Пайдаланған әдебиет
Любимов Л. Батыс Еуропа өнері. — Алматы, 1982. 23 б.
Любимов Л. Батыс Еуропа өнері. — Алматы, 1982. — 62 б.
Мәдениеттану: жоғарғы оқу орнындары мен колледж студенттеріне арнлған оқулық. Алматы: Раритет, 2005.- 416 бет. ISBN 9965-663-71-8
Сабақтың тақырыбы: «Қайта өрлеу дәуірінің ұлы суретшілері»
Сабақтың типі: Қайталау-қорытындылау, жүйелеу сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілдері: жоба қорғау, ізденіс, салыстыру, ақпараттық технология, шығармашылық тапсырмалар
Сабақтың технологиясы: жобалау, проблемалық оқыту,.
Сабақтың көрнекілігі: кітапша, суретті альбом, слайдтар, «Эрмитаж» «Третьяков галереясы» бейнефильмі, «Демонстрационные материалы»
Пәнаралық байланыс: тарих, бейнелеу өнері
Мақсаты:
Қайта өрлеу дәуірінің ұлы суретшілерінің өмірбаяндарымен, шығармаларымен таныстыру. Туындыларының сюжеттік-композициялық, тақырыптық-идеялық және көркемдік ерекшелігін саралау. Ғылыми зерттеулер бойынша мәліметтер беру.
Оқушыларды ғылыми зерттеуге, шығармашылыққа баулу. Олардың дарын-қабілеттерін, ақпараттық білімдерін ұштай отырып, субъект ретінде дамуына, құзыреттіліктерінің қалыптасуына ықпал ету.
Осы суретшілердің өмірбаяндары және туындыларының идеялық мазмұнын талдау арқылы отанға деген сүйіспеншілік, ержүректілік, шыдамдылық, қайсарлық, достық, анаға деген құрмет сезіміне тәрбиелеу.
Болжам: Оқушылар туындылардың мазмұндық-композициялық, идеялық-көркемдік ерекшелігіне және тарихи негізіне ғылыми талдау жасауға талпынады. Өздері меңгерген білімді шығармашылықпен ұштастырып, дарын-қабілеттерінің дами түсуіне жағдай жасалады.
Мұғалім: «Қайта өрлеу дәуірі» немесе «Ренессанс» деген термин Италияда 15 ғасырда пайда болды. 3 ғасырдан астам уақыт ішінде Италияда, басқа да Батыс Европа елдерінде көркемөнердің барлық саласында бұрын-соңды болып көрмеген гүлдену басталды. Әсіресе, сурет және мүсін өнерінде әрбір дәулетті адам өз үйлерінің қабырғаларын белгілі суретшілерге тапсырыстар беріп, әсемдеуді сәнге айналдырды. Осы дәуірде «Жақсы картина 1000 сөзден бағалы» деген сөз шыққан
Осындай қажеттілік өз кезегінде өнердің дамуына ықпал етті. Энгельстің сөзімен айтқанда «Қайта өрлеу дәуірі» туғызған алып тұлғалар: Леонардо да Винчи, Рафаэль Санти, Микеланджело Буонародти болды.
Сіздерге осы суретшілер туралы әртүрлі ақпарат көздерін қолдана отырып, іздену, зерттеу жұмыстарын жүргізіп, дайындалып келу тапсырылған.
Осы бойынша дайын болсаңыздар, сөз сіздерге беріледі.
Жетекші: Біздің топқа Леонардо да Винчидің өмірбаяны мен алғашқы еңбектері туралы дайындалу тапсырылған. Мына суреттегі кім? Біз ол туралы не білеміз?
Бұл суретте ұлы кескіндемеші Леонардо да Винчидің автопортреті. Ол 1452 жылы Флоренция маңындағы Винчи калашыгында дүниеге келеді. Әкесі заң қызметкері, анасы шаруа әйел.
- Болашақ ұлы суретшінің дарыны өте ерте көрінді. Бірде әкесі бір танысының қалқанын бейнелеп, әшекейлеп беруді өтінді. Леонардо қалқанды әуелі мұқият түзейді. Онан кейін шегірткелер мен кесірткелердің алуан түрін, жыландарды, көбелектерді, ірі теңіз шаяндарын, жарғанаттар мен басқа да жәндіктерді әкеліп толтырады. Осы мақұлықтарға қарап отырып шабыттанған ол әрқайсысының бейнесін фантастикалық үйлесімде пайдаланады. Сөйтіп, қалқанды әшекейлеу үшін құз жартастардың арасынан өрмелеп шығып келе жатқан әлдебір мақұлықтардың аузынан у төгілтіп, көзінен от ұшқындатып, танауынан түтін будақтатады. Қалқанды әшекейлеудің Леонардоны баурап алғаны сонша, өліп қалған әлгі құрт-құмырсқа, бақа-шаяндардың сұмдық жаман иісін де байқатпаған. Ал әкесі осы қалқанды көрген кезде көз алдында бар болғаны шебер суретшінің туындысы екеніне сенбей, қорыққанынан шегіншектей берген.
Достарыңызбен бөлісу: |