Доклады казахской академии образования Ежеквартальный журнал издается с 2008 года



Pdf көрінісі
бет58/103
Дата23.10.2022
өлшемі2,64 Mb.
#45039
түріДоклад
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   103
ӘОЖ № 378.225 
 
«ҚАЗАҚ ФИЛОЛОГИЯСЫ» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША 
БІЛІМ БЕРУДІҢ ҒЫЛЫМИ-КОНЦЕПТУАЛДЫҚ 
НЕГІЗДЕМЕСІН ХХI ҒАСЫРДАҒЫ ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ 
ПАРАДИГМАСЫНА САЙ ЖАҢАРТУ МӘСЕЛЕСІ 
 
Л.Н. ДӘУРЕНБЕКОВА 
филология ғылымдарының кандидаты, доцент, 
Еуразия гуманитарлық институты 
Г. САГИДОЛДА 
филология ғылымдарының докторы, профессор, 
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 
Қ.Қ. САРЕКЕНОВА 
филология ғылымдарының кандидаты, профессор м.а., 
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 
Аннотация 
Мақалада «Қазақ Филологиясы» мамандығы бойынша білім беру 
деңгейінде кәсіби білікті мамандар даярлаудың ғылыми-концептуалдық 
негіздемесін білім алушыларды шектес мамандықтарға дайындау 
арқылы жаңарту, соның негізінде үздіксіз білім берудің ұлттық 
модельдерін «жаһандық бәсеке және ұлттық код» тұрғысынан жаңғырту 
мәселелері қарастырылады.
Түйін сөздер: жоғары кәсіби білім, филология, филолог-
бағдарламашы, филолог-аудармашы, филолог-түркітанушы, филолог-
журналист, ұлттық мәдениет. 
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан 
жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» жолдауында «Мәңгілік 
Ел» идеясын еліміздің жан-жақты дамуының ұлттық және саяси 
платформасы ретінде ұсынуына 

1

, «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: 
жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауының 

2

заңды жалғасы іспетті 
«Болашаққа бағдар. Рухани жаңғыру» атты мақаласында «ұлттық код, 
ұлттық мәдениет, ұлттық бірегейлікті сақтау», «ұлттық сана-сезімнің 
көкжиегін кеңейту», «білімнің салтанат құруы», «мәдени қазыналарды 
әлем жұртшылығына таныту» міндеттерін ХХІ ғасырдағы рухани 
жаңғырудың басты шарттары тұрғысынан саралап көрсетуіне орай 

3, 4

қазақ тілінің «ұлт тілі» ретінде дамуының сапалық жаңа кезеңі 
басталды деуге болады.


226 
ХХІ ғасырда қазақ тілі 

«Мәңгілік Елдің Мәңгілік тілі» 

5

адамдар арасындағы қарым-қатынас құралы ғана емес, сонымен қатар 
қазақ халқының ой-танымы мен сана-сезімінің құралы, қазақ этносының 
сан ғасырлық тәжірибесін жинақтаушы, қоғамдық білімін қордалаушы 
және оны келер ұрпаққа жеткізуші танымдық, мәдени, әлеуметтік 
феномен 
ретінде 
өзінің 
когнитивтік-куммулятивтік 
және 
аксиологиялық-бағалауыштық тетіктерін толыққанды іске қосып, 
дамудың жаңа сатысына көтеріледі, ары қарай «ұлтаралық тіл» болуға 
бет бұрады. Осылайша қазақ тілі 

мемлекеттік тіл, ұлт тілі және 
ұлтаралық тіл ретінде ХХІ ғасырдағы рухани жаңғырудың бірегей 
тетігіне айналады. Осы кезеңде гуманитарлық зиялы қауым өкілдерінің 
жаңа буынының, әсіресе, «Қазақ филологиясы» мамандығы бойынша 
білім алатын тіл жанашырларының (ғалымдар, жазушылар, ақындар, 
айтыскерлер, оқытушылар, және т.б.) әлеуметтік үні айрықша 
маңыздылыққа ие болары сөзсіз.
«Қазақ филологиясы» мамандығының тарихы С.М. Киров 
атындағы ҚазМУ (қазіргі әль-Фараби ат. ҚазҰУ) және Абай атындағы 
ҚазПИ (қазіргі Абай ат. ҚазҰПУ) тәрізді Қазақстандағы алғашқы 
жоғары оқу орындары, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі 
институты, М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты тәрізді 
жетекші ғылым ордаларының және осы ғылым-білім ордаларында 
қалыптасқан ғылыми мектептердің тарихымен бірге сабақтаса өріледі. 
Қазақ филологиясы бойынша Қазақтың зиялы қауымының аса 
көрнекті өкілдері қалыптасқан іргелі білім ордасы 

әль-Фараби 
атындағы Қазақ ұлттық университетінде (1934 жылдың 15 қаңтарында 
құрылған С.М. Киров атындағы ҚазМУ) «Қазақ тілі мен әдебиеті» 
мамандығы бойынша сан жүздеген мамандар білім алды. Университетте 
М.О. Әуезов, А.Б. Бектұров, Т.Т. Тәжібаев, З.Қ. Қабдолов, Т. Кәкішев, 
Р. Нұрғали т.б. көрнекті әдебиеттанушы ғалымдар, М. Томанов, М. 
Маманов, М. Серғалиев, Т. Сайранбаев және т.б. белгілі лингвистер 
жұмыс істеді және өздерінің дәстүр сабақтастығына негізделген 
ғылыми-педагогикалық мектептерін қалыптастырды. Сол мектептердің 
өкілдері бүгінде Қазақстанның жоғары оқу орындарында ғылыми-
педагогикалық шығармашылықпен айналысып, қазақ халқының тілі 
мен ұлттық әдебиетінің өркендеп өсуіне қалтқысыз қызмет етіп келеді 

6, 54 б.


Қазақ филологиясы бойынша халыққа білім беру ісі өз бастауын 
алғашқы қазақ жоғары оқу орны 

1928 жылы 1 кыркүйекте Қазақ 
мемлекеттік университеті деген атпен ашылып, халыққа білім беруді 
қарқынды дамыту үшін 1930 жылы жеке педагогикалық институт болып 


227 
жетілдірілген, 1935 жылы ұлы Абай есімі берілген Қазақ мемлекеттік 
педагогикалық институтының (ҚазПИ) құрылуынан алады. Қазақ тілі 
мен әдебиетінің мамандық ретінде қалыптасуына және ғылым салалары 
ретінде өркендеп дамуына 30 жылдары ҚазПИ-де (қазіргі Абай ат. 
ҚазҰПУ) жұмыс істеген Ораз Жандосов, Сәкен Сейфуллин, Ахмет 
Байтұрсынұлы, Халел Досмұхамедов, Ілияс Қабылов және т.б. алаш 
ардагерлерінің, саяси және қоғам қайраткерлерінің қосқан үлестері 
айрықша 

7, 82 б.

.
1932 жылы КСРО ҒА-ның Қазақстан базасы жасақталды. 1936 
жылы оның құрамына Ұлт мәдениеті институты (1934 ж. құрылған, 
алғашқы директоры С. Аманжолов) енді. Осы институттың тіл, әдебиет, 
халық шығармашылығы және тарих секторлары базасында 1938 жылы 
КСРО ҒА Қазақ бөлімшесі шаңырақ көтерді. Бұл бөлімше негізінде 
1941 жылы «Тіл, әдебиет және тарих институты» (алғашқы директоры 
Н.Сауранбаев) құрылды. 1945 жылы осы институттан «Тарих, 
археология және этнография институты» мен «Тіл және әдебиет 
институты» бөлініп шықты. 1961 жылы Қ. Сәтбаев пен М. Әуезовтің 
бастамасымен «Тіл және әдебиет институтының» негізінде «Әдебиет 
және өнер институты» және «Тіл білімі институты» (директоры 
академик І. Кеңесбаев) құрылды.
Тіл білімі институтына 1990 жылы 26 ақпанда Ахмет 
Байтұрсынұлының аты берілді. Қазақ тіл білімінің салалана дамуы және 
қазақстандық түркітанудың қалыптасу тарихы А. Байтұрсынұлы,
Қ. Жұбанов, С. Кеңесбаев, Н. Сауранбаев, С. Аманжолов, А. Ысқақов, 
М. Балақаев, Ғ. Мұсабаев, Ә. Қайдар, Р. Сыздық, Ы. Маманов,
Қ. Өмірәлиев, Т. Жанұзақов, С. Омарбеков, Ә. Болғанбаев, т.б. лингвист 
ғалымдардың және олар қалыптастырған ғылыми білім мектептері 
атымен тығыз байланысты. А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі 
институты – әлем қазақтары тілін ғылыми тұрғыдан іргелі және 
қолданбалы бағдарламалар аясында зерттеумен айналысатын, қазақ 
тілінің және түркітанудың теориялық әрі қолданбалы мәселелерімен 
шұғылданатын бірден-бір ғылыми мекеме, ғылыми-лингвистикалық 
орталық ғана емес, Қазақстан бойынша кәсіби біліктілігі жоғары 
лингвист мамандар дайындайтын білім ордасы 

8, 9

.
1961 жылы мамыр айында Тіл және әдебиет институтынан
(1945 ж.) жеке бөлініп шыққан, сол жылдың тамыз айында М.О.Әуезов 
есімі берілген Қазақ ССР Ғылым академиясының Әдебиет және өнер 
институтында әр жылдары М.О. Әуезов, З.А. Ахметов, Л.М. Әуезова,
М. Базарбаев, И.Х. Ғабдиров, М. Ғабдуллин, Ә.Ж. Дербісәлин,
Ы.Т. Дүйсенбаев, М.Т. Дүйсенов, Б.Г. Ерзакович, М. Жармұхамедұлы, 


228 
А.Қ. Жұбанов, Қ. Жұмалиев, Б. Кенжебаев, М.Қ. Қаратаев,
Б. Құндақбаев, Ә.Қ. Нарымбетов, Ш.Қ. Сәтбаева, Ә. Тәжібаев,
Е.С. Ысмайылов, Ж. Ысмағұлов, Ә. Шәріпов, А. Сейдімбеков,
С. Қасқабасов және т.б. көрнекті ғылым, әдебиет және мәдениет 
қайраткерлері жұмыс істеді. Қазақ ССР Ғылым академиясының Әдебиет 
және өнер институтының ғылым және білім ордасы ретінде 
гуманитарлық кәсіби білікті мамандар, гуманитарлық зиялы қауым 
өкілдерін дайындаудағы рөлі ерекше 

10, 64 б.


Еліміз тәуелсіздігін жариялаған 1991 жылдан бастап қазақ тілі мен 
әдебиеті бойынша жоғары білікті мамандарды даярлау ісі Қазақстанның 
барлық аймақтарында жаппай қолға алынды. Мемлекеттік, ұлттық, 
халықаралық мәртебедегі жоғары оқу орындарында 030740 – Қазақ тілі 
мен әдебиеті, 2004 жылдан «020500 – Филология: Қазақ тілі» 
мамандығы бойынша 3 сатылы жоғары білім беру ісі Қазақстан 
Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру 
стандарттары (ҚР МЖМБС 3.08.017 – 2004. Бакалавриат; ҚР МЖМБС 
3.08.267–2006. Бакалавриат; ҚР МЖМБС 6.08.073-2010. Бакалавриат; 
ҚР МЖМБС 7.09.140-2010. Магистратура; ҚР МЖМБС 7.10.084-2010. 
Докторантура) негізінде жүзеге асырылуда. 
ҚР ЖОО-ын «Қазақ филологиясы» мамандықтары бойынша 
«Филолог, қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы» деген кәсіби 
біліктілікпен бітірген түлектердің еңбек нарығында журналист, 
аудармашы, мәдениеттанушы, баспагер, мұрағаттанушы, музейтанушы, 
кітапханашы т.б. болып жұмыс істегені, қазір де осы мамандықтардың 
тізгінін ұстап жүргендері белгілі. Бұл «Қазақ филологиясы» мамандығы 
бойынша мамандар даярлаудың ғылыми-теориялық және оқу-
әдіснамалық тұғыры мықты екенін, іргесін М.О. Әуезов, З.А. Ахметов, 
М. Базарбаев, М. Ғабдуллин, Ә.Ж. Дербісәлин, А.Қ. Жұбанов,
Қ. Жұмалиев, Б. Кенжебаев т.б. әдебиеттанушы, С. Кеңесбаев,
Н. Сауранбаев, С. Аманжолов, А. Ысқақов, М. Балақаев т.б. лингвист 
ғалымдар қалаған ғылыми мектептердің білім алушылардың 
бәсекелестік қабілеттерін дамытуға ықпалы жоғары екенін көрсетеді. 
Әйтседе Қазақстанның қазіргі еңбек нарығындағы бәсеке «Қазақ 
филологиясы» бойынша бітірген түлектердің бұрынғыдай басқа 
мамандыққа ауысып кетулеріне жол бермейді, түлектен сол 
мамандыққа қатысты кәсіби біліктілік талап етіледі. 
ХХI ғасырдағы жаһандық бәсеке жағдайындағы еңбек нарығының 
талаптарына (кәсібін өзгертуге бейім болу, екі, үш немесе одан да көп 
тілдерді жете меңгеру, шапшаң да ұшқыр ойлы болу, бәсекелік 
қабілеттілік және кәсіби біліктілік деңгейдің өте жоғары болуы, т.б.) 


229 
толық сай келетін білікті маман, жеке тұлға, гуманитарлық зиялы қауым 
өкілдерінің жаңа буыны қалыптастыру үшін жоғары білімді 
гуманитарлық профильді білікті мамандар даярлаудың ғылыми-
концептуалдық негіздемесін «гуманитарлық мамандықтар тоғысына» 
ыңғайлап, қайта жасау қажеттігі туындайды. Осыған сай «Қазақ 
филологиясы» мамандығы бойынша білім алушылардың кәсіби 
біліктерін шектес екі мамандықты игеру арқылы шыңдауларына жағдай 
жасау қазіргі таңдағы өзекті мәселе болып отыр. 
Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында «020500 – 
Филология: Қазақ тілі» мамандығын шектес мамандықтармен 
тоғыстыра отырып, білім алушыларды кәсіби жан-жақтылыққа 
бейімдеу тәжірибесі кездеседі. Кеңестік кезеңде «ағылшын және қазақ 
тілдері» мамандығы бойынша мамандар Шет тілдер институтында 
(Абылай хан ат. ӘТХҚУ) және Абай ат. ҚазПИ -де (Абай ат. ҚазҰПУ), 
«филолог-тарихшы» мамандығы бойынша мамандар С.М.Киров ат. 
ҚазМУ-де (әль-Фараби ат. ҚазҰУ) даярланды. Ал тәуелсіздікке қол 
жеткізгеннен кейінгі кезеңде, мәселен, 1999-2005 жж. аралығында
І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті қазақ 
филологиясы кафедрасы «Қазақ тілі мен әдебиеті және тарих», «Қазақ 
тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі» мамандықтары бойынша 
мамандар даярлады 

11, 38 б.

. Әйтседе бұл қадамдардың Жоғары білім 
берудің Болондық жүйесі негізінде ары қарай жалғастық табуы 

заман 
талабынан туып отырған қажеттілік.
«Қазақ филологиясы» мамандығы бойынша білім алушылар 
(студенттер, магистранттар) контигентін негізінен ауылдық жерлерден 
келген жастар құрайтындықтан, олардың басқа тілдерді (орыс, 
ағылшын, қытай, араб, түрік т.б.) меңгеру деңгейінің төмендігі өз 
білімдерін докторантурада ұштауға, кәсіби біліктерін шетелдердің 
жетекші жоғары оқу орындарында шыңдауға, сондай ақ ақпараттық- 
технологиялық кеңістікке еркін араласуына үлкен кедергі келтіруде. 
Жастайынан қазақтың төл мәдениетін бойларына сіңіріп өсетін ауыл 
жастарының ұлттық рухтары биік, патриоттық сезімі асқақ болып 
келетінін ескерсек, олардың әлемдік ғылыми білім кеңістігіне еркін 
кірігуіне толық жағдай туғызу, басқаша айтқанда орыс, ағылшын, 
қытай, араб тілдерін оқыту құралына айналдыра отырып, оларды 
бірнеше шектес мамандық иесі, көп тілді тұлға болуға дайындау ендігі 
жердегі «Қазақ филологиясы» мамандығы үшін басты міндет болуы 
керек. Осы міндеттің шешімін табуға, іс жүзінде жүзеге асыруға 
Болондық жүйеге негізделген Қазақстан жоғары білім жүйесінің берер 
мүмкіндігі зор. Себебі жоғары білім берудің Болондық жүйесінде, ең 


230 
алдымен, білім алушының негізгі мамандықтың сыртында шектес 
мамандықты таңдай алуына, кредиттер санының таңдалған 
мамандықтың 
базалық 
және 
кәсіптендіру 
пәндері 
есебінен 
топтастырылуына, білім алушының басқа кафедралардағы пән 
оқытушысын таңдау мүмкіндігінің болуына т.б. назар аударылады. 
Олай болса «Қазақ филологиясы» мамандығы бойынша кәсіби білікті 
мамандар 
даярлаудың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет