ДөҢгелек үстел «Әлемге әйгілі- Әуезов»


Қорытынды: Әлемге әйгілі -Әуезов



бет9/9
Дата11.05.2022
өлшемі79,16 Kb.
#34047
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Мухтар 125 жыл

Қорытынды: Әлемге әйгілі -Әуезов

Тәрбиеші: Әуезов әлемi дейтiн кең дүниенің жаратылысы мен табиғатын екі сөзбен қайырып айту мүмкін емес. Оны терең танып, жан-жақты талдау – әр дәуір, әр ұрпақтың киелі мiндетi. Француздар – Бальзакты, орыстар – Толстойды, американдықтар – Драйзердi, немістер – Гетені қалай зерттеп, зейiндесе, қазақтар Әуезовті дәл солай тануға ұмтылғанда ғана ұлттың өзiн-өзi тануы, өзiн-өзi бағалауы, өзiн-өзi қадiрлеуi қалыптаспақ, күшеймек, жалғаспақ. Әуезов әлемi көзге көрiнбейтiн ғажайып ұлы сиқырымен, құдiретiмен ұлттық рух тәуелсiздiгiн қорғауға, сақтауға үйретедi!

Тәрбиеші: Келер ғасырда да кемелдене беретiн кемеңгер М.Әуезов – тек сiз бен бiздiң ғана емес, әлi дүниеге келмеген жаңа ұрпақтардың да сарқылмас игiлiгi, өлшеусiз бақыты. Өйткенi, М.Әуезов құдiретi оның елге деген шексiз махаббаты мен сенiмiнде жатыр. Осы бiр ақиқатты сезiну мына бiздерге, бүгiнгi тәуелсiз мемлекеттiң iргесiн нығайтып жатқан ұрпаққа қажымас қайрат, жасымас жiгер қосады

Кері байланыс: Түйін. Ортақ пікірлер:

  1. «М.Әуезов мұраларының мәңгілігін танып, түсіндік».

  2. «Қарапайым ағаның жан-дүниесі, парасат биігін танып, көркем ой алыбын көз алдымызға елестеттік».

  3. «Ақындармен бірге біз де ересек талант иесіне сүйсінеміз. Мұхтар деген аттың бізге соншама ыстық, қазақ елінің мақтанышына айналған есімге құрметпен қарайық».

  4. «Қазақ әдебиетінің дүниежүзілік аренаға шығуы М.Әуезов шығармаларының арқасы екенін толық түсініп білдік», т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет