«Дүниежүзі тарихы» пәнінен қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы



бет3/21
Дата15.10.2022
өлшемі2,33 Mb.
#43348
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
osh fo dunie-zhuzi-tarihy ogn 10-klass qaz

Дескриптор

Білім алушы
















  • синтоизмді сипаттамасымен сәйкестендіреді;

  • иудаизмді сипаттамасымен сәйкестендіреді;

  • даосизмді сипаттамасымен сәйкестендіреді;

  • зороастризмді сипаттамасымен сәйкестендіреді;

  • манихейді сипаттамасымен сәйкестендіреді.

7




Тақырып


Оқу мақсаты


Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі

Африка, Америка, Австралия және Океанияның дәстүрлі


өркениеттері
10.1.3.4 Локальді өркениеттердің ерекшеліктерін оларға тән
белгілерін салыстырмалы талдау негізінде анықтау
Білім алушы
 Өркениеттердің ерекшеліктерін салыстырмалы талдау
арқылы ажыратады

Жоғары деңгей дағдылары



Тапсырма

Ұсынылған ақпаратты оқып, кестені толтырыңыз.




Шығыс өркениеті

Өркениеттер арасынан тарихшылар әлемнің әр өңірінде, дамудың түрлі кезеңдерінде өмір сүрген елдерді немесе елдер топтарын бөліп алып қарастырады. Олардың ішінде айрықша маңызы бар өркениеттер тобы ежелгі Үндістанды, Қытайды, Вавилонды (Бабыл), Египетті және Шығыстағы мұсылман мемлекеттерін құрайтын топтар жатады.


Дүниежүзіндегі алғашқы университет Шығыста ашылды. Жаңа тарихқа дейінгі кезеңдегі ғылым мен өндіріс технологиясының теңдесі жоқ жаңалықтарының басым көпшілігі Шығыста пайда болды. Индустриалдық өркениеттің суырылып алға шығуына, кейіннен ғылым мен техниканың қарыштап дамуына кең жол аршып берген төрт ұлы жаңалық — қағаз, компас, оқ-дәрі, әлемнің гелиоцентрлік жүйесі — алдымен Шығыста пайда болды.


Батыс өркениеті

Біздің заманымызға дейінгі VIII— VI ғасырлардағы Грекияда өзгеше ақша айналысы жүйесі, нарық және саяси ұйымдасудың негізгі формасы — полис қалыптасты. Халықтардың егемендігі мен бостандығы, демократиялық формалары туралы идеялар көтерілді.


Ежелгі Рим өркениеті Батыс өркениетінің ішінде ерекше орын алды. Римдік заңгерлер құқықты жеке адамдардың пайдасын көздейтін жеке құқық және Рим мемлекетінің жағдаятына қатысты жамиғаттық құқық деп екіге бөлді. Римде императорлардың заң шығарушы қызметі үлкен маңызға ие болды. «Конституция» деген жалпы атпен эдикттер, декреттер жарияланды, рескрипттер, мандаттар таратылды.





БАТЫС өркениеті ерекшеліктері

ШЫҒЫС өркениеті ерекшеліктері





























Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет