Қажетті құрал-жабдықтар: глобус, дүниежүзінің экономикалық картасы, дүниежүзінің физикалық картасы
Өтілу әдісі: талдау және зерттеу әдісі
Тапсырма: 1 Әлемдік табиғи ресурстардың жалпы сипаттамасы
2 Ресурстардың қол жетімділігі туралы түсінік.
3 Табиғи ресурстардың сарқылуы талдау
4. Дүние жүзінің негізгі табиғат ресурстары картаға түсіру
Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1 Дүниежүзінің энергетикалық ресурстары
2 Дүниежүзінің минералды ресурстары
3 Жер ресурстары
4Дүниежүзінің орман ресурстары
5 Дүниежүзінің рекреациялық ресурстары
6 Дүниежүзінің cу ресурстары
Қолданылатын әдебиеттер тізімі: 1. Дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы .: практикум / Ә.Т. Мылқайдаров.- Алматы , 2017.- 238.
2.Максаковский В. Экономическая география мира. - М., Наука, 2011
3.Экономическая, социальная и политическая география мира. Регионы и страны/ Под ред. С.Б. Лаврова, Н.В. Колед. - М.: Гардарика, 2002. - 928 с.
Практикалық жұмыс №3 Тақырыбы: Дүние жүзінің халқы және оның табиғи өсімі
Мақсаты: Атмосфераның ластануы табиғи (жанартаулар атқылауы, орман өрттері, шаңды құйындар, үгілу) және антропогенді (өнеркәсіптер, жылу энергетикасы, ауыл шаруашылығы) жағдайда жүруін алдын алу жолдары.
Мазмұны: Халықтың ұдайы өсуі- адамдардың ұрпақ ауысуы нәтижесінде жүзеге асып,оның саны жастық және жыныстық құрамы өзгереді.Халықтың ұдайы өсуі негізінен екі типке бөлінеді.Бірінші типінде ұрпақтар ауысуы барысында халықтың санының өзгермеуі немесе кемуі байқалады, ал екінші типі келесі ұрпақтың санының алдыңғысына қарағанда көп болуы тән.
Кез келген елдің және әлем халқының негізгі сипаттарының бірі- бұл жыныстық жастық құрылымы мен отбасы құрамы.Сонымен бірге осы көрсеткіш еңбек қорларының мөлшерін мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың, зейнеткерлердің санын анықтау үшін қажет.
- Еңбек қорлары – бұл еңбек етуге қабілетті адамдардың мөлшері.Халықаралық статистикада еңбек қорларына 15-65 жастағы адамдарды жатқызады.
- Жұмыс күші - бұл жұмыс істеп жүрген және жұмыссыз бірақ еңбекке қабілетті адамдардың жалпы саны. Елдің экономикалық жағдайына сипат бергенде жұмыссыздардың мөлшерін айтады. Халықаралық еңбек ұйымының орташа мәліметі бойынша жұмыс күшіне әлемдегі халықтың 45 % жатады. Ер адамдардың мөлшері 57,5 %, әйел адамдар-32,3 %, ал қалған бөлігі кәмелетке толмаған жастар және кәрі адамдар. Осы көрсеткіш әр елдің әлеуметтік,экономикалық, ұлттық жағдайы бойынша әр түрлі болуы мүмкін.
Халықтың орналасуы мен тығыздығына табиғат жағдайлары, тарихи-демографиялық және өндіргіш күштер факторлары өте үлкен ықпал етеді. Дүние жүзінде халық әркелкі орналасқан.Шығыс жарты шарда халықтың 85%-ы, ал батыс жарты шарда 15%. Жалпы халықтың 80%-ы теңіз деңгейінен 500 м-ден аспайтын өңірлерін мекендейді.Дүние жүзі халқының орташа тығыздығы 1км2-ге 45 адамнан келеді. Сонымен қатар халықтың орналасуы мен тығыздығына, оның саны мен құрамына көші-қон үлкен әсерін тигізеді. Халықтың көші –қон немесе механикалық қозғалысы өз сипатына қарай: сыртқы және ішкі болып бөлінеді .