Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1.Дүние жүзілік жаруашылық жайында жалпы тұсінік
2. Дүние жүзілік экономика - бұл жаһандық географиялық жүйе.
3. Әлемдік экономиканың даму кезеңдері
4.Дүниежүзілік экономиканың құрылымы
Қолданылатын әдебиеттер тізімі: 1. Дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы .: практикум / Ә.Т. Мылқайдаров.- Алматы , 2017.- 238.
2.К.Д. Каймулдинова. Қазіргі дүние географиясы -Алмат: ....., 2011.- 310 б.
3 Дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы .: оқу құралы / И.А. Родионова , Г.Н. Нүсіпова, А.А. Тоқбергенова .- Алматы: ., 2014.- 413б.
4.Дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы .. 2-бөлім, 1-бөлім: оқу құралы / В.П. Максаковский [ж.б.].- Алматы: ., 2013.- 176б.
Практикалық жұмыс №5
Тақырыбы: Дүние жүзінің негізгі өнеркәсібінің салаларына талдап саралау
Мазмұны: Газ өндірісі жиырмасыншы ғасырдың ортасынан бастап дамыған сала. Газ – ауаны ластамайтын, толық жанатын отын түрі. Дүниежүзіндегі аса ірі газ өндіруші елдерге Ресей, АҚШ жатады.
Жылу электр станциялары көмір, мұнай өнімдері, газды пайдаланып жұмыс істейді. Дүниежүзі бойынша электр энергиясының 63%-ы ЖЭС-тарда өндіріледі. Дүниежүзі бойынша атом электр стансаларында энергия өндірудің маңызы артып отыр. Атом электр стансыларын өндірілетін электр энергиясының үлесі 17%-ды құрайды.
Темір кені металлургия өнеркәсібінің дамуына қажетті шикізат. Қазіргі кезде жылына 1 млрд тоннаға жуық темір кені өндіріледі. Темір кенін сыртқа шығаруда Бразилия, Аустралия, Қытай, Үндістан сияқты елдер алдыңғы орындарда.
Қытайда шойын балқытуға қажетті шикізат қоры мол болғандықтан, шойын өндіруден Қытай дүниежүзінде бірінші орынды алады.
Мыс – маңыздылығы жөнінен екінші орын алатын металл. Мыс өнеркәсібі шикізат көзіне бағдарланады. Дүниежүзінде тазалығы жөнінен ерекше көзге түсетін мыс өндіретін екі аймақ бар, олар Орталық Африкадағы Заир мен Замбия және Қазақстан.
Дүниежүзінде машина өндіруден алдыңғы орындардағы елдерде "автомобиль астанасы" деген орталықтар болады. Мысалы, АҚШ-тың автомобиль орталығы Детройт қаласы болса, ГФР-дың автомобиль астанасы Вольфсбург қаласы.
АҚШ-тың Сиэтл қаласында "Боинг-747" ұшақтары құрастырылады.
Солтүстік Америкадағы тамақ өнеркәсібіндегі ірі монополистер "Кока-кола" мен "Пепси-Кола". Олардың дүниежүзінің көптеген елдерінде өкілдіктері бар.
Жер шарында балық аулаудан көзге түсетін алты ел бар, олар: Перу, Чили, Жапония, Ресей, АҚШ, Исландия.
Жер шарында ауылшаруашылығымен айналыспайтын бірде-бір ел жоқ. Дүниежүзі бойынша ауылшаруашылық саласында 1,3 млрд-тан астам адам жұмыс істейді.
"Жасыл революция" дегеніміз – мәдени өсімдіктердің өнімділігін арттыру, жаңа сорттарды шығару. "Жасыл революцияның" негізі XX ғасырдың 60-жылдары Мексикада қаланды. Жасыл революция нәтижесінде көптеген дамушы елдер өздеріндегі азық-түлік мәселесін шешіп, аштықты жоя білді.
Жүгерінің Отаны – Оңтүстік Америка. Жүгері Х.Колумбтың саяхатынан кейін дүниежүзіне таралған. Әлем бойынша жүгері өндіруші жетекші ел АҚШ болып саналады. Дүниежүзі бойынша жүгерінің 50% -ы АҚШ-та өсіріледі.
Кофеннің негізгі шыққан жері Африкадағы Эфиопия мемлекеті. Кофе сергітпе дақылға жатады. Қазір кофе түсімінің 2\3 Бразилия мен Колумбия береді. Шайдың Отаны – Қытай. Дүниежүзінде жиналатын шайдың 4/5-ін Қытай, Үндістан, Шри-Ланка береді.
Тапсырма: 1.Әлем елдеріндегі өнеркәсібінің сала құрылымы
2. Дүниежүзінің химия өнеркәсібі
3.Құрлыс материалдары өнеркәсібінің таралу аудандарына жалпы шолу