Доклады казахской академии образования Ежеквартальный журнал издается с 2008 года



Pdf көрінісі
бет98/103
Дата23.10.2022
өлшемі2,64 Mb.
#45039
түріДоклад
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   103
Байланысты:
KAO-3-2020

 


324 
УДК 16.21.47 
 
ӨСІМДІК АТАУЛАРЫ НЕГІЗІНДЕ ҚАЗАҚ КӨРКЕМДІК 
ӘЛЕМІНІҢ СИМВОЛДАНУЫ ҮДЕРІСІ 
 
А.Б. ШОРМАҚОВА 
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және
«Ғылым ордасы» кешенінің базасындағы ғылыми-зерттеу 
институттарының бірлескен білім беру
бағдарламаларының 3-курс докторанты
Л.А. ИБРАЙМОВА
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық
университетінің қауым. профессор м.а.
филология ғылымдарының кандидаты 
 
Аннотация 
Мақалада қазақ сұлулық әлемінің символдану үдерісі 
сипатталады. Әр халықтың дүниені тану мен қабылдауда өзіндік 
танымы, ерекшелігі болады. Соған сай әр халықтың сұлулық әлемі де 
өзгеше. Қыз бала үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсетіп, нәзіктік пен 
пәктікті, инабаттылықты бойына сіңіре білген. Оны біз сұлулыққа 
қатысты түрлі тілдік бірліктерден байқаймыз. 
Түйін сөздер: таным, концепт, поэтикалық мәтін, өсімдік 
атаулары, әсемдік әлемі.
Қазақ қыз баланы гүлге теңейді. Әдеміліктің, әсемдіктің символы 
болғандықтан қызының есіміне гүлді қосып: Гүлдана, Гүлден, Гүлдәрия, 
Гүлсім, Ажаргүл, Айгүл, Айнагүл, Айымгүл, Базаргүл, Бақтыгүл, 
Гүлбаршын, Гүлдана, Гүлайым, Гүлнар, Гүлназ, Гүлдария, Гүлшат, 
Гүлшара, Жеңісгүл, Мейрамгүл, Гүлмәрия деп, немесе таза гүлдің 
атымен: Раушан, Еңлік, Қызғалдақ, Жауқазын, т.б. деп атаған.
Қыз баланың тәрбиесіне кішкентайынан ерекше мән беріп, қызын 
барынша аялап, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, 
төрінен орын берген. «Қыз қонақ» деп ата-анасының үйінде болатын аз 
ғана ғұмырында барынша сыйлаған. Қыз бала да үлкенге ізет, кішіге 
құрмет көрсетіп, нәзіктік пен пәктікті, инабаттылықты бойына сіңіре 
білген. Ақын Ақұштап Бақтыгереева «Өмірде қыз болу бар да, нағыз 
қазақ қызы болу мүлдем бөлек» – деген де осы ойдың дәлелі [1]. Салт-
сананы, дәстүрді берік ұстанған қазақ қызы қай ортада болсын, өз 


325 
болмысымен ерекшелене білген. Осындай асыл қасиеттермен бірге 
қазақ қызының сұлулығына да ерекше мән берілген.
Қыз баланың ары мен абыройы, сыры мен сымбатын сақтауы, 
келешек өміріне даярлығы әрқайсысы өз алдына дербес тақырып. 
Халқымызда «бір ұл тәрбиелесең – бір әулетті тәрбиелегенің, бір қыз 
тәрбиелесең – бір ұрпақты тәрбиелегенің» деген даналық сөз бар. 
«Қазақ әйелі» концептісін ең алдымен «сұлулық» концептісі 
ашады. Себебі халқымыз әйелді жан сұлулығы мен тән сұлулығына 
қарап бағаласа, ал, ер азаматты алғырлығына, батырлығына, 
қайсарлығына қарап бағалаған. «Қазақ дүниетанымындағы «әйел» 
концептісінің көрінісі» тақырыбында зерттеу жұмысын жасаған 
тілтанушы А. Байғұтова: «қазақ әйелінің «сұлулық» концептісін 
құрайтын сөздер, тұрақты сөз тіркестері, теңеулерге тірек сөз ретінде 
халқымыз үшін етене таныс, оның күнделікті тұрмыс-тіршілігіне, 
кәсібіне, таным-талғамы мен пайым-парасатына қатысты, тілді 
тұтынушылар үшін түсінікті, ортақ мағыналар алынған» [2, 102 б.] – дей 
келіп, «табиғатпен астас өмір сүрген көшпенді ата-бабаларымыз 
сұлулық пен әсемдікке тән белгі-сипаттарды табиғаттың төл перзенттері 
ретіндегі оның таңғажайып туындыларын (өсімдіктер мен жануарлар 
әлемі, т.б.) ерекше сезімталдықпен көре білгенін де «қазақ әйелі» 
концептілік жүйесін құрайтын тілдік деректер айқындайтынын айтады. 
Поэтикалық мәтіндегі концептінің түрлеріне талдау жасаған зерттеуші 
А. Әмірбекова «Қыз» (бойжеткен) концептісінің вербалдануын талдай 
келіп: «... Поэтикалық мәтінде дүниені (ұғымды) ұғыну мынадай жүйе 
негізінде көрінеді: «Қыз» (бойжеткен) концептісінде бастапқы ұғым – 
қыпша бел, тал шыбықтай, қолаң шаш, мың бұралған бұраң бел, 
шолпысы сылдырлаған сылқым кербез т.б.» [3]. Соның негізінде ғалым 
аралық ұғым – «майысқақ», «нәзік», «иілгіш», «әдемі» деген ұғымның 
қалыптасатыны және қыз 
→ 
қайың, қыз 
→ 
жауқазын теңеуі, символы 
туралы тұжырым жасайды. 
Қазақ танымындағы түр-түстің мәнін зерттеген Н. Айтова: «Сұлу 
қыз бейнесі ақын танымында сұлулықтың ұлттық өлшемдерімен қатар 
өріледі. Сұлу қыз бен сұлу жер элементтері астасуда тірі сурет 
туғызған» дей келе, оған мынадай мысал келтіреді: «Қара шашың – қара 
орман, Қара көзің – қара су. Су мен орман арасын, Таныған жөн 
адасып». Демек, бейнелі метафоралар шығарманы көріктеуде, ақын-
жазушылардың индивидуалды әлемін көрсетуде айрықша көрінеді»,-
[4, 12 б.] деп тұжырымдайды. 
«Қазақ әйелінің» «сұлулық» концептісін құрайтын сөздер 
қатарында гүлдердің, гүл атауларының көп кездесетінін төмендегі 


326 
мысалдардан байқауға болады: Салтанаттың жүзі бал-бұл жанып, 
таңғы құлқайыр гүліндей құлпырып кетіпті (Исабеков Д. 
«Гауһартас»). «Қазақ әдеби тілінің сөздігінде «Құлқайыр» «жапырағы 
шоқтанып орналасқан, гүлі ақ, алқызыл, қоңыр қызыл, сары түсті 
көпжылдық өсімдік» [5, 304 б.]. 
«Қыз Жібек» жырында автор Жібектің анасының сұлулығын 
алдыңғы сипаттаған сұлулардан басым етіп, сән-салтанатын былайша 
жеткізеді:
Аға Жүніс перідей 
Көркі, раушандығы
Қартайса да ілгері, 
Әлгі қыздай салдығы, 
Нұрдай болып шайқалып, 
Асылдай боп егіліп, 
Көшті тартып барады 
Жібекті тапқан шешесі – дейді (Қыз Жібек жыры).
...Бір есер отыр сүйініп, 
Есерді қостап жаңағы. 
Үкілі қыздай иіліп, 
Қиылды гүлдің сабағы... (Мақатаев М. «Сабағы әлсіз сары гүл»), 
т.б.
Қазақ танымына сай тілімізде әйелдің сұлулығын көркемдігі мен 
ажарына қарап бағалаған, өсімдік бейнесімен сипатталатын мынадай 
тіркестер көптеп кездеседі: сағағынан үзілген, қырмызыдай ажарлы, 
алма бетті, пісте мұрынды, белі тал шыбықтай бұралған, қарақат 
көз, жас жауқазын сарымсақтайбәйшешек бетті; балғын жүзді; т.б. 
Сол сияқты көркем мәтіндерде де әйел сұлулығы өсімдікке байланысты 
айрықша айшықталады: Келіншек – жас жауқазын сарымсақтай
қыздар да пісіп отыр қауыншақтай: Ақ тамақ, алма бетті арулар 
жүр, Қыдыртқан бақалшылар сабыншақтай (І. Жансүгіров); 
Ойпырмай, жан сәулем Ғалия, қабағың, күндей аппақ тамағың, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет