Доклад Ибрагимова Аружан 504 «А» Стоматология Тақырып 1,2,3


Асқынулар. Көзасты қырының остеомиелиті, гайморит, флебит. Шықшыт (бет) сүйегі аймағының абсцестері мен флегмоналары



бет4/10
Дата06.03.2023
өлшемі124,07 Kb.
#72106
түріДоклад
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Асқынулар. Көзасты қырының остеомиелиті, гайморит, флебит.

Шықшыт (бет) сүйегі аймағының абсцестері мен флегмоналары. Бұл аймақтың шегі шықшыт сүйегінің шегіне сай келеді, жоғарғы жағында орбита қыры мен самай шүңқыршасының төменгі қыры, алдында — көзасты аймағы, астында—ұрт аймағы, артында — құлақ маңы шайнау бұлшықеті аймағы орналасқан.
Бұл аймаққа іріңді зат көрші клетчаткалы кеңістіктерден кіреді де, жайылмалы, өте қатты ауыратын инфильтрат және коллатеральды домбығу пайда болады.
Қабыну құлақмаңы-шайнау бұлшықеті аймағына тараса, төменгі жақ сүйегінің қабыну контрактурасы болуы мүмкін.
Емдеуі тек хирургиялық жолмен жүреді. Инфильтраттың төменгі полюсімен, бет нервісінің бұтақтарына параллель етіп, ұзындығы 2—2,5 см тері қабатын кеседі де, қан тоқтатқыш қысқашпен қабынған тіндерді ашып іріңді шығарады. Ірің шыққан қуысқа хирургиялық қолғаптан жасалған дренаж (түтікше) қойып жараны таңады.


Көз шарасының абсцестері мен флегмоналары. Көз шарасының клетчаткалы кеңістігіне инфекция тромбофлебитте бұрыштық вена арқылы, гаймор куысынан, самайасты жәңе қанатша-таңдай шұңқыршасы флегмонасынан енуі мүмкін.
Көз шарасы флегмонасының клиникалық көрінісі өте ауыр болады: дене қызуы жоғары көтеріліп, зардапты бас ауруы пайда болып, улану күшейеді. Қабақ домбығып, (хемоз) шырышты қабығының айналып сыртқа шығуы (экзафтальм), көздің шарасынан бұлтиып шығуы (диплопия) пайда болады (19-сурет).



19-сурет. Көз ұясының флегмонасы.

Ірің көз шарасының тереңіне (бөлімдеріне) кеулесе, „көз алмасының" қимылы бұзылады.


Көз шарасы флегмонасына ұшыраған науқастарды емдеу окулистің, нейрохирургтың, стоматологтың кеңесінен кейін ғана жүргізіледі.
Іріңді шығару үшін көз шарасының төменгі-сыртқы қырының терісін, шел клетчаткасын, фасциясын тіліп, қан тоқтатқыш басы иілген қысқаш аспапты, көз ұясының сыртқы қабырғасымен сүйекке тақай отырып, терең жылжытады да, іріңді шығарады. Жараға дренаж қояды. Көру нервісінің көп уақыт бойы басылып қалуы — соқырлыққа себепші болады. Сондықтанауыр қабыну жағдайларында, көз шарасының іріңін, гаймор куысы арқылы
шығаруға тура келеді. Бұл жағдайда гаймор қуысын ашып (трепанация), оның жоғарғы сүйек қабырғасын алып тастайды да көз ұясына кіреді. Гаймор куысын ашық қалдырып, күнделікті жуып тұрады. Гаймор куысының ауыз жағындағы трепанациялық тесігі, 10—15 күнде өз бетімен жазылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет