Дүниежүзі қазақтарының ІV құрылтайын



Pdf көрінісі
бет11/11
Дата06.03.2017
өлшемі13,88 Mb.
#8010
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Пролог орнына
Әри-айдай арбаның дөңгелегі,                                                                                                              
Кейін қалды елімнің бір бөлегі.
Кейін қалған еліме барар едім,
Қорқытады орыстың зеңбірегі.
Халық өлеңі
Жүрегі қашан қуанбақ?
Көз жасы қашан құрғамақ?
Не көрмеді бұл қазақ?
Жұтынған жұтты – 
Қақаған аязды –        
Шіліңгір ыстықты – 
Сел, тасқынды – 
Қырғын соғысты – 
Ашаршылық, жоқтықты – 
Тонау, зорлауды – 
Үркітіп, қорлауды –
Жалған жаланы – 
Алдау, арбауды –
Түнек-түрмені – 
Бәрін де, бәрін де көрді.
Сорғалаған көз жасы – 
Төгілген қаны – 
Тұңғиық көл болды.
Көл булығып, бұлт болды.
Бұлт буға айналды.
Бұлтты дауыл айдады.
Өз Отаны шет қалып,
Қайран қазақ кетті ауып.
Бір көш ауды – Қырымға.
Бір көш ауды – Үрімға.
Бір көш ауды – Өзбекке.
Бір көш ауды – Қырғызға.
Бір көш ауды – Түркменге.
Бір көш ауды – Мұңғылға.
Бір көш ауды – Қытайға. 
Бір көш ауды – Ауғанға. 
Ауған елде күй бар ма? 
Бір көш ауды – Иранға.
Иен қалған жұртында: 
Ошақ қалды оты өшкен.
Қазан қалды қайнамай. 
Жаркен бӨДЕШұлы,
Алаш сыйлығының иегері  
(Тарихи дастан)
Осы еңбегімді Қазақстан Республикасының 
Тәуелсіздік алғанына 20 жыл толған мерекесіне тарту етемін
Қауышу
99
ТІЛ МӘРТЕБЕСІ – ЕЛ МӘРТЕБЕСІ

100
Көсеу қалды көселмей. 
Есік қалды жабылмай. 
Бесік қалды тербелмей. 
Саба қалды пісілмей. 
Қымыз қалды ішілмей. 
Томағалы құс қалды. 
Тұғыр қалды тұнжырап. 
Бұзау қалды байлаулы. 
Құлын қалды желіде. 
Бота қалды ноқталы. 
Қазық қалды қағылған. 
Қозы қалды көгенде. 
Иті қалды ұлыған. 
Оба қалды омайып. 
Мола қалды молайып. 
Ауған елдің артында: 
Тауы қалды аңырап.
Орманы қалды жамырап. 
Өзені қалды өксіген. 
Көлі қалды көпсіген. 
Аласарса биігің, 
Тауық түнеп саңғырар. 
Ауса бөкен, киігің, 
Көра көзің қан жылар. 
Шешегіңді қар басса, 
Көбелегің қалтырар.
Шешен тілің алжасса, 
Санаң судай сарқылар.
                  ІІ
Сағынғанда бір келерсің, 
Сарғайғанда бір келерсің.
 
 
 (Манас жырынан)
Ойлай-ойлай мекенін, 
Сақал-мұрты ағарған.
Сағыныштың не екенін, 
Сұрадым қарт бабамнан.     
– Сағыныш шіркін әу баста, 
Кіндіктен тамған түйір қан.
Ел ауғанда аулаққа, 
Көзден жас боп құйылған. 
Салқын күз, сарғыш төңірек 
Мезгілдің о да қонағы 
Сағыныш – сары көбелек, 
Сарғайған гүлге қонады. 
Еске мұны бір сақта,
(Сағыныш жөні бөлек қой), 
Сарғайып жатып құрсақта, 
Өмірге келген бөбектей. 
Сағыныш деген – нар қамыс, 
Күн көзінде сарғайған. 
Сағыныш, үміт, ар, намыс, 
Қылышы кекке қайралған. 
Сары уайым құр елес, 
Түбіңе жетер желіксе. 
Имансызға түнемес,
Сағыныш аппақ періште. 
Сағыныш қызыл өртпен тең. 
Жанды жалмар асқынса. 
Сағыныш сартап дертпен тең. 
Жүрекке шабар қасқырша. 
Көктемге көнер кәрі қыс, 
Қайрат жеңер қайғыны. 
Саф алтындай сағыныш, 
Рухтың ұлы байлығы. 
Сағынышпен емдедім, 
Жанымды мынау жаралы. 
Сағынбаған пенденің, 
Сағы сынып қалады. 
Қайғыландым, қажалдым, 
Көңілім бірақ әлі жас. 
Сағынышқа ажалдың, 
Улы тілі дарымас. 
Сарғайса да санасы, 
Үміт оты сөнбейді. 
Арманшыл адам баласы, 
Сағыныштан өлмейді. 
Ықтатпадым ырқымды, 
Алынбаған қамал көп. 
Туған ата-жұртымды,
Сағынбасқа амал жоқ. 
Қиял кештім мың түрлі, 
Көңілді бұлт торлайды. 
Өз тілімді, ұлтымды, 
Сағынбасам болмайды. 
Елге деген сағыныш
Ер көңілдің жалауы. 
Жерге деген сағыныш, 
Ет жүректің қалауы. 
Елік қиял елбіреп, 
Бір орнында тұрмайды. 
Ет бауырым елжіреп, 
Жер жүрегім тулайды... 
Құт дариды орманға, 
Қоңыр самал жел өпсе. 
100
ТІЛ МӘРТЕБЕСІ – ЕЛ МӘРТЕБЕСІ

101
Ел – оң көзім болғанда, 
Жер – сол көзім емес пе? 
Бөлінбеген еншісі, 
Егіз ұғым ел мен жер.
Ай да – күннің көршісі, 
Бір бірінен бөлмеңдер. 
Айды күннен бөлсеңіз, 
Жарымайсың жарыққа. 
Елді жерден бөлсеңіз, 
Таңыларсың табытқа. 
Ай, күнсіз дүние қараңғы, 
Қандай жақсы таң атқан. 
Алланың өзі Ғаламды, 
Сағынсын деп жаратқан. 
Бір күлсе де, бір жылап, 
Сағынғанның бағы бар. 
Орман қыстай тұнжырап, 
Жапырағын сағынар... 
Көл сағынар аққуын. 
Тау сағынар миясын. 
Жер сағынар пәк гүлін. 
Құс сағынар ұясын. 
Құлан қағын сағынар. 
Жылан інін сағынар. 
Бұлбұл бағын сағынар. 
Дүлдүл бәрін сағынар. 
Өзекті өртеп қанатқан, 
У қосылған уайымға. 
Жарылқаушы жаратқан, 
Екі көзден айырма.
Тілерім сол саған да, 
Мұңдас, сырлас ағайын. 
Қос шырағым аманда, 
Елді көріп қалайын. 
Алатауды бір көрсем, 
Айығар ем дертімнен, 
Қаратауда күн көрсем,
Еркелер едім еркіммен. 
Көкшетаудың бал, шұбат, 
Дәмі қашан бұйырмақ? 
Құлагер атты қамшылап, 
Кетер едім құйындап. 
Тарығасың, наласың, 
Мезгілсіз гүл солар ма? 
Сарарқаның даласын, 
Көрер күнім болар ма? 
Көңіл шіркін дал ұрып, 
Күй кешемін мен нендей. 
Қалар едім аңырып, 
Абылайханды көргендей. 
Сағындырған елге ассам,
Жанарыма жас алып
Жетісуда жер бассам, 
Қалар едім жасарып. 
Болмаса да атағым, 
Алты Алашқа жар салар. 
Желбіретіп сақалын, 
Жамбыл қашан қарсы алар?! 
Алакөлге әйгілі, 
Жұп-жұбымды жазбай кеп. 
Шомылармын қай күні? 
Үйрек пенен қаздай боп. 
Адыра қалып уайым, 
Жарқыраса ай маңдай. 
Атыраудың мұнайын, 
Ұрттар едім айрандай... 
Бұрылып тұр бүйрегім, 
Ақ жайыққа қонарға. 
Құрманғазы күйлерін, 
Естір заман болар ма? 
Алтай тауға тез өтсем, 
Аңыратып самалын. 
Сүйер едім кезекпен, 
Бұғы менен маралын. 
Айнысам діл, тілімнен,
Қалар мені кім қорғап? 
Қол-аяғы тілінген, 
Туған анам күң болмақ, 
Дегдар әкем құл болмақ. 
Иманы жоқ құр кеуде, 
Бордай болып тозады. 
Осы емес пе білгенге, 
Бұл жалғанның тозағы. 
Салты бөтен, жүзі жат, 
Жүрмін өксіп бір елде. 
Ата-жұртым – ұжымақ. 
Амалым жоқ кірерге... 
Есіңде болғай бөрікті ұл,
Күтіп тұр алда не бір сын. 
Арамызды бөліп тұр, 
Шекара деген темір сым. 
Темір сымның шетіне,
Келіп тұрмын қалғымай. 
Бір жүректі екіге, 
Бөліп қойған тағдыр-ай.
101
ТІЛ МӘРТЕБЕСІ – ЕЛ МӘРТЕБЕСІ

102
авторлық шегініс – 1 
Бір қазақты қоссам деп бір қазаққа, 
Арманым жоқ, күйіп кетсем тозаққа. 
Төрт құбыламды алайын деп түгендеп, 
Қарғып міндім тағалаулы боз атқа. 
Еуропаның киген костюм-шалбарын, 
Кезіктірдім Түркістанның шалдарын. 
Кезіктірдім Ақтөбенің тумасын, 
Мұхиттардың асып едім ар жағын... 
Тілін тапқан әрбір елдің, әр сайдың, 
Қандасымды көрген сайын марқайдым. 
Сонау жылы Стамбулға барғанда, 
Кезіктірдім Керейлерін Алтайдың. 
Жортқан сайын кезігеді қайдағым, 
Қайран ұлтым, айраным мен қаймағым. 
Аттың басын тіреп едім Иранға. 
Жолықтырдым Алакөлдің Найманын. 
Сонау, сонау, сонау қиын заманда, 
Қайран қазақ қарсы шапқан қамалға. 
Әр жерден бір төбелері жылтырап, 
Кезігеді Уағым да, Тамам да. 
Бір қазақты қосам деп мың қазаққа, 
Өз еркіммен күйіп жүрмін тозаққа.
Іздеп тауып алайын деп жоғымды, 
Қарғып міндім атқан таңдай боз атқа. 
Жолың болғай дегейсің!
 
    ІІІ
Еріксіз түскен еңістен, 
Еркіңмен шыққан өр артық.
 
 
 
 
Абай 
Кеңге салып арқаны
Дәніккен бал мен шекер жеп. 
Сұрадым байдан қалталы, 
Тәуелсіздік не екен деп? 
Байлық деді ол бөгелмей, 
Жуан қарнын бір сылап. 
Кедейлік, жоқтық көген ғой, 
Олар қалай жүр шыдап. 
Берлинді қалған мекендеп, 
Ел жаққа түріп құлағын. 
Бостандық деген не екен деп, 
Бір қазақтан сұрадым. 
«Бостандық – деді ол туған жұрт, 
Тал бесіктің кұндағы. 
Демеңіз, мені, жүр қаңғып, 
Тағдырдың ісі бұл-дағы. 
Ішімде шер, күйігім, 
Сатқындық жоқ салтымда. 
Қарақұмның түйірін, 
Бермес едім алтынға. 
Тірліктің ісі тірі егес, 
Қауіпті емес ол да аса. 
Байлық, мансап түк емес, 
Туған халқың болмаса». 
Салпаңдатып құлағын, 
Есек мінген тепеңдеп. 
Еріксіз құлдан сұрадым, 
Еркіндік деген не екен деп: 
« – Рахмет, мырзам, еледің, 
Сақтамай қулық ішіңе. 
Еркіндік, теңдік дегенің, 
Кіреді тек түсіме». 
Ойына көркі жарасқан, 
Санасы саңлақ, маңдайлы,
Сұрадым атпал Алаштан, 
Тәуелсіздік қандай-ды? 
«– Осы біздің қазаққа, 
Көзі түзу Алланың. 
Дем беріп ұшар қанатқа, 
Меңзеді бұлттың аржағын... 
Аңсап күткен арманы, 
Бір қиырдан оралып. 
Ақсұңқар құс самғады. 
Аспан ашық, жол анық. 
Азаттық алған Алашым, 
Түрді түнек, қыспақты. 
Мінгізіп атқа баласын, 
Қос тізгінін ұстатты. 
Қондырды таққа қолдасып, 
Киізге салып Ұлығын. 
Көтеріп шаңырақ, Ордасын, 
Шаншыды алтын уығын. 
Түгендеп түгел мал, басын, 
Жаңғыртты өлке, аймағын. 
Өрнектеп ойып таңбасын. 
Шашақтап көк байрағын. 
Тұйыққа тіреп мезі еткен, 
Тастады ашып қақпасын. 
Төрткүл дүние кезекпен, 
Тіреді келіп атбасын. 
Жүк қалдырса – нарға сын, 
Қазақ қандай ақылды 
Ауып кеткен қандасын, 
Ата-жұртқа шақырды».
102
ТІЛ МӘРТЕБЕСІ – ЕЛ МӘРТЕБЕСІ

103
Дүниежүзі Қазақтарының тұңғыш Құрыл-
тайы Тәуелсіздіктің алғашқы жылы Алматы 
қаласында  дүркіреп  өтті.  Ашық  аспанды 
күндей күркіреткен алып ұшақтардан әлемдік 
меймандар тәулік бойы толастамай нөсердей 
төгіліп тұрды.
Төгіліп тұрды көк нөсер, 
Нөсер емес кіл қазақ. 
Өз көзіңмен көр де, сен, 
Құбылыс қой бұл ғажап. 
Аспаннан Алаш жауғанда
Алматы гүл-гүл нұрланды. 
Нұрланды бақша-баулар да, 
Ағаштар дүр-дүр бүр жарды. 
Тасқа да тамыр біткендей,
Қызыл-сары мүк басты. 
Тұла бойын құт керней, 
Қарағай, шырша жұптасты. 
Құйып тұр нөсер сабалап, 
Толастамай, басылмай. 
Апорттар доптай домалап, 
Шашылды жерге шашудай. 
Боз талдың бойы ұзарды, 
Үзім моншақ үзілмей. 
Шиелер тегіс қызарды, 
Ұялшақ қыздың жүзіндей. 
Алшы түсіп асығы, 
Аспаннан қазақ жауған күн, 
Дос мерейі тасыды, 
Құты қашып жаулардың. 
Еліңнің тартты көші өрге, 
нөсерле, қазақ нөсерле. 
Атажұртқа кім келді: 
Сағыныш келді, нұр келді. 
Бөлінбеген дін келді. 
Былғанбаған тіл келді. 
Күмбірлеген күй келді. 
Мың бұралған би келді. 
Сұлулық келді. Сән келді. 
Ұмытылған ән келді. 
Береке келді белсеніп. 
Махаббат келді өртеніп. 
Адалдық келді алқынып. 
Шындық келді шырылдап. 
Арман келді шарқ ұрып. 
Елдік келді еңселі. 
Ерлік келді еңіреп. 
Қайсарлық келді. Серт келді. 
Бәйгенің аты ерттелді. 
Қуаныш келді құлшынып. 
Үміт келді үлбіреп. 
Бөлінгенді бүтіндеп, 
Ортайғанды толтырып. 
Толықсытып қалың елді, 
Келді, келді, бәрі келді. 
Алматыға кім келді? 
Қазақ келді, қаз келді. 
Қазбен бірге жаз келді. 
Жер көгерер, ел өссе, 
Арналар соған ән-жырым.
Алланың нұры емес пе, 
Шелектеп жауған жаңбырым.
IV
«2002  жылгы  қазанның  23-24  күндері 
Түркістан  қаласында  Дүниежүзі  қазақ-
тары ның  екінші  Құрылтайы  ашылды.  Бұл 
Құрылтайға әлемнің түкпір-түкпірінен кел-
ген 400-ге жуың қазақтар қатысты».
 
 
     (Құрылтай шежіресінен).
түркістан екі дүние есігі ғой. 
түркістан ер түріктің бесігі ғой.
 
 
Мағжан Жұмабаев
 
 
Қазан айы көгінде, 
Толғатып тұр буаз бұлт. 
Қаяу салып көңілге, 
Абыржыды біраз жұрт. 
Қалайда бір бар қауіп, 
Тіршілік тұр қорғалап. 
Кетер ме екен қар жауып, 
Әлде нөсер сорғалап... 
Құпиясын жасырып, 
Табиғат тіл қатпайды. 
Мүмкін аспан ашылып, 
Жер былығып жатпайды... 
Әлде ерте, әлде кеш, 
Бүрлейді екен тасжарған. 
Жаңбыр да емес, қар да емес, 
Қазақ жауды аспаннан... 
Бүкіл Тұран ойпаты, 
Елеңдеген, елтіген. 
Қаратаудың қойтасы, 
103
ТІЛ МӘРТЕБЕСІ – ЕЛ МӘРТЕБЕСІ

104
Домалады өз еркімен. 
Сиремей мейман қатары, 
Тірегенде ат басын. 
Түркістанның шаһары, 
Айқара ашты қақпасын. 
Ой жетпес шыңға, қол жетті. 
Күмбірлеп кетті күй демде. 
Қазақтар еркін төрлетті, 
Тігілген ақбоз үйлерге. 
Ән-ұраны көк бойлап
Көл толқып, тау тебіренді. 
Желбіреді көк байрақ, 
Болашағын ел көрді. 
Тіл-жағы бөздей жыртылып, 
Жыраулар төпеп жаңбырын... 
Әншілер құстай сілкініп, 
Құйқылжытты ән-жырын. 
Таң қалды мейман, жамағат. 
Көргендей асыл бейнені. 
Он жасар ойшыл азамат, 
Тәуелсіздік сөйледі: 
«– Армысың, қандас қауымым, 
Қонағым құтты армысың! 
Елжіреп жүрек, бауырым. 
Сіздерге айтар алғысым. 
Қазақ деген ұлт біреу, 
Ғарышта, жерде жүрсе де. 
Отаны біреу – құт тіреу, 
Алтын тағы – Күлтөбе... 
Күлтөбеге жиылып, 
Кеңес құрған қандай-ды. 
Билер мұртын шиырып, 
Алыстан жауын барлайды.
Баладай пәк, тілалшақ, 
Күллі Алаштың тілі ортақ. 
Діні, салты, ділі ортақ.
Қазақ тілден айрылса, 
Маған қауіп төнеді. 
Қазақ діннен айрылса, 
Жүрегім жүнжіп, сөнеді. 
Сенімді досым Қаламсап, 
Құранның жазған сүресін. 
Бірінші жауым – Жарамсақ. 
Табанымнан сүйетін. 
Қисынын табар қиялап, 
Сақтанам өсек, ғайбаттан. 
Екінші жауым – Қиянат, 
Адалдың сорын қайнатқан. 
Ұлтымды жаным сүйеді, 
Мәңгүрттен көрер ел қорлық. 
Түгімен жұтқан түйені, 
Үшінші жауым – Жемқорлық. 
Адалдық ардың айнасы,
Сақтасын, тәңірім жаладан. 
Төртінші жауым – Ланкестік, 
Халықты бұлап, талаған. 
Мейірім, шапағат ұраным, 
Санам ада жанжалдан. 
«Ата заң» әділ құралым, 
Қара қылды қақ жарған. 
Аман бол, қандас бауырым. 
Мейманым құтты аман бол! 
Елжіреп жүрек, бауырым. 
Тілеймін аппақ саған жол». 
                 ххх
Бұлттан шықты күн көзі, 
Құлпырды гүлдің шешегі. 
Күмбірлеген күмбезі, 
Яссауидің кешені... 
Айнала халал шырын бақ, 
Мұсылманға несіп бұл. 
Мұсылман торғай шырылдап, 
Мұсылман жел есіп тұр. 
Білдіріп құрмет, ізетін, 
Ашылды алдан дәу есік. 
Меймандар бүкті тізесін, 
Аруақтарға тәу етіп. 
Киелі екен бұл аумақ, 
Имансыз болсаң жүр аулақ. 
Абылайханның рухы – 
Есімханның рухы – 
Құлқожаның рухы – 
Қасымханның рухы – 
Әз Тәукенің рухы – 
Қазбек бидің рухы – 
Қазірет Сұлтан рухы – 
Орнынан тұрды бір аунап. 
Табалатпай шайтанға, 
Қорлатпай жалдап сайқалға, 
Зиратын хан мен билердің, 
Мешіт қорғап, сақтаған. 
Қуанып кіріп меймандар, 
Ойланып шықты қақпадан...  
Түркістанда Түмен баб – 
Сайрамда бар сансыз баб – 
Отырарда Арыстан баб – 
104
ТІЛ МӘРТЕБЕСІ – ЕЛ МӘРТЕБЕСІ

105
Самарқанда сансыз баб –
Ең үлкені Арыстан баб – 
Айналасы гүл өрнек, 
Бас қосқандай осында, 
Әулиелер түгел кеп. 
Жаумаса да қар мұздап, 
Құстар ұқсап ұшқышқа. 
Келген қазақ андыздап. 
Ұшып кетті тұс-тұсқа.
авторлық шегініс – 2
Бауырым көшіп келсе де –
Құшағыма енсе де – 
Ауылым көшіп келсе де – 
Адал асын берсе де – 
Ақ бетеге, ен жайлау – 
Ағынды бұлақ кең жайлау – 
Кіндік қаным бір тамған – 
Жайырым көшіп келмейді-ау. 
Сағыныш шіркін меңдесе, 
Жалғыз басты ой басар. 
Жалғыз жүрек шөлдесе. 
Мені уайым меңдеді, 
Меңдеген сол уайымды, 
Қайрат, күшім емдеді. 
Елім көшіп келсе де, 
Жерім көшіп келмеді. 
Сол жаныма батады. 
Сорым шығып сыртыма, 
Ішіме қан қатады. 
Күмілжіп күнім батқасын, 
Талықсып таңым атады.
                      V
«2005 жылғы қыркүйектің 28-30-да Астана 
қаласында  Әлем  қазақтарының  үшінші 
Дүниежүзілік  Құрылтайы  өтті.  Құрылтайға 
әлемнің  32  елінде  тұратын,  атап  айтқанда 
Ресейден,  Өзбекстаннан,  Түркменстаннан, 
Моңғолиядан,  Түркиядан,  Швециядан, 
Даниядан, Норвегиядан, Чехиядан, Ираннан, 
Ауғанстаннан,  АҚШ-тан,  Канададан, 
Тайваннан, Қытайдан қазақ диаспорасының 
300-дей  өкілі  шақырылды.  Сондай-ақ, 
бұл  жиынға  Қазақстан  Парламентінің 
депутаттары, Республикалық үкімет мүшелері, 
барлық облыстар мен  Астана  және Алматы  
қалаларының   делегациялары,  зиялы қауым,    
түрлі    қоғамдық    ұйымдар    мен    бірлестіктің    
өкілдері қатысты».
 
 
   (Құрылтай шежіресінен)
«Көне тарихымыздан бері тұңғыш рет өз 
Астанамызды,  өз  Елордамызды  4-5  жылда 
орнатып,  бүкіл  дүниені  таң  қалдырдық. 
Астананы ғарыштан қазақ ғарышкері Талғат 
Мұсабай құттықтады».
 
 Нұрсұлтан Назарбаев 
Зардап шеккен апаттан. 
Зардап шеккен соғыстан. 
Зардап шеккен аштықтан. 
Зардап шеккен қастықтан. 
Бұралқы иттей ұлыған, 
Зардап шеккен ұрыдан. 
Мына заман қандай-ды: 
Адамды адам қорлайды. 
Адамды адам ұрлайды. 
Адамды адам алдайды. 
Адамды адам тонайды. 
Адамды адам арбайды. 
Адамды адам сатады. 
Адамды адам атады. 
Адамды адам қанайды. 
Адамды адам қамайды. 
Адамнан робот ақылды. 
Аңыз боп жүрген талайғы, 
Ақыр заман осы ма? 
Осындай қиын заманда, 
Қарсы шауып қамалға. 
Астана қонақ шақырды, 
Жар салып күллі ғаламға. 
Сарқа жұмсап ақылды, 
Қазақты – қазақ шақырды. 
Қанатқа жалғап қанатты. 
Шақырды қазақ қазақты. 
Емес еді желік құр, 
Ел сағынған ерікті ұл, 
Аяулы Ата жұртына, 
Шақырғасын келіп тұр. 
Алаш пен Алаш қауышты, 
Дәм мен тұзын ауысты. 
Қауышқаны бір мерей, 
Жақындатып алысты.
Орындалды бір тілек. 
105
ТІЛ МӘРТЕБЕСІ – ЕЛ МӘРТЕБЕСІ

106
Өзі барда бұлты жоқ 
Сарарқаның жонына, 
Жауып тұр қазақ дүркіреп.. 
Дүркіре қазақ, нөсерле, 
Еліңнің тартты көші өрге. 
Бауырларым келді деп, 
Есіл ақты елжіреп. 
Ақорданың үстінде, 
Көк ту тұрды желбіреп. 
Астана – Нұр мешіт те, 
Шақырды таңғы азанын. 
Болардай күнә кешіксе, 
Ұйқыдан тұрды қазағым. 
Арқада боран борап тұр. 
Ақтеңіздей толқынды. 
Қойны-қоншын қонақтың, 
Ақ ұлпаға толтырды. 
Таза ауа, ақ сонар
Махаббат қой білгенге. 
Қойынға кірген ақша қар, 
Жылуымен жүректің 
Еріп кетті бір демде... 
Ақ сауыты шірімес, 
Біздің батыр Алаштың. 
Бірі ерте, бірі кеш, 
Толастамас ұлы көш. 
Торғай екеш торғай да, 
Ұясын тауып қонбай ма. 
Айналайын Алашым. 
Көш байсалды болғай-да. 
Алла жолын бергесін, 
Көш тоқтаса елге сын. 
Ұрпақтың тал бесігін, 
Барша қазақ тербесін. 
Қазақ ұлты қанатты,
Қамалмас қара қосына. 
Көш тонаған қарақшы, 
Тозақтың күйер отына. 
Қазақ келді көш келді. 
Жаңартып мынау ескі елді. 
Қарғыс атсын, ант атсын, 
Керуен жолын кескенді. 
Солай демей не дейсің, 
Көбейсе қазақ көбейсін.
Қазақ келді дегенше, 
Сұңқар құс келді дегейсің. 
Солай демей не дейсің, 
Көбейсе сұңқар көбейсін. 
Ақсұңқар ұшты шүйіліп. 
Арқаның желін үйіріп. 
Күн нұрын шашып жондарға –
Ай толықсып толғанда – 
Астана алтын тұғыры, 
Қанаты талып қонғанда. 
Жыраулар бекер толғай ма? 
Беу ақсұңқар, пәк сңңқар. 
Тұғырың құтты болғайда. 
Қуанып тұрмын мен қандай, 
Қуанбасқа жол бар ма-ай, 
Астана жүрек болғанда, 
Атажұрт Арқа кең маңдай. 
Солай демей не дейсің, 
Тынысым бір кеңейсін. 
Мейман келді дегенше, 
Береке келді дегейсің. 
Алаш келді дегенше, 
Бірлік келді дегейсің. 
Өшкенім жанып, өлгенді, 
Тіріліп келді дегейсің. 
Қолымызды бек қысып, 
Қарауыл қойып сыртына. 
Мейман қазақ кетті ұшып. 
Қош, айтып, Атажұртына.
авторлық шегініс
Жүректегі жан жырым – 
Шым-шытырық тағдырым. 
Бірде сөзім шырын – бал, 
Бірде сөзім қан – жылым. 
Көп қарадым қабаққа
Аз қосылдым санатқа. 
Бір көзімнен – сор ағар, 
Бір көзімнен – қан ақса. 
Тұла бойым сыз, қайғы, 
Салқын жүрек қызбайды.
Бір бүйірім – жылыса, 
Бір бүйірім – мұздайды. 
Есінемей ескіше,
Ойға батсам естіше.
Сол құлағым – тас керең,
Оң құлағым – естісе.
Салды тағдыр элекке,
Менен шаттық дәметпе.
Туған жерім – Жайырда,
Жайыр алыс емес пе?
106
ТІЛ МӘРТЕБЕСІ – ЕЛ МӘРТЕБЕСІ

107
Жасырайын несіне,
Қақ бөлінген несібе.
Бөліп беріп отырам,
Бір жүректі екіге.
Ана жақта – Анам бар,
Мына жақта – балам бар.
Мен – анама алаңдап,
Анам – маған алаңдар.
Алаң, алаң, алаңмын,
Алаңдасам налармын.
Қиын екен жалғанда,
Алаңдауы адамның.
Қараша түспей қар ұрған,
Заман мынау тарылған.
Мендей мұңлық бар ма екен?
Ғұмыры қақ жарылған.
Не ойлайды осы жұрт,
Іске асар ма қос үміт.
Бүтінделер ме екенбіз,
Бөлінгендер қосылып.
Екі Неміс бірікті,
Бал мен судай кірікті.
Елі қандай бауырмал,
Ері қандай білікті.
Іргелі елдер жұтай ма?
Тоғайын біреу бұтай ма?
Бірігер екі Корей де,
Бірігер екі Қытай да.
Қор болмайық босқын, қашқынға.
Жем болмай ит пен қасқырға.
Біз қашан түгенделерміз?
Бір шаңырақ астында.
Эпилог
Қауышу емес танысу, 
Қауышу емес жарысу. 
Қауышу емес алысу. 
Қауышу емес қан ішу...
Қауышу...
Қауышу...
Қауышу... 
Көктем келсе, жаз маздап, 
Қауышар жермен сарғалдақ. 
Бесік пен бөбек қауышса. 
Ананың көңілі мәз болмақ. 
Қара жер күнді айналар. 
Жұлдызын нұрлы ай бағар. 
Қапысыз қауыштырайын, 
Қауышпай жүрген қайда бар? 
Ұстаның көзі от шашар, 
Төске ұрылса балғасы. 
Еділ мен Жайық қауышса, 
Каспийдің толар арнасы. 
Сүлу әйел, ер кісі, 
Махаббатқа өң берер. 
Ырыс тасыр іргеден, 
Қауышқанда ел мен ел. 
Ғарыш пен адам қауышса
Жер құпиясы ашылмақ. 
Жапырағымен қауышса, 
Саялы болар жасыл бақ. 
Ажырамас бейне дос құсап, 
Қауышу ыстық қос құшақ. 
Іле мен Балқаш қауышса, 
Жетісу желдей лепірер. 
Ертіс пен Зайсан қауышса, 
Асқақтаған Алтайдың, 
Киігі күнге секірер. 
Шарпыса келіп от құйын. 
Өмірдің мәні көк тиын. 
Ажырату оп-оңай, 
Қауыштыру бек қиын. 
Ажырату – талақ. 
Қауыштыру – сауап. 
Оң қанаты – сағаныш. 
Сол қанаты – жылы үміт. 
Атажұртқа талпынғыш. 
Қауышу – алтын құс. 
Ақсұңқар қазақ, қаз, қазақ, 
Қанатты қат-қат жаз, қазақ. 
Қазан мен ошақ қауышса, 
Ошақтың оты маздамақ. 
Ақ сұңқарға, қыранға,
Қуат бергей бір Алла! 
Қауышу... 
Қауышу... 
Қауышу... 
2011 жыл. Алматы.  
107
ТІЛ МӘРТЕБЕСІ – ЕЛ МӘРТЕБЕСІ

РЕДАКЦИЯ ЕСКЕРТПЕСІ:
Авторлардың стилі, орфография хақы сақталады,
мақалалар редакцияның көзқарасын білдірмейді.
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының “Атажұрт” 
баспасының компьютер орталығында теріліп, беттелді.
КӨРКЕМДЕУШІ-ТЕХНИКАЛЫҚ
РЕДАКТОР
Гүлжан ҚҰРМАНОВА
КОРРЕКТОРЛАРЫ
Гүлсім ОМАРОВА
Айнұр СЕМБАЕВА
РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕН ЖАЙЫ:
Қазақстан Республикасы, 050002, Алматы қаласы, 
Ш.Уәлиханов көшесі, 43А. Тел./факс: (327) 273 99 97, 273 90 25
E-mail: Tugan_til79@mail.ru
Альманахтың мұқабасында – суретші 
Зейнелхан Мұхамеджанұлының "Көш" шығармасы
Теруге жіберілген күні 05.05.2011 ж. 
Басуға қол қойылған күні 10.05. 2011 ж. Пішімі 70х100 1/16. 
Тапсырыс №375. Таралымы 1000 дана. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет