Сабақтың мақсаты: Б. Соқпақбаевтың шығармашылығымен таныстыру. Күтілетін нәтижелер



Дата24.05.2023
өлшемі17,03 Kb.
#96803
түріСабақ
Байланысты:
5 сынып


Сабақтың тақырыбы: Менің атым Қожа. Б.Соқпақбаев
Сабақтың мақсаты: Б.Соқпақбаевтың шығармашылығымен таныстыру.
Күтілетін нәтижелер:
Пәндік нәтиже: Мәтін мазмұны мен идеясы арқылы баланың шындыққа көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік беру. Сыни ойлау дағдысын дамыту.
Жүйелі іс-әрекет нәтижесі: Мәтін мазмұны бойынша талдау арқылы шығармашылық қабілеттерін ұштату.
Тұлғалық нәтиже:
1. Мәтіннің көңіл күйін, автордың көзқарасын танып білуге қабілеттерін жетілдіру.
2. Көркем сөйлеу тілін,ойын,шығармашылық қиялын ұштай түсу.
3. Қоршаған ортасына мейірімділікпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: пікір – сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: жүйелеу,талдау
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» кітабы,мәтіннің желісі бойынша салынған сюжетті суреттер.Абдолла Қарсақбаевтың «Менің атым Қожа» фильмінен үзінді.Автордың суреті.
Сабақ барысы:
I.Ұйымдастыру бөлімі
- Балалар бүгінгі көңіл – күйлеріңіз?
- Тамаша.
Сергіту сәті.
Бір-біріне бүгінгі күнге арнап жақсы тілектер айту арқылы көңілін көтеру.
- Топқа бөлу. Санақ арқылы топқа бөлінеді:
I топ – Әдептілік II топ – Тапқыр 
III топ – Алғыр
-Мен бүгін, топтарымыздың атын бұлай алған себебім, бұл аталғандар- адам бойындағы жақсы қасиеттер. Осы қасиеттер бүгінгі сабақта сіздердің бойларыңыздан табылсын деген ниетте осылай атап отырмын.
-Балалар, бүгіннен бастап біздің сабақта 4 ереже болады.
1. Тәртіп
2. Тыныштық
3. Талап
4. Бір – бірімізді тыңдау
Сондықтан, мен сіздерден тәртіп пен тыныштықты талап ете отырып, бір-бірімізді тыңдауға шақырамын.
Үй тапсырмасы “кездейсоқ дөңгелек” деп аталатын тәсіл арқылы сұралады.
Үй тапсырмасын 6 оқушы сабақты кезектесіп айтады.
Слайдпен жұмыс: Жаңа тақырып. “Дайындықсыз келген бір күн”
Автордың өмірбаяны. Қайталау.
Қызығушылығын ояту.
1 – тапсырма. Аудио жазбаны тамашала
Жаңа сабақ (аудиожазба: Дайындықсыз келген бір күн.)
-Балалар ,бұл қандай фильм?Кім туралы?
-Қожа қандай бала?
-Одан жақсы адам шығады деп ойлайсыңдар ма?
Жетекші сұрақ:
-Сіздердің бастарыңыздан дәл осындай жағдай өтті ме?
(Оқушылар өз ойларын айтады)
Дәптермен жұмыс.
1 тапсырма: “Семантикалық карта” Кейіпкерлер образын сәйкестендіру.
Дәптермен жұмыс:
2 тапсырма: “Иә/Жоқ” Оқушылар берілген сұрақтарға “иә” немесе “жоқ” деп жауап береді.
3-тапсырма:
Шығармашылық тапсырма:
І тапсырма: Қожаға мінездеме беріңдер. “Мен қандаймын?”
(сотқар, алғыр, мейірімді, пысық, тапқыр, тентек, қателіктерін түсіне білген, білімді)
ІІ тапсырма:  Венн диаграммасы

Жантас

Ұқсастығы

Қожа










ІV топ: 
Топтық жұмысты қорытындылау: (қосымша)
1. Қожаның жақсы адам боларына сенер ме едің?
2. Қожаның орнында болсаң өзің не істер едің?
3. Сендердің іштеріңде «Мен Қожаға ұқсаймын» дейтіндерің бар ма?


Мұғалім сөзі:
-Балалар, өздеріңнің іс-әрекеттерің Қожаға ұқсаса да, үлкейгенде сендерден «үлкен» азамат шығады деп ойлаймын. Бердібек аталарың сияқты бірің жазушы болсаң, енді бірің ғұлама ғалым, ел тілегін ақтайтын Қазақстанның азаматтары мен азаматшалары болатындарыңа сенемін.
Рефлексия:
-Бердібек Соқпақбаев туралы не білдік?
-Негізгі басты кейіпкер кім?

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет