Дүниетану пәнін оқыту әдістемесі


Бақылау күнделігімен жұмыс



Pdf көрінісі
бет30/39
Дата23.09.2022
өлшемі2,39 Mb.
#39972
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   39
Байланысты:
dynietanu (1)

2. Бақылау күнделігімен жұмыс
"Бақылау күнделігінде" әр ай сайын бір пейзаждың суреттері берілген, онда оқушылар осы 
айға тән маусымдық өзгерістерді атап өтуге тиіс. Мұндай жұмыс балалардың бақылаушылығын 
жаттықтырады, әсіресе мұғалім оларға бейнеленген жерді өздерінің тұрған жерімен 
салыстыруды ұсынса. Күнделік тапсырмалары бойынша жұмыс жасай отырып, балалар 
жапырақтардың түсуі, бірінші аяз, алғашқы қар, ең ұзын және ең қысқа күн және т.б. табиғи 
құбылыстарға назар аударады.
Тапсырмалар балаларға бұрын белгісіз және жаңалықтарды көруге, қыстайтын құстар 
туралы білуге, оларға қалай және неге көмек көрсету керек екендігі туралы білуге көмектеседі. 
Тапсырмалар балаларға бұрын білмеген және және білімдерді білуге, қыстайтын құстар туралы 
білуге, оларға қалай және неге көмек көрсету керек екендігі туралы білуге көмектеседі.
Бөлме өсімдіктерін күтуге арналған арнайы мәліметтер бар, сол білімді практикалық сабақта 
қолданған жөн
Күнделікте күзде жүргізілетін жұмыстар тізімі беріледі, олар бақтарда, саябақтарда, 
скверлерде өтіліп баланың өзі байқағандарды атап көрсету ұсынылады. Оқушылар тек үй 
маңындағы, жақын маңдағы саябақта немесе скверде жұмысты бақылап қана қоймай, сонымен 
қатар оларға белсенді түрде қатысуы керек.
Күнделіктің бірқатар тапсырмалары мен суреттері екінші сынып оқушыларына табиғатты 
қорғауда, оған қамқорлық жасауды ұсынады.


62 
Жыл соңында екінші сынып оқушылары жалпы қорытынды шығарып, белгіленген жерде 
күз, қыс, көктем қанша ай жалғасқанын анықтайды.
Күнделікте жазға тапсырмалар берілді (маусым, шілде, тамыз). Мұғалім міндетті түрде 
демалыс кезінде балаларға бақылау жүргізуді және күнделікте бар тапсырмаларды орындай 
отырып жазуды ұсынады.
2 сыныпта мұғалім оқушыларға әр түрлі жыл мезгілдерінде аспанда күннің әр түрлі 
биіктікте болатыны туралы түсінік береді. Ол үшін мұғалімнің басшылығымен екінші сынып 
оқушылары әр айдың жиырмасыншы күнінде белгілі бір уақытта көкжиек сызығының үстіндегі 
күннің қандай биіктікте екенін бақылап, оның биіктігін ағаштың биіктігімен немесе жанында 
тұрған үйімен салыстырады. Оқушылар қыркүйек айынан бастап күннің көзі төмендей 
көкжиектің үстіне көтерілгенін байқайды, ал желтоқсан айынан бастап аспанда біртіндеп 
жоғары тұратынын байқайды. Айта кететін жағдай Күннің көзі көкжиектен жоғары көтерілген 
сайын, күн соғұрлым ұзақ болады; күннің көзі төмен болса, күн қысқа болады. Бұдан шығатын 
қорытынды күн көкжиектен төмен көтерілсе соғырлым суық болады
Жеке бақылау күнделіктерінен басқа оқушылар табиғат пен еңбектің жалпы сынып 
күнтізбесін жүргізеді. Екінші сынып оқушыларына екі жылға есептелген (II және III сыныптар) 
жалпы сынып күнтізбесін жүргізуге болады.
Күнтізбенің әрбір бағанын екі бөлікке бөлу керек, біріншісі – ағымдағы жылы, екіншісі-
келесі жылы. Күнтізбені мұндай жүргізу ауарайының жыл сайынғы маусымдық өзгерістері 
туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Күн сайынғы бақылаулардан басқа, балалар 
табиғи құбылыстар мен объектілерді экскурсияларда, пәндік сабақтарда және арнайы көрнекі 
құралдармен пайдалана отырып бақылайды Бақылау қорытындысын шығару кезінде әдетте 
салыстыру әдісі қолданылады. Мысалы, оқушылар суға қойылған бұтақтардың және мектеп 
жанындағы өсіп тұрған ағаштардың бұтақтарының бүршік ату мерзімдерін; ашық және бұлтты 
күндер санын; 0° - ден жоғары және 0° – ден төмен температуралы күндер санын салыстырады.
Осылайша, біз 2 сыныпта табиғатты тану сабағында зерттеудің негізі бақылау болып 
табылатындығын көреміз. Бақылау нәтижесінде екінші сынып оқушылары келесі дағдыларды 
меңгереді: бақыланатын объектіні немесе құбылысты ауызша сипаттау, өсімдіктер жағдайының 
ауа температурасының өзгеруіне тәуелділігін анықтау, термометр көрсеткіштерін анықтау.
3. "Жұмыс дәптерінің" үлгісі (Дүниетану, 1-сынып) 


63 


64 


65 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет