Дүние жүзі бейнелеу өнерінің тарихы және Қазақстанның көркем мәдениеті


Ежелгі Египет тарихының деректануы. Ежелгі патшалық бойынша деректер



бет2/21
Дата06.01.2022
өлшемі192,89 Kb.
#12677
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Ежелгі Египет тарихының деректануы. Ежелгі патшалық бойынша деректер

Египеттік деректер сол жерде ең алғашқы адамдар пайда болған кезден бастап жинақталды. Ежелгі дәуірдің өзі сан мыңдаған деректер қалдырды. Сондықтан оны патшалық дәуірге дейінгі деректер, ежелгі патшалық, орта патшалық, жаңа патшалық дәуіріндегі деректер деп кезеңдерге бөліп қарастыру тиімді болады.

Ежелгі Египеттің мәдениетінің тарихы көптеген және әр түрлі деректердің негізінде көптеген жылдар бойы зерттеліп келе жатыр. Қазіргі кезге дейін көптеген жазба ескерткіштердің түрлері, әдет-ғұрыптары, рухани өмірлері, тілі, материалдық мәдениеті дерек көздері арқылы құнды мәліметтер береді. Деректерді үлкен жеті топқа бөлуге болады:

1. Жазбаша түп-деректер: тарихи еңбектер, көркем әдебиеттер, ғылыми және діни мәтіндер, әр түрлі құжаттар.

2. Материалдық мәдениеттің ескерткіштері: қалалардың, храмдардың, мазарлардың, тұрғын үйлердің қалдықтары, керамика, статуя, табынушылықтың әртүрлері және заттар т.б.

3. Халықтың ауыз әдеби шығармалары бойынша ескерткіштер: өлеңдер, ертегілер, мақал-мәтелдер, аңыздар, жаңылтпаштар т.б. жатады.

4. Тілдік мәліметтерге: басқа тілдердің осы әдебиетте қолданылуы жатады.

5. Этнографиялық материалдарға: әдет-ғұрыптар және салт-дәстүрлер.

6. Антропологиялық мәліметтерге: мумиялар, ежелгі адамдардың бейнелері, қаңқалар, фрескалар мен рельефтегі бейнелер т.б.

7. Географиялық ортаның және табиғи ландшафттардың өзгеруіне байланысты: каналдардың қалдықтары, жолдар т.б. жатады.

Ежелгі және ертедегі Египет деректері: материалдық мәдениеттің ескерткіштері

Египеттегі қазба жұмыстарының нәтижесінде табыттар мен храм қабырғалары, жерлеу ескерткіштері, тас плиталар, саркофаг, папирустардан Египет тарихынан мәлімет беретін жазулар табылды. Бұл жазулар тарихшылар үшін аса маңызды. Ежелгі кезең тарихы туралы Нармер патшаның теңіз жазбасында айтылады. Онда шенеуліктер титулы, патшаның жеңістері, шайқастар туралы жазылған. Ежелгі патшалық кезеңіне пергама тасына қашалған жылнама жатады. Онда Ү династия перғауындарының аттары, қысқаша оқиғалар аталып өтіледі.

Египеттің сыртқы саясаты туралы Эхнатон патша салдырған Ахет-Атон қаласындағы клинопистік жазбаларда ХҮІІІ династияның саясаты, дипломатиялық байланыстар, Рамзес ІІ келісім шарттары сақталған.

Ежелгі патшалық дәуірінен патшаның бұйрықтары сақталды. Ежелгі Египеттің жеке хаттары да сақталған. Зират қабырғаларында ақсүйектердің өмірін суреттейтін еңбектер көп мөлшерде сақталған. Рехмир уәзірдің өмірбаянында Египеттің шаруашылық өмірі және әкімшілік басқару жүйесі, уәзірдің атқаратын қызметі, міндеті баяндалған.

Египеттен тыс жерлерден табылған жазулар да ерекше қызығушылықты тудырады. Олар Нубия, Палестина, Финикия, Сирия, Крит, Грециядан табылған. Бұл жазбаларда Египеттің көрші елдермен экономикалық және мәдени байланыстары туралы айтылады.

Ежелгі Египеттің тарихы мен мәдениеті туралы мол ақпаратты көптеген жазба деректерден табуға болады. Көрнекті француз египтологы Ж.Ф. Шампальонның иероглифтың жазба құпиясын ашқаннан соң, ғалымдар ірі мөлшердегі әр түрлі жазба деректерді тауып, аудара бастады. Тарихшылар үшін ең алдымен ежелгі египеттіктердің тарихи шығармалары аса қызықты болып табылады. Қазіргі күнге дейін Палермода сақталған, палермдік тас деген атпен белгілі ежелгі шежірелер үлкен плиталарда сақталған. Шежіреде династиялық кезеңге дейінгі уақыттан Ү династияға дейінгі патшалық құрған перғауындардың аты-жөндері, ірі жорықтар туралы қысқаша сипатталып жазылған. Карнактағы Амон-ра храмының қабырғаларында жазылған «Анналы Тутмоса ІІІ» (ХҮІІІ династия) тарихи сипаттағы ескерткіш болып табылады. Автор Тутмос ІІІ әскери жорығы мен патшалық құрған жылдарындағы маңызды оқиғаларды ғана жазып қойған жоқ, сонымен қатар патшалық еткендегі тұжырым тарихын дамытты. Ол Египетті ерекше құдайдың қарамағындағы, сол кездегі әлемнің орталығы ретінде қарастырды.

Жазба деректері. Құжаттық және әдебиеттік деректер

Ежелгі Египеттіктердің тарихи ойларының керемет үлгілерінің бірі б.з.д. ІҮ-ІІ ғғ жазылған, абыз Манефонның шығармалары болып табылады. Жеке құжат түрінде бізге жеткен деректі материалдар және құқықтық мәтіндер бағалы дерек болып табылады. Қазіргі таңға дейін сақталған бірнеше мұрағаттарды атауға болады. Нефериркар патшаның храмынан табылған мұрағат ең ежелгі болып табылады.

Аса бай мұрағаттардың бірі Эхнатон перғауынның астанасы-Ахетатонда қазба жұмыстарын жүргізген кезде табылған. Онда 350-ден аса құжаттар табылған болатын. Б.з.д ІІ мыңжылдықтың ортасындағы халықаралық дипломатиялық тіл-аккад тілінде сына жазумен жазылған. Онда перғауын Аменхотеп ІІІ пен Эхнатонның хаттары, патша отбасы мүшелерінің Сирия, Финикия, Палестина, Кіші Азия, Вавилония мемлекетінің басшыларымен жазысқан хаттарына қарағанда, әр түрлі мемлекеттегі коалицияның құрылуы мен ыдырауы, келіссөз жүргізу, дипломатиялық қатынастар, б.з.д ІІ мыңжылдықтағы Таяу Шығыстағы халықаралық жағдайдың күрделеніп, шиеленіскенін байқауға болады. Ахетатонда табылған құжаттардың құндылығы неде? Хет патшасы Богазкейдің мұрағаттарынан осы аты аталған перғауындардың бірнеше хаттарының табылуы, құжаттың құндылығының өсуіне себепші болады. Бұдан құжаттағы ақпараттың ақиқат дәрежесін анықтауға мүмкіндік туады. Эль-Амарн мұрағаттарындағы материалдар ел басқарған перғауындардың, азиаттық билеушілердің, маңызды оқиғалардың уақытын анықтауға септігін тигізеді. Осы жерлерде даталау жергілікті жыл санаумен жүргізілетіндіктен, олардың арасындағы алшақтықты да анықтауға болады. Эль-Амарн мұрағаттарына қосымша дипломатиялық материал ретінде келіссөздерді айтуға болады. Атап айтқанда, Египет пен Алдыңғы Азияның басқа ұлы державаларының б.з.д ХІІІ ғасырдың басындағы Хетт патшалығымен келісімдері. Осы келісімнің мәтіндері бірнеше данадан сақталған. Египеттік мәтіндер Карнактағы Амон-Ра храмының қабырғаларында және перғауын Рамсес ІІ храмының қабырғаларында жазылған. Богазейлік мұрағаттарында сына жазумен жазылған осы келісімдердің мәтіндері жазылған тақтайша табылған.

ХҮІІІ династияның билеу жылдары - бұл храмдардың салынған уақыты. Атап айтқанда Хатшепсут храмы, Бухендегі Амон храмы. Осы династия соңына таман «Гигантомания», яғни Аменхотеп ІІІ тұсында басталады. Олар мыналар: Луксордегі, Карнактағы, Солебтегі және тағы басқалардың құрылыстары.

ХҮІІІ династия тарихы бойынша материалдар, яғни археологиялық материалдар көп емес және олар қосымша, ілеспелі қазба жұмысы ретінде тіркеледі. Негізінен, бұл олжалар мазарлар мен зираттар түрінде болып келеді. Сененмуттың құпия мазарының қазба жұмыстарын, Хатшепсут патшаның храмының құрылысын ерекше атап көрсетуге болады, одан бізге маңызды құжаттық материалдар жеткен. Дейір Эль-Бахридегі Тутмос ІІІ храмының қазба жұмыстарынан көптеген қызықты құжаттар табылды. Мальготадағы Аменхотеп ІІІ сарайының қазба жұмыстары да аз мәлімет берген жоқ. Қысқасы, осылардың барлығы ауыз толтырып айтар құрылыстар.

ХҮІІІ династияның Яхмос І –ден Аменхотеп ІІІ-ке дейінгі материалды сипаттау негізінен дәстүрлі болып келеді: ескерткіштер және құжаттар (әсіресе оған Фиви некрополы бай). Соңғысы тек қана папируста ғана емес, сонымен қатар тастар мен бас сүйектерде де жазылған. Монументалды жазба дерек ретінде Тутмос ІІІ-тың анналын атауға болады, оның бір бөлігі Карнак храмының қабырғаларында сақталған.

Аменхотеп ІҮ патша Амонды құрметтеуді қойып, билеуінің алтыншы жылында Фивыдан кетіп, елдің жаңа астанасы-Ахетатон (қазіргі Телль Эль – Амарн селосының маңайында) қаласының негізін қалады. Қазба жұмыстары нәтижесінде ХҮІІІ династия дәуірінің сақталған жалғыз қаласының мәліметтері ашылды. Ахетатон материалы өте бай және маңызды, өйткені олар бізді египеттіктердің күнделікті өмірімен, тұрмысымен, салт-дәстүрімен таныстырады. Ахетатондағы осы кездегі мәтіндер (мысалы Атон гимні) және Фивыдағы мәтіндер оның сырын аша түскендей. Ахетатонда табылған хаттар арқылы Египеттің көршілес мемлекеттермен қарым-қатынасы қалай болғандығын көруге болады. Мысалы: ірі мемлекеттер Митания, Хетт патшалығы, Вавилон және ұсақ мемлекеттер-Тунип, Библ, Катка және т.б. Мұрағаттың материалдарын Т. Винклер, И.А. Кнудцон, С. Мерсер жүзеге асырды. Негізгі корпусқа түспеген құжаттарды Райни жинақтап, қазір ол корпустың бөлігі қайта басылып шықты. Египет перғауындарының, патша үйінің мүшелерінің хаттары Египет территориясынан да шығып кеткендігін байқауға болады, мысалы Хеттік Богазей мұрағатында. 1969 жылы ФРГ-нің археологтары Ливон территориясындағы ежелгі Кумид қаласында қазба жұмыстарын жүргізген кезде Аменхотеп ІІІ-тің Сирия басшысына жазған хатының үзіндісі мен екі қыш тақтайшалар табылған болатын.

ХҮІІІ династия заманының ғылыми жетістігі Яхмос І тұсындағы Аменемхет І заманынан басталған математикалық кітабының жазылуы. Ғылым тарихында екі ғалым есімі таныс: Яхмос математикасы және Аменемхет физикасы, ол су сағатын (клепсидра) ойлап тапқан. Осы уақыттан Карнак храмындағы клепсидраны атауға болады.

Египеттік жазба ескерткіштер. Египет жазуларының сонау ежелгі заманда-ақ құпиясын ашуға тырысты. Бірақ антика авторлары египеттік иероглифтер бүтіндей сөзді және діни философиялық ұғымды білдірді деп қателесті. ХҮІ-ХҮІІ ғасырларда ежелгі авторлардың дәлелді емес деректеріне сүйеніп, құпияны ашуға тырысты, бірақ құпияны аша алмады. ХҮІІ ғасырда А. Кирхер, ХҮІІІ ғасырда Де-Гинь, Цоега және басқалар зерттеді. Томас Юнг Египет жазуындағы фонетикалық белгілерді тапты. Соның нәтижесінде бірнеше атауды оқыды. Бірақ Египет жазуының құпиясын француз ғалымы Франсуа Шампольон ашты. Ол өзіне дейінгілерге сын көзбен қарап, 1822 жылы египет иероглифтері тек бүтін сөзді ғана емес, сонымен бірге жекелеген буын дыбыстарды да білдіретінін жариялады. Ол египеттік жазудың алфавиті және грамматикасы мен сөздігін құрастырды. Египтологияның дамуына де Руже, Шаба, Масперо, Лепсиус, Эрман және т.б. авторлар үлес қосты.

Құжаттық деректер жетпегендіктен әдеби және діни мәтіндер де Египет тарихын зерттеу үшін қолданылады. «Поучение гераклеопольского царя» атты еңбегін ежелден орта патшалыққа дейін өту кезеңінің саяси және әлеуметтік өмірін жақсы суреттейді. Ежелгі Египет жазулары көне заман адамдарының тұрмыс деңгейі, дүниетанымы, мемлекеттік құрылысы, шаруашылығы, мәдениеті, діні туралы дерек береді.

Материалдық мәдениет мұралары. Материалдық тұрмыс заттары, өнер шығармалары дінмен байланысты. Сондықтан олар жазбаша деректерді толықтырады. Египеттіктер қайтыс болған адаммен бірге өмірінде қолданған заттар, статуя, амулет, сәндік бұйымдар, қаруларды бірге жерлеген. Бұл ескерткіштердің барлығы құрғақ климат болғандықтан жақсы сақталған. Ежелгі патшалық дәуіріндегі пирамидаларда, Гиза, саккарадан «Өлілер қаласы» табылды. Бұл жерлерден табылған әр түрлі материалдық мәдениет ескерткіштерінің көбі қазіргі кезде мұражайларда қойылған. Мыс пен қоладан жасалған еңбек құралдары мен қарулары египеттік металлургияның қандай дәрежеде дамығандығынан хабар береді. Синай түбегіндегі мыс рудалары, Египеттің әр жеріндегі мыс өңдеулер тау-кен ісінің даму дәрежесінен мағлұмат береді. Бағалы материалдан, алтын, күмістен жасалған моншақ, жүзік, білезіктер, оюланған жиһаздар, әр түрлі сорттағы маталар Египетте қолөнердің жоғары дәрежеде дамығанына дәлел болады. Қарудың әр түрлілігі, бекініс қалдықтары әскери техника ісін қалай жүргізгені туралы хабарлайды. Жақсы сақталған храм, табыт, зираттар, тұрғылықты үйлер арқылы құрылыс жүйесі қалайша жүргізілген, ондағы шикізаттар туралы дерек алуға болады.

Көптеген статуялар мен статуэткалар, эскиздер, зиратардағы әр түрлі суреттер, папирустағы әшекейлер ежелгі египетте өнердің жоғары дәрежеде болғанына дәлел болады. Археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде мол ескерткіштер ашылды. Олардың барлығы жазбаша деректерге қосымша болып, солар арқылы ежелгі адамдардың дүниетанымы мен шаруашылығы туралы деректер береді.

Ежелгі Египет тарихы туралы деректерді топқа бөліп қарастыруға болады. Жазбаша деректер - оған патша жарлықтары, ақсүйек өмірбаяндары, хаттар, жылнамалар, папирустардағы жазулар, грамоталар, тағы сол сияқты жатады. Материалдық мәдениет ескерткіштерімен жазбаша деректерге қосымша рөл атқарады. Материалдық деректер египеттіктердің өмірімен тығыз байланысты. Материалдық ескерткіштердің көпшілігі египеттіктердің жерлеу орнынан, храмдар мен пирамидалардан табылды. Египет тарихын зерттеуде деректерді жарыққа шығарумен археология ғылымы айналысады. Жүйелі археологиялық қазба жұмыстары ХІХ ғасырдың ІІ жартысында басталып, қазба жұмыстары деректерді ғылыми айналымға енгізді.

Ежелгі египеттіктер құрылысы жағынан алғанда күрделі, деңгейі бойынша өте жоғары, мәдениеті жағынан өте бай, тек қана шығыс елдеріне ғана емес, сонымен қатар ежелгі гректерге үлкен әсер берген өркениетті басынан кешірді. Көптеген мәдени құндылықтары қазіргі таңда әлемдік мәдениет қазынасына және адамзат игілігіне айналып отыр. Әсіресе Ніл өзінінің жағасында шаруашылықтың дамы: рационалды ұйымдасқан егіншілік материалдық мәдениеттің құрылуына ерекше рөл атқарды. Сонымен қатар мәдениет, білім, ғылым, рухани дамуы египеттіктерді мемлекет пен әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынасты одан ары дамытуға қадам жасады.

Дарынды ғалым Мариэрт бірінші болып толық түрде жекелеген археологиялық кешендерді зерттеуге тырысты. Ол қасиетті өгіздері бар алып склепті және Саккорадағы ежелгі патшалық табытын, Мемфис аймағын, Абидостағы ХІХ- әулет храмдарын ашты. Ол ежелгі қазбалар басқармасын ашуға және Каирда египтологиялық мұражай ашуға ат салысты.

Шампольон мен Марриэттің еңбектерін жалғастырушы Гастон Масперо (1846-1916жж). Ол Саккорадағы Ү-ҮІ династиялардың пирамидаларына кіріп, ежелгі діни мәтіндерді ашты. Ғалым Фивы маңынан жаңа патшалық дәуірінің атақты патшасының мумиясын тапты. Масперо ескерткіштерді қорғау мәселесімен де айналысты. Де Моран архайкалық Египет ескерткіштерін зерттеуді жалғастырған. Келесі зерттеуші Фмендрес Петри Абидостағы әулеттерге дейінгі кезеңге жататын патша табыттарын ашты.

ХХ ғасырдан бастап археологиялық қазба жұмыстары жүйелі түрде жүргізіле бастайды. Египет ғалымдары Каирда жергілікті египтологиялық мектептердің негізін қалады. Американ археологы Рейснер Хдару пирамидасының маңындағы жерлеу орындарын және Гизадағы Менкаураны зерттеді. Патша және ақсүйектердің табыттарынан көптеген құнды ескерткіштер тапты. Бұл қазба жұмыстары египеттік табыттардың үлгісінің эволюциясын ашуға көп көмек берді. Қазба жұмыстары ежелгі Египеттің саяси, мәдени және әлеуметтік тарихын зерттеуге көп материалдар ұсынды.

Сонымен, бір жарым ғасыр бойы Египетте жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары көптеген материалдық ескерткіштерді жарыққа шығарды. Египет жазуының құпиясының ашылуы тарихты зерттеуге зор үлес қосты. Египеттен тыс жатқан ескерткіштер - ежелгі Судан территориясындағы Керм кезеңіне жатқызуға болады. Олар монументалды құрылыстар, жергілікті билеушілердің некрополі. Осы жерден Ежелгі және Орта патшалықтың ескерткіштері де көптеп табылған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет