«Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша қорытынды бітіру жазбаша емтиханын өткізу тәртібі



Дата06.12.2022
өлшемі140,32 Kb.
#55312
Байланысты:
«Дүниежүзі тарихы» пәні


«Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша
қорытынды бітіру жазбаша емтиханын өткізу тәртібі:
Жазбаша емтихан білім алушылар бір-бірден отырғызылатын үлкен сынып бөлмелерінде өтлізіледі.
Емтихан жұмыстары Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен таңертеңгі сағат 10:00-де басталады.
Жазбаша жұмыстарды орындау үшін білім алушыларға мектептің мөртабаны басылған қағаз беріледі. Жұмыстарын орындаған білім алушылар оны жоба жазумен (черновикпен) бірге Комиссияға тапсырады.
Жұмыстарын емтиханға арналып бөлінген уақыт ішінде аяқтай алмаған білім алушылар сол аяқталмаған қалпында тапсырады.
Жазбаша емтихан өткізу кезінде білім алушыға дәлелді себеппен сынып бөлмесінен шығуға рұқсат етіледі. Бұл жағдайда ол жұмысты емтихан жұмысында немесе тіркеу журналында білім алушының емтиханда болмауының ұзақтығын белгілейтін Комиссия мүшесіне тапсырады.
«Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша
қорытынды бітіру жазбаша емтиханын өткізу тәртібі
Тест тапсырмаларының саны және нысаны, тестілеуге арналған жауап парағының нысаны, бейін және оқыту тілі бөлінісінде жасалған тест ерекшеліктерімен анықталады.
«Дүниежүзі тарихы» таңдау пәнінен жазбаша емтихан ҚР БҒМ 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 159 бұйрығы бойынша 2022 жылғы 10 маусымда өткізіледі.
үниежүзі тарихы
Емтихан жұмысы 2 бөлімнен тұрады:
А бөлімі ұсынылған бес жауаптың ішінен бір дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін 12 тапсырмадан тұрады.Әр тапсырма 1 балмен бағаланады.
В бөлімінде мазмұны жағынан кейбірлері бір-бірімен байланысты қысқа және толық жауапты қажет ететін 4-5 тапсырмалардан тұрады.
Тарихи картаны (атлас) қолдануға рұқсат берілмейді.
Орындау уақыты 3 сағат
Максималды балл 40 балл
КІРІСПЕ
    • 1-БМ Білу және түсіну - Білім алушылар пән бойынша базалық білімі мен түсінігін көрсетеді.
    • 2-БМ Қолдану және жоғары деңгей дағдылары - Білім алушылар себеп-салдарлық байланыстарын анықтау мақсатында тарихи оқиғаларды, құбылыстарды, процестерді зерттейді; мемлекеттердің тарихи дамуын, тарихи тұлғалар қызметінің нәтижесі мен уәждерін саралайды; қоғамдық, экономикалық, саяси және мәдени процестерін зерттейді, талдайды; проблемалық сұрақтарға жауап беру үшін түрлі тарихи дереккөздерді салыстыра талдау жүрізеді; бір тарихи оқиғаларға, құбылыстар мен процестерге түрлі көзқарастарды салыстыра отырып, қорытынды жасайды; түрлі таңбалы жүйеде (мәтін, карта, кесте, схема, дыбыс-бейне қатары) ұсынылған ақпараттарды қолданады, оқиды, зерттейді, талдайды

Бағалау міндеттері:
    • 1-Бағалау міндеті бойынша: 12 балл
    • 2-Бағалау міндеті бойынша: 28 балл
    • Барлығы 40 балл

Бағалау міндеттеріне сәйкес балдарды бөлу:
Емтихан жұмысына балл қою үдерісін балл қою кестесі негізінде аттестаттау комиссиясы жүзеге асырады.
Білім алушыларға қойылған балл, балдарды бағаға айналдыру шәкіліне сәйкес бағаға ауыстырылады.
КІРІСПЕ
    • Негізгі бағалардың сипаттамасы білім алушылардың мүмкіндік деңгейін анықтайтын белгілі бір стандарт жөніндегі жалпы түсінігін қалыптастыру үшін беріледі.
    • Іс жүзінде білім алушыларға берілген баға оның тапсырмаларды қалай орындағанына байланысты болады.

Бағалар сипаттамасы :

Баға

Сипаттамасы

5

Білім алушы пән бойынша терең білімі мен түсінігін көрсетеді. Тарихи терминдерді пайдалана отырып мазмұнын анық және жүйелі жеткізеді, сонымен қатар тарихи тұлғалардың рөлін көрсетеді. Тарихи дереккөздерді дәлелдер ретінде қолдана отырып оларды бағалайды және интерпретация жасайды.

4

Білім алушы пән бойынша орташа білімі мен түсінігін көрсетеді. Тарихи терминдерді пайдалана отырып мазмұнын анық және реттілікпен жеткізеді, сонымен қатар тарихи тұлғалардың рөлін көрсетеді. Тарихи дереккөздерді дәлелдер ретінде қолдана отырып оларды бағалайды және интерпретация жасайды.

3

Білім алушы пән бойынша базалық білімі мен түсінігін көрсетеді. Тарихи терминдерді пайдалана отырып мазмұнын анық жеткізеді, сонымен қатар тарихи тұлғалардың рөлін орташа деңгейде көрсетеді. Тарихи дереккөздерді дәлелдер ретінде қолданбайды, оларға орташа деңгейде баға береді және интерпретация жасайды.

2

Білім алушының базалық білімі жеткіліксіз.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет