Мұғалім: Суретші Леонардо да Винчидің бұл картинасын отандастары 5 ғасыр бойы сақтап, әлі күнге дейін құрметпен қарайтынын білдік. Не себепті бұл композиция осынша құрмет пен сүйіспеншілікке ие болды екен? Идеясы неде деп ойлайсыздар? Осы картина арқылы суретші халыққа нені жеткізбекші болған?
13.Туған елі Италияны жау шауып, халқы қиын-қыстау күндерді басынан кешіріп жатқанда жарық көрген «Құпия жиын» замана талабынан туған, айрықша маңызы бар патриоттық шығарма. Елді қорғау үшін бірлік пен ерлік керек. Алтау ала болса, ауыздағы кетеді. Алауыздық болмасын, опасыздыққа жол берілмесін! Иуда сияқты опасыздарға орын жоқ. Міне, Леонардо туындысының асқақ идеясы осындай
3топ. Жетекші: Біздің топқа Микеланджело Буонародти туралы дайындалып келу тапсырылған
1. Микеланджело Буонародти (1475 —1564). Ол Флоренцияда туғанымен, өмірінің көп жылдарын Римде өткізген. Ол талантты мусінші, шебер суретші, журегімен жыр толгаган акын еді.Ол өзі сомдаған мусіндеріне арнап өлеңдер жазды. Микеланджелоның ақындық таланты өмірінің соңына қарай толық ашылды. Талантты шебердің кейбір өлеңдеріне музыка жазылды. 1623 ж оның сонаталары жарияланды. Осы күнге дейін оның 300дей өлеңі жеткен. Онын әp6ip жумысын алып карасак, ен алдымен, адамды, онын акыл-парасатын, ерлігін паш етеді.
Римдегі Әулие Петр соборындагы белгілі мусіні — «Жоқтау», немесе «Пиета». Шығарма құрылымы әдеттегідей екі кейіпкерден кұрылған: ана мен бала. Мерт болған жалгыз ұлының суыған денесін тізесіне қойып, егіліп отырған ана бейнесі көрсетілген.
Микеланджелоның бұдан баска да бірнеше белгілі жумыстары бар: олар: «Бұғаудағы құл», «Күн», «Түн», «Моисей» мусіндері. Бұл мүсін папа Юлий 2-нің табытханасында тұр. Ал, мына мүсіндерін Медичи әулетінің табытханасына сомдаған. Оның жеңілген, өліп бара жатқан адамдарының өзінде де бір ерекше сұлулық пен жігер бар. Мүсіншінің алдына қойған мақсаты: өскен жерінің, ондағы халықтың өз тәуелсіздігінен айрылған қайғылы сәттерін суреттеу болды.
14. Леонардо да Винчи мен Микеланджело Буонародти1501-1506 жылдары Флоренцияда болады. Леонардоға «Давид» мүсінін жасауды ұсынды. Бірақ, ол әдеттегі баяулығымен барлығын өлшеп, ойланып, толғанып жүргенде одан 23 жас кіші Микеланджело тапсырысты өзіне аударып алады. Ол күндіз-түні өте шапшаңдықпен жұмыс істеп, 25 айда мүсінді аяқтады. Мұны көрген Леонардо балшықтан құйылған Сфорц мүсінін 16 жыл салғанда «Давид» сияқты мрамордан салынған өте үлкен мүсінді қанша уақытта салып бітіретінін ойлаудан қорықты.
Сол жылдары Флоренциялықтар Леонардо мен Микеланджелоны өнердегі бақталастар деп жариялады. Оны Микеланджело бірден қабыл алды. Жауап ретінде мүсін өнерінде ғана емес кескіндеме өнеріне де барын салды. Леонардоның байсалдылығы оны үнемі ызаландыратын. «Давид» мүсінін орналастыратын жер үшін де екеуі келісе алмады. Леонардо күн көзі түспейтін қалтарысқа қоюды ұсынды. Ол шын жүрегімен мүсіннің бұзылмауын қалады. Себебі тас жарылып кетуі мүмкін еді. Ал, Микеланджело оны дұрыс түсінбеді.
15.Кейіннен Леонардо «Давид» мүсінінің алдында жас жігіттің сымбатты денесіне қызыға қарап тұрып, аңызды еске түсірді: Қарапайым бақташы бала «Давид» халқына зорлық-зомбылық көрсеткен Голиаф деген дәумен жекпе-жекке түсіп, жеңіп шығады. Мүсінші өз қаhарманының шайқасқа шығар сәтін бейнелейді. Жас жігіттің оң қолында қыса ұстаған шоқпар, өн бойы жігерге толы, жүзі айбынды, әрі байсалды, қарсыласын көзбен ата қарап тұр. Басқа мүсіншілер Давидті жас бала ретінде ғана көрсеткен.
Ұлы адам мүсін өнерінде Микеланджелоның артықшылығын мойындады.
2.Кескіндеме өнерінде Микеланджелоның дүниені дүр сілкіндірген ұлы туындысы Сикстин капелласының күмбезін әсемдеу үшін салған фрескалары болды. Сикстин капелласы 1473-1481 жылдары Рим папасы Сикст IY тапсырысы бойынша салынған. Құрылыс біте сала папа оның қабырғаларына Сандро Боттичелли, Микеланджело Буонародти сияқты атақты суретшілерге тапсырыс беріп фрескалар салдырған екен.
Ол кезде ұлы суретші – Микеланджело Әулие Петр соборына мүсін салумен айналысып жүрген. Микеланджелоге бұл жұмысты тапсырғанда ол оны Рафаэльге беруін сұрайды. Алайда папа келіспеді. Бастабында ол бұл жұмысқа құлықсыз кірісті.
Микеланджело күмбезіне фрескалар салған капелланың төбесінің ұзындығы 41м, ені 13,4 м.
Шыдамсызданып қайта-қайта келе берген папаға Микеланджело тақтайлар лақтырып қууға мәжбүр болды. Папаның бұл суретті көрсетіп, ел алдында мақтанғысы келгені соншалық, құрылысты бұзған шаң басылмай жатып-ақ, 1509 жылы 1-ноябрьде капелланы ашқызды. Рим түгелдей, оның ішінде Микеланджелоны көре алмаушылар да ұлы таланттың алдында бас иді. Папа салтанатты түрде Сикстин капелласында рәсім өткізді.
Жиналғандардың төбесінен библия пайғамбарлары, жаратушы иеміз, Ной, патриархтар қарап тұрды.
3.Енді осы капелланың күмбезіне салынған композицияларға тоқтала кетсек.
Төбеде 9 үлкен композиция бар Оның барлығы библиядан алынған аңыздар бойынша салынған. Бүйір жағында 12 пайғамбар салынған. Әрбір композиция бір-бірінен бөлінген. Әрбірінің 4 бұрышында атлеттердің фигуралары салынған. Онда барлығы 343 фигура салыныпты.
Ең 1-ші салған композициясы «Всемирный потоп», яғни, «Әлемдік тасқын су басу» композициясы Суретшінің басты идеясы бүкіләлемдік катастрофа емес, адамның күшті және әлсіз жақтарын бейнелеу болатын.
Ол жер дүниені су басып жатқанда адамның ажалмен бетпе-бет келген сәтін бейнелейді. Мұхиттың ортасында алақандай аралдар ғана көрінеді. Қалжыраған, әлсіреген адамдар осындай бір аралшыққа көтеріліп барады. Араларында әйелдер мен балалар да бар. Міне, ер адам әйелін арқасына көтеріп алған. Ана баласын қолына көтеріп алып, жанталаса қорғанбақшы. Қатарында қорыққаннан есі кеткен жас бала желмен тербелген ағашқа өрмелеп барады. Шексіз судың ішінде адамдар онсыз да толы қайыққа жармасуда.
Оң жақ жартаста бір топ адам селдеткен жауыннан үлкен матаны жамылып қорғанбақшы. Бұл жерде де адамдар болып жатқан құбылысты әртүрлі қабылдауда. Міне, әйелі мен күйеуі аяқтарының астына келген суға тағдырына мойынсұна қарап тұр. Қарт пен әйел қолына өлген баласын ұстаған еркекке қолдарын созып, көмектесу үстінде.
Алыста Нойдың кемесі көрінеді. Адамдар одан көмек сұрап жалбарынуда. Сюжеттің қайғылы болуына қарамастан, фрескадан адамдардың үмітінің сөнбегенін көруге болады. Мұғалім: Бұл суретті салғанда автор адамдарға қандай ойды жеткізгісі келген деп ойлайсың?
Адамдар қандай жағдайда да біріне-бірі қамқор, қайырымды, қиындықта қолұшын беруге дайын болуы керек дегенді білдіреді.
4.Бұдан ары «Адамды жарату» (Сотворение Адама) фрескасы көрінеді. Аспанда періштелердің ортасында құдай-әке ұшып барады. Оның оң қолы жерде жатқан адамға жан береді. Адам жердің ең шетінде жатқан сияқты. Осы арқылы суретші бұл дүние мен о дүниенің шекарасын көрсеткісі келгендей. Адам бейнесінде суретші ер адамның күшті де, жақсы жетілген денесін бейнелеген.
Бұдан басқа «Жарықтың қараңғылықтан бөлінуі», «Пророк Исайя», «Пророк Захария», «Пророк Нона», «Дельфийская сивилла», «Эритерийская сивилла», «Кумская сивилла», «Нойдың мас болуы» атты фрескалар салынған. Осы композицияны салып біткенде Микеланджело Буонародти денсаулығынан айрылып, тіпті көзі көрмей қала жаздайды.
5.Микеланджело 1534 жылы Сикстин капелласының күмбезін әсемдегеннен кейін 25 жыл өткен соң әлемдегі ең үлкен фреска «Аяусыз жаза» сценасын осы Сикстин капелласының қабырғасына салуға кірісті. Өлшемдері: 17х 13,5м Бұл кезде ол 60 тағы қартайған шал болатын. Бұл ұлы туындыны салуға 6 жыл қажет болды. Рим папасын бұрынғыдай шыдамсыздық билеп, Бьяджо да Чезенамен бірге Сикстин капелласына кірді. Чезенаға картина мүлде ұнамай папаға жамандауға кірісті. Сол сәтте-ақ, Микеланджело Минос судьясын Чезена образында есек құлақты етіп сала қойды. Сол беті Чезена тозақта қалды.
6.«Аяусыз жаза» деп аталатын бірнеше сурет бар. Басқа суретшілер құдай алдына барған адамдардың жұмақ пен тозаққа бөлінгеннен кейінгі суреттерін салса, Микеланджело аңыздың бастапқы жағын, яғни, Христостың адамдарды 2 жаққа бөліп жіберіп отырғанын салған екен. Міне, осы өмірде күнәлі болғандарды тозаққа сүйреп барады. Ал, дева Мария адамдарды тозақтан құтқара алмаған күйіне шарасыздықтан, теріс қарап кеткен. Христостың аяғының астына апостолдар жиналып, қаруларын сайлап, күнәлілерді жазалауды талап етуде. Неге екені белгісіз Микеланджело апостолдардың бірі ұстап отырған сыпырылған теріге өз портретін салған екен. Бұрынғы суреттеріндегідей адамдар кең иықты, қажырлы, бұлшық етті. Алайда олардың жүздерінде шарасыздық білінеді.
1541 жылы октябрьде капелланы ашқан кезде көрушілердің оны жанды заттай қабылдағаны соншалық, папа (Павел III Фарнезе) фресканың алдына тізерлеп отыра кетіп, «Аяусыз жаза» күнінде өз күнәларын кешіруді өтініп жалбарына бастады.
Енді осы картинаның идеясын бір ауыз сөзбен айта кетсек, …Адамдар бұл өмірде бір-біріне жамандық жасамай, тек қана жақсылық жасауға ұмтылуы керек деп ұғамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |