Доклад Ибрагимова Аружан 504 «А» Стоматология Тақырып 1,2,3



бет1/10
Дата06.03.2023
өлшемі124,07 Kb.
#72106
түріДоклад
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
28.01.23 Тақырып№1,2,3 Мукажанов Рамазан



Стоматология факультеті
Хирургиялық және ортопедиялық стоматология кафедрасы
Доклад


Ибрагимова Аружан 504 «А» Стоматология
Тақырып 1,2,3
Бет жақ аймағының абцесстері мен флегмонасының топтамасы;
БЖА аймығының қабынуы процестерінің этиологиясы мен потогенезі;
БЖА аймығының анатомо топографиялық ерекшеліктері;
Тексерген: Бименов К.С

Алматы 2023
ЖАҚ-БЕТ АЙМАҒЫНЫҢ АБСЦЕСТЕРІ МЕН ФЛЕГМОНАЛАРЫ

Жақ-бет аймағының жұмсақ тіндерінің іріңді процестері, жақ-сүйек остеомиелитімен бірге үйлесіп не болмаса өз бетімен пайда болуы ықтимал.


Инфекцияның таралуы — лимфа, вена тамырларымен немесе іріңді заттың жақ сүйектен жұмсақ тіндерге жарып шығуынан пайда болады. Май қабатының іріңді қабынуы (шіруі) абсцесс не флегмона түрінде өтеді. Бет-жақ аймағы тері, теріасты, ет аралығы май қабатына өте бай. Ал, дербес май қабаты лимфа бездерімен және қан, лимфа тамырларына толып, солар арқылы бір-біріне ұласып жатады.

Абсцесс — бұл тері немесе теріасты май қабатының шектелген іріңді қабынуы.
Абсцестің жергілікті белгілері: анық шектелген, ауыратын тығыз инфильтрат (ісік), оның бетіндегі тері қабаты не шырышты қабық керілген, қан кернеп қызарған, аздап жылтырайды. Инфильтраттың ортасы босап және флюктуация (сүйық заттың толқынды қозғалысы) байқалады. Қабынудың жалпы белгілері, абсцестің орналасқан жері мен мөлшеріне байланысты болады. Сонымен қатар дене қызуы, бас ауруы, қалтырауы, лейкоцитоздың болуы және ЭТЖ өсуі мүмкін.

Флегмона — теріасты, бұлшықеттер және фасциялар арасындағы (шелдің) клетчаткалардың жайылмалы іріңдеп қабынуы.
Бұл жағдайда ауыратын (тығыз), анық шектелмеген, домбыққан тіндер ішінде орналасқан инфильтрат байқалады.
Беткей орналасқан флегмоналарда, ауру басталысымен ауыратын тығыз инфильтраттың тері қабаты мен шырышты қабығы қан кернеп қызарып, тіндер домбығады. Терісі „жылтырап" керілген, бет шұңқырлары тегістелген, терісі қатпарға жиырылмайды. Тереңдеу орналасқан флегмоналарда, бастапқыда тері қабатында өзгеріс аз болады. Тек коллатеральды домбығу мен ауыратын тығыз инфильтрат байқалады. 2—3 күн өткен соң тіндердің іріңді іруінен инфильтраттың тығыздығы төмендейді де, ортасында флюктуация пайда болады, терісі қызарып, кейде көкшіл тартып тұруы мүмкін. Аумақтық лимфа түйіндері үлкейіп, қолмен басқанда ауырады.
Іріңді „көздің" орналасуына байланысты жергілікті өзгерістер — жақтың қарысуы (контрактура), шайнау қызметінің бұзылуы, жұтына алмаушылық не ауыр жұтыну, сөйлеу және тыныс алу қызметінің бұзылуы, дауыстың қырылдауы сияқты белгілермен білінеді. Сілекейдің бөлінуі көбейіп, ол қою және ауыз қуысы түбі (асты) флегмонасында — тілдің көлемі тез үлкейіп, жоғары көтеріліп тұрады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет