Докторнатураға түсу емтиханының бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет26/44
Дата13.02.2023
өлшемі0,62 Mb.
#67376
түріБағдарламасы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   44
Байланысты:
6D011400 – Тарих каз

 
 


Кейінгі Рим империясы. Батыс Рим Империясының құлауы.  
ІV ғасырдағы Рим қоғамы және мемлекет. Доминат жүйесі Диоклетианның және 
Максимилианның әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалары. Сыртқы саясаты.
Диаклиетиан реформаларын Константиннің аяқтауы. Константин ұрпақтары. олардың 
билік үшін күресі Юлианның діни және әлеуметтік саясты.
Рим империясының Батыс және Шығыс (Византия) болып бөлінуі. Әскер мен 
мемлекеттік аппаратың варварлануы. Шіркеу ішіндегі күрес. Халықтардың Ұлы қоныс 
аударуы. Ғұндар мен готтар. Вестготтардың қозғалысы.
Герман тайпа бірлестіктерінің Рейнде белсенділік көрсетуі. Германдықтардың 
Рейндегі шекараны бұзуы және Батыс Рим империясының территориясында варварлық 
корольдіктердің құрылуы.
Ғұндардың жаулаушылығы. Империяны тұрақтандыру үшін жасалған соңғы әрекеттер.
Император Майорианның реформалары және оның сәтсіздігі. Ромул Августулдың құлатылуы 
және Рим империясының күйреуі.
Орта ғасырлар тарихы бойынша деректер (IV - XVII ғғ.)  
Ортағасырлық деректер классификациясы (табиғи-географиялық, этнографиялық, 
заттық, көркемсуретік-бейнелеу, жазба). Ортағасырлық жазба деректер: нарративті 
(баяндаушы), құжаттық, заңдық. Ерте орта ғасырлар кезеңінің маңызды құжаттары (IV ғ. соңы 
- XI ғ. ортасы). Варварлық заңдар жинағы. Формулалар мен картулярии, капитулярии, 
анналдар мен хроникалар. Феодалдық қатынастардың гулдену кезеңінің деректері (XI ғ. 
ортасы - XV ғ. соңы). Поместьелік описьтер. Жерге байланысты описьтер. Қарапайым құқық 
ескерткіштері (зерцала, кутюм, фуэрос). Қала хартиялары. Цехтык статуттар. Король заңдары. 
Кейінгі орта ғасырлар кезеңінің негізгі деректері (XVI - XVII ғғ.). Рим империясындағы 
дағдарыс (б.з. III-V ғғ.)  
Құл иеленушілік дағдарысы. Колонат эволюциясы. Эмфитевсис. Прекарий. Патронат 
және коммендация. Натуралды шаруашылық. III-V ғғ. экономикалық құлдырау. III-V ғғ. Рим 
империясындағы қоғамдық және мемлекеттік құрылым. Доминат дәуіріндегі қаржы 
реформалары. Идеологиядағы дағдарыс. Империяның христиандануы. Ересьтік қозғалыстар. 
Багаудтар мен агонистиктер қозғалысы. Еуропалық феодализм, кейінгі антикалық қоғамдық 
қатынастар мен германдық, кельттік және өзге «варварлық» рулық-тайпалық қоғамның 
синтезі ретінде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет