Доклады казахской академии образования Ежеквартальный журнал издается с 2008 года



Pdf көрінісі
бет59/103
Дата23.10.2022
өлшемі2,64 Mb.
#45039
түріДоклад
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   103
Байланысты:
KAO-3-2020

ғылыми-концептуалдық 
және 
оқыту-
әдістемелік негіздемелерін білім алушыларды заманауи еңбек 
нарығының талабына сай шектес мамандықтарға (ағылшын 
филологиясы, қазіргі түркі тілдері, орыс филологиясы, қытай 
филологиясы, араб филологиясы, салалық журналистикааударма ісі
дайындау концепциясы арқылы түбегейлі жаңартуға ҚР ЖОО-да толық 
мүмкіндік бары сөзсіз. 
«Қазақ филологиясы» мамандығы бойынша кәсіби білікті 
мамандар 
даярлаудың 
ғылыми-концептуалдық 
және 
оқыту-
әдістемелік негіздемелерін шектес мамандықтармен үйлестіре отырып 
жаңалау барысында мынадай нәтижелерге қол жеткізуге болады: 
- білім берудің концептуалдық тұғырнамасы «гуманитарлық 
мамандықтараралық үйлесімділік» және «полилингвальді тұлға 
қалыптастыру» ұстанымдары негізінде айқындалып, үздіксіз білім 
берудің (бакалавриат, магистратура, докторантура) ұлттық модельдері 
«жаһандық бәсеке және ұлттық код» тұрғысынан жаңғыртылады; 
- білім берудің мазмұны «Қазақстан мемлекетінің дербес 
дамуының ұлттық модельдері және жаңа гуманитарлық білім» 
контексінде қарастырылып, базалық пәндер циклі (БП) «Жаһандық 
бәсеке және ұлттық бірегейлік», ал профильді пәндер циклі білім 
алушының таңдау бағытына сай «кәсіби білімнің ғылыми-теориялық 
және заманауи әдіснамалық негіздері» ұстанымдары негізінде 
топтастырылады; 
- білім 
алушыларды шектес мамандықтарға дайындауға 
байланысты жаңа сападағы үлгілік оқу жоспарлары, білім 
бағдарламалары, базалық және кәсіптендіру пәндерінің міндетті және 
таңдау компоненттері бойынша пән сипаттамалары жаңаша мазмұнға ие 
болады; 
- қазақ халқының рухани-мәдени құндылықтарын дүниежүзіне 
танытуға және насихаттауға белсене араласатын көптілді білікті 
қазақтанушыларды, таяу болашақта дүниежүзілік ғылыми білім 
қорының озық үлгілері негізінде білім берудің Қазақстандық үлгісін 
қалыптастыруға қызмет ететін гуманитарлық профильді мамандарды 
даярлаудың ғылыми концепциясы жасалынады. 


231 
Қорыта айтқанда, «Қазақ филологиясы» мамандығының ғылыми-
концептуалдық және оқыту-әдістемелік негіздемелерін шектес 
мамандықтармен 
үйлестіре 
отырып 
жаңалаудың 
айрықша 
маңыздылығын: біріншіден, тарихи, мәдени және көркем әдеби 
сипаттағы туындылардың, ұлттық тәлімдік-тағылымдық тәжірибенің 
және ұлттық тілде қордаланған ғылыми білімнің озық үлгілерін орыс, 
ағылшын, араб, қытай тілдеріне сапалы аудару арқылы әлем 
жұртшылығының назарына ұсынып, қазақтың ұлттық бірегейлігін 
дүниежүзіне таныта алатын полилингвальді тұлға қалыптастыру; 
екіншіден, түркітілдес халықтардың рухани-мәдени құндылықтарының 
бастау-арналарындағы тарихи және этномәдени, тілдік және ділдік 
ортақтықты 
түркі 
әлемінің 
интеграциясының, 
түркітілдес 
мемлекеттердің өзара ықпалдастығы мен ынтымақтастығының рухани-
ділдік тұғыры ретінде насихаттауға және ұрпақ санасына сіңіруге 
атсалысатын гуманитарлық зиялы қауым өкілдерінің жаңа буынын 
қалыптастыру; үшіншіден, дүниежүзілік ғылыми білімнің ең таңдаулы 
үлгілерін Қазақстанның оқу білім жүйесіне ендіруге қабілетті кәсіби 
білікті ұлт мамандарын даярлау мәселелері айқындайды. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер 
1. http://www.akorda.kz/ 17.01.2014 ж.
2. http://www.akorda.kz/ 31.01. 2017 ж.
3. http://www.akorda.kz/ 12 сәуір 2017 ж. 
4. https://egemen.kz/article/nursultan-nazarbaev-bolashaqqa-baghdar-rukhani-
zhanhghyru 26.04. 2017 
5. http://www.akorda.kz/ 18.01.2014 ж. 
6. http://kaznu.kz 
7. http:// www.kaznpu.kz 
8. https://kk.wikipedia.org/wiki 
9. www.tbi.kz 
10. http://e-history.kz/kz/organization/show/186 
11. http://zhgu.edu.kz/ 
Резюме 
В статье рассматривается обновление научно-концептуального обоснования 
подготовки профессиональных квалифицированных специалистов по специальности 
«Казахская филология» с точки зрения «глобальная конкуренция и национальный 
код». 
Resume 
In the article the authors consider the updating of the scientific – conceptual 
justification of training professional qualified specialists on the specialty «The Kazakh 
Philology» from the point of «global competition and national code».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет