«Дүние жүзінің саяси экономикалық әлеуметтік географиясы»



бет4/8
Дата24.11.2022
өлшемі224,21 Kb.
#52336
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Тапсырма:
1.Әлем елдерінің демографиялық саясаты (түсінігі және ерекшеліктері). Қазіргі сыртқы және ішкі миграция. Картаға түсіру
2.Еңбек әлеуетін (адами капиталды), экономикалық белсенді халықты, әлеуметтік құрамын сандық және сапалық бағалау.
3.Халықтардың орналасуы (орташа тығыздық көрсеткіштері және ел ішіндегі айырмашылықтар) анықтау.



  1. Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Дүниежүзі халқының миграциясы
2. Дүниежүзі халқының діни құрамы
3. Дүниежүзі халқының ұлттық құрамы
4.Дүниежүзі халқының орналасу белгілері
5. Қала және ауыл халқының орналасу белгілері


Қолданылатын әдебиеттер тізімі:
1. Дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы .: практикум / Ә.Т. Мылқайдаров.- Алматы , 2017.- 238.
2.Максаковский В. Экономическая география мира. - М., Наука, 2011
3.Экономическая, социальная и политическая география мира. Регионы и страны/ Под ред. С.Б. Лаврова, Н.В. Колед. - М.: Гардарика, 2002. - 928 с.


Практикалық жұмыс №4


Тақырыбы: ҒТР және Дүниежүзіліктің шаруашылықтың негізгі салалары-материалдық өндірістің жетекші саласы
Мазмұны: Ауыл шаруашылығы материалдық өндірістің жетекші саласының бірі. Дүние жүзінде ауыл шаруашылығында 1,1 млрд. адам еңбек етеді. Ауыл шаруашылығы өте алуан түрлі. Ол дүние жүзінің барлық жерлерінде таралған. Ауыл шаруашылығын 2 топқа бөлеміз: бірінші – тауарлы ауыл шаруашылығы: ауыспалы егістіктері бар интенсивті егіншіліктер, мал азығын дайындауды қоса жүргізетін жері бар және жайылымдық мал шаруашылығы бар экстенсивті егіншілікті қамтиды. Екінші – дәстүрлі тұтынушы ауыл шаруашылығы. Ол артта қалған соқалы және кетпенді егіншілікті, жайылымды мал шаруашылығы, көшпелі және жартылай көшпелі мал өсіруді, терімшілікті, аңшылық пен балық аулауды қамтиды.
Ауыл шаруашылығы типі дегеніміз – бұл белгелі бір аграрлық қатынастардың тұрақты жиынтығы,тауарлық-мамандануы және шаруашылықты жүргізу жүйесі.
Ауыл шаруашылығының ерекшеліктері - табиғи жағдайлардың ауыл шаруашылығының орналасуы мен салаларына, оның өнімділігіне әсері. Сонымен бірге ауыл шаруашылығында жер еңбек құралы және еңбек объектісі , себебі жердің топырағының құнарлылығына байланысты ауыл шарушылығы өнімділігі мен экономикалық тиімділігі анықталады. Ауыл шаруашылығының салалары - өсімдік шаруашылығы, ол өз кезегінде астық шаруашылығы, техникалық дақылдар мен картоп шаруашылығы, көкөніс шаруашылығы, бақша және жүзім шаруашылығы салаларынан тұрады, мал шаруашылығы – ірі қара мал шаруашылығы, шошқа шаруашылығы, қой шаруашылығы, құс шаруашылығы.
- экстенсивті өндіріс, өнім көлемі негізінен өндірістің көлемін ұлғайту арқылы жүргізіледі. Мысалы, егіншілік жерлерді, мал басын көбейту, т.б.
- интенсивті өндіріс, өнім көлемі өндірістің өнімділігін арттыру арқылы жүргізіледін.Мысалы, егіншіліктің түсімін жаңа тұқым арқылы арттыру, малдың сүттік немесе еттік өнімділігін жоғарылату.
Тапсырма:
1 Әлемдік экономиканың пайда болуы мен дамуының теориялары
2 Халықаралық еңбек бөлінісі (ХЕБ) және оның алғышарттары: табиғи және әлеуметтік-тарихи.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет