Дүниежүзі қазақтарының ІV құрылтайын


- Қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарынан



Pdf көрінісі
бет5/11
Дата06.03.2017
өлшемі13,88 Mb.
#8010
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

- Қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарынан 
«моңғолия мемлекеті бойын ша сабақтан тыс қалған 
мектеп жасындағы 8 000 баланың 2000-ы баянөлгий 
үлесінде»  дегенді  оқып  қалғаным  бар  еді.  Оның 
жартысынан көбі қазақ балалары емес пе? Қазіргі 
ҚазаҚтардың жергілікті 
халыҚҚа сіңіп кетуі екіталай... 
Күләнда ШОНАЙҚЫЗЫ,
Моңғолия, Білім, ғылым және 
мәдениет вице министрі
ҚАЗАҚТЫҢ ҚЫЗДАРЫНА ҚАЙРАН ҚАЛАМ

40
уақытта  осы  мәселе  бойынша  қандай 
жұмыс істеліп жатыр?
- Бұл менің баяндамамда айтылған болатын. 
Иә, мұндай кемшілік бар. Баянөлгийде кейбір 
нәрселеріміз  соншалық  жақсы  емес.  Неге? 
Қазақстанға  көшемін  бе,  көшпеймін  бе,– 
деп  отырған  қазақтардың  көңілі  тұрақты 
емес.  Осы  жағдай  адамдардың  көңіліне, 
адамдардың  рухани  жан-дүниесіне  қатты 
әсер етеді. Сөздің шыны керек, осы құбылыс 
әсер етті, сол кезде көшеміз деп бір қалды, 
көшуге дайындалып отырмыз деп бір қалды. 
Ал  кейбіреуінің  балалары  қазақтың  салт-
дәстүрі  бойынша  үйінде  қалады,  яғни, 
ата-анасы  үлкен  ұлдың  баласын  бауырына 
алады да мектепке жібермей қолында ұстап 
отырады.  «Неге  сабаққа  бармадың?»  деген 
сұраққа үлкен үйдің шаңырағында қалатын ұл 
болғандықтан өз кәсібіне үйретіп жатырмыз 
деген  сыңайда  жауаптар  алынады.  Бұл 
негізінен  малшылар  ортасында  кездесетін 
жағдай. Біздің статистикада осылай болған. 
Ал  қазіргі  уақытта  қазақтар  бір  жағына 
шығып, іс түйіні шешілген, көшетіні көшем 
дейді, көшпейтіні көшпеймін деп алаңдамай 
отыра беретін болды. 
Жақында Үкіметтен Баянөлгийде тұратын 
қазақтардың  білім  ағарту  деңгейін    көтеру 
туралы қаулы шықты. Қаулыға сәйкес, білім 
институтының  бір  секторын  Баянөлгийде 
ашатын  болдық.  Штаты  тоғыз  адамнан 
тұратын сектордың негізгі міндеті жоғарыда 
аталған  мәселелерді  болдырмау,  қалыпты 
талапқа сай білім беру болып табылады. Және 
бір мәселе бар, бұрын бізде қазақтар моңғол 
және қазақ тілінде оқитын, ал қазір тек қазақ 
тілінде  оқығысы  келеді.  Алайда,  олар  орта 
мектепті бітіріп, жоғары оқу орнына барғанда 
тіл мәселесі алдынан шығып, жоғары білім 
алуға  кедергі  жасайды.  Сондықтан  тілге 
шорқақтары  жоғары  оқу  орындарында  
оқығысы  келмейді,  шамалары  келгендері 
тарихи  отанына  кетеді,  одан  қалғандары 
аймақ айналасында ұсақ-түйекті ермек етіп 
жүреді. Ал жоғары оқу орындарына баруға 
тілек білдіргендер моңғол тіліндегі сыннан 
өтпей қалады. Осындай жағдайларды ескере 
отырып,  біз  моңғол  тілін  жақсы  үйрететін 
бағдарлама жасап, ол бойынша істі бастап та 
кеттік.
- болашақта ассимиляция қаупі қандай 
деңгейде деп ойлайсыз?
- Ол болмайды.
- бұл мәселе баянөлгийде әзірге болмауы 
мүмкін, ал басқа аймақтарда тұрып жатқан 
қазақтар үшін қауіпті емес пе?
-  Моңғолияның  ішкі  бөлігінде,  Ұлан-
Батыр  маңында  тұратындарға  қиындау, 
атап  айтсақ,  Шарынғол  деген  жер  бар,  сол 
жақтың  қазақтары  өз  ана  тілін  білмейді. 
Ал  Баянөлгий  аймағында  тұрып  жатқан 
ағайындар  моңғол  тілін  білмейді  де,  қазақ 
тілін жақсы меңгерген. Баянөлгийден басқа 
жерлерді  біз  «ішкері  жақтың  қазақтары» 
деп айтамыз. Солар балаларына қазақ тілін 
үйреткіміз  келеді  деп  ұсыныс  білдірген. 
Соған  байланысты  ЮНЕСКО  көлемінде 
ішкері жақтың қазақтарына ана тілін үйретуді 
жоспарлап отырмыз. 
Қазақтар  жалпы  ұлтын  жақсы  көреді, 
қастерлейді.  Сондықтан  қазақ  бауыр-
ларымыздың  моңғол  халқына  сіңіп  кетуі 
екіталай деп ойлаймын. Ассимиляция болатын 
болса қаншама жыл өтті. Көріп жүрсіздер бәрі 
қазақша сөйлеп жүр, біз де өз ана тілімізде 
сұхбаттасып  отырмыз.  Болса  болар,  бір-екі 
адамның  үйінде,  ал  жалпы  қазақ  халқын 
қамтитынына мен сенбеймін. 
-  Шыңғысхан  секілді  билеушісімен 
тарихта аты қалған моңғолияның қазіргі 
тұрмысы туралы не айтасыз? Жаһандық 
дағдарыс  дауылы  сіздерге  қалай  әсер 
етті? 
-  Біз  қазір  көтеріліп  барамыз.  Жиырма 
жылдай болды, демократия жолын таңдадық. 
Нарық кезеңінен сәтті өтіп, соңғы екі- үш жыл 
көлемінде экономикалық жағынан ілгерілеп 
қалдық  деп  айтуға  болады.  Қазір  біздің 
елімізде табиғи қазба байлықты өзіміз алып, 
өндіретін болдық. Сіздерде де бар, біздерде де 
бар байлық, біз оны енді ғана алып, пайдалана 
бастадық. Соңғы екі жылда жер астындағы 
алтын сияқты байлықты өндіріп, халықтың 
әл-ауқатын біраз жақсарттық. Қазба байлық 
ҚАЗАҚТЫҢ ҚЫЗДАРЫНА ҚАЙРАН ҚАЛАМ

41
Моңғол  елінің  өсуіне,  экономикамыздың 
жоғарылауына үлкен үлес қосып отыр. Қазір 
халық бұл игі бастамаға қуанышты. Әсіресе, 
соңғы екі жылда біздің экономикамыз жақсы 
көтерілді және әрі қарай да ілгерлейміз деген 
ойдамыз.  Бұл  бір  мәселе,  екіншісі,  сөздің 
шыны  керек,  бұрындары  біздің  береке-
бірлігіміз аз болды. Қай жолмен жүрерімізді 
білмей  адастық.  Қазір  береке-бірлігіміз 
жақсарды,  «бәріміз  бірігіп  алға  жүрейік» 
дегенді моңғолдың адамдары жақсы түсінді. 
Бүгінгі концерттің де мағынасы соны айтып 
тұр ғой. Бәріміз тату-тәтті өмір сүріп, береке 
болса Моңғол елі әрі қарай дами береді. Өзіңіз 
білесіз, небәрі 2 млн. 700 мың тұрғыны бар аз 
халықпыз.  Біздің  көршілеріміз  үлкен-үлкен 
елдер,  алдыңғы  жағымызда  Қытай,  мына 
жақта Ресей бар, сондықтан біз сол алпауыт 
елдерге  жем  болмау  мақсатында  ілгерілеп 
келеміз.  Екі  жыл  бұрынғы  дағдарысты 
мойымай өткіздік. Қазір халықтың жағдайы 
жақсы.
тарихи отаныңыз Қазақстан туралы 
не айтар едіңіз? 
-  Өкінішке  орай,  Қазақстан  туралы 
Моңғолияда  көп  ақпарат  жоқ.  Қазақстан 
туралы ақпаратты көбейту қажет, насихаттау 
керек. Біз өзіміз қазақ болған соң қызығушылық 
танытып, естіп жатамыз. Тіпті үйде отырған 
қазақтар да тарихи отаны туралы жақсы біліп 
отырады.  Баянөлгий  аймағында  тұратын 
қазақтар  Қазақстанмен  етене  байланыста, 
себебі  олардың  жартысынан  көбінің  туыс-
туғандары сол жақта тұрады. Алыста жүрген 
қазақ бауырлардың құлағы қашанда Қазақстан 
туралы әр жақсы хабарға елеңдеп отырады. 
Сондықтан  тарихи  отанымыз  гүлденіп, 
жақсылық бола берсін!
- Өзіңіз туралы айтып өтсеңіз.
-  Баянөлгийде  өмірге  келдім,  сол  жерде 
он жылдық мектепті тамамдадым. Моңғолия 
мемлекеттік университетін бітірдім. Маман-
дығым – журналист. Сонан кейін Жапонияда 
оқыдым, он жыл сол жерде тұрдым. 
-  Ол  жерде  қай  салада  қызмет 
атқардыңыз?
-  Әлеуметтік  салада.  Моңғолиядан  1990 
жылы  кетіп  2000  жылы  қайтып  оралдым. 
Ұлттық  телевидениеде  директор  болып 
қызмет атқардым. 
- Осындай дәрежеге қалай жеттіңіз?
- Білімнің арқасында жеттім.
- тұрмыстық жағдайыңыз...
- Екі балам бар. Қызым Жапонияда тұрады, 
ұлым Бейжінде оқиды.
-  рахметтен  басқа  не  айтамыз,  шетте 
жүрсе де қазақтың атын шығарып  жүрген 
Сіздей қызға. 
Әңгімелескен, 
Маржан Үсенбайқызы
Суреттерді түсірген, 
Жанагүл СЕйіТҚАЖы 
ҚАЗАҚТЫҢ ҚЫЗДАРЫНА ҚАЙРАН ҚАЛАМ

42
-  тоқтарбай  мырза,  Әлем  қазақтарының  іV 
құрылтайынан  не күтесіздер? 
- Мен  Ресейдің Самара облысында дүниеге келген 
қазақпын.    2002  жылы  ІІ  Дүниежүзі  қазақтарының 
құрылтайына қатысқаннан кейін  өмірге деген көзқарасым 
мүлдем  өзгерді.  Оған  дейін  мен  бизнесмен-кәсіпкер 
ретінде тіршілік жасап келсем, қазір  Ресей қазақтарының 
федералдық ұлттық-мәдени автономиясының төрағасы 
боп жұмыс жасаймын. Бұл  алып империяда жұтылып 
бара  жатқан  1  миллионнан  астам    қазақтың  мұң-
мұқтажын  біліп,  олардың  шешімін  табуға  жетелеуде.  
Ресейде қазір 89 облыс болса соның 26-сында  қазақтар  
тұрады екен. Ал олардың басын біріктіріп, «бір жағадан 
бас, бір жеңнен қол шығару» оңай шаруа емес. Дегенмен 
ұлты үшін жанын қиюға әзір қыз-жігіттер бар. Сондықтан 
ойлаған ісіміз оңға басады деп ойлаймын. 
ІV Құрылтайдан күтетінім – жалпы білім беретін мек-
тептерде  қазақ тілін оқыту мәселесінің шешілуі. Қазір 
Ресейде 80-90 пайыз қазақ балалары оқитын аудандар 
болса да онда бірде-бір қазақ мектебі жоқ. Ол кеңестік 
дәуірде де болған жоқ. Енді осы мәселе екі мемлекеттің 
басшылары  арасында  талқыланып,  саяси  бір  шешім 
қабылданса екен дейміз. Мысалы,  Қазақстанда мыңдаған 
орыс мектептері бар, олардың бәрі мемлекеттік бюджет-
тен қаржыландырылады. Барлық облыста түгел болма-
са  да қазақтар жиі тұратын аудандарда қазақ мектебін 
ашуға,  болмаса    мектеп    бағдарламасында  оқылатын 
міндетті пәндер қатарына  енгізуге болады деп ойлаймын. 
Егер Президенттер тарапынан қандай да бір шешімдер 
қабылданып жатса,  Ресейдің Білім министрлігі  қазақ 
тіліне оң қабақ танытып, көңіл бөлетін  еді. Бұл екі елге 
де тиімді болады. Ресейліктер демографиялық ахуалын 
одан    сайын  құлдыраудан  сақтап,  қарым-қатынасты 
РЕСЕЙДЕГІ ҚАЗАҚ ЖАСТАРЫ
 
ӨЗ БОЛАШАҒЫН ҚАЗАҚСТАНМЕН 
БАЙЛАНЫСТЫРАДЫ 
тоқтарбай ДүСЕнбаЕв, 
Ресей қазақтарының федералдық 
ұлттық-мәдени 
автономиясының төрағасы 
ҚАЗАҚТЫҢ НАРҚАСҚА ЖІГІТТЕРІ

43
бұдан  ары  тереңдетуге  мүмкіндік  алады. 
Қазақстан болса кейбір қажетті мамандарын 
Ресей қазақтары арасынан тауып, мұқтажынан 
арылар  еді.  Бұл  біз  үшін  де  өте  маңызды.  
Ауылдағы  балалардың  70  пайызы  жоғары 
білім алды.  Кеңес уақытында мал дәрігері, 
инженерлер, механиктер  көп болатын. Қазір 
де бар бізде мамандар. Мәселен бір ғана Сама-
ра облысында 16 жоғары оқу орнында осында 
туған 1 мың қазақ студенті бар. 
- Сонда ресейде туып-өскен, сол жерде 
білім алған жастар Қазақстанға келеді деп 
ойлайсыз ба?
Иә.Қазірдің өзінде өз болашағы Қазақстан-
мен байланысты екенін жастар түсініп келе 
жатыр. Сол себепті, мүмкіндік болса, осында 
оқуға келіп, орнығып Қазақстан  азаматтығын 
алуда.  Егер тіл мәселесі шешілсе бұл үрдіс 
үлкен ағымға айналар еді. Бұл ел экономикасы 
мен  ұлт капиталының сапасына да өз ықпалын 
тигізері  күмәнсіз.  Қазір  біздің  жастардың 
Қазақстанға  көптеп  келуіне  тіл  мәселесі 
қолбайлау  болып  отыр.  Олар  өздерінің  ана 
тілін білмейтініне қатты қысылады. Жастар 
Қазақстанда  елдің  бәрі  қазақша  біледі  деп 
ойлайды.  Қазақстандағы  кейбір  қазақтар 
қазақша білмейді деп оларға қалай айтасың. 
Келген соң өздері түсінеді. Жағдай жасаса, 
жастар  тілді  тез  меңгеріп  кетеді.  Өйткені 
менталитеті бірдей. Қазір олар қазақ тілін, та-
рихын білмейді. Мақтан тұтатын ештеңе жоқ. 
Ресейдегі қазақтардың 90 пайызы Абайдың 
кім  екенін  білмейді.    Тілді  білсе  Абайды 
біледі  ғой.  Мәселен  Ресейде  4  авиациялық 
институт  бар.  Олар  Қазан,  Самара,  Мәскеу 
және  Новосібір  қалаларында  орналасқан. 
Біздің балалар онда оқыса да, келешегі жоқ. 
Егер бағдарлама болса біз оларды оқытар едік. 
Ресейде білім алу тегін. 
ресей қазақтары  қазір қайсы өңірлерде 
жиі қоныстанған?
ҚАЗАҚТЫҢ НАРҚАСҚА ЖІГІТТЕРІ

44
-  Ресейде  1992  жылғы  халық  санағында 
қазақтардың  саны  1  миллион  150  мың,  ал 
2002 жылғы санақта 653 962 қазақ бар деп  
көрсетілді. Қазіргі кезде 2010 жылғы халық 
санағының қорытындысы шығарылып жатыр. 
Менің  ойымша,  осы  аралықта  Қазақстанға 
қоныс  аударғандар    саны  онша  көп  емес. 
Сондықтан 10 жылда 10-15 пайызға өстік деп 
ойлаймын.  Ресей қазақтарының отбасында 5-6 
бала болмаса да,  орта есеппен  2-3 бала бәрінде 
бар. Сондай-ақ  2002 жылғы санақта ұлттық 
графа болған жоқ. 2010 жылғы санақта бұл 
мәселе  ескерілген.  Егер  ұлтыңды  жазам 
десең ол өз еркіңде,  жазуыңа болады. Сол 
себепті  Ресей  қазақтарының  нақты  санын 
қазір өзіміз де толық білмейміз. Самарада – 
15 мың, Астраханда  – 170 мың, Орынборда 
– 135 мың, Омбыда – 110 мың, Сарытауда – 
85 мың, Якутияда – 2500, Мурманскіде – 1 
мыңдай, Уфада – 10 мың, Челябіде – 40 мың, 
Волгоградта – 60 мың, Алтай Республика-
сында – 20 мың, Алтай өлкесінде – 10 мың, 
Санкт-Петербургта – 10 мың, Мәскеу қаласы 
мен Мәскеу  облысында – 10 мың, Түменде 
– 20 мың, Новосібірде – 20 мың, Қорғанда – 
15 мыңдай қазақ бар деп шамалап отырмыз. 
Мәселен Астрахан облысындағы Красноярск 
ауданының 85 пайызы қазақтар. 
-  ресей  қазақтарының  федералдық 
ұлттық-мәдени  автономиясы  қашан 
құрылды?  Оның  қоғамдық  ұйымдардан 
қандай артықшылығы бар?
- Ресейде 1996 жылы қоғамдық ұйымдар 
туралы жаңа  заң қабылданған болатын.  Онда 
жалпы 18 федералды ұлттық мәдени автономия 
бар. Біз оны 2007 жылы ең соңғы боп  құрдық. 
Оның  түрлі  себебі  болды.    Бастапқыда  заң 
білмедік. Одан кейін бірінші Омбыда, сосын 
Орынборда әрекет жасап көрдік.  Автономия 
деген атаудан қорқатындар көп болған соң 26 
аймақтық қоғамдық ұйым бірігіп 2005 жылы 
Бүкілресейлік  үйлестіру  ұйымын  құрамыз 
деп келістік. Заң бойынша 89 облыстың жар-
тысында қоғамдық ұйым болуы керек екен. 
Сонда ғана оны құруға болады. Ал федералды 
ҚАЗАҚТЫҢ НАРҚАСҚА ЖІГІТТЕРІ

45
автономияға  бүкіл  аймақта 
автономия құру міндетті емес. 
Оны біреулер түсініп жатыр, 
біреулер түсінбей жатыр. Сол 
кішкене кедергі боп тұр. Жал-
пы бір облыста бір қожайын 
болу  керек.  Ал  қазір  кейбір 
облыстарда 2-3 қожайын бар. 
Сондықтан бізге қазір Ресей 
қазақтарының  бәрінің  авто-
номия статусын алғаны керек 
боп тұр. Заң бойынша авто-
номия дәрежесі  федералдық, 
аймақтық  және  жергілікті 
деген  үш  сатыдан  тұрады.  
Әрқайсысының өз орны бар. 
Оларға    мемлекет    бюджет-
тен  ақша  береді.  Ал  қоғамдық  ұйымдарға 
жарғылары  бар  болса  бюджеттен  қаржы 
берілмейді.   Мәселен Астраханда аймақтық, 
облыстық  қоғамдық  ұйым  бар.  Ұлттық-
мәдени автономия болмаған соң олар ақша 
алмай отыр. 
Заң бойынша алдымен әр ауданда жергілікті 
автономиялар құрылады. Олар аймақтық авто-
номияны бекітеді. Ол бір облыста біреу ғана  
болады. Ал аймақтық бұл автономиялар бүкіл 
Ресейде  бір  федералды  автономия  құрады.  
Бізде қазір бір жерде қоғамдық ұйым болса, 
бір жерде автономия болып отыр.  Федерал-
ды  автономия  құрғанда  бізде    5  аймақтық 
автономия болды.  Қазір 9 аймақтық, 20-дай 
жергілікті автономия бар. Оның ішіне Самара, 
Омбы, Орынбор, Түмен, Мәскеу және Мәскеу 
облысы,  Татарстан,  Саратов,  Алтай  өлкесі 
еніп отыр.  
Қос азаматтық туралы пікіріңіз қандай?
- Оған қажеттілік жоқ. Қос азаматтыққа 
мен қарсымын. Қазақстан халқы онсыз да 
аз.  Жақсы  бағдарламалар  болса  сырттағы 
қазақтар  елге  көшеді.  «Нұрлы  көш»  – 
жақсы  бағдарлама.  Бізге  қазір  мотивация 
керек. Бейімдеу орталықтарын құру қажет. 
Оған  үкімет  сәл-пәл  шығындануы  керек 
қой.  Ресейліктерде  қазақтардың  арасын-
да  барлық  саланың  мамандары  бар.  Олар 
Қазақстанға  келейін  десе    үй  сатып  алуға 
жинаған  ақшасы    жетпеуі  мүмкін,  егер 
оларға 20 жылға несие  берсе бәрі осында 
тұрақтап қалар еді.   
- Сырт көз сыншы, Қазақстанның қай 
жетістіктері Сізді қуантады, қай мәселелер 
алаңдатады?
-  Мені  де,  шеттегі  барша  қазақты  да 
қуантатын,  көңіліне  үлкен  қуаныш 
ұялататын  ол  –  Астана.  Астананы  көрген 
сайын  қазақ болғаным үшін қатты қуанамын. 
Ал  алаңдататын  мәселеге  тоқталсам,  
шенеуніктерде  бос  сөзділік  көп,  ісінде 
нақтылық  аз.  Қазақ  бола  тұра  қазақша 
білмейтін  шенеуніктерді  әлемде  тек 
Қазақстанда ғана кездестіруге болады. Билік 
орындарына жұмысқа алған кезде мемлекеттік 
тілді  меңгеру  туралы  қатаң  талап  қойылса 
деген кішкене тілегіміз бар.  
- ресейдегі орыстар Қазақстанды қалай 
қабылдайды?
-  Көбі  Қазақстанда  не  боп  жатқанын 
білмейді. Қазақстан туралы онда радио мен 
телевидениеде ақпарат өте аз. Сондықтан онда 
әлі күнге дейін  Қазақстанның қайда екенін 
білмейтіндер бар.
- Уақытыңызды бөлгеніңізге рахмет.  
Әңгімелескен,
Жанар Жанапиянова
ҚАЗАҚТЫҢ НАРҚАСҚА ЖІГІТТЕРІ

46
токтарбай мырза, что вы ожидаете от 

іү всемирного Курултая казахов?
- Я, казах, родился в Самарской области 
России.  Мое  мировоззрение  абсолютно 
изменилось после участия в 2002 году в работе 
ІІ  Всемирного  Курултая  казахов.  До  этого 
занимался  бизнесом,  а  сейчас  полностью 
поглощен деятельностью в качестве президента  
Федеральной  национально-культурной 
автономии  казахов  России.  Нахожусь  в 
поисках  удовлетворения    потребностей 
и  нахождения  путей  решения  проблем 
более  миллиона  казахов,  которые  втянуты 
в  ассимиляционные  процессы.  Сейчас  из 
89  областей  России,    казахи  проживают  в 
28  областях.  Но  их  объединить  в  тесное  
сотрудничество – нелегкое дело. Но все же 
есть парни и девушки, которые устремлены 
работать ради народа. Поэтому думаю, что мы 
выполним задуманные  благородные дела.
А от  ІV Курултая ожидаю, что наконец-то 
решится вопрос о преподавании казахского 
языка в средней школе России. Хотя в России 
есть села, где казахские дети составляют 80 
процентов, но в них нет ни одной казахской 
школы. Их не было и в советское время. Теперь 
эту проблему должны обсудить государствен-
ные мужи двух стран, от которых мы ждем 
политического решения. Например, в Казах-
стане есть тысячи русских школ, которые со-
держатся за счет государственного бюджета. 
Хотя бы не во всех областях, но в районах 
КАЗАхСКАя молоДЕЖь РоССии
 
СвяЗЫвАЕТ СвОЕ БуДущЕЕ 
С КАЗАхСТАНОМ
токтарбай ДУСЕнбаЕв,  
Президент  Федеральной 
национально-культурной 
автономии казахов России
компактного проживания казахов России надо 
открывать казахские школы, или хотя бы вве-
сти казахский язык в качестве обязательного 
предмета в школьную программу. 
Если  по  инициативе  Президентов  двух 
стран будут приняты решения, тогда мини-
стерство образования России приняло бы во 
внимание проблемы преподавания казахского 
языка. Это выгодно двум государствам. Это 
сохранило  бы  Россию  от  демографических 
проблем, углубило бы наше сотрудничество. 
Казахстан в свою очередь, нашел бы необхо-
димых  ему специалистов из числа и среди 
казахов России. Для нас это тоже очень важ-
но. 70 процентов сельской молодежи имеет 
высшее образование. Все стремятся получить 
образование. В советское время ветеринары, 
инженеры,  механики  были  в  достаточном 
количестве, и сейчас такая же ситуация. На-
пример, в одной только Самарской области 
обучаются  тысяча  казахов-  студентов  в  16 
высших учебных заведениях.
- вы считаете, что молодежь, рожденная 
в россии и получившая  там образование, 
захочет переехать в Казахстан?
- Да. Даже сегодня молодежь уже пони-
мает, что ее будущее связано с Казахстаном. 
По этой причине, если есть возможность, она 
приезжает сюда получить образование, после 
обустройства  –  и  гражданство  Казахстана. 
Если будут решены языковые проблемы, это 
тенденция получит развитие. Бесспорно, это 
ҚАЗАҚТЫҢ НАРҚАСҚА ЖІГІТТЕРІ

47
имеет прямое отношение к развитию эконо-
мики и улучшению национального капитала. 
Сейчас именно проблемы незнания казахского 
языка связывают руки нашей молодежи. Она 
очень неуверенно чувствуют себя именно из-
за незнания родного языка. Молодежь думает, 
что все в Казахстане знают казахский язык. А 
как им скажешь что в Казахстане некоторые 
казахи не владеют казахским языком? Когда 
они сами приедут, то поймут. Если создать 
условия, и к тому же у нас один менталитет, 
молодежь  быстро  освоит  язык.  Сейчас  она 
не знает казахского языка и историю. Это нас 
не может не огорчать. В России 90 процентов 
казахов не знают, кто такой Абай. Если бы 
владели языком, знали бы и Абая. Например, 
в  России  есть  4  авиационных  института:  в 
Казани, Самаре, Москве, Новосибирске. Если 
наши дети и будут там обучаться, но у них не 
будет будущего в России. Если будет у нас 
программа, в которой заинтересован Казах-
стан, то  тогда бы мы обучали детей. В России 
обучение бесплатное. 
- в каких регионах россии казахи про-
живают компактно?
- По переписи населения 1992 года числен-
ность казахов составляла 1 150 000, а в 2002 
году  –  653962  казахов.  Сейчас  готовится  к 
печати итоги переписи 2010 года. По-моему 
мнению, за эти периоды не так много казахов 
переехали в Казахстан. Поэтому за 10 лет чис-
ленность казахов выросла на 10-15 процентов. 
Даже если в российских казахских семьях нет 
5-6 детей, но в среднем каждая семья имеет 
2-3  детей.  В  переписи  2002  года  не  было 
графы о национальности. А в переписи 2010 
года это проблема была учтена. Если человек 
желает указать свою национальность, то это 
учитывалось. Поэтому надо признать, что мы 
сейчас не знаем реальной численности каза-
хов. Предположительно,  в Самаре – 15 000, 
Астрахани – 170 000, Оренбурге – 135 000, 
Омске – 110 000, Саратове – 85 000, Якутии 
– 2500, Мурманске около 1000, Уфе – 10 000, 
Челябинске – 40 000, Волгограде – 60 000, 
Республике Алтай – 20 000, Алтайском крае 
– 10000, Санкт-Петербурге  – 10 000, Москве 
и  Московской  области  –  10000,  Тюмени  – 
20 000, Новосибирске – 20 000, Кургане около 
15  000.  Например,  в  Красноярском  районе 
Астраханской области казахи составляют 85 
процентов всего населения.
-  Когда  было  создана  Федеральная 
национально-культурная  автономия ка-
захов россии? Какое отличие ее от обще-

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет