Дүниетану пәнін оқыту әдістемесі


Өз-өзін бақылау сұрақтары



Pdf көрінісі
бет5/39
Дата23.09.2022
өлшемі2,39 Mb.
#39972
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
dynietanu (1)

Өз-өзін бақылау сұрақтары:
1. «Дүниетану пәнін оқыту әдістемесі» пәні қандай ғылымдармен байланысады және не үшін 
екенін түсінідіріңіз?
2. «Дүниетану пәнін оқыту әдістемесі» пәнінің теориялық негізін түсінідіріңіз?
3. «Дүниетану пәнін оқыту әдістемесі» пәнінің мақсаты мен міндеттері қандай?
4. «Дүниетану пәнін оқыту әдістемесі» пәнінің зерттеу әдістерін атаңыз және оларға 
сипаттама беріңіз
1.2 Дүниетану пәнін оқыту әдістемесінің даму тарихы
Жоспары:
1. Дүниетану пәнін оқыту әдістемесінің революцияға дейінгі кезеңдегі дамуы
2. Дүниетану пәнін оқыту әдістемесінің қазіргі кездегі дамуы
3. Дүниетану пәнін оқыту әдістемесінің дамуына Қазақстандық әдіскерлердің қосқан үлесі
1. Дүниетану пәнін оқыту әдістемесінің революцияға дейінгі кезеңдегі дамуы.
Мектепте Дүниетану пәнін пәнінің енгізілуі және оның дамуын 3 кезеңге бөлуге болады. 
Айталық; 1-революцияға дейінгі кезең болып саналады. Дүниетану пәнін оқу пәні ретінде 
орыстың жалпы білім беретін мектебіне алғаш рет 1786 ж. енгізілді. Мектептегі білім беруді 
реформалау кезінде үкімет халық училищелерінің жарғысын жариялады. Ашылған училищелер 
шағын және негізгі болып бөлінді. Дүниетану пәнін пәндерінің курсы тек негізгі 
училищелердің бағдарламасына енгізіліп, олар география, физика, Дүниетану пәнін тарихынан 
тұрды. Дүниетану пәнін тарихы 4-сыныпта оқытылды. Сол кездегі Халық училищесіне 
арналып жазылған Дүниетану пәніндан алғашқы оқулық, оның авторы натуралист, саяхатшы, 
академик Василий Федорович Зуев болды. 
В.Ф.Зуевтің бұл кітабы «Жаратылыс тарихының бейнелері» деп аталады. Ол «Қазбалар 
әлемі», «Өсімдіктер әлемі», «Жануарлар әлемі» делінген үш бөлімнен тұрды. Оқулықтың 
алғашқы бөлімі жерлерді, тастарды, тұздарды, жанғыш заттарды, металдарды сипаттауға 
арналған. Өлі табиғатты зерттеу топырақты, сазды және құмды сипаттаудан басталды. Екінші 
бөлімі өсімдіктердің тіршілігі мен құрылысын зерттеуге арналса, ал үшінші бөлімде зоология 
материалдары кірістірілген. В.Ф.Зуевтің оқулығы сол мезгілде мектептегі Дүниетану пәнін 



бойынша бірінші бағдарлама, әрі мұғалімнің алғашқы әдістемелік құралы болды. Мұнда автор 
заттай көрнекілікті пайдалануды, мүмкін болмаған жағдайда ғана суретін қолдануды 
насихаттады. Ол жергілікті табиғатты және адамға пайдалы өсімдіктер мен жануарларды 
зерттеуге көп көңіл бөлді. В.Ф.Зуевтің бұл жетекші әдістемелік құралы ширек ғасыр бойы 
Дүниетану пәніндың негізгі оқулық ретінде қолданылды.
XÌX ғасырдың басында халыққа білім беру саласында маңызды өзгерістер болды. Дүниетану 
пәнінды оқыту 1804 жылғы жарлық бойынша айтарлықтай кеңейтілді. Дүниетану пәнін жеке 
пән болып оқытылмаса да оқушыларға табиғат, ауыл шаруашылығы және адам денсаулығы 
туралы қысқаша мәліметтер беру ұсынылды. Мұндай оқудың мақсаты табиғат құбылыстары 
туралы түсінік қалыптастыру еді. Гимназия мектептерінде Дүниетану пәнін пәнін 2 - сынып 
пен 4 - сыныпта оқытылды. Пәнді ойдағыдай оқыту үшін мұғалімдерге оқушыларды табиғатқа 
ғана емес, сондай-ақ фабрикалар мен зауыттарға экскурсияға шығару ұсынылды. Жарлық 
бойынша барлық гимназия мектептерінде табиғаттың барлық үш патшалығы бойынша табиғи 
көрнекілік ретінде коллекциялары болу тиіс деп талап етілді. Сонымен бірге жергілікті 
материалды пайдалануға айырықша көңіл бөлінді. 
Уақыт өте келе пән мазмұны өзгерді, тіпті 1828 жылы жалпы білім беретін мектептерде 
Дүниетану пәнін оқу пәні ретінде ширек ғасыр бойы өткізілмей қалды. Бұл декабристер 
көтерілісінен соң үкіметтің ғылым атаулыға сенбеуінен туындаған реакция еді.
Дүниетану пәнін мектепке ұзақ үзілістен соң, 1852 жылы оралды. Бекітілген бағдарлама 
бойынша бастауыш мектептің 1- сыныпында пәнді оқытуға 2 сағат бөлінді. Одан кейінгі 
сыныптарда сәйкесінше биология, география, физика пәндері оқытылды. 
Ал 1864 жылғы жаңа мектеп реформасының жарлығына сәйкес реальдық және 
сыныпсикалық гимназиялардың бағдарламасынан пропедевтикалық курсы алынып тасталды 
да, биологияны, географияны және физиканы оқыту пәндік түрі сақталды. Осы кезеңде кіші 
мектеп жасындағыларға Дүниетану пәнінды оқыту әдістемесін дамытуға ерекше үлкен үлес 
қосқан Ушинский Константин Дмитриевич болды.
Ушинский Константин Дмитриевич (1824-1870) – бастауыш білім беру саласындағы аса ірі 
педагог-әдіскер. Ол кіші мектеп жасындағылардың логикалық ойы мен тілін дамыту үшін 
бастауыш мектептерде Дүниетану пәнін және географияны оқып үйренуге үлкен мән берді. Ол 
көрнекі құралдармен оқытудың қажеттігін дәлелдей келе көрнекілік теориясын талдап жасады. 
К.Д.Ушинский табиғат құбылыстарын бақылау және оны қорыту білімнің қайнар көздері 
болуы керек деп атап көрсетті. «Жаратылыс ғылымдары түгелдей адамның ақыл ойының 
табиғат құпиясымен осынау мәңгілік күресі болып табылады» - деп жазды. К.Д.Ушинскийдің 
бастауыш сыныптарда Дүниетану пәнінды оқыту жөніндегі көзқарастары «Ана тілі», «Балалар 
әлемі» деген кітаптарында, сонымен бірге мұғалімдерге арналған «Ана тілі» кітабында және 
«Балалар әлемі» оқулығының кіріспесінде ашып көрсетеді. Әдістемелік тұрғыда 
К.Д.Ушинскийдің кітабы үлкен жетістікке ие және ол ерекше педагогикалық білгірлікпен 
жазылған деп бағаланаған. Кітап көрнекілік және оқушылардың өздігінен ойлау белсенділігін 
жүйелі түрде арттыру негізінде құрылған. Кітаптың өн бойындағы материалдар жеңіл, әрі қара 
пайымнан күрделіге қарай орналастыру принципі сақталынған, әрбір жеке тақырып материалы 
тұтас кейінгі тақырыптағы материалдармен байланысып отырады.
К.Д.Ушинский балалардың дамуы үшін тікелей табиғаттағы бақылаулардың орасан мәні бар, 
педагогтың сөзінің онымен бәсекелесуі қиын деп көрсетті. Сондай-ақ, ол «табиғат логикасы 
балалар үшін ең жеңіл және ең пайдалы логика» деп есептеді.



Осы кезеңде Дүниетану пәнінды оқыту әдістемесін дамытуға және А.Я.Герд (1841-1888) 
елеулі үлес қосты. А.Я.Герд Дүниетану пәнін оқушыларға дұрыс дүниетаным, оларда белгілі 
бір көзқарас қалыптастыруы тиіс деп санады. Ол 1877 жылы Дүниетану пәніндың мектептік 
курсын құру жоспарын жариялады. Осы Жоспары: бойынша 2және 3-сыныпта табиғаттың 
органикалық емес әлемін оқып үйрену ұсынылды. Мұнда тау жыныстарының, топырақтың, 
минералдардың қасиеттері сияқты түсініктер, әртүрлі тау жыныстарының шығу тегі, жанартау, 
жер сілкіну ұғымдары, пайдалы қазбаны пайдалану т.с.с. материалдар кірді.
А.Я.Гердтің пікірінше, бастауыш мектепте жекелеген жаратылыс ғылымын оқып білуге 
орын жоқ, табиғатты зерттеп, танып білуге кешенді тұрғыдан келу қажет, яғни біріккен пән 
түрін енгізу керек дегенді насихаттайды. Оның «Құдірет әлемі» оқулығы мен «Заттық 
сабақтар» деп аталатын әдістемелік құралдары көп жылдар бойы өлі табиғат курсын 
оқыпүйренуде мұғалімнің негізгі әдістемелік көмекші құралы болып келді. Өзінің әдістемелік 
еңбектерінде А.Я.Герд бірқатар идеялар ұсынады:
1. Практикалық сабақтар мен экскурсияларда баланың өзіндік белсенді әрекетін тудыра білу; 
2. Мектептің тірі табиғатпен байланысын кеңейту;
3. Табиғатты танып білу үшін тікелей зерттеу жүргізу;
4. Бастауыш сыныптарда табиғатты зерттеуге кешенді тұрғыдан келу;
5. Оқушылардың эволюциялық көзқарасын қалыптастыру.
А.Я.Гердтің осы сияқты көптеген идеялары мектеп практикасында көп жылдардан соң, яғни 
тек біздің уақытта кең қолдау тапты.
70-жылдардағы редакция 1871 жылы Дүниетану пәнінды гимназияның бастауыш 
сыныптарынан алып тастауға әкелді. Ал жоғары сыныптарда бұл циклді пәндерді оқыту күрт 
қысқарды. Кейбір гимназияларда бұл пәнге мүлде тиым салынды. Тек либеральдық 
училищелердің жоғары сыныптарында ғана ол қысқартылған түрде оқытылды.
Капитализмнің дамуы XÌX ғасырдың соңындағы революциялық қозғалыс мектептегі білім 
беру ісін реформалау қажеттігін туғызды. Қоғамдық пікірдің қысымымен Халық ағарту 
министрлігі гимназиялық білім беруді түбірімен қайта құру мәселесін қоюға мәжбүр болды.
1901 жылы комиссия құрылып, Дүниетану пәнін пәнін орта мектептің барлық сыныпында 
енгізуді ұсынды. Бұл жобаны қоғамның либеральдық бөлігі мақұлдады, ал сыныпсикалық білім 
беруді жақтаушылар мұны құр әурешілік деп санады, өйткені бастауыш сынып оқушылары 
жаратылыс ғылымдарын түсінбейді деп есептеді. 
Дүниетану пәнін саласы бойынша сарапшы ретінде натуралист Д.Н.Кайгородов 
шақырылды. Ол кезде Д.Н.Кайгородов табиғат туралы ғылыми – көпшілік кітаптардың авторы 
ретінде белгілі болатын. Бірнеше жыл бойы ол табиғаттың жылнамасын жариялап, Россияда 
фенологияның дамуына жол ашқан. Д.Н.Кайгородов мектепте табиғатты зерттеудің міндеті деп 
балаларды «табиғатты көріп, естіп, түсіне білуге және табиғатпен біртұтас байланыста 
екенімізді сезіндіруге үйретуден тұрады» – деп насихаттады. Алайда ол Дүниетану пәнін 
баланың ақыл-ойын дамытуда маңызды роль атқарады деген көзқарасты қолдаған жоқ. Табиғат 
оның пікірінше «өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік тұрғыдан сауығуына» қызмет етуі 
тиіс.
Сондықтан анатомиялық-морфологиялық және физиологиялық мәліметтер баланың 
табиғатты қабылдауын бұзады деген жаңсақ пікірді қолдады. 
Д.Н.Кайгородовтың бағдарламасы табиғи бүтін бірлестікті зерттеуден тұрды. Ол мынадай 
алты бірлестікті көрсетеді: орман, дала, бақ, шалғын, тоған және өзен. Әр бірлестік алғашқы үш 
сыныпта жыл мезгілі бойынша қарапайымнан күрделіге қарай оқытылуы тиіс болды және 


10 
Дүниетану пәнінды оқытудың негізгі тәсілдері экскурсиялар мен фенологиялық бақылаулар 
деп санады.
Д.Н Кайгородов жаратылыс ғылымдарының ғылыми жүйелі білімі қажет дегенді теріске 
шығарды. Сондықтан педагог ғалымдар оның бағдарламасына қарсы болды. Осы келіспеудің 
нәтижесінде Халық ағарту министрлігі Д.Н Кайгородовтың бағдарламасын қайта қарап
бастауыш сыныптарда оны қысқартуға мәжбүр болды.
Содан кейінгі жаңа бағдарлама авторы Петербург университетінің профессоры, зоолог 
В.М.Шимкевич болды. Бұл бағдарламаға А.Я.Гердтің бастауыш мектепке арналған идеялары 
қоса алынып, ол мынадай мазмұнда болды:
1 - сынып Қатты, сұйық, газды заттармен танысу;
Қыздыру барысында дене көлемінің ұлғаюы; термометрмен танысу.
Су. Суды сүзу, мұзға айналуы, булануы, тұманның және шықтың пайда болуы;
Тұздың еруі мен кристалдануы; ауа құрамындағы су.
Ауа, ауаның серпімділігі, қысымы, қозғалысы;
Ауа құрамы және тыныс алу және жану кезіндегі ауаның өзгеруі. 
Топырақ, топырақтың құрамы; тау жыныстары (қарапайым физикалық қасиеттері).
2 - сынып
Тұқым, тұқымның құрылысы, құрамы және өнуі.
Сабақ, сабақ түрлері және атқаратын қызметі. Бүршік. 
Тамыр, түрлері және қызметтері; тамырдың түрөзгерісі.
Жапырақ, құрылысы мен түрлері.
Гүл,түрлері, құрылысы мен бөліктерініңатқаратын қызметтері.
Жемістер, түрлері мен таралуы.
3 - сынып
Адам қаңқасы және оның құрамы. Сүтқоректілер, құстар мен балықтардан айырмашылығы.
Ас қорыту мүшелері; Қан айналу мүшелері; тыныс алу мүшелері; Сезім мүшелері. Тері 
жабыны.
Осы бағдарлама «табиғаттану» курсы атауымен мектеп бағдарламасына мықтап енді, онда 
білім «табиғаттың үш патшалығы» бойынша жүргізілді. Дүниетану пәніндың бастауыш 
мектепке арналған барлық оқулықтары осы нұсқа бойынша құрастырыла бастады.
1902 жылдың күзінен бастап бағдарлама барлық мектептерге толық енгізілді. Курс бастауыш 
мектепте «Табиғаттану» деп атала бастады. Оқу материалы төмендегідей жүйеленді:
1 - сынып. Өлі табиғат. 
2 - сынып. Өсімдіктер.

- сынып. Жануарлар мен адам. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет