Мұғалім: Өлеңді тыңдаңдар:
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем, Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем, Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем. Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған, Бәрі маған «Отан» деп сыбырлаған.
Жаным менің, кеудемді жарып шық та Бозторғайы бол оның шырылдаған.
Отан! Отан! Бәрінен биік екен Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем!
(Мұқағали Мақатаев)
– Балалар, «Отан» сөзін естігенде, ойларыңа не келеді?
Оқушылар: кең-байтақ дала, Қазақстан, отбасы, туған-туыстар, өзіңнің үйің.
Мұғалім: Біздің Отанымыз – Қазақстан. Қазақ халқының мемлекет болып құрылуының тамыры тереңде жатыр. Жақында еліміз Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толғандығын атап өтті.
Бүгін біз Қазақ хандығының қандай оқиғалардың нәтижесінде және неліктен құрылғанын білетін боламыз.
|