2.топ Жетекші: Біздің топ Леонардоның керемет туындысы және барлық замандардағы кескіндеме өнерінің ең ғаламаттарының бірі болып табылатын «Құпия жиын» композициясы туралы дайындалып келді… Бұл композиция да жаңа 1-топтың балалары айтып кеткен, Милан билеушісі герцог Людовико Мороның тапсырысымен 1495 ж Санта Мария делла Грацие шіркеуінде жазылған. Картинаға түсініктеме бере кетсек, суретші бұл картинада Христостың «Мен сіздерге шындықты айтамын – сіздердің араларыңызда мені сатып кететін біреу бар» деген сөзін айтқан сәтін бейнелеген. Осы сөздерден кейін 12 апостолдың әрқайсысының жүзінде неше түрлі құбылыстар пайда болды. Кейбіреуі таң қалса, кейбірі күйініп, кейбірі қайғы үстінде. Өзін құрбандыққа шалуға дайын жас Филипп Христостың үстіне еңкейіп жатыр. Иаков болса, түк түсінбей екі қолын жайып тұр. Пышағына ұмтылған Петр сатқынды қазір кесіп тастауға дайын. Иуданың оң қолы күміс толтырылған әмиянді қыса ұстап отыр. …
Осылайша ең алғаш адамның көңіл күйін бейнелеу терең де нәзік бейнеленді. Бұл фрескада барлығы соншалық шынайы бейнеленгені сондай, үстелді жауып тұрған жапқыштың бүктеуін де шын өмірде көріп тұрғандайсың.
1497 жылы композиция жазылып біте салысымен герцог және оның нөкерлері тамақтану бөлмесіне кіргенде композицияны көріп, оның бұрынғы композицияларға еш ұқсамайтынын байқады. Тамақтану бөлмесінде тұрған құмыра, дәл сондай үстел, өздері сияқты монахтар композициядағы үстел басында тірі адамдардай бейнеленіп тұрды.
Ортадағы Ииусус Христостың басына тамақтану бөлмесінің жарығы түсіп тұрғандай. Ал, оның бет-бейнесі аяқталмаған күйі қалды.
Достарыңызбен бөлісу: |