Дүниетанымды қалыптастыру,мазмұны, мәні. Жауабы: Дүниетаным



бет1/8
Дата12.09.2023
өлшемі34,76 Kb.
#106958
  1   2   3   4   5   6   7   8

26.Дүниетанымды қалыптастыру,мазмұны, мәні.
Жауабы: Дүниетаным – тәрбиенің маңызды міндеттерінің бірі. Дүниетаным – адам санасының арнайы формасы, яғни қоғамдық өмірге, табиғатқа , өзіне көзқарасы.
Дүниетаным – бұл тұлғаның , топтың немесе жалпы қоғам құрылымының қаңқасы. Дүниетанымның субьектісі – тұлға, әлеуметтік топ және тұтастай алғандағы қоғам.
Дүниетанымның үш компоненті бар – білім, сенім, мұрат. Білімсіз дүниетаным қор жинай алмайды, білім – дүниетанымды қалыптастыратын негізгі компеонент. Білім адамның көкірегіне қоныс тауіп, санасына ұялап, оның өмі тәжірбиесінің елегінен өтіп барып, сенімге айналады. Адамның алдына қойылған мақсатының айқын болуы,дүниетанымның өмірмен байланыстыығы берік сенімнен туады.Сенім мен дүниетаным қатарласып жүрсе ғана адам санасы беки түседі.Өйткені бұл екеуі адамның ең асыл қасиеттері болып табылады.Сенім – бұл шынайылықтың призмасы болып табылады.Ол дүниеге көзқарастың түп қазығы, бағытташысы, адамның өз позициясына, тоқыған ойына, істеген ісіне , ұмтылған мұрат мақсатына деген беріктік.
Дүниетанымның бір құрылымы – мұрат(идеал). Бұл – адамның өзіне өмірден өнеге іздеу, біреуді ардақ тұтып, қастерлеуі. Адам мұраты – адам баласының жоғары мұрат-мақсаттары,өмірге ұмтылушылығы, талаптанушылығы. Адам оған жету үшін қолынан келгеннің бәрін жасайды,өзін тәрбиелеуге кіріседі, барлық күш жігерін соған арнайды. Дүниетанымның үлкен тәжірбиелік маңызы бар.
Дүниетанымның қалыптасуы ұзақ әрі күрделі процесс. Сондықтан да адам өмірін тұтас түгел қамтиды, оның нәтижесінде жеке көзқарастар мен сенім жүйесі дамиды, қалыптасады, олар жеке адамның әрекет жасауына басшылық етеді. Дүниетаным қалыптасуына саяси, адамгершілік және эстетикалық көзқарастар көп эсер етеді.[1] Ғылыми білімдер Дүниетаным жүйесіне ене отырып, адамның немесе бүкіл топтың қоршаған әлеуметтік және табиғат заңдылықтарын бағдарлау мақсаттарына қызмет етеді. Сонымен қатар, ғылым адамдарды әртүрлі нанымдар мен адасулардан құтқарып, оның шындық болмысты ақыл-ойы арқылы тануына жағдай жасайды.[2]
Дүниетанымды қалыптастыратындар: тәжірибені теориялық тұрғыдан қорыта білу, сезімнің ақыл ойға әсері,саналы, алдына қойған мақсаты бар ерік-жігер. Бұлар баланың көзқарастары мен сенімдерін қалыптастырады. Егер адамның көзқарастар жүйесі оның санасының , сезімдерінің бірлігіне сүйенсе , тек сол жағдайда ғана онда әлем тралы түсінік қалыптасады. Сондықтан дүниетаным қалыптастыру тұлғаның белсенді іс-әрекетінен, оның интелектісіне , жігеріне, эмоцияларына ықпал етуден тікелей тәуелді. Дүниетанымның дамуына әсер етуші факторлар :

  1. Адамның материалдық жағдайы

  2. Әеуметтік орта, тәрбие, ақпарат құралдары

  3. Сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстары.

  4. Қоғамдық пайдалы еңбекке қатысу.

Бұлар жасөспірімдердің қоғамдық өмірге ынтасын тәрбиелейді, саяси және мәдени ой-өрісін кеңейтеді, олардың еңбекке,мамандық таңдауға көзқарасын қалыптастырады.

27. Адамгершілік тәрбиесі, мазмұны мәні.
Жауабы:Аристотельдің сөзімен айтқанда адамгершілік қасиеттері туа пайда болмайды , ол тәрбие нәтижесінде қалыптасады.Адам бақытқа тек қана ақылдың көмегімен жетеді. Аристотель адамгершілікті дианоэтикалық (интелектуалдық) жәни этикалық (еріктік) деп бөліп қарастырады. Шынайы адамгершілік мінез-құлықтың ақыл-ой сезімімен ымыраға келуі, этикалық және дианоэтиалық ізгіліктерінің бірігі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет