Жаңа сабақ
|
Тақырыпты ашу үшін сюжетті әңгіме құрастыруға болады. Әңгімеде басталуы, шарықтау шегі және шешімі болады.
Басталуында Әбілқайыр хан қол астындағы халқынан салық төлеуді талап етуі туралы айтылады (электронды қосымшадан слайд-презентацияны қарау (8-слайдқа дейін) және оқулықтағы 1-азат жолды оқу).
Шарықтау шегінде Керей мен Жәнібек сұлтандардың Әбілқайыр ханнан іргесін аударып, бөлек Жетісу өңіріне қарай бет алуы баяндалады.
Оқушыларға тапсырма: Өзіңді Керей немесе Жәнібек сұлтанның рөлінде елестетіп көр және көшпенді халықты өзіңмен ілесуге шақыратын үндеуді құрастыр.
Оқушылар Керей немесе Жәнібек сұлтандардың атынан былай деп үндеу құрастыра алады:
Әбілқайыр ханнан кетейік! Ол – қатал, дүниеқор, сараң хан. Билеуші ретінде ол өз халқын жаудан қорғай алмады. Ойратпен болған шайқаста жеңіліс тауып, қалада бас көтермей
жасырынып қалды. Ал жау болса, біздің үйімізді тонады, бүкіл малымызды айдап кетті. Енді келіп хан бізге салық төле деп отыр. Біз қалай төлейміз? Немен төлейміз?
Әбілқайыр – рақымсыз хан! Ешкім оның қол астында жайбарақат, тыныш өмір сүре алмайды. Ол барлығымызды жылатты. Халықтың ешқайсысы өзін қауіпсіз сезінбейді. Биліктің жолында қаншама адамды қырғынға ұшыратты. Бізге ондай ханның керегі қанша?
Бізге басқа жерге қоныс аудару керек. Өз мемлекетімізді құрамыз, тату-тәтті, бақытты өмір сүреміз. Бізге жани ашитын, біздің жағдайымызды ойлайтын әділетті ханды таңдап аламыз. Көшпенділер Керей мен Жәнібектің шақыртуына үн қатып, Жетісу жаққа қарай бағыт алады. Бірақ алда не күтіп тұрғаны белгісіз еді.
Оқулықтағы иллюстрациямен жұмыс.
Мына суреттен жат жерге көшіп бара жатқан Керей мен Жәнібек сұлтандарды көріп отырсың.
Олар бір-бірімен не жайында әңгімелесіп бара жатыр, қалай ойлайсың? Екі-екіден жұмыс істей отырып, екеуінің арасында болған сұхбатты құрастырып көріңдерші.
Оқушылардың жауаптары.
Болашақты болжау. Жағдай ары қарай қалай дамиды, оларды жат жерде қандай кездесу күтіп тұр. Болжамдарыңды айтыңдар.
Оқушылардың жауаптары:
жаңа жерде оларды дұшпандықпен қарсы алуы мүмкін;
оларды достық кездесу күтіп тұруы мүмкін.
|
Электронды қосымша Оқулық
Оқулық
Дәптер Оқулық
Дәптер
|