Доклады казахской академии образования Ежеквартальный журнал издается с 2008 года



Pdf көрінісі
бет61/103
Дата23.10.2022
өлшемі2,64 Mb.
#45039
түріДоклад
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   103
ӘОЖ 811.581′367.633 
 
ҚЫТАЙ ТІЛІНДЕГІ ПРЕДЛОГТЫҢ АНЫҚТАМАСЫ 
ТУРАЛЫ 
 
Т. ҚАЛИБЕКҰЛЫ 
филология ғылымдарының кандидаты, 
Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ 
Шығыс тілдерінің аудармасы кафедрасының профессоры
Аннотация 
Мақалада Қытайда және Қазақстанда жарық көрген қытай тілі 
грамматикасына қатысты оқулықтар мен оқу құралдарында предлогқа 
берілген анықтаманың қазақ тіліне аударылуы талданып, олардың 
(предлогтар) 
грамматикалық 
ерекшеліктері 
және 
предлогты 
тіркестердің синтаксистік қызметі тілдік деректермен дәйектеледі.
Түйін сөздер: қытай тілі, қазақ тілі, предлог, септеулік, предлогты 
тіркес, септеулікті тіркес. 
Сөздің 
құрылысы, 
сөздердің 
түрленуі, 
грамматикалық 
мағыналардың берілу тәсілдері мен сөз тіркестері және сөйлем түрлерін 
қарастыратын грамматика саласын салғастырмалы аспектіден зерттеу 
үлкен маңызға ие болып келеді. Оның басты себебі шығу төркіні әр 
басқа тілдердің грамматикалық құрылысын салғастыра зерттеу арқылы 
әр тілдің өзіндік ерекшеліктерін айқын тануға болады және 
практикалық тұрғыдан мұндай зерттеулердің нәтижесі, әсіресе, аударма 
саласында, сондай-ақ тіл үйрену мен тіл үйрету барысында маманға 
үлкен көмек болары сөзсіз.
Қытай тілінің грамматикалық құрылымындағы басты ерекшелік – 
бұл тілдің грамматикалық мағыналарды білдіретін сөз түрлендіруші 
тұлғаларға (формаларға) жұтаңдығы. Қытай тілінде грамматикалық 
мағыналарды білдіретін негізгі грамматикалық тәсілдерге сөздердің 
орын тәртібі мен көмекші сөздер жатады.
Қытай тіліндегі көмекші сөздердің бірі – 介词 (предлогтар) және 
аталған тілдегі жиі қолданылатын предлогтардың жалпы саны жүзге 
жуық болып келеді. Олардың қолданылу аясы кең әрі күрделі. 
Предлогтарда толық лексикалық мағына болмайды, сол себепті
көмекші сөздердің қатарына жатады және зат есім, есімдік немесе зат 
есімді сөз тіркестерінің алдында тұрып, предлогты тіркес құрайды. Ал 
грамматикалық тұрғыдан предлогтар өзі қатысты сөздерге мезгілдік, 


239 
мекендік, бағыттық, мақсаттық, себептік, салыстыру, теңеу және тағы 
басқа мағыналар үстейді. 
Қытай тіліндегі предлогтардың беретін грамматикалық мағынасы 
мен атқаратын қызметіне қазақ тіліндегі септік жалғаулары және 
септеулік шылауларға ұқсастау болып келеді. Алайда предлогтарды 
септік жалғауы немесе септеулік шылаулармен теңестіріп қарауға 
келмейді. Оның бірден бір себебі қытай тілінде предлогтар қазақ 
тіліндегі септеуліктер сияқты сөз бен сөзді байланыстырмайды, олар 
тіркескен сөзіне үстеме мағына қосып, мағынасын нақтылай түседі. 
Септеуліктер түбір тұлғалы сөзбен немесе барыс, шығыс, көмектес 
септіктеріндегі есім сөздермен тіркесіп келіп, оларды екінші сөзге 
сабақтастыра байланыстырады. Қытай тіліндегі предлогты тіркестер, 
негізінен, қазақ тіліндегі септеулікті тіркестерге сәйкес келеді. Бірақ 
олардың білдіретін мағыналары, құрылымы, жасалу жолдары мен 
атқаратын кызметтерінде айырмашылықтар бар. 
Қытай тілінде толық мағыналы сөздер мен көмекші сөздердің 
тіркесімі синтаксистік сөз тіркесін құрай алатындығын қытай 
ғалымдары тілдік деректер негізінде дәлелдеп отыр. Сондықтан да 
соңғы жылдары толық мағыналы сөздер мен көмекші сөздердің 
тіркесімі қытай тілінің мектеп және жоғары оқу орындарына арналған 
оқулықтарда еркін сөз тіркесінің қатарында қаралып жүр. Сәйкесінше, 
предлогты тіркестер де сөз тіркестерінің қатарына жатады. Қазақ тілінде 
септеулікті тіркестер сөз тіркесі деп тануға қойылатын талаптарға жауап 
бере алмайды, олар түйдекті тіркестер құрап, осылайша аталады. 
Предлогтар ағылшын тілінде де бар, оны «preposition» деп атайды. 
Ағылшын тіліндегі предлогтармен салыстырғанда қытай тіліндегі 
предлогтарға мынандай ерекшеліктер тән болып келеді:
1) қытай тіліндегі предлогтардың басым бөлігі етістіктерден пайда 
болған, сондықтан олар етістіктермен тығыз байланыста қаралады. 
Мысалы, 朝, 向, 往, 顺, 随着, 对, 为, 跟, 叫, 比, 当, 给, 用, 由, 经过, 通过
, 拿 сияқты сөздер әрі етістік, әрі предлог болады, яғни олар етістіктің 
де, предлогтың да қызметін атқарады; 
2) қытай тіліндегі предлогты тіркестер ешқашан басқа предлогпен 
тіркеспейді, яғни предлогтар қабаттасып қолданылмайды, мәселен, 从
在椅子上 [cong zai yizi shang] деп айтуға болмайды, яғни 在椅子上 [zai 
yizi shang] предлогты тіркесі (тіркес құрамындағы 在[zai] предлогы 
жатыс септікпен сәйкес келеді) 从[cong] (шығыс септікпен сәйкес 
келеді) предлогының соңынан тіркесіп келмейді, ағылшын тілінде 
предлогтар қабаттасып қолданыла береді: She came out from among the 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет