9. Мен де бұрын өзім білмеген мәліметке кездестім. Мен бұрын бұл картина кенепке жазылған деп ойлайтынмын. Шындығында картина ағашқа жазылған екен. Оның бояулары сапалы, ағашқа жақсы сіңгендіктен, әлі де ғасырлар бойы өз қалпын бұзылмай сақтайды деген болжам бар. «Мона Лиза» картинасының астында тағы да 3 қабат сурет бар екені дәлелденіпті. Ең таңқаларлығы «Мона Лизаның» бетінде жай көзге көрінбейтін жұқа ғана шілтер бар екені анықталған. Содан кейін мына сызықты шілтердің шеті ме деп ойладым.
9.Тіпті ұлы суретшінің өзінің шыққан тегі туралы да зерттеулер толастар емес. Ғалымдар Леонардоның 200 ден аса саусақ таңбаларын тауып, зерттегенде оның шешесінің тегі славян тектес деп тапқан. Тіпті шешесінің Константинополь Стамбул қаласынан апарылғанын растайтын құжаттар да табылған, аты Катерина екен. Леонардоның саусақ және сілекей таңбаларынан көбінде балық өнімдерін жегенін білдік. Яғни біз осы сабаққа дайындалу барысында көптеген жаңа мәліметтер алдық.
Мұғалім: Иә, сіздер шындығында да бұрын айтылмаған мәліметтер жинақтаған екенсіздер Енді осы картина қандай елдерде көрмеге қойылған? Біздің елде болды ма?
«Мона Лиза» картинасы 1963 ж Америка құрама штаттарында болып, 1974 ж Жапонияда болады. Қайтар жолында Москвадағы А.С.Пушкин атындағы мұражайға қойылады. Бұл сапарлар картинаның даңқын арттыра түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |