ДөҢгелек үстел «Әлемге әйгілі- Әуезов»


Әуезов Қазақстан үшін екінші Абай



бет2/9
Дата11.05.2022
өлшемі79,16 Kb.
#34047
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Әуезов Қазақстан үшін екінші Абай,

біз үшін Шығыстың Шолоховы еді.

Н.Погодин
Кіріспе сөз

Бүгінгі күні жеке тұлғаны жан-жақты тәрбиелеудегі әдебиеттегі қазақ ақын-жазушыларының өмірбаянының мәні мен мағынасы зор. Дәл қазіргі уақытта қаламгерлеріміздің өмірбаяны толық зерттелген.Бүгінгі дөңгелек үстеліміз қаламгер жазушының туған күніне орай өткізіліп отыр, дөңгелек үстелде талқыланатын тақырыптар ақынның өмірі мен шығармашылығына арналады.




І бөлім
«Мұхтардың өзі де үлгі, өмірі де».

Мұхтардың ғұмырнамасы

9-сынып оқушысы презентация қорғайды.

Тылсымы мол табиғаттың бұл дүниеге некенсаяқ сыйлығының бірі дарынды, біртуар нар тұлғасы – Мұхтар Омарханұлы Әуезов. Ол ұлы жазушы, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының филология ғылымының профессоры, қазақ халқының еңбек сіңірген ғылым қайраткері.

1997 жылы Шығыс Қазақстан облысында, орта шаруалы отбасында дүниеге келеді.Атасы Әуез бен әкесі Омархан қара таныған, сауатты адамдар болған. Атасы Әуез бала Мұхтарды Абайдың шығармаларын оқыта отырып , тәрбиелейді. Жеті- тоғыз жасында ауылда сауат ашып, 1908 жылы Семей медресесінде оқиды.

Мұхтар жайында Гүлнар Разаққызы Омарханова былай деп сыр шертеді: Мен 1935 жылдың қиын қыстау кезінен бастап, 1952 жылдың көктеміне дейін ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтың тікелей отбасында тәрбиелендім. Тұрмысқа да осы үйден ұзатылдым. Бұл күнде Мұхаңның сүйікті қызы Лейля мен ер баласы , белгілі табиғат зерттеушісі Ернар арамызда жоқ- дейді. Ол кісі шежіре бойынша біздің атамыз Бақшайыш қожа екен. Оның әулеттерінің бірі –Саяқып қожа. Одан үш ұл тараған: Берді, Төлеген, Қылыш. Бердіден –Әуез туыпты.

Ұлы Абайдың жәрдемімен , осы ғасырдың басында Бөрлі деген жерде қыстау салған Әуез үлкен дәулетті адам болып саналыпты. Оның екі әйелі болыпты . Бәйбішесі Дінәсілден Самархан мен Омархан туады. Самарханның кіндігінен Гүлнардың әкесі Разақ, ал Омарханнан Мұхтар дүниеге келіпті. Самархан ерте қайтыс болып Разақ төрт жасында ерте қалады. Шешесі Мәдина мөлдіреген жас болыпты. Разақтан кейін туған Зуре дейтін қызы емшектен шыға қоймаған. Ол кезде бала болсын, болмасын жесір қалған әйел жатқа жіберілмейтін әдет. Сөйтіп Самарханның келіншегі екі баласымен Омарханға тұрмысқа шығады. Разақ Мұхтардың ағасы 1885 жылы туған, ол кісі Мұхтардан он екі жас үлкен. Мұхтар-Нұржамалдан туса, Мәдинадан -Біләл туады.Екі бала еркелеу болып өседі. Себебі бауырға салған немерелеріне Әуездің аталық, ыстық ықыласы айрықша сезіліпті. 1909 жылы әкесі Омархан қайтыс болып, бар дүние мүлік Разақтың қарауына беріледі. 1912 жылы Мұхтардың анасы Нұржамал қайтыс болғанда Семейде оқып жүрген талапты інісіне Разақ ерекше қамқор болады. Сонымен қатар жас Мұхтарға Семей семинариясының түлегі, оқыған Қасымбек атты немере ағасының қолында тәрбиеленіп, дайындалады. Мұғалімдер семинариясын бітірген Әбіш Хасеновтан дәріс алады. Болашағына даңғыл жол ашылған соң Мұхтар 1910 жылы Семей қаласындағы орыс – қазақ бес кластық училищесіне орналасады. Сол кезде ескіліктің көзінде қалған ауыл адамдарының сөзінің сиқы мынандай еді: «Орыс оқуын оқып, шоқынуға дайындалып жүр». Мұндай алып қашпа сөздерді атасы Әуез жүре тыңдайды. Өйткені, Әбіш, Мағауия, Абай секілді халық даналарына қарап көңілі көншігендей еді. Оқуын оқи жүріп шығармашылық жұмыспен айналысады. «Дауыл» атты алғашқы шығармасы училищенің соңғы сыныбында оқып жүргенде туындайды. Абайды жанына жақын тартып, қаламынан бал тамызған жазушы жан –жақты тұлға.

1914 жылы Абайдың қайтыс болуына 10 жыл толуына орай ұйымдастырылған әдеби кешке ат салысады. Спортқа да белсене қатысқан.



1915 жылы училищені аяқтап, мұғалімдер даярлайтын семинарияға оқуға түседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет