Дүние жүзі бейнелеу өнерінің тарихы және Қазақстанның көркем мәдениеті



бет18/21
Дата06.01.2022
өлшемі192,89 Kb.
#12677
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Жетекші: Рафаэль Санти мадонналарын жазғанда  Леонардо да Винчиге еліктеген. Тіпті картиналарының атаулары да бірдей. Ол Мона Лизаны өте пір тұтқаны сондай, оның эскизін көшіріп салған.

5. Рафаэль Санти  мен Леонардо да Винчидің  мадонналары Қазақ халқының кәсіби суретшісі Айша Ғалымбаеваның  сомдаған ана образдарын еске түсіреді. М. «Нан» (1967) суретінде әдемі жүзі күнге тотыққан жас келіншек  нан илеп отыр. Әйел жүзі бақытқа, шаттыққа, мейірімге толы екені көрінеді. Оның келбетінен ішкі рухани күші сезіледі.

«Бір кесе қымыз (1967) суретінде бірі егде, бірі жас екі әйел аласа үстел басында отыр. Олар мерекелік киімдерін  киген. Соған қарағанда алда болатын той алдында сәл ғана оңаша отырған қуанышты сәттері деп ойлауға болады. Егде әйелдің жүзі ақыл-парасатқа толып, жұмбақ күлкі табымен нұрлана түскен. Бұл жымиыс Леонардо да Винчидің «Мона Лизасының» құпия жымиысынан бір де кем емес деп ойлаймын. Тек қана біздің ұлттық құндылықтарымызды зерттеп, жариялау аз сияқты. Ал, уыздай жас келіншектің аққұба жүзінде сәл-пәл ойдың табы да жоқ емес. Жарқын түсті бояулар әлемінде ол хор қызындай сұлу көрінеді. Бұл сурет қазақ  халқының әсем де әдемі ұлттық киімдерін де, сырға толы ою-өрнектерін де бейнелейді.  Ал, Үкі Әжиевтің «Қазақ мадоннасы» атты суреті де бар. Онда да бөбегін алдына алған әйелдің жүзінен  Сикстин мадоннасының жүзіндегідей сабырлылық көрінеді.

6. 1508 ж. Рафаэль Флоренцияны тастап Римге кеп орнықты. Ол Рим қаласының бұрынғы тұлғасын қайтадан қалпына келтіруге көп үлес қосты. Рим папасы Юлий ІІ.  25-жастағы суретшіге өз сарайының салтанат залдарын безендіруді тапсырды. Ондағы ойы – жас суретшіге католик шіркеуін дәріптету еді. Бірақ Рафаэль қылқаламы әулиелерді емес, адамды, оның азат ойын, ақыл-күшін, сұлулығын жырлады.

Оны біз  Ватикандағы атақты фрескасы «Афина мектебі» картинасынан көреміз.  Бұл сурет Қайта Өрлеу дәуірінің шедеврі болып қалды және Ренессанс суретшілерін шабыттандырған ежелгі ойшылдар  мен философтар әлемін бейнелейді. Құдіретті ғимаратта өзінің шәкірттерімен сөйлесіп отырған барлық белгілі философтарды көруге болады. Осындай әңгімелер ойшылдардың ілімінің дамуына үлкен  үлес қосқан.

7. Платон қалаған Афина мектебінің отырыстары далада, зәйтүн тоғайында болатынын Рафаэль жақсы білген. Бірақ ол осындай алтын дәуірдің жоғары ойлары туатын жер ретінде құдіретті ғимаратты таңдап алды.



Суреттен қандай ғалымдарды көреміз? 

- Өте ыңғайсыз позада бейнеленген адам саздан жасалған бөшкеде өмір сүрген Диоген,

- Евклид өзінің шәкірттеріне теорияларын дәлелдейтін сызбалар көрсетуде. Оның шәкірттерінің бет-әлпетінен олардың зейінділік  деңгейлерін көруге болады.

- Осы суреттің бір жұмбақтығы- ол Рафаэльдің өзінің автопортретінің бейнеленуі. Ал оның артында  ұстазы Перуджино орналасқан.

Осы топта ежелгі Птоломейді көруге болады. Оның қолында жұлдыздар сферасы бар.

- Адамдарға қарағанда үлкенірек етіп сұлулық құдайы Апполон мүсіні салынған. Оның қолындағы лирасы оның музыка құдайы екенін де көрсетеді. Оған симметриялы түрде суреттің оң жағында, барлық оқу орындарының қамқоршысы Минерва  мүсіні орналасқан.

- Пифагордың музыка құдайы Апполон астында орналасқаны өте үйлесімді  болып келеді. Себебі Пифагор өзінің еңбектерінде математика мен музыканы байланыстырғысы келді.

- Суреттің ортасындағы адамдарды олардың қолындағы еңбектерінен оңай тануға болады. Олар грек философтары Платон және оның шәкірті Аристотель. Сол қолымен өзінің «Этикасын» ұстап тұр Платон қолы аспанға қаратылған, ал Аристотельдің қолы алақанымен жерге бағытталған.. Бұл Платон ілімі қиялшыл, абстрактілі; ал Аристотель ілімі логикалық және қолданбалы болғанын көрсетеді.

8. Рафаэль өзінің замандастарына қарағанда суреттегі фигуралар мен адамдар арасындағы үйлесімділікпен алысқа барды.

Рафаэльдің бүкіл шығармалары адамды рухани қанағаттандырады. Ол жасаған мүсіндердің тек біреуі ғана бізге жеткен. Ол –«Дельфин үстіндегі өлі бала» Бұл мүсін де Эрмитажда сақтаулы тұр.

Бұл мусін бала мен дельфиннің достығы туралы аңыз бойынша салынған. Бір күні бала суда жүзіп жүріп, аяғын жаралап алып, содан судың ішінде өліп қалады. Ал, дельфин баланы судан алып шығып, құшақтасқан беті қайғыдан өзі де өліп қалады.

Мұғалім: Бұл аңыздың  мазмұнын оқығанда қандай күйде боласың? Дельфиннің шынайы достығына сүйсінесің, бірақ, оған жаның да ашиды.  Өмірде достықтан қымбат нәрсе жоқ. Достықты қадірлей білу керек. Керек болса, досың үшін жаныңды қиюға да болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет