Дүниетану қысқа мерзімді жоспары


Пәнге қатысты лексика мен терминология



бет69/160
Дата06.01.2022
өлшемі0,72 Mb.
#11372
түріСабақ
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   160
Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Қажеттіліктер, экономика, экономиканың салалары: өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, көлік, сауда-саттық.



Диалогке/жазылымға қажетті тіркестер Ауыл қаласыз, ал қала ауылсыз өмір сүрмейді. Талқыланатын мәселелер:

  • адамдардың қандай қажеттіліктерін білесің?

  • экономика дегеніміз не?

  • қала мен ауыл қандай тауарлармен алмасады?

Жазылым:

Ата-аналарының мамандықтарын және олар экономиканың қай саласында жұмыс істейтіндерін жазу.



Алдыңғы білімдер

Менің туған ауылым. Менің туған қалам. Қала және ауыл.

Сабақ жоспары

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Ой қозғау

Мұғалім: – Балалар! Әрбір адамның, ол үлкен болсын, кіші болсын, өз қажеттіліктері

болады. Қажеттілік деген сөз нені білдіреді? Қажеттілік дегеніміз – адамның онсыз өмір сүре алмайтын керек нәрсесі және қалаған барлық нәрсесі.

Аса қажетті, онсыз өмір сүре алмайтын ең басты қажеттіліктерді атаңдар.

Оқушылар: Су, ауа, киім, тамақ, баспана.

Мұғалім жауаптарды тақтаға жазады.

Су мен ауа – табиғаттың бізге берген сыйы. Ал қалғандарын қайдан алуға болады? Оларды қолмен жасау, өсіру және өндіру керек.

Балалар, «экономика» сөзін естігендерің бар ма? Қандай мағынаны білдіретінін білесіңдер


Тақта







ме?

Экономика дегеніміз – бұл адамдардың шаруашылық қызметі. Адамдар шаруашылық қызметпен айналыса отырып, тауарларды өндіреді. Тауар дегеніміз – сатуға арналған

өнімдер. Тауарларды көзбен көруге, қолмен ұстауға болады. Мысалы, велосипед, ойыншық, ұялы телефон. Басқа мысалдарды да келтіріңдер.

Сонымен қатар адамдар қызметті де қажет етеді. Қызметтер біздің өмірімізді жақсарта түседі. Мысалы, шаштаразда ештеңені сатпайды, онда біздің шашымызды қияды, оны жуып, неше түрлі шаш үлгілерін жасайды.



Таулар суреті (велосипед,

ойыншық, телефон)


Сондай-ақ, қызметтерді мұғалімдер, дәрігерлер, әртістер және басқа да көптеген мамандық иелері көрсетеді. Олар тауарды немесе затты өндіріп шығармайды, бірақ олардың еңбектері

Дәптер

адамдарға үлкен пайдасын тигізеді.




Осылайша экономикамен күнделікті кездесіп отырамыз. Мысалы, автобусқа мінесіңдер, нан сатып аласыңдар, телефон арқылы қоңырау соғасыңдар, мектепте оқисыңдар. Демек, экономика әрдайым біздің жанымызда.

Кейбір тауарлар қалада, ал кейбір тауарлар ауылда өндіріледі. Қала мен ауыл арасында қандай байланыс бар екенін бүгін білетін боламыз.



(Ұ, Ж) Сабақтың тақырыбын өз бетімізше анықтап көрейік.

Оқушылар сабақтың тақырыбын «Қала мен ауыл арасындағы байланыс қандай?» деп анықтайды және «қала мен ауыл арасында қандай байланыс бар екенін білетін боламыз» деп сабақтың мақсатын атайды.

Венн диагрммасын құрыңдар





Адамдардың саны көп Адам саны аз

шоғырланған қалада зауыт, Адамдардың шоғырланған ауылдарда фабрикада өнімдер мекен ортасы мал,

шығарылады егіншаруашылығымен

айналысады.






Жаңа сабақ

Мұғалім: Бүгін біз экономиканың қандай салалары бар екенін анықтайтын боламыз. Электронды қосымшадан «Қала мен ауыл арасындағы байланыс қандай?» бейнематериалын көру (тапсырмаға дейін).

Оқулықтағы «Экономиканың салалары» сызбасымен жұмыс жасаймыз.


Электронды қосымша







Суреттерге назар аударыңдар. Онда экономиканың қандай салалары бейнеленген.

  • Біздің жиі тұтынатын қажеттіліктеріміз: киім, жиһаз, кітап, азық-түлік және т.б.

  • Осы өнімдерді экономиканың қандай салалары бізге өндіріп береді? (Киім, жиһаз,

кітаптарды фабрикалар мен зауыттарда, яғни өнеркәсіп орындары өндіреді; ал нан, сүт, көгөніс, ет өнімдерін ауылшаруашылығы өндіреді).

  • Өнеркәсіп пен ауылшаруашылығы бұл өнімдерді бізге үйге дейін алып келген жоқ. Олардың өнімдерін біз ақшаға сатып алдық.

  • Осы жағдайда экономиканың қай саласы бізге көмекке келді? (Сауда-саттық саласы, яғни дүкендер, базарлар, сауда орталықтары және т.б.).

  • Фабрика, зауыт, ауылшаруашылығының өнімдері дүкендер мен базарларға қалай жеткізілді? (көлік арқылы).

  • Көлік дегеніміз – тасымал құралдары. Ол да экономиканың бір саласы. Ал көлікті не үшін қолданады? (Адамдарды, жүктерді тасымалдау үшін).

  • Экономиканың тағы бір маңызды саласы бар. Экономиканың сол саласы арқылы біз үйлерде тұрамыз, мектепте білім аламыз. Ол болмаса зауыттар мен фабрикалардың, мектептер мен ауруханалардың, тұрғын үйлердің ғимараттары болмас еді.

  • Ол экономиканың қай саласы екен? (Құрылыс).

Экономиканың салалары бір-бірімен байланысты ма, қалай ойлайсыңдар? (Байланысты).

  • Мысалы, құрылыс пен көлік арасындағы байланысты қалай түсіндіруге болады? (Көлік болмаса жаңа ғимараттың құрылысына керекті материалдарды жеткізу мүмкін емес).

  • Ауылшаруашылығы мен көліктің арасындағы байланысты түсіндіріңдер. (Көлік болмаса азық-түліктерді қалаға жеткізе алмаймыз, қаладан техника алып келе алмаймыз).

  • Қандай қорытынды шығаруға болады? (Экономиканың барлық салалары – өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, көлік, құрылыс және сауда – бір-бірімен өте тығыз байланысты). (ҚБ) «Бас бармақ» стратегиясы

Мұғалім сабақта айтылған жайттарды оқушылардың қаншалықты түсінгендерін анықтау үшін оқушылардан бас бармақты көрсетулерін сұрайды.

Бар бармақ жоғарыда болса – «Мен түсіндім»;



Бас бармақ көлденеңінен болса – «Шамамен түсіндім»; Бас бармақ төмен болса – «Мен түсінбедім».

Мұғалім: Экономиканың барлық салаларында адамдар жұмыс істейді. Оқулықтағы иллюстрацияларды қарап шығыңдар.

(Ж) Екі-екіден отырып, қаланың және ауылдың тұрғындары немен айналысатынын

Оқулық







талқылаңдар. Олардың мамандықтарын, кәсіптерін атаңдар.

Электронды қосымшадағы 1 тапсырманы орындаймыз: Кім қандай салада жұмыс істейді? Тінтуірдің көмегімен қажетті салаға апарыңдар.

Мұғалім: «Ауыл қаласыз, қала ауылсыз өмір сүре алмайды» деген сөзбен келісесіңдер ме? Мысал келтіре отырып, сөйлемдегі айтылған ойдың дұрыстығын дәлелдеңдер. Жауапты сызба бойынша құрастырыңдар (ПДМН-формуласы):

  • мен санаймын …

  • себебі …

  • мысалы…

  • сол себептен …

(Ж) Оқушылар екі-екіден отырып, тапсырманы орындайды. Жауаптың үлгісі:

  • мен ауыл қаласыз, қала ауылсыз өмір сүре алмайды деп санаймын;

  • себебі қала мен ауыл бір-бірімен өте тығыз байланысты;

  • Мысалы: қаланың тұрғындарына ауылда өндірілетін азық-түліктер: ет, сүт, көгөністер, жемістер қажет. Ал ауыл тұрғындарына қалада өндірілетін жиһаз, техника, киім, құрылыс материалдары және тағы басқа көптеген заттар керек.

  • сол себептен ауыл қаласыз, қала ауылсыз өмір сүре алмайды.

Тапсырма орындаймыз: жүк артып алған фургондар қайда кетіп барады: ауылға ма, қалаға ма?

Электронды қосымша Дәптер

Дәптер


Рефлексия

Тапсырма: Елестетіп көр, сен – кәсіпкерсің. Көгөніс консерві зауытын ашқың келеді. Осыған қажетті шикізаттар мен жабдықтарды қайдан аласың?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет