Дөңгелек үстел «Қазақстан болашағы өскелең ұрпақ қолында»



Дата17.05.2022
өлшемі32,38 Kb.
#34812

Дөңгелек үстел

«Қазақстан болашағы өскелең ұрпақ қолында»

Мұғалім: Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар бүгінгі «Қазақстан болашағы өскелең ұрпақ қолында» атты дөңгелек үстелге қош келдіңіздер!



«Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса,қазақтың ұлттық мемлекетінің нығайып көркеюі жолында жан теріңді аянбай жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі екеніңді ұмытпа»,-дейді. Сіздер жаңа ғасыр, жаңа мыңжылдықтың жас ұрпағы, егеменді еліміздің ертеңісіздер!

  1. Олай болса, Халқымыздың еліміздің жеріміздің басты мақтаныштары қандай?

Аружан, Ақбота, Ақерке

  1. Нағыз қазақ, осы – міне, танып қой – деп ақын Қадыр Мырзалиев жырлағандай, Сіздер, ендеше өздеріңізді шет елден келген қонақ ретінде сезініп, Қазақстанмен қалай салыстырар едіңіздер?

Әйгерім, Ақерке,

  1. Елбасының Қазақстан халқына жолдауында Еуропаға жол салу, Еуропамен тығыз байланыста болу, дамыған елдер легіне кірудің бірден-бір жолы екендігі айтылған. Ендеше, Еуропамен еліміз араласып жатса, сол елдермен тығыз байланыста болатын ел ертеңі сіздерсіздер. Олай болса шет елмен байланыста қандай бағдарламалар және мүмкіндіктер бар?

Еңлік, Назым

Мұғалім: Құрметті оқушылар, тарихымыз,мақтанышымыз және шет елмен байланысымыз мен мүмкінішілітеріміз жайлы сөз қозғадық. Ендеше басты сұрақ осы дамып, көркейген мемлекетімізүшін біз не істей аламыз, әр топ өз идеяларын қағаз бетіне түсіріп жауап беріпкөрейік. Сіздерге 3 минут уақыт беріледі.



Мұғалім: Жақсы олай болса, сөз кезегі өздеріңізде.

Жауаптары

Жақсы құрметті оқушылар, әр қоғамның бір бөлшегі. Қоғам елдің бөлшегі, олай болса адамның болашағы, ұлт болашағы. Әр-адам болашағы өз қолында, ал ел болашағы сіздердің қолдарыңызда! Олай болса,мемлекетеміз берген әр мүмкіншілікті пайдаланып,елімізді дамытып, көркейтейік.Еліміздің ертеңгі болашағы, әрине сіздерсіздер балалар, сіздердің қолдарыңызда, біз сіздерге сенеміз – дей отырып, бүгінгі дөңгелек үстелімізді аяқтаймыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет