Дүние жүзі бейнелеу өнерінің тарихы және Қазақстанның көркем мәдениеті


Мұғалім: Сіздер Микеланджело Буонародти туралы дайындалып, осы мәліметтермен танысқан кезде таң қалған, сүйсінген жерлеріңіз болды ма? Жетекші



бет17/21
Дата06.01.2022
өлшемі192,89 Kb.
#12677
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
metodichka Zhunisbekova 1418288409

Мұғалім: Сіздер Микеланджело Буонародти туралы дайындалып, осы мәліметтермен танысқан кезде таң қалған, сүйсінген жерлеріңіз болды ма?

Жетекші: Біз Микеланджело Буонародтидің шығармаларын талдағанда оның шыдамдылығына, төзімділігіне таң қалдық. 600 шаршы метрлік  күмбезді 4 жыл бойы шалқалап жатып жазып шығу үшін қаншама күш-жігер қажет десеңізші. Еңбектері аңыз мазмұны бойынша орындалғанымен, тәрбиелік мәні өте зор. Сұрақтарыңыз болса,

Оқушы сұрағы: Сикстин капелласының күмбезін әсемдегенде «Тасқын су басу» композициясында адамдардың жүзінен үміт оты сөнбегенін көруге болады деген едіңіздер. Енді «Аяусыз жаза» фрескасында жүздерінен шарасыздық білінеді дедіңіздер. Неге ондай айырмашылық болды екен деп ойлайсыздар?

Себебі: Сикстин капелласының күмбезін әсемдегенде ол жас, келешегінен үміті зор болатын,  ал «Аяусыз жаза» фрескасын салғанда денсаулығынан айрылған, қартайған шал болған. Суретшінің өзінің көңіл күйі суретке берілген.



 Топ.   Жетекші: Біз өз жұмысымызды көрініспен бастайық дедік

Бірде Леонардо  өзі оқыған Мазаччо мектебінде  бояу-бояу болып, ескі қара камзол, ішінен таза ақ көйлек киген, картиналарды көшіріп салып жүрген жас жігітті кездестіреді. Ол нәзік денелі, жіңішке мойынды, арықша келген, сопақша ақсұр бетті, үлкен қара көзді жігіт еді. Оны байқаған Леонардо оған өзі жақындады.

-                     Сен қайдансың, ұлым менің! Әкеңнің аты және өз атың кім?

-                     Мен Урбиноданмын. Менің әкем кескіндемеші Джованни Санти. Бірақ ол менің кішкентай күнімде қайтыс болған. Өз атым – Рафаэль. Мен сізді өз ұстазым және Итальяның ұлы шебері деп санаймын. Ал, Микеланджело мүсін өнерінің шебері болса да «Құпия жиынның» авторымен бәсекеге түсе алмайды.

-                     Ол пікіріңе ризамын. Тым жас екенсің. Ұстазың кім?

-                     Ұстазым белгілі суретші Перуджино Мен сізден адам денесінің құрылысы жөнінде үйренсем деймін.

-                     Жарайды, мен әрқашан да өз білгенімді үйретуге дайынмын. Жазған өз еңбектерің бар ма?

-                     Иә, Әзірше «Мадонна Конестабелле», «Рыцарьдің түсі» картиналарым бар.

-                     Иә, Иә көргенмін. Құдай ана бейнесіндегі  әлдебір ішкі ұстамдылықты,  жан дүниесінің сабырлылығын жақсы көрсете алғансың. Композициясы, бояулары керемет әсерлі. Құдай ананың қолында апельсин бар екен. Апельсинді жақсы көресің-ау деймін. Саған сәттілік тілеймін, ұлым менің. Әзірше сау бол.

-                     Сау болыңыз.



  1.  Бұл кездесу 1504 жылы болған  еді. Олар кейіннен де бірнеше рет кездеседі. Рафаэль Санти Леонардодан адам денесінің құрылысын үйренеді. Бірақ, Рафаэль Сантидің бір айырмашылығы қандай қиындықты болса да оп-оңай жеңетін. Ол Леонардо сияқты көп ойланып жатпай, тез бір шешімге келетін. Рафаэль Санти мейлінше қайырымды, мейірімді, керемет талантты адам болған. 1506 ж жазған «Автопортретінде»  ойға шомған Рафаэль  алыстағы әлемге көз тігіп отырғандай.

  Мына картиналардан кімді көреміз?

2) 1506-1507 жылдары «Гүл ұстаған Құдай ана», «Әулие Катерина» картиналарын жазды. Оның мадонналары — әулиелер емес, мейірімді әйелдер, бөбектерін өбектеген жас аналар. Оған дейін мадонналарды бұндай кейіпте ешкім бейнелеп көрген емес. Рафаэльдің мұндай жаңалығы мен батылдығына замандастары қатты таңғалды. Бұл тамаша туындылар қазір Эрмитажда сақтаулы.

3.Ал,  1516 ж  жазған „Сикстинская мадонна» картинасынан адамзат мәңгіге айрылып қала жаздады. 1945 ж 2-ші дүниежүзілік соғыста жеңіліске ұшыраған немістер Дрезден галереясынан атақты картиналарды дымқыл шахталарға тығып, кеңес әскерлерінің қолына түсірмеуге әрекет жасады. Бірақ, 1-ші Украин солдаттары 2 ай бойы осы шедеврлерді іздеді. Жәшікті ашқанда қолына сәбиін қыса ұстаған, теңдесі жоқ сұлу әйел нұр шашқан көздерімен қарап тұрғанын көргенде  5 жыл бойы от пен оқтың ортасында жүрген солдаттар бас киімдерін шешіп, тағзым етті.

 4.Картинаның мазмұны туралы айта кетсек…Картинадан бөбегін көтеріп келе жатқан жас ананы көреміз. Ол Дева Мария.  Ол ұлы Христостың алдында адамзат бақыты жолындағы тауқыметке толы күрестер жолы жатқанын жақсы сезіп келеді, Ана ұлының тағдырына алаңдаулы, себебі адамдардың ұлын өлтіретінін біледі, бірақ өзі сабырлы. Ана ерлігін марапаттайтын бұл шығармаға адамдар әлі күнге қайран қалады. Әулие Варвара басын төмен иіп, екі періштеге қарап отыр. Әулие Сикст тізерлеп, құдай ана мен балаға мейірімді жүзімен қарап отыр.

Жаңа Медет айтып кеткендей, бұл картина 1945 ж Москваға әкелініп, 10жылдан кейін басқа да 1240 картинамен бірге Дрезденге қайтарылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет