Дүниетанымды қалыптастыру,мазмұны, мәні. Жауабы: Дүниетаным



бет4/8
Дата12.09.2023
өлшемі34,76 Kb.
#106958
1   2   3   4   5   6   7   8
Эстетикалық тәрбие - айналадағы болмыста, табиғатта, қоғамдық өмірде, еңбекте, көркемөнер құблыстарындағы әсемдікті сезініп, мақсатты қабылдау қабілетін тәрбиелеу, көркемөнерде, өмірде әсемдікті жасауға шамасынша қатысуға қабілеттері мн мүмкіндіктерін тәрбиелеу. (Шацкая В.Н.)
Эстетикалық тәрбие – болмыстағы және өнердегі сұлулық пен әсемдікті дұрыс қабылдау үшін, адамның эсттикалық түсінігін, сезімін, талғамын қалыптастыру үшін берілетін тәрбие.
Эстетикалық тәрбиенің мақсаты – басқа тәрбие түрлері сияқты жеке бастың үйлесімді дамуын қалыптастыру. Эстетикалық тәрбие кең көлемде яғни көркемөнерде , адамдардың барлық іс-әрекеттерінде , қоғамдық болмыста жан – жақты сипат алуы тиіс.
Эстетикалық тәрбиенің бірімен – бірі өзара байланысты екі жағ бар:оның сыртқы көрінісі – эстетикалық тәрбиенің міндеттері,мазмұны, құралдары мен әдістері, ал оның ішкі мәні – педагогтың жетекшілігімен адамның жеке басының эстетикалық мәдениетін қалыптастыруың тамаша әсемдікке тәрбиелеуі, баланың іс-әрекетін творчесволық жетілдіре түсу.
Эстетикалық мәдениеттің басқа сыңарлары деп жееке адамның эстетикалық ой-өрісін құрайтын, білім негізіне қалыптасатын түсініктерді, ұғымдарды , көзқарастарды , талғамдарды есептеу керек.
Эстетикалық тәрбиенің құралдары:

  • Қоршаған дүние табиғи орта күнделікті тұрмыс этикасы

  • Табиғаттан, өмірден алған әсері

  • Көркем әдебиет шығармалары

  • Музыкалық туындылар , бейнелеу өнері

  • Мерекелер мен сауықтар

  • Өнер

  • Табиғат

  • Ұлттық салт-дәстүрлер

  • Қарым-қатынас

  • Ертегілер

  • Жұмбақтар

  • Айтыс өнері, т.б.

Эстетикалық тәрбиенің құралының бірі – музыка. Халық музыкасының асқан шберлері – әнші, күйші, жыршы, жырау, ақындар көшпелі күн көрістегі қазақ арасында зор әлеуметтік қызмет атқарады. Мұндай талант иелері жұртшылық арасында ағартуыш мен тәрбиші де бола білген.
М.Жұмабаев «Көркем денелі, түзу ойлайтын, дәл пішетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы үн, әдемі түрден ләззат алып, жаны толқынарлық болса, баланың дұрыс тәрбие алып шын адам болғандығы» деп жазды.
Эстетикалық тәрбиенің міндетері:
— эстетикалық білімдерді қалыптастыру;
— эстетикалық мәдентиетке тәрбиелеу;
— ата-бабаларымыздан қалған асыл мәдени мұраны игеру;
— шынайы қоршаған ортаға эстетикалық қатынасты орнату;
— эстетикалық сезімдерді қалыптастыру;
— адамды өмірдегі, табиғаттағы, еңбектегі әсемдікке баулу;
— өз өмірін және іс-әрекеттерін сұлулық заңдарына сай құру қажеттіліктерін дамыту;
Эстетикалық мәдениетті қалыптастыру процессінде оқушылар бойында өнердегі, өмірдегі, табиғаттағы, тұрмыстағы, еңбектегі, мінез-құлық және іс-әрекеттегі әсемдік пен әдемілікке деген әсерлі сезімталдық дамиды. Осыған орай А.П.Чеховтың: «Адам бойында бәрі де әдемі болуы керек: денесі де, киімі де, жаны да, ойлары да» деген сөздерін еске сақтау абзал.
29.Саяси тәрбие мазмұны , мәні.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет