Жетекші: Леонардо да Винчидің соншама еңбектеніп салған картинасының кейінгі тағдыры өте аянышты болды.
12. Композиция бізге жартылай бүлінген күйінде жетті. Оған бір жағынан бояулардың сәтсіз алынғаны себеп болса, екінші жағынан, адамдардың аюандық әрекеттері себеп болды.
Фресканы салғаннан кейін 3 жылдан кейін тамақтану бөлмесіне су кіріп, ылғалдың әсерінен картинаның кей жерлері түсіп қалды. Ал, 1566 жылы кейіпкерлерді тану мүмкін болмады. Монахтар картинаның ортасынан асханамен жалғастыратын есік ойып орнатты. Бұл есік Христостың аяғын жоқ қылды. Кейіннен Христостың дәл басына үлкен мемлекеттік герб орнатты. 1726 жылы отандастары есікті кірпіштермен бітеп, Христостың аяғын қайта салды. 1770 жылы фресканың бетін лакпен жапты.
Алайда, 1796 жылы Австриялық және француздық солдаттар осы құндылықты жоюға бәсекелесіп кіріскендей болды. Тамақтану бөлмесі ат қораға айналды. Фресканың беті көгеріп, ал оған кірген солдаттар еріккендерінен апостолдардың бастарына кірпіштер дәлдеп ойнады, басқышқа шығып, апостолдардың көздерін шұқыды. Ал, Леонардо да Винчи осы ғажайып туындысын жасауға көптеген уақытын, шабытты өнері мен жалынды сүйіспеншілігін арнаған болатын.
13.Мен «Құпия жиын» картинасы туралы ғаламтор арқылы табылған мәліметтермен толықтыра кетейін… 1821 картинаны басқа орынға көшірмекші болды. Сол кезде ғана оның жаңа тәсілмен жазылғанын білді. Бұрынғы суретшілер дымқыл қабырғаға суреттерін салса, Леонардо құрғақ қабырғаға салыпты. Оны ғалымдар біліп болғанша, картинаның біраз жерін бүлдіріп алады. 1901, 1924 жылдары фреска тағы да өңдеуден өтті. Бірақ, тағы да бұл картина 2-ші дүниежүзілік соғыс кезінде, 15 август 1943 ж бомбалауға ұшырады. Ұлы туынды 1951 жылы келесі өңдеуден өтті. Бірақ, адамдардың беті қатты өзгеріске ұшырағандықтан, 1971 жылдан бастап, ғылымның соңғы жетістіктерін қолдана отырып, 21 жыл бойы картина қайта өңделді. 1999 жылдан көрермендеріне қайта ашылды. Бұл бөлмеге кірген адам 15 мин қана картинаны тамашалай алады.
Достарыңызбен бөлісу: |