ІІІ бөлім - Естелік үнтаспа. Жазушының өз даусын есту. Естелік бейнежазба
Тәрбиеші:
Қазақ халқының мәдени, әдеби даму тарихында жазушы, драмашы, публицист, зерттеуші, аудармашы әрі аса ірі қоғам қайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезов атамыздың алатын орны ерекше. Ауыз әдебиеті мен классикалық әдебиеттің, батыс пен шығыс көркем сөз мұрасының озық дәстүрін жете меңгеріп, қазіргі дәуірдегі қазақ әдебиетінің сапасын арттыруға, әдеби тілді байытуға ересен зор еңбек сіңірген ХХ ғасырдың ұлы жазушысының өз сөзі.(М.Әуезовтың жанды дауысы)
Бейнежазбадан соң
Тәрбиеші:
- Ұлы жазушы, ғалым, қоғам қайраткері М.Әуезовтің көркем мұрасы біздің төл әдебиетіміздің ғана емес, бүкіл адамзат мәдениетінің де бағалы жетістігі екені шындық. Оның шығармашылығы ауқымды да бай. Романшы,әдебиетші, ғалым, аудармашы – бұл ұлы қаламгердің еңбегі. Оның асқан шеберлікпен жазылған шағын әңгімелері, повестері ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің және әлем әдебиетінің алтын қорына мәңгілік енді.
ІҮ бөлім - М.Әуезовтің шығармашылық қызметі. ( ----------)
1). Табиғатпен тілдескен Әуезов
Достарыңызбен бөлісу: |