Т Екі топқа бөлінген оқушылар ауылдағы өмір мен қаладағы өмірдің артықшылықтарын дәлелдеп береді.
Мұғалім пікірталасты қорытындылайды.
Қалада тұрған жақсы ма әлде ауылдық жерде тұрған жақсы ма деген сұрақтың нақты
жауабы жоқ. Әр адам өзінің ішкі әлеміне, өмір сүру салтына қарай қайда тұратынын өзі таңдайды.
Егер сендер табиғатты, тыныштықты жақсы көрсеңдер, онда сендерге ауылда өмір сүрген жөн.
Егер сендер бір орында отыра алмасаңдар, жаңа эмоция мен жаңа таныстықтарды қажет етсеңдер, онда ауылда сендерге қызықсыз болады. Кім білім алып, мансабын құрғысы
келсе, онда қалада тұрғаны дұрыс.
|