Дүниетану пәнін оқыту әдістемесі


-  тарау. "Дүниетану" оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру



Pdf көрінісі
бет35/39
Дата23.09.2022
өлшемі2,39 Mb.
#39972
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
2- 
тарау. "Дүниетану" оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру 
6. 
"Дүниетану" пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 
1) 
1-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 33 сағат; 
2) 
2-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат; 
3) 
3-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат; 
4) 
4-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағатты құрайды. 
7. 
"Дүниетану" оқу пәнінің 1-сыныпқа арналған базалық мазмұны келесі бөлімдерден 
тұрады: 
1) 
"Мен және қоғам" бөлімі: отбасы; отбасы мүшелеріне қатысты туыстық байланыстар 
жүйесіндегі өз орнын анықтау; "шежіре" ұғымы; отбасындағы қамқорлық; тауар-ақша 
қатынасының қарапайым түрлері; тұтыну заттарына деген өз қажеттіліктерінің құрылымы; 
мектеп және мектеп қауымдастығы; мектептің адам өміріндегі маңызы; мектептегі 
функционалдық аймақтардың орналасқан жері; күн тәртібі; тәулік уақыты мен апта 
күндерінің атаулары; өзін мектеп оқушысы және сынып ұжымының мүшесі ретінде сипаттау; 
менің атамекенім; мекенжай атауы және елді мекенінің географиялық орналасқан жері; өзі 
тұратын елді мекеннің басты көшесі, ғимараттары және көрнекі жерлері; денсаулық пен 
қауіпсіздік; жеке бас гигиенасын сақтаудың маңыздылығы; тамақтану режимі; үйдегі 
қауіпсіздік ережелері; жолда жүру тәртібі; жаяу жүргіншілердің қозғалысын реттейтін жол 
белігілерінің мәні; мерекелер; отбасылық мерекелер; 
2) 
"Еліміздің табиғаты" бөлімі: жергілікті жерде бағдарлану; жергілікті белгілер 
бойынша көкжиек тұстарын анықтау; табиғатта өзін-өзі ұстау ережелері; климат және ауа 
райы; ауа райының адам өміріне және оның іс- әрекетіне әсері; табиғи жағдайлар және 
олардың адам өмірі мен қызметіне әсері; жыл мезгілдеріне орай табиғатта бос уақытты өткізу 
мүмкіндіктері; туризм; туризмнің мәні; туристердің негізгі мақсаттары; 
3) 
"Тарих беттерінен" бөлімі: ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер: ежелгі адамдар, 
сақтар, Томирис патшайымы, ежелгі заманның танымал тарихи ескерткіштері және 
жәдігерлері туралы алғашқы мәліметтер; Қазақстан аумағындағы көне жазулар туралы 
түсінік; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздермен танысу, оларды сипаттау; 
Қазақстан елордасы – Астана қаласы. 
8. 
"Дүниетану" оқу пәнінің 2-сыныпқа арналған базалық мазмұны келесі бөлімдерден 
тұрады: 
1) 
"Мен және қоғам" бөлімі: отбасы; отбасы мүшелерінің ауызша портретін жасау; 
отбасындағы әдеп нормаларын түсіндіру; отбасы қажеттіліктерінің құрылымы; мектеп және 
мектеп қауымдастығы; мектептегі оқу және оқудан тыс әрекет түрлері; мектеп 
қауымдастығының құрылымы; ұжымдық, топтық және тұлғааралық мінез-құлық нормалары; 
сынып ұжымын сипаттау; менің 


78 
атамекенім; көрікті жерлерін сипаттау; Қазақстан картасындағы ірі өзен- көлдер, қалалар, 
жолдар, өз облысы; денсаулық пен қауіпсіздік; пайдалы және зиянды тағамдардың 
арасындағы айырмашылықтары; күнделікті жағдаяттардағы (үйде және қоғамдық 
орындарда) қауіпсіздік ережелері; көлік түрлері, олардың қажеттілігі; қоғамдық көліктегі 
өзін-өзі ұстау ережелері; құқық және міндет; құқық, міндет және жауапкершілік; қоғамға 
қызмет етудің әлеуметтік маңызы; Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік 
мерекелері; 
2) 
"Елімнің табиғаты" бөлімі: жергілікті жерде бағдарлану; тұсбағдардың көмегімен 
көкжиек бағыттарын анықтау; ауа райының адам өмірі мен шаруашылық іс-әрекетіне оң 
және кері әсері; ірі табиғи нысандардың (тау, жазық, көлдер мен өзендер) шаруашылық 
маңызы; өз өңіріндегі табиғи жағдайлардың (жер бедері, климат, өсімдік және жануарлар 
әлемі, су нысандары) оң және кері тұстары; табиғаттың қолайсыз және қауіпті құбылыстарын 
жіктеу; туризм; туризмнің негізгі түрлері; туризмнің түрлерін дамытуға қолайлы нысандар; 
туристік нысандардың ерекшеліктері; 
3) 
"Тарих беттерінен" бөлімі: "мал шаруашылығы" және "егін шаруашылығы" 
туралы алғашқы түсінік алу; көне қалалар мен ескерткіштер; ғұндардың өмір салты туралы 
алғашқы түсінік; Ботай мәдениетінің ерекшеліктері; қазақ халқының жылқыны қолға 
үйретуі; көрнекті тарихи тұлғалар және мәдениет қайраткерлері; Әл-Фарабидің ғылымның 
дамуына қосқан үлесі; Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің мәні; Қазақстан 
Республикасының мемлекеттік рәміздерінің қолданылу саласын анықтау; Қазақстан 
халықтары достығының маңыздылығы. 
9. 
"Дүниетану" оқу пәнінің 3-сыныпқа арналған базалық мазмұны келесі бөлімдерден 
тұрады: 
1) 
"Мен және қоғам" бөлімі: отбасы; отбасы мүшелерінің арасындағы туыстық 
қатынастар; әулет шежіресін құрастыру; өз әулетінің құндылықтарын анықтау; өз 
шығындарын жоспарлау; өз шығындарын оңтайландыру жолдарын ұсыну; мектеп және 
мектеп қауымдастығы; сыныптың өзін-өзі басқару ережелері; түрлі көзқарастар жағдайында 
сыныпта ұжымдық шешімді қабылдау жолдары; қоғамда өзін өзі ұстау әдеп нормалары; 
адамдар арасындағы достықтың маңыздылығы; менің атамекенім; елді мекендердің түрлі 
белгілері; қала мен ауылдың байланысы; денсаулық пен қауіпсіздік; тұрмыстық құралдарды 
пайдалану ережелері; спорт түрлерін топтастыру, спорттың қандай да бір түрімен айналысу 
үшін қажетті негізгі және өзінің қабілеттерін анықтау; табиғи ортадағы қауіп-қатерлер; өзінің 
табиғи ортадағы қауіпсіздігін жоспарлау; құқық және міндет; Қазақстан Республикасы 
Конституциясының маңызы; мерекелер; Қазақстан халықтарының ұлттық мерекелерінің 
маңызы; 
2) 
"Елімнің табиғаты" бөлімі: жергілікті жерде бағдарлану; астрономиялық белгілер 
бойынша көкжиек бағыттарын анықтау; масштаб пен шартты белгілерді пайдалана отырып, 
жергілікті жердің жоспарын құру; климат және ауа райы; жер климатының негізгі түрлері; 
ауа райы мен климаттың қолайсыз 


79 
жағдайларында өзін-өзі ұстау ережелері; табиғи жағдайлардың адам өміріне және оның іс-
әрекетіне әсері; адамдардың табиғи жағдайларға байланысты орналасуын талдау (рельеф, 
климат, өсімдік және жануарлар әлемі, су нысандары); геологиялық және табиғи-климаттық 
апаттар туындаған жағдайдағы өзін-өзі ұстау ережелері; туризм; Қазақстанның барынша 
тартымды туристік нысандарының рейтингісі; 
3) 
"Тарих беттерінен" бөлімі: көшпелі және отырықшы өмір салтының ерекшеліктері; 
тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтау маңыздылығын түсіндіру; Қазақстанның тарихи 
тамыры; Түркілердің өмір салтымен танысу; Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғалар; 
Қазақ хандығының құрылу себептері; көрнекті тарихи тұлғалар және мәдениет 
қайраткерлері; хандар, батырлар мен билердің рөлі; Абылай хан; Керей хан; Жәнібек хан; 
Қазақстан тарихы: тәуелсіздік, мемлекеттілік және патриотизм; Қазақстанның бейресми 
рәміздерінің мәнін түсіндіру ("Алтын адам", "Бәйтерек" монументі, "Мәңгілік Ел" қақпасы); 
тұлғаның, отбасының, қоғам мен мемлекеттің дамуындағы еңбектің рөлі. 
10. 
"Дүниетану" оқу пәнінің 4-сыныпқа арналған базалық мазмұны келесі бөлімдерден 
тұрады: 
1) 
"Мен және қоғам" бөлімі: отбасы; отбасының қоғам өміріндегі маңызы; отбасы 
мүшелерінің функционалдық рөлі; отбасы бюджетінің негізгі кіріс- шығыстары; отбасы 
бюджетін оңтайландыру жолдары; мектеп және мектеп қауымдастығы; мектептің өзін-өзі 
басқару ұйымына мүше болу жолдары; көшбасшыға тән тұлғалық қасиеттер; менің 
атамекенім; түрлі дәрежедегі әкімшілік-аумақтық бірліктерді (аймақ, аудан, облыс); өз 
аймағының экономикалық қызмет атқаратын субъектілері; денсаулық пен қауіпсіздік; 
спорттың әр түрлеріндегі жарақаттану себептері; спорттың әр түрлеріндегі жарақаттану 
қауіптері; жасанды ортадағы қауіп-қатерлер; жасанды ортадағы өз қауіпсіздігін жоспарлау; 
құқық және міндет; Конституцияның қоғам өміріндегі маңызы; демократиялық құқықтар мен 
бостандықтар, міндеттер; мерекелер. кәсіби мерекелердің тарихы; 
2) 
"Елімнің табиғаты" бөлімі: жергілікті жерде бағдарлану; нысанның басқа нысандарға 
қатысты орны; глобус пен карталардың қолданылуы; параллельдер, меридиандар, экватор; 
климат және ауа райы; адамзат дамуына климаттың әсері; табиғи жағдайлардың адам өміріне 
және оның іс-әрекетіне әсері; өз өңіріндегі және Қазақстан аймақтарындағы адамдардың 
табиғи жағдайларға (рельеф, климат, өсімдік және жануарлар әлемі, су нысандары) 
байланысты шаруашылық іс-әрекеттері; өз өңірінде табиғи апаттар туындау 
ықтималдылығы; туризм. Қазақстан мен Астана бойынша туристік маршрут құру; 
3) 
"Тарих беттерінен" бөлімі: "технологиялық прогресс" ұғымы анықтамасымен 
танысу; тарихи мұражайлардың қызметі; мұражайдың өзіндік жобасы; қазақ халқының шығу 
тарихы; сақтар, ғұндар, түркілер және қазақтар арасындағы байланысты графикалық түрде 
бейнелеу; Қазақстан тарихындағы 


маңызды оқиғалар; Қазақстанның ХХ-ХХІ ғасырлардағы жетістіктерінен мысалдар; 
шығармашылық және еңбек салаларындағы көрнекті қайраткерлердің өмірбаяны; Қазақстан 
тарихы: тәуелсіздік, мемлекеттілік және патриотизм; "Қазақстан" атауымен байланысты 
ұлттық бренд; Қазақстанның әлемдік сахнадағы рөлі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет