер құдыреті жарқ етіп көрінуімен шектелмей, оқушысын ойландыра, толғандыра білуінде десек, Леонардоның бұл туындысына тең келер картина жоқ деуге болады. (Біртума)



  1. «Мона Лиза» не туралы ойлап отыр? Картинаға ұзағырақ қараған адам не ойласа, ол да соны ойлайтын сияқты көрінеді.

Леонардо  өзінің де ішінде не бар екенін бет әлпетінен еш уақытта білдірмеген. «Мона Лиза» суретіндегі жас келіншектің бет әлпеті қайталанбас шеберлікпен салынған. Оның тұңғиық, ойлы, сабырлы көздері мен мұрны және оның аузы жалпы айтқанда оның бет-әлпетіндегі әрбір деталь бір шынайылықты білдіреді.

Ғасырлар бойы ғалымдардың шешілмейтін түйініне айналған ­­«Мона Лизаның»  «құпия жымиысы». Суретші бұл жымиюды салуда, өзінің  сфулато әдісін ойлап тапқан. Бұл әдіс бойынша да Винчи ерін мен бет терісі арасындағы шекараны білдіртпей лактың жұқа қабатымен бояған.

Енді оның мойынына назар аударып, мұқият көз салған адам, тамыр соққыларын көріп тұрғандай әсер алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет