Дүниетаным туралы түсінік. Дүниетанымның тарихи формалары. «Дүниетаным»



бет29/58
Дата22.05.2023
өлшемі0,76 Mb.
#95786
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   58
1. сана негізінде жатады;
2. заттардың ең жалпы мәні болып табылады.
Ерік – заттардың ең жалпы мәні деп түсіндіргенде Шопенгауэр Канттың «санада тек қоршаған дүние заттарының бейнелері (образдары) ғана бейнеленеді (аффициацияланады), ал олардың ішкі мәні шешілмес жұмбақ («өзіндік зат») болып калады» деген теориясына сүйенеді.
Шопенгауэр бұл теорияны волюнтаризм тұрғысынан қолданды:
1. қоршаған дүние - адам санасындағы түсініктер дүниесі ғана;
2. дүниенің, оның заттарының, құбылыстарының мәні «өзіндік зат» емес, ерік;
3. құбылыстар әлемі мен мәндер дүниесі дегеніміз - қабылдаулар дүниесі мен еріктің әлемі;
4. әр адамның еркі оның өз әрекеттерін анықтайтыны сияқты, бүкіл әлемдегі жалпы ерік, заттар мен құбылыстардың еркі - дүниедегі сыртқы құбылыстардың, заттардың қозғалысы мен кұбылыстардың пайда болуына себепші болады:
5. тірі организмдердің ғана емес, өлі табиғаттың да «бейсаналық». «қалғып жаткан» еркі бар;
6. дүние - еріктің жүзеге асуы.
Ерік мәселесінен баска Шопенгауэр басқа да философиялық мәселелерді
адам тағдыры,
еркіндік,
қажеттілік,
бақыт,
адам мүмкіндіктері
сұрақтарын қарастырады.
Шопенгауэр адамның табиғатқа ғана емес, оның өзіне-өзінің билік ете алу мүмкіндігіне сенбейді.
Адам тағдыры заттар мен құбылыстардың бүкіл-әлемдік хаосы тізбегінде жүреді және бүкіләлемдік қажеттілікке бағынышты. Жеке адамның еркі қоршаған дүниенің еріктер жиынтығы алдында шарасыз, әрі оған бағынышты. Шопенгауэр адам бақытына сенбейді.
Шопенгауэр философиясы (оның жеткілікті негіз туралы төртгік заңы, волюнтаризмі мен пессимизмі, т.б.) өз замандастарына түсініксіз болды, қабылданбады, танылмады да. Шопенгауэр философиясы бейклассикалық идеалистік философияның (иррационализм, символизм, «өмір философиясы») және позитивизмнің дамуында үлкен рөл атқарды.

  1. Әл Кинди мен Әл Фараби шығыс перипатетизмінің негізін салушылар. Әл-Фарабидің қоғам және мемлекет туралы ілімі.

Ғылым саларында ол метафизикаға көп көңіл бөліп, оны «ғажайып ғылым» деп атаған, ал ол пән жаратылысты зерттейтін болғандықтан алдымен Аллаһты басты негізге алады. Фараби, Құдайды тану тек философтардың қолынан келеді дейді.

Оның топтастырған ілімі бойынша бірінші орында – тіл туралы ғылым, яғни грамматика, екіншісі – логика.


Үшінші бөлім, бүтін ғылым саласының жиынтығы негізделетін математика: арифметика, оптика, астрономия, астрология.
Төртінші, қорытынды бөлімде гносеология мен онтология негізге алынып жазылған физика және метафизика қарастырылады. Келесі бөлімдерде музыка, ауырлық күші ғылымы, құрылыс өнері қарастырылған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет