Дүниетанымды қалыптастыру,мазмұны, мәні. Жауабы: Дүниетаным


Этика – ғылым, білімнің саласы. Мораль(адамгершілік)



бет2/8
Дата12.09.2023
өлшемі34,76 Kb.
#106958
1   2   3   4   5   6   7   8
Этика – ғылым, білімнің саласы. Мораль(адамгершілік) – этиканың зерттейтін пәні. Этка категорияларына байланысты кең тараған түсініктер: мораль – еке адамның өз іс- әрекетін өзіндік көзқараспен бағалауы;адамдардың күнделікті мінез-құлық нормалары. Адамгершілік – адамдардың іс-қылықтарын әділ бағалау,жоғары принціптер. Алайды бүгінге дейін бұл түсініктерге тұрақты , жалпы жалпы маңызы бар анықтамалар ерілмеген. Мәселен, Аристотель түсінігі бойынша , этика – адамгершілік туралы ерекше , практикалық ғылым, оның мақсаты қалай ізгілікті, рақымды және бақытты болуға адамға үйрету.
Әль-Фараби: «этика» немесе «этикалық өнер – адамның адамгершілік сапалары мен интлектуалдық қабілеттері туралы ғылым,ол адам мінез- құлқының ережесі мен нормаларын және бақытқа жету тәсілдерін зерттейді» - дей келеэтикалық категорияларға : жақсылықты, зұлымдықты достықты, өзара көмекті әділеттілікті , әділетсіздікті, абыройды,қанағаттануды және бақытты жатқызады.
Шәкәрім: «этика – ол ар ілімі, оның негізгі категориясы – ұждан, ол екі өмірге де керекті . Ұждан дегеніміз- ынап, әділет, мейірім» деп этикалық категорияларға тоқталады.
Адамгершілік - адамдар арасындағы қарым-қатынастарды реттеп отыратын моральдық ұғым.Адамгершілік қасиет барлық ұлтқа тән, барлық адамзат мойындайтын жақсы қасиеттерді бойына топтастырады. Адамзат адамгершілікке адамгершілік тәрбиесі арқылы жетеді. Адамгершілік тәрбиесі – мінез-құлық дағдылары мен әдеттерді қалыптастыру, адамгершілік сезімдерді дамыту, моральдық сананы мақсатты бағытталған түрде қалыптастыру, немесе мінез-құлық дағдылары мен әдеттерді, мінез бітімдерін, моральдық қасиеттерді қалыптастыру процессі. Адамгершілік тәрбиесі – мақатқа негізделген көзқарасты, сенімді,парасатты, мінез-құлық дағдылары мен әдеттерді қалыптастыруға және адамгешілік сезімді, ұлттық сананы,қарым-қатынастыдамытуға бағытталған, жалпы адамзаттық тәрбиенің құрамдас бөлігі.
Адамгершілікке тәрбиелеу – жеткіншектердің адамгершілік нормалар мен ережелерді меңгеруге , оларда адамгершілік сезімдерді дамытуға , адамгершілік сана мен сенімдерді қалыптастыруға , адамгешілік мінез-құлық дағдылары мен әдеттерді , іскерлітерді шыңауға бағытталған педагогикалық үдеріс. Бұл үдерістің негізгі мақсаты: жеке тұлғаның өзін өзі тәрбиелеу мен өзін-өзі жетілдіру деңгейіне өтуі.(Л.Х.Салиманова)
В.В.Микаев бойынша адамгершілік тәрбиесінің негізгі бөліктері:

  • Адамгершілік түсініктері , ұғымдарды,идеяларды қалптастыру;

  • Адамгершілік снімдерді қалыптастыру

  • Мінез-құлық дағдылары мен әдеттерді қалыптастыру;

  • Өзін-өзі тәрбиелеу;

  • Жағымсыз ықпалдарға, теріс әсерлерге қарсы тұра білу іскерлігін қалыптатыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет